Мақалада қазақ әдебиетінің классигі Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына психологиялық талдау жасалады



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата10.12.2023
өлшемі286,01 Kb.
#136448
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Без названия-1

Зерттеу материалы және әдістері
Ә. Кекілбаевтың романын талдау барысын
-
да көркем әдебиеттегі психологизм мәселесіне 
арналған жұмыстар жүйеленді және жинақталды. 
Осы Тұжырымдаманың мәнін ашатын негізгі 
идеялар мен теориялар анықталды. 
Зерттеу материалы Ә. Кекілбаевтың 
«Аңыздың ақыры» романын талдамас бұрын 
әдебиеттанудағы психологизм табиғаты жайлы 
В.Н. Брушикиннің, С.А. Махмудованың, Джон 
Физердің және т.б. ғалымдардың ойлары мен 
тұжырымдарын қарастырайық. 
В.Н. Брушикин өзінің «Психологизм, Ло
-
гика және Феноменология» атты зерттеуінде 
психологизмнің табиғатын ашады. Ол бұл тұжы-
рымдаманы жазушының ойлау, дүниетаным 
және философиялық-эстетикалық құндылықтар 
жүйесімен бірлікте қарастырады (Брушикин, 
2000: 39). Жазушы шеберханасына тән ерекше-
ліктердің психологизм табиғатын ашатынына 
осы зерттеу еңбегі біршама сендіреді. В.Н. Бру
-
шикин шығарма авторының дүниетанымы, ой
-
лауы кейіпкер бейнесін жасауда негізгі бірліктер 
екенін дәлелдейді.
ХХ ғасырдағы өзбек әдебиетіндегі көркемдік 
психологизмді зерттеген ғалымдар ішінде 
зерттеуші С.А. Махмудова жазушылардың 
кейіпкерлердің ішкі әлемін бейнелеуге деген 
көзқарасының ерекшеліктерін түсіндіреді. Ол 
ХХ ғасыр әдебиетінде кейіпкерлердің санасы 
мен психикалық жағдайын бейнелеудің жаңа 
әдістері мен формаларын қарқынды іздеу бар 
екенін көрсетеді (Махмудова, 2019: 119). Әдеби 
жанрлардың даму жолында түрлі ізденістермен 
қатар психологиялық талдауда жаңашылдыққа 
ұмтылыс болары талас тудырмайды.
Әдебиетте көркем шығарма бойынан ұлттық 
ерекшеліктер, автор дүние танымына тән сипат
-
тар көрініс тауып отырады. Әдебиеттанушылар 
зерттеулерінде жалпы адамзаттық рухани 
құндылықтарды басты назарға алғанымен де, 
автор қолтаңбасына және ұлттық ерекшелігіне 
тән белгілерді айналып өте алмайды. Бұл 
ерекшеліктерді бүтіннің бөлшегі ретінде қатар 
таниды және жаһандық мәдениетке қосылған 
үлес ретінде қарастырады.
Ұлттық психологизм белгілері дегендегі 
мақсат ұғым мағынасын тарылту, меншіктеу 
емес, тиісінше тұтастықты құрайтын адамзаттық 
құндылықтардың жүйесіне үлес қосып отырған 
ұлттардың мәдени белгілерінің көрінісін 
айқындау. Әлемдік руханиатқа қосатын әрбір 


111
Б.Б. Баязитов
шығармашылық иесінің өзіндік қолтаңбасы 
болары анық. Қазақ әдебиетінің классигі Ә. 
Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы психо
-
логизм, философиялық ойлау, тарихи сананың 
жаңғыруы секілді факторларға толыққанды жа
-
уап беретін шығарма.
2008 жылы Ф. Пеллетьер, Р. Элио және 
Ф. Хансонның «Логика басымызда ғана ма?» 
атты мақаласы жарық көрді. Мақала авторла
-
ры психологизмнің табиғаты мен мәнін егжей-
тегжейлі зерттейді. Олар оның семантикасы мен 
әдебиеттегі көріну формалары туралы ойлана
-
ды (Пеллетьер, 2008). Психологизмнің көркем 
әдебиетте көрінуі жан-жақты, әр қырлы болып 
келетінін авторлар атап өтеді.
Ал Джон Физер психологизмді жалпы ұғым 
ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, 
бұл тұжырымдаманы пәнаралық көзқарас – 
әдебиеттану, эстетика, философия және психо
-
логия тұрғысынан зерттеу керек (Физер, 1981). 
Джон Физердің тұжырымы бойынша, пәнаралық 
зерттеулер ғана психологизмнің шынайы 
табиғатын ашпақ.
Психологизмнің ғылым әлеміне енуі З. 
Фрейдтің «Түс жору» еңбегінен бастау алғаны 
мәлім. Осы психоаналитика туралы Терри Иглтон 
өзінің «Әдебиет теориясы» еңбегінде З. Фрейдтен 
бастап, психологияның осы бір саласына еңбек 
сіңірген ғалымдар мен осы психологтардың 
еңбектеріне сүйене отырып әдебиеттанудағы 
теориясын негіздеген әдебиеттанушылардың ой 
тұжырымдарын қорытып түсіндіріп береді (Иг
-
лтон, 1996: 131-169). Көптеген теориялық және 
прак тикалық еңбектерді саралай келе, психо-
логиялық талдаудың пәнаралық байланыстарға 
бейім екенін көреміз. Бұл адам табиғатының 
күрделілігімен, ақыл-ой мүмкіндігінің шексіз-
дігімен өлшенсе керек.
«Аңыздың ақыры» романы 1971 жылы 
«Махаббат мұнарасы» деген атпен «Жұлдыз» 
журналында алғаш жарияланды. Қазіргі кезге 
дейін романның қазақ және шетел тілдерінде 
түрлі басылымдары жарық көрді. Зерттеу
-
ге Әбіш Кекілбаевтың 2010 жылы шыққан 
шығармаларының 20 томдық толық жинағының 
4-томына енген нұсқасы алынды.
«Аңыздың ақыры» романы қазақ әдебие-
тіндегі ой мен сананың мұнарасы. Жасы кел
-
ген, оң мен солын, дүниенің ойы мен қырын 
жақсы таныған Әміршінің терең ойы, моно
-
логтары өмір шындығынан туған көркемдік 
шешімдер. Ол бір жағы автордың дүниеге 
көзқарасын, танымын көрсетсе, екінші жағынан 
билеушінің дүниедегі қол созған затының бәрін 
иелене отырып кей істерде шарасыз хәлге 
түсуін де көрсетеді. Мұны Әбіш Кекілбаев 
өз жазбаларының бірінде атап өтеді: «...оның 
«Аңыздың ақыры» деп аталатын себебі – Ақсақ 
Темір артымда ешкім ұмытпайтындай аңыз 
қалдырам деген мұрат тұтқан. Не істесе де, 
сондай керемет зор қылып істеуі, не істесе де 
ешкім қайталамайтындай, өзінен бұрын ешкім 
істемегендей қылып істейтін жоспары болған. 
Адамға зорлық жүрген жердің өзінде ішкі сенім 
болмай қалатындығы сонша – керемет алапат 
нәрсенің бәрі пендешіліктің бір жай көрінісі бо
-
лып қалатындығын тұспалдап жеткізетін роман 
жазу керек болды» (Кекілбаев, 2020). Автордың 
алға қойған мақсаты орындалғанын, ойы жүзеге 
асқанын романның сәтті шыққанынан білуге 
болады. 
«Аңыздың ақыры» романының сюжеті 
шығыстық сарынға жатады. Алайда аңыз қазақ 
даласында туған төл туынды десек те болғандай. 
Шығыс халықтарындағы аңыздар желісіндегі 
ел билеушілерінің сипатталуы, махаббаттың 
көрініс табуы, терең ойшылдық, тағылым 
аларлық оқиғалар желісінің болуы шығарманы 
орта ғасырлық туындылармен азды-көпті байла
-
ныстырады. «Аңыздың ақыры» романын тари
-
хи, әдеби жәдігерлердің классикалық үлгісінде 
жазылған шығарма десек қателесе қоймаспыз.
Ел мен жер, халық пен билік, хан мен хан
-
ша, ұста мен мұнара секілді өзіндік образдар 
жүйесін Әбіш Кекілбаев шығармаларынан ерек
-
ше сипатта көруге болады. Тарихта ертеректегі 
билеушілерге тән қасиеттің бірі көп әйел алу. Ро
-
манда Әміршінің екі әйелі арасындағы күндестік 
Кіші ханымның ерекше мұнара салуды жоспар
-
лауымен шиеленісе түседі. Мұнараның ба
-
сты қызметі жорықтан қайтқан Әміршіге Кіші 
ханымның сағынышын білдіре отырып сән-
салтанатымен алыстан мен мұндалап қарсы 
алу болатын. Кіші ханым романда мұнараны 
салдырады. Құрылыстың аяқталуына себепкер 
болады. 
Мұнараны салу барысында Кіші ханым 
құрылыстың қалай жүріп жатқанын білу үшін 
салынып жатқан құрылыс алаңына барып 
ұстамен тілдесіп қайтуды жөн көреді. Ол кездегі 
салт бойынша әйел адам бетін тұмшалап, сырт 
көзден жасырын ұстайтын болған. Мұны Жаппар 
ұстаның Ахмет байдың үйінде тұрып жатқанда 
байдың қызының бет-жүзін көрмегенінен 
және Кіші ханыммен кездескенде де тек көзін 
ғана көре алғаны баяндалады. Бұл ерекшелік 
автордың ұста характерін психологиялық талдау 
арқылы ашуына мүмкіндік береді. Үнемі бет-


112
Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы психологизм 
жүздерін тұмшалап жүргендіктен ұста да, сол 
кездегі өзге ер адамдар секілді әйел адамдарға 
аса көз сұғын қадай қоймайтын. Алайда байдың 
қызының көзіне кездейсоқ көзі түсіп ерекше 
әсерге бөленген сәті жігіттің көңіліне махаббат 
отын тұтатуға сеп болады. Осы хәл ұста басы
-
нан екінші рет Кіші ханымның көзін көргенде 
өтеді. Бұл енді мұнараны ерекше шабытпен 
сала бастайды. Сыртқы әрлендіруінен де, ішкі 
безендіруінен де ұстаның Кіші ханымға деген 
ықыласы, ынтық пейілі танылып тұрады.
Әміршінің жорықтан қайтып келе жатқан 
хабары жеткенмен Ұста мұнара құрылысын 
аяқтауға асыға қоймайды. Кіші ханым ұстаның 
өзгеше көңіл-күйін, ерекше аңсарын байқап, 
ханша болғандықтан өзі баруға дәті шыдамай, 
қызметші қыздардың бірін мұнараға жібереді. 
Қызметші қыз келген соң мұнара Әміршінің 
келуіне орай өз уақытында салынып бітеді. 
Алайда күндестік Әміршінің алдынан өзегіне 
құрт түскен қызыл алманы шығарады. Романның 
алғашқы тарауы да «Қызыл алма» деп аталады. 
Әміршіге бүкіл өткенін ой елегінен өткізуіне сеп 
болған, түрлі күмән мен күдікке жол ашқан осы 
қызыл алма болатын.
Дүниеге дарынымен келген бала айналаға 
өзгеше көзбен қарайды. Жаппардың қағылез, 
қатарынан өзгеше қасиетін әуелі әкесі таниды. 
Қызығушылығын, қабілетін байқаған бойда 
әкесі Жаппарды өнерге баулиды. Өзі де өнерлі 
әке баласының қабілетін шыңдай түседі. Ба
-
ласы ержеткен соң астанаға алып келеді. Сол 
жердің шеберлерімен бірге жұмыс жасауы
-
на мүмкіндік жасайды. Әбден шыныққан, өз 
өнерінің биік өресіне көтерілген, толысқан Жап
-
пар ұстаға енді ерекше әлемде жоқ мұнараны 
тұрғызу ұсынылады. Әрбір шебердің арманы 
болған өзінің төл туындысын Жаппар ұста Кіші 
ханымның сарайының жанындағы бақтың бір 
бұрышына тұрғызуға бел буады. «Мұнара» осы
-
лай салына бастайды.
«Махаббат» 
бөлімінде 
автор 
Кіші 
ханымның ішкі жан дүниесіне үңіледі. Са
-
рай тәртібі, қызметшілер әдебі осы бөлімде 
толыққанды суреттеледі. Ұлы ханым мен 
Кіші ханым арасындағы күндестік екі сарай 
арасындағы қызметшілерінің тың тыңдауы 
арқылы бірінің хабарын бірі біліп отырудан 
басталады. Олар бір-бірінен қалай асып түсуді, 
Әміршіге ерекше ұнауды мақсат етеді. Сол 
мақсаттарына жету үшін ешнәрседен тайын
-
байды. Түрлі айла, амалдар ойлап табады. Кіші 
ханымның Ұлы ханымнан озар амалының бірі 
өзіне келген барлық асыл тастардың құнына 
Әміршінің құрметіне алып мұнара тұрғызу 
болды. Кіші ханым ойын уәзірге жеткізеді. 
Уәзір астананың бас ұстасын шақырып тап
-
сырма береді. Бас ұстаның мұнара салатын 
ұстаға таңдауы Жаппарға түседі.
Осы үшінші бөлімде жазушы Кіші ханымның 
махаббат дерлік сезімі мен тұтас рухани жан 
әлемін түрлі қырларымен суреттейді. Әмірші – 
Кіші ханым – Жаппар ұста арасындағы мұнара 
байланыстырып тұрған әрбіріндегі нәзік сезім 
Әміршінің күйреуіне алып келеді.
«Аңыздың ақыры» Әміршінің дүниемен 
қоштасуымен аяқталады. Мұнараға байла
-
нысты ел аузына тарап кеткен лақапты бір 
сәтке серпіп тастар деген үмітпен жорыққа 
дайындалған Әмірші жорық жолына шығарда 
өзге жорықтардан өзгеше бүкіл халықтың 
жол бойына шығып шығарып салып тұрғанын 
көреді. Астанадан шыға беріске салынған 
көпірден өте бергенде сұқ саусағындағы «қасына 
зұлыстар елінен ғана келетін аса сирек тарғыл-
тарғыл мысық көз тас қондырған күміс жүзігі» 
(Кекілбаев, 2010: 265) саусағынан сусып түседі. 
Жүрегі суылдап қоя береді.
Осы жорыққа аттану барысында алдынан 
көзі соқыр қатпа қара кісіні де көзі шалады. 
Әмірші шырамытады. Ол – мұнараны салған 
шебер болатын. Жорықтың алғашқы күндерінің 
бірінде, мақсатына жете алмай Әмірші дүниеден 
озады.
Жалпы роман «Қызыл алма», «Мұнара», 
«Махаббат», «Аңыздың ақыры» атты төрт тарау-
дан тұрады. Төрт тараудың атауының символ-
дық мәні бар. Аталмыш тараулардан жазушы-
ның Әміршінің, Жаппар ұстаның және Кіші 
ханымның ішкі рухани жан дүниесіне жасаған 
психологиялық талдауларын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет