110
Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы психологизм
«Аңыздың ақыры» романы туралы әдебиетта-
нушылар Б. Майтанов, Б. Шалабай, Г. Пірәлиева,
Ж. Дүйсенбаева, әдебиет сыншылары С. Әшім-
баев, Т. Тоқбергеновтердің еңбектері пайдала
-
нылды.
Қазақ романындағы психологизм табиғатын
ашып, теориялық негізін жүйелеген «Қазақ ро
-
маны және психологиялық талдау» еңбегінде
ғалым Б. Майтанов көркем прозаның поэтикасы,
мазмұны мен стилі және қазақ романының даму
кезеңдері мен мінездеу, психологиялық парал
-
лелизм, диалог, монолог сияқты тәсілдерді жан-
жақты қарастырған болатын. Сол еңбегінде автор
психологизмге: «Қаһарманның рухани әлемін,
жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы
немесе идеялық-эстетикалық, шығармашылық
феномен – психологизм» (Майтанов, 1996: 3), –
деп анықтама береді.
Қаһарманның ішкі әлемін суреттеу арқылы
бір қоғамның ішкі құрылымын, ондағы
теңсіздік пен әділетсіздік жайлы үлкен көлемді
туынды жасау Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың
ақыры» романында жүзеге асқанын көруге бо
-
лады. Зер ттеу тақырыбының өзектілігі роман
-
ды психоло гиялық талдау арқылы өткен тарих
мен бүгінді салыстыра отырып адамзаттық
құндылықтардың романда қандай сипатта
баяндалғанын анықтау.
Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиетіне ХХ
ғасырдың алпысыншы жылдары келіп қосылған
жазушы. Бұл кез зерттеушілер тарапынан қазақ
әдебиетіндегі дамудың жаңа белесі ретінде
танылған. Осы тұста бір сапта әдебиет әлеміне
қадам қойған жазушылардың қазақ елінің тари
-
хын, салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін сипаттау
-
да жаңашыл ой-өремен, биік парасатпен, соны
талғаммен келгенін атап өту орынды. Әбіш
Кекілбаев осы бір шоғыр ішіндегі өзгеше бол
-
мысты, бітімі бөлек қаламгер.
Ұлттық әдебиеттердегі сол ұлтқа тән
белгілер мәдениетаралық қарым-қатынастың
мәдени өресі жоғары түрі. Көркем туын
-
ды бір елдің тілінен екінші бір елдің тіліне
аударылғанда сол жазушының еліне тән
белгі, сипаттар қоса аударылу арқылы ел мен
ел арасындағы мәдени ауыс-түйістер, өнер
үйренулер жүзеге асады.
Жазушы Әбіш Кекілбаев шығармаларында
қазақ халқына тән мәдени, рухани ерекшеліктер
молынан кездеседі. «Тасбақаның шөбі» әңгімесі,
«Күй», «Шыңырау», «Бәйгеторы» повестері,
«Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» ро
-
мандары негізінде осы белгілерді байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: