Мақалалар, баяндамалар жинағы


список условных сокращении



Pdf көрінісі
бет22/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49

список условных сокращении:

БжЕ  – «Білім және Еңбек».

ДТС – Древнетюркский словарь. Л., 1969.

ККРС – Каракалпакско-русский словарь/Под редакцией Н. А.Баскакова. 

М., 1953.

ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1.1971; II.1976.

МРС – Монгольско-русский словарь / Под. ред. Лувсандэндэва. М., 1957.

МК  – Махмуд Кашгарский «Диван лугат-ат турк», т. I–III. Анкара, 1939–

1941.

ПРС – Персидско-русский словарь / Под ред. Б. В. Миллер. М., 1950.



РАС – Русско-афганский словарь. М., 1973.

РТС – Русско-тувинский словарь / Под ред. А. А. Пальмбаха. М., 1956.

РУС– Русско-узбекский словарь / Под ред. Р. Абдурахманова. М., 1954.

Радлов. Опыт словаря... – Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречий. Т. 

IV. СПБ. 1911.

ТДС – Туркмен дилинин сөзлуги. Ашгабат. 1962.

ТРС – Таджикско-русский словарь. М., 1954.

ТувРС – Тувинско-русский словарь / Под ред. Э. Р. Тенишева. М., 1968.

УРС – Уйгурско-русский словарь. М., 1968.

ХРС – Хакасско-русский словарь / Под ред. Инкижекова-Грекул А.И.М., 

1953.


Юд. КРС – Юдахин К. К. Киргизско-русский словарь. М., 1965.

Известия АН КазССР. 

Серия филологическая, (Соавт. Г.Ажибекова) 1981. № 4. с. 1-10

Кейбір қос сөздердің этимологиясы

Қазіргі кезде заттық мағынасы едәуір күңгірттене бастаған я мүлдем 

жойылған, соның салдарынан өзінің о бастағы дербестігінен айырылған 

сөздер тілімізде аз емес. Мұндай сөздерді жан-жақты тексеріп қарайтын 

10 Кеңесбаев I. К. Кейбір фразалар төркіні. – В кн.: Сөз өнері. Алматы, 1978, 58-6.


223

болсақ,  олардың  кейбіреулері  қазіргі  тіліміздің  сөздік  құрамынан 

біржолата  шығып  қалғандығын,  ал  қайсыбіреулері  халықтың  асыл  сөз 

мұрасы  –  мақал-мәтелдердің  (мысалы,  Қасқиған  қардан



15

  туады,  салпы 

ерін нардан туады), әр алуан тұрақты сөз тіркестердің (мысалы: делебесін 

қоздыру, сүрен атқыр, тапа-тал түсте, тілі мірдің оғындай, жөпелдеме 



уақытта,  шаңқай  түс),  біріккен  сөздердің  (жетеқабыл)  құрамында 

тұрақталып, қалып қойғандығын көреміз.

Мағыналық дербестігінен айрылған, бірақ әлі де қолданылып жүрген 

сөздерде қазақ тілінде (сондай-ақ, басқа түркі тілдерінде де) жиі кездесетін 

бір саласы – қос сөздер. Мысалы, қазақ тіліндегі бала-шаға қатын-қалаш

келін-кепшік,  абысын-ажын,  көрші-қолаң,  ем-дом,  дәрі-дәрмек,  киім-



кешек,  тері-терсек,  жүн-жұрқа,  тоқты-торым,  майда-шүйде,  анда-

санда,  жауын-шашын,  ескі-құсқы,  уақ-түйек,  талан-тараж,  жамау-

жасқау,  жылап-сықтап,  өлім-жітім,  қыл-қыбыр,  т.б.  тәрізді  сөздердің 

құрамындағы қара әріппен берілген компоненттер тіліміздің дамуының 

қазіргі кезеңінде жеке, оңаша (дербес) тұрып қолданылмайтындығы және 

белгілі  бір  заттың  атауы  ретінде  жұмсалмайтындығы  белгілі.  Солай 

дегенмен  тіліміздегі  қос  сөздердің  мағынасы  бізге  мәлімсіз  қайсыбір 

сыңарларының этимологиясын зерттеп анықтаудың айрықша мәні бар.

Біз бұл мақалада этимологиялық, төркіні біршама айқынырақ болып 

саналатын қайсыбір сөздерді ғана қарастырып өтпекпіз. 

Қазақ тіліндегі бала-шаға деген қос сөздің тұтас алғандағы мағынасы 

бәрімізге  де  белгілі.  Бірақ  оның  екінші  сыңары  әдеби  тілімізге  дер бес 

қолданылмайды.  Көптеген  түркі  тілдерінен  де  (өзбекше  –  бола-чака

ұйғырша  –  бала-чақа,  бала-жақа,  қырғызша  –  бала-чақа,  бала-чаға

башқұртша  –  бала-са ға,  т.  т.)  дәл  осы  жағдайды  көреміз.  Қос  сөздерді 

зерттеуші  тюркологтар  аталған  сөздің  (бала-шаға)  екінші  сыңары  болып 

тұрған  шаға-ның  о  баста  тіліміздегі  бала  деген  сөзбенен  мәндес  сөз 

болғандығын  және  оның  азербайжан,  түрікпен  тілдерінде  күні  бүгінге 

дейін бұрынғы номинативтік мағынасын (ең негізгі мағынасын) сақтап келе 

жатқандығын көрсеткен еді. Шаға сөзінің этимологиясы туралы айтылған 

бұл пікірді кейбір тарихи деректерге сүйене отырып (мағынасы және тұлғасы 

жағынан түрлі өзгерістерге ұшырап келгендігін анықтау негізінде) әлі де 

болса  толықтыра  түсуге  болатын  сияқты.  Мәселен,  Рабғузидың  «Тарихи 

әнбия» (XIV ғасырда Н. И.Ильминский баспаға даярлаған) атты кітабының 

393-бетінде Ханә бір күні бір қарғаны көрді – чағаларіға йім бірүр (Ханша 

бір күні балапандарына жем беріп жатқан қарғаны көрді) деген сөйлем бар. 

1 Мағынасы белгісіз, дербес айтылмайтын сөздер барлық орындарда қара әріппен теріліп 

бе

рілді.



224

Осыған сүйене отырып шаға (чаға) сөзі ертеде (XIV ғасырларда) бала, нәресте, 

бөбек деген атау- лармен мәндес болған деп толшылауға болатындай. Оның 

бер жағында тіліміздегі қызыл шақа балапан деген тіркестің кұрамындағы 

шақа сөзінің б а л а п а н деген атаумен қайсыбір плеоназмдық тіркестерге 

ұқсас  болып  (мәселен,  самал  жел,  жас  ұлан,  телегей  теңіз  деген  сөздерге) 

қатар  айтылуының  шақа  мен  балапан  деген  атаулардың  өзара  мәндес  сөз 

екендігін айқындай түсетін тәрізді.

Шаға  сөзін  тұлға  жағынан  қарастырып  көрсек,  оның  түркі  тілдерінде 

бірнеше  вариантының  бар  екендігін  байқаймыз.  Олар  мыналар:  шаға  – 

шақа – жаңа – саға, – сақа – чақа – чаға, т. б. Бұл жердегі ш-ж, с-ч және ғ-қ 

дауыссыз дыбыстардың бірінің екіншісімен алмасып айтыла беру заңдылығы 

– көпшілікке бұрыннан таныс жай. Сондықтан оны бұл арада кейінен сөз етіп 

жатудың кажеті жоқ сияқты.

Шаға  сөзі  бірсыпыра  тілдерде  туынды  түбір  ретінде  де  айтылады. 

Мысалы,  тәжік  тілдерінде  чақалок,  ал  ұйғыр  тілінің  қашқар  диалектісінде 

чақаләк деген сөз бар. Осымен қатар, Қазақстанның оңтүстік аудандарында да 

шақалақ (мағынасы – жас бала, нәресте) сөзінің ұшырайтындығын байқаймыз. 

Әрине, бұлар өзара түбірлес сөздер болып саналады. Сонда олардың түбірі 

шақа – чақа дегендер де, лақ (лек) түркі тілдеріндегі кішірейткіш жұрнақтың 

көне түрі (мысалы: қазақша – тай+ лақ, ұйғырша бота + лақ).

Біз жоғарыда шаға сөзінің екі түрлі мағынада жұмсалатынын айтып өттік. 

Бұл сөздің әр кезеңде әр түрлі мәнді білдіруі, әрине, тілдегі жеке сөздердің 

даму тарихында кездесетін заңдылықтарға байланысты.

Басқа  қос  сөздердің  мағынасы  белгісіз  сыңарларын  да  осылайша 

анықтап,  төркіндетуге  болады.  Мысалы,  жауын-шашын  (ұйғырша  –  яғмур-



йешин,  өзбекше  –  егин-яшин  қырғызша  –  жаан-чачын)  деген  қос  сөздің 

соңғы сыңарынын этимологиясына келсек, оны қайсыбір линг- вистер етістік 

мағыналы  шаш  сөзімен  (мысалы  бірдемені  шашу  дегенмен)  пара-пар  дегісі 

келеді.  Біздіңше,  ол  урянхай  тіліндегі  час  (жаңбыр)  және  чажын  (найжағай) 

сөздерімен төркіндес сияқты.

Қазақ тілінде қатын-қалаш деген сөздің екінші сыңары (қалаш) жеке тұрып 

қолданылмайды.  Бірақ  осы  сөз  қазіргі  башқұрт  тілінде  кәләш  деп  айтылып, 

қалыңдық, бой жеткен кыз (невеста) де ген мағынаны білдіреді. Мысалы: һин, 

әлбиттә, үзеңдең кәләшеңде яратаһыңдыр? (қазақшасы – Сен, әрине, өзіңнің 

қалыңдығыңды жақсы көретін шығарсың?)

Арық-тұрақ мал дегендегі тұрақ (қырғызша – арық-торук) сөзі қазақ 

тілінде жеке тұрып қолданылмайды. VIII ғасырдағы «Тонюкукке арналған 

ескерткіште»

21

 арық бұқаны деген тіркес «турук буқа» деп жазылған. Со-



нымен бірге, бұл сөз (тұруқ) X ғасырдағы деректерде де жиі ұшырайды. 

С. Е. Малов. Памятники древнетюрской письменности. M.- Л. 1951. Стр.61.



225

Махмұд  Қашқаридың  «Дивани  луғат  ат-түрік»

31

  енбегінде  «Қайғы  мені 



жүдетті, арықтатты» деген сөйлемді «Казғу менй тұрғұрұр» деп берген. 

Мұның соңғы сөзіндегі (тұрғұрұр) негізгі түбір – тұрұқ, ал ұрұр – етістік-

тің көне формасы. Бұл сөз бірсыпыра түркі тілдерінде қазіргі кезде де қол-

данылып жүр. Мысалы, қазіргі өзбек тілінде тырық сөзі а р ы қ, жүдеу 

деген мағынада жұмсалса, ұранхай тіліндегі тору

42

 – а р ы қ т а у, ж ү д е 

у деген мәнде айтылады. Ал қазақ тілінің фактілерін қарастырсақ, тұрақ, 

торығу (бір нәрсеге қатты ренжу я бірдемеден үміт үзу, болмаса суыну) 

сөздерінің о баста бір түбірден таралып, кейін олар біртіндеп мағыналық 

жағынан жіктелуге ұшырап кеткендігін көреміз. Бұл фактіге сүйене оты-

рып,  бір  тілдің  өзінде  түбірлері  бір  екі  түрлі  морфологиялық  тұлғаның 

(оның бірі өлі форма – тұрақ та, екіншісі тірі тұлға – торығу) қатарынан 

сақтала беруі мүмкін деген қорытынды шығаруға болатындай.

Кейде  қос  сөздердің  мағынасы  белгісіз  сыңарлары  шет  тілдерден 

кірген  элемент  болып  шығуы  да  мүмкін.  Ондай  компоненттердің 

мағынасының  күңгірттеніп,  бірте-бірте  ұмыт  болып  кетуінің  басты  бір 

себебі алдымен мағынасы айқын, түсінікті сыңардың өзімен қатар тұрған 

компонентке  қарағанда  едәуір  жиiрек  қолданылуына  байланысты.  Мы-

салы, әуре-сарсаң, талан-тараж сияқты сөздерді алсақ, олардың соңғы 

сыңарлары (сарсаң, тараж) иран тілдерінің элементтері болып саналады. 

Бұл сөз (тараж) парсы тілінде таражд деп айтылып т а л а у, тартып алу 

деген  мағынаны  білдіреді,  ал  таражд  гар  деген  тіркес  (сол  тілдегі)  тала 

ушы,  тонаушы  деген  мәнде  жұмсалады.  Және  бір  кызық  жай:  тілімізде 

осы жеке айтылмайтын сарсаң сөзі, ұйғыр тілінде сарисаң болмақ деген 

тіркестің құрамында дербес тұрып қолданыла береді.

Кейде  әдеби  тілімізде  сирек  қолданылатын  немесе  мағынасы  мәлім 

емес  сөздердің  этимологиялық  төркінін  алыстан  іздемей-ақ  қазақ 

тілінің  диалект,  говорларына  сүйене  отырып  табуға  немесе  сол  сөздің 

сыртқы тұлғасын басқа тіл фактілерімен салыстыра тексеру арқылы да 

анықтауға болатын сияқты. Мыса лы, қазақ тілінде түйе-теге деген қос 

сөз бар. Профессор С.А. Аманжолов оны батыс диалектісіне тән сөз деп 

қарайды. Осындағы теге деген сыңардың бізге салған жерден түсініксіз 

болып  көрінуі  алдымен  оның  сыртқы  тұлғасына  байланыс ты.  Бірақ 

осы  теге-ні  зерттей  келгенде  оның  да  түйе  малының  атауы  екендігін 

аңғарамыз.  Өйткені  осы  түйе  атауы  көпшілік  түркі  тілдеріндегі  бір-

біріне  ұқсас  вариантта  айтылады.  (мысалы:  өзбекше  –  туя,  ұйғырша 

–  төгә,  башқұртша  –  дөдә;  азербайжанша  –  дәвә,  осман  түрік  тілінде 

С. Е. Малов. Памятники древнетюркской письменности. М.–Л. 1951. Стр. 301–311.

4 Бұл жерде ғ-ның түсіп калуына байла нысты у созылыңқы айтылады. Ә. Қ.



226

– деве, тува тілінде – теве, т.б.). Ең басты нәрсе, бұл ара да біз д мен 



т-нің, г – в – й дыбыстарының және ү, ү, ө, ә, е дауыстыларының бір-

бірімен заңды түрде алмасу жасай беретіндігін ескерсек болғаны.

Кейбір  қос  сөздердің  мағынасыз  сыңарлары  қайсыбір  жағдайда 

жергілікті  говорлардан  табылып  қалатындығын  біз  жоғарыда  айтып 

өттік.  Бұған  мысал  ретінде  мына  бір  фактіні  алуға  болар  еді.  Каспий, 

Арал  теңіздерінің  бойын  мекендеуші  қазақтардың  говоры  бойынша 

жиналған  материалдарға  қарағанда,  сыбай-салтаң,  анда-санда,  шөn-

шалам  сияқты  қос  сөздердің  құрамындағы  Қазақстанның  басқа 

территорияларында  жеке  айтылмайтын  сыбай,  санда,  шалам  деген 

компоненттер  әлгі  айтылған  мекендерде  (Каспи,  Арал  теңіздерінің 

маңында) бас ашық, даусыз дербес қолданыла беретін сөздер екендігін 

көреміз. Мысалы: Кейбір үлкен балықтар ауға санда бір түседі.

Біз  бұл  мақаламызда  қайсыбір  қос  сөздердің  этимологиясын 

қысқаша сөз еттік.

«Қазақ тілі мен әдебиеті», 

1959. № 10. 94-96 б.

Қазақ тілі этимологиясынан этюдтер

Бүгінгі таңда еркін дамып, толыға да, молыға түскен қазақ тілінің 

сөз  байлығын,  оның  сан  алуан  сыры  мен  сипатын  жан-жақты  зерттеу, 

табиғатына  үңіле,  өзіндік  ерекшелігін  анықтай  беру  –  сол  тілдің 

қадір-құрметін біле-білген жанкүйер қауымның зерделі де, зейінді сөз 

зергерлерінің,  әсіресе,  тамырын  тап  басып,  табиғатын  танитын  тіл 

мамандарының алдында тұрған жауапты да ардақты міндеттердің бірі. 

Оның үстіне, халқымыздың бағы заманнан бері көне тарихын арқалап, 

оның  барша  рухани-мәдени  өмірінен  сыр  шертіп,  ұрпақтан  ұрпаққа, 

атадан  балаға  ауысып  келе  жатқан  асыл  мұра  –  ана  тіліміздің  тұла 

бойында әлі де талай сыр жатыр, біз үшін беймәлім жұмбақтар аз емес.

Ол қандай сыр, қандай жұмбақ? Бұл сұрақты қоюшылар: «Ана тіліміздің 

біз үшін қандай қыр-сыры болуы мүмкін? Ол біздерге анадай жақын, жан 

дүниемізден,  бүкіл  табиғи  болмысымыздан  бөліп  алып,  жеке-дара  қарауға 

болмайтын  біртұтас,  етене  нәрсе  емес  пе?  Ол  ананың  ақ  сүтімен  емізіктеп 

кіріп,  тұла  бойымызға  түгел  тараған,  ой-санамызды  түгел  билеген  асыл 

қасиет болса, сол арқылы біз дүние танысақ, оқысақ, білім алсақ, ойлануды, 

ойымызды басқа біреуге жеткізуді үйренсек, сезінсек, тебіренсек, сонда да 

бұл тілдің біз үшін беймәлім сыры, біз білмейтін құпиясы болғаны ма?» – 

деген дәлел айтуы ықтимал. Орынды сөз.

Солай  бола  тұрса  да,  ана  тіліміздің  сол  тілде  сөйлеуші  қауымға, 

тіпті,  оны  жіті  білетін  ділмар-шешендерге  де,  сөз  өнерін  машық  еткен 



227

зергерлерге де белгісіз жақтары аз емес. Жеке сөздің немесе сөз тіркесінің, 

мақал-мәтелдердің тіл қауымындағы қолданылатын, беретін лексикалық 

мағынасы,  жалпы  мазмұны  жұрттың  бәріне  таныс  болуы  мүмкін.  Бірақ 

осы  ыңғайда  қолданылған  кейбір  сөздерді  жеке-дара  алып  қарайтын 

болсақ, олардың лексикалық, грамматикалық және басқа сөздерге қатысты 

мағынасын  ажырату,  тұлғалық  жағынан  түстеп  тану,  шығу  төркінін 

анықтау, тілдік табиғатын ашып беру – кез келген адамның қолынан келе 

бермейтін дүние. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мысал келтірейік. Мәселен, 

қазіргі қазақ тілінде күнделікті қолданылып жүрген мына тәрізді тұрақты 

сөз  тіркестері  мен  мақал-мәтелдерді  алайық:  жұрдай  болу,  түйдей 

жасты, міз бақпау, мысы құру, сағы сыну, ту сырт, қоқан-лоқы, оқасы 

жоқ, қан базар, зығырданы қайнау, құра қ ұшу, аза бойы қаза болу, сөзге 

қонақ  бермеу,  үл  болмасаң,  бүл  бол;  басы  бапандай,  аяғы  сапандай//

басы  –  бапан,  аяғы  –  сапан;  бармасаң  бадал,  қара  жерге  қадал;  жер 

астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты; құмырсқаның дас ауыры 

бар; оралыңның барында ойна да күл; байтал түгіл, бас қайғы; қонақ 

кәде; арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде, сayран айналып келу; 

бәледен  машайық  қашыпты,  т.  б.  Дәл  осы  тәрізді  фактілерді  жүздеп 

келтіруге болады.

Осы  мысалдардағы  курсив  және  үзік  сызықпен  терілген  сөздерге 

назар  аударайық.  Оларды  жеке-дара  алып  қарайтын  болсақ,  мағына 

жағынан да, тұлға жағынан да тіліміздегі басқа сөздермен байланыстыру, 

төркінін  анықтау  біз  үшін  оңайға  түспейді.  Өйткені  бұл  сөздердің 

мағынасы әр түрлі себептермен күңгірттелінген, сөздің өзі сақталса да, 

халықтың есінде, жадында оның бір замандағы айқын-анық лексикалық 

мағынасы ұмыт болған.

Осы  тәрізді  сөздерді  мұндай  «жағдайға»  келтірген  обьективтік 

себептердін бірі – тұрақты тіркес шеңберімен шектелуіне байланысты, 

олардың  тілдегі  қолданылу  жиілігінің  азаюы.  Сирек  қолданылуының 

салдарынан бұл тәрізді сөздердің лексикалық мағыналары күңгірттенеді, 

бара-бара  архаизм  категориясына  ауысып,  этимологиялық  объектіге 

айналады.  Жеке  лексикалық  элементтердің  кейінгі  буындар  үшін 

ұмыт бола бастауына екінші бір себеп – олардың тұлғалық, дыбыстық 

өзгерістерге  душар  болуы.  Бұл  жағдай  көбінесе  шеттен  кірген  кірме 

сөздерде  байқалады.  Тұлғалық,  дыбыстық  өзгерістер  де  мағыналық 

өзгерістер  тәрізді,  белгілі  морфологиялық  және  фонетикалық 

заңдылықтар негізінде пайда болып отырады.

Ана  тіліміздің  біздерге  беймәлім  сыры  мен  сипаты  дегенде,  біз 

оның, міне, осы жақтарын айтқымыз келеді. Мақаламыздың мақсаты да 

осы мәселеге байланысты.


228

Алайда  бұл  мәселе  жөніндегі  пікірімізді  айқындай  түсу  үшін, 

этимологиялық  этюдтерге  көшуден  бұрын,  тағы  бір  жағдайды  айта 

кеткіміз келеді. Өз ана тілін жақсы түсінетін, ол тілде жақсы сөйлейтін, 

жазатын адамға: «Ана тіліңде қанша сөз бар және сол сөздің өз басың 

қаншасын  білесің?»  –  деп  сұрақ  қойсақ,  бұл  сауалға  берілетін  жауап 

Қожекеннің  есегінің  түгін  аспандағы  жұлдыздармен  шамалағандай, 

әзіл-қалжыңның ар жақ-бер жағынан шыққан болар еді. Өйткені тілдік 

қордағы  сөз  байлығымызды  дәл  айтып  беру  қандай  қиын  болса,  жеке 

бастың  лексиконын  анықтау  да  сондай  қиын.  Бұл  тек  ғылыми  зерттеу 

арқылы  ғана  анықталатын  мәселе  және  оны  жобалап  айтпаса,  дәлме-

дәл,  нақтылы  есептеп  шығу  да  оңай  емес.  Лексиколог  ғалымдардың 

анықтауы бойынша, ұлы Абай өзінің қолтумаларында 6 мыңдай жеке-

дара  сөз  қолданған  екен.  Әрине,  бұл  оның  ретіне  қарай  қолданып, 

қағазға түсірген (не кейін түсірілген) сөздерінің ғана мөлшері. Сөз жоқ, 

Абай  білген  сөздің  са ны  бұдан  әлдеқайда  көп

1

.  Дегенмен  Абай  осы  6 



мың  сөздің  өзімен-ақ  кешегі  қазақ  даласының  жағдайын,  әлеуметтік 

өмірін жан-жақты жыр етіп, жетер жеріне жеткізіп суреттеп берген жоқ 

па еді. Олай болса, жеке бастың қажетіне орта есеппен 5–10 мың сөздің 

өзі  де  жетіп  асады  деп  жүрген  ғалымдардың  пайымдауының  да  жаны 

бар сияқты.

Бұл мәселе туралы сөз қозғағанда, біздің айтайын деп отырғанымыз 

басқа:  жеке  адамның  лексиконы,  сөз  қолдануы  жалпы  тіл  байлығын 

толық қамтымайды және қамтуы да мүмкін емес. Қанша ділмар-шешен, 

сөз  шебері  болса  да,  ана  тілінің  өз  арнасынан  асып-төгіліп,  толассыз 

толығып, ағыл-тегіл болып жаткан сөз байлығын түгел меңгердім, оны 

бес  саусағымдай  жіті  білемін  деп  айта  қоймас,  айта  қалса,  ол  әбестік 

болар  еді.  Өйткені  жалпы  тілдің  лексикалық  қоры  жеке  адамның 

лексиконынан әлдеқайда мол дүние. Оны алысқа бармай-ақ, бір томдық 

болып  шыққан  «Абай  тілі  сөздігі»  мен  он  том  болып  шығатын  (қазір 

екі томы баспадан шыққан) «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» сырттай 

салыстыру арқылы да байқауға болады. Ол шамамен 50 мен 100 мыңның 

мөлшеріндегі сөз байлығын қамтуы ықтимал.

Сонда  ана  тілінде  сөйлейтін  әрбір  азаматтың  лексиконында  көп 

дегенде  жалпы  сөздік  қордың  оннан  бірі  ғана  активті  түрде  қолданыс 

табады екен. Қалғанын ол сөз жүйесіне, сөйлеу ыңғайына қарай түсінуі 

мүмкін.  Жоғарыдағы  біз  келтірген  мысалдар  осы  тәрізді  сөздердің 

қатарына жатады. Оның үстіне ескеретін бір жағдай: тілдің соншама бай 

сөздік  қорын  ғасырлар  бойы  төкпей-шашпай  жадында  жаттап,  есінде 

Ысқақов А. Абай және қазақтың әдеби тілі. – Кітапта: Абай тілі сөздігі. Алматы. 1968, 

12-6.


229

сақтап  келе  жатқан  халықтың  өзі  оны  әрдайым  белгілі  бір  деңгейде, 

мөлшерде ұстауға тырысады.

Тілдегі  сөз  байлығының  белгілі  бір  деңгейде  тұруына,  сөйтіп, 

оның қоғамдағы коммуникативтік қызмет атқару міндетін ақтауына екі 

түрлі себеп болады: бір жағынан ол жаңа пайда болған, сырттан енген 

ауыс-түйіс  сөздер  арқылы  байып,  толығып  жатса,  екінші  жағынан 

қажетті  өтеп  барып,  көнерген,  ескірген  сөздердің  есебінен  азайып 

отырады. Тілдің табиғатына тән осы бір толассыз қимыл-қозғалысты, 

өзгерісті  организм  клеткаларындағы  болып  тұратын  «өлу-тірілу», 

жаңалану процесімен салыстыруға болатын тәрізді.

Бірақ  тілдің  лексикалық  құрамындағы  өзгерістердің  өзіндік  бір 

ерекшеліктері де жоқ емес. Көнерген, ескірген сөздердің бәрі бірдей біржола 

қолданыстан шығып қалмайды: олар бейне бір тіл тұлғасындағы ескінің елесі, 

көненің көзі іспетті өз нақыш-сәнімен, өз жарасымдылығымен көпке дейін 

сақталып қала береді. Бүгінгі буындардың біле бермейтін ана тіліміздің сыр-

жұмбағы дегенде, біз оқырмандарды тілдік қордың осы жақтарына мегзейміз, 

оның осындай ерекшеліктеріне назар аударамыз.

Бұл  тәрізді  сөздердің  төркіні  мен  сырын  ашу  үшін  жобалап  айтып, 

тұспалдап  соғудан  да,  байыпты  түрде  жүргізілген  ғылыми  зерттеулердің, 

тарихи-салыстырма әдістің ең тиімді, нақтылы жақтарын пайдалана отырып 

жасалған этимологиялық талдаулардың маңызы зор деп білеміз. Айта кететін 

бір  жағдай,  аталмыш  әдісті  қолдану  дегенді  біз  тек  құр  фактіге  сүйену 

ғана  деп  білмейміз.  Бұл  жерде  ең  абзалы  –  әрбір  тілдік  фактінің  астында 

жатқан  семантикалық,  фонетикалық,  морфологиялық,  стильдік,  тарихи-

этнографиялық, т. б. социолингвистикалық заңдылықтарға сүйену.

Осы  тұрғыдан  қарастыра  келіп,  біз  оқырмандар  назарына  қазақ 

тілі  этимологиясынан  бірнеше  этюдтер  ұсынбақшымыз.  Олар,  негізінен, 

фразеологизмдер құрамында кездесетін -дай/-дей формалас сөз тіркестері мен 

мақал-мәтелдерде  ұшырайтын  мағына  жағынан  күңгірттенген,  дербестігін 

жоғалтқан кейбір сөздер негізінде жасалмақшы.

Фразеологизмдер құрамындағы мағынасы күңгірттенген сөздерден 

этимологиялық  этюдтер.  Мысалы:  Мысы  құру  фразеологизмінің  жалпы 

мағынасы  елдің  бәріне  де  түсінікті.  Сонда  мысы  дегеніміз  не?  Бұл  сөз  осы 

тұрғанында тәуелдік форма түрінде келгендіктен, оның негізгі түбір тұлғасы 

мыс  болмақшы.  Бірак  бұл  мыстың  «медь»  магынасындагы  «мыспен»  еш 

қатысы жоқ. Қазақ тілінде мыс тек осы фраза құрамында ғана сақталып қалған 

да, оның бұрынғы лексикалық мағынасы ұмыт болган. Алайда бұл сөздің көне 

түркі, бірқатар қазіргі түркі тілдерінде де әр түрлі фонетикалық тұлғада (біс ~ 



быс ~ пыс ~ мыс ~ міс, т. б.) сақталып, о баста да, қазір де пышақ, қылыш, селебе 

тәрізді кесетін аспаптардың өткір жүзін білдіретіндігін тарихи-салыстырма 



230

әдіспен толық дәлелдеуге болады. Сонда тіліміздегі мысы құру // мысы қайту 

фразалары  басқаша  айтқанда,  «жүзі  қайту,  жүзі  қайырылу,  мұқалу»  деген 

нақтылы мағынаның негізінде жасалып, идиоматикаға айналған. Ол «амалы 



таусылу»,  «беті  қайту»,  «айла-шарғысы  жетпеу»,  «амалсыздану»  тәрізді 

мағыналарда  қолданылғандықтан,  о  бастағы  «жүз»  мағынасынан  мүлдем 

алыстап кеткен және ұмыт болған.

Біз сөз етіп отырған мыс сөзі, сонымен, түркі тілдерінің өзіне ғана тән 

төл түбірі. Оның арғы төркініне барсақ, тілімізде күнделікті қолданылып 

жүрген пышақ, пішу, пішен тәрізді сөздердің өздерімен тарихи түбірлес 

екенін  көреміз.  Басқаша  айтқанда,  мыс  та,  піш  те  бір  түбірден  өрбіген 

сан  алуан  этимологиялық  варианттардың  бір  көріністері  ғана.  Дәл 

осы  сөз,  мысалы,  қазіргі  ұйғыр,  тува,  т.  б.  тілдерде  бис  түрінде  жеке-

дара  қолданылып  жүр.  Бұл  түбір  сөз  түркі  тілдерінде  етіс  және  етістік 

мағынасында қатар айтыла беретін көне синкретикалық түбірлер қатарына 

жататыны өзінен-өзі көрініп тұр: піш бірде пышақтың жүзі, кесетін жағы 

да, бірде кесу, пішу қимылының өзін білдіріп тұр.

Ал  этимологиялық  анализді  ары  қарата  тереңдете  түссек  піш/



біс  түбірлерінің  өзі  Махмұт  Қашғари  заманында  туынды  түбір  болып 

есептелген;  көне  ұйғыр  жазу  ескерткіштер  тілінде  бі  [bi]  «пышақтың 

жүзі,  пышақ  сияқты  аспап»  мағынасында  қолданылған.  Мәселен,  bi 

bїčpu  деген  қос  сөз  «қол  қаруы»  (холодное  оружие)  деген  мағынада  жиі 

кездесетіндігі  ғалымдарға  мәлім  (Uig.  II  59

4

).  Егер  бес  ғасыр  бұрын  бі 



деген сөз пышақтың кесетін жүзін, пышақ тәрізді қаруды білдірсе, кейінгі 

дәуірлердегі пыш ~ піс ~ быс ~ біс ~ мыс ~ міс тәрізді тұлғалар -с//-ш форманты 

арқылы жасалған ту ынды түбір. Дәл осы дәуірде олар қимылды да, затты да 

білдіретін  синкретикалық  қасиетке  ие  болған.  Мыс  түбірінің  тарихы,  міне, 

осы.

О қ а с ы жоқ немесе Еш о қ а с ы жоқ. Бұл фразеологизмнің жалпы 

мағынасы  бәрімізге  де  түсінікті.  Бірақ  осындағы  оқасы  деген  қандай  сөз, 

қандай  сөздермен  қатысты?  Ол  жағы  біздерге  беймәлім.  Оны  тек  туыстас 

тілдердің дәл осы тәрізді фразеологизмімен салыстыру арқылы ғана анықтауға 

болатын  сияқты.  Мысалы,  қазіргі  ұйғыр  тілінде  һеч  вәқәси  йоқ  тіркесі  бар. 

Ол да «абыржуға, алаң болуға тұрарлық уақиға болған жоқ» деген мағынада 

қолданылады. Сонда бұл фразеологизмдер құрамындағы оқа > оқа + сы (қаз.) 

мен вәқә >вәқә + си (ұйғ.) екеуі бір сөз және ол, пайымдап қарасақ, араб тілінен 

ауысқан väq’iä сөзінің қазақ және ұйғыр тілдерінің фонетикалық жүйесіне сай 

өзгеріске душар болған екі түрлі варианты болып саналады. Басқаша айтқанда, 

бұл сөздің екінші буынындағы [айн] – жоғарыдағы тілдерде бірде [ғ] дыбысы 

түрінде қалыптасса, бірде мүлдем айтылмай, түсіп қалуына байланысты екі 

түрде қалыптасқанын көреміз: қазақ тілінде – оқиға және оқа, ұйғыр тілінде – 


231

вәқиә және вәқә. Бұлардың екінші варианты ауысып, тіл дәстүріне байланысты 

жоғарыдағы фра зеологизмдер құрамында ғана сақталғанын көреміз.



І  ш  а  й  деспеу  немесе  і  ш  ә  й  десіп  көрмеу.  Бұл  фразеологизм 

құрамындағы ішай // ішәй созі жеке-дара қолданылмайтын тәрізді. Бұл сөзді 

біз екі морфеманың, яғни парсы тілінен енген һеч және ай/ей одағайының 

жымдаса бірігуінен пайда болған біріккен сөз деп білеміз. Сонда бұл фраза 

о баста: «бір-біріне еш «ай» («айқайласу», «дауыс көтеру» мағынасындағы 

анайы естілетін одағай) десіп көрмеген түрінде айтылған да, кейін сөйлеу 

тілінің  ыңғайына  байла нысты  құрамындағы  еш  +  ай  қысаң  ішай/ішәй 

вариантына ауысқан.

Ш  ы  қ  бермес  Ш  ы  ғ  а  й  б  а  й.  Тұрақты  тіркеске  айналған  бұл 

күрделі  (анықтауышты)  жалқы  есімнің  құрамындағы  шық  пен  шығай 

сөздерінің  мағынасы  біз  үшін  күңгірт,  беймәлім  тәрізді.  Алдымен 

шық  сөзін  қарастырып  көрейік.  Бұл  сөздің  табиғаты  өте  қызық.  Біздің 

байқауымызша,  бұл  түбір  сөздің  түркі-монғол  тілдерінде  жиырмадан 

астам варианты бар да, олардың бәрі «сырость/сырой», «влага/влажный», 

«мокрота/мокрый»,  «неспелый»,  «зеленый»  мағы насында  қолданылады 

екен.  Олар  мыналар:  шық  ~  шік  ~  чық  ~  чік  ~  чіг  ~  шый  ~  шій  ~  чый  ~ 

чій ~ зық ~ зік ~ зых ~ зақ ~ зәқ ~ зах ~ зай ~ зәй ~ сыз ~ сіз ~ саз ~ сөз 

сұй ~ сүй ~ жый ~ жій ~ жу ~ жү ~ жып ~ жіп, т. б. Бұл қатардағы 

түбірлердің бәрі де белгілі бір фонетикалық заңдылықтар, яғни [ш ~ ч ~ 

з ~ с ~ ж ], сондай-ақ [й~к~қ~г~х~з~у~б~п] дыбыстарының өзара алмасуы 

негізінде пайда болып, түркі тілдерінің көпшілігінде не жеке, не туынды 

сөз  құрамында  сақталғандығын  көреміз.  Тек  қазақ  тілінің  өзінде  ғана 

сақталған шық – «салқын түнде шөп басына тұрып, қалатын дымқыл, су 

тамшысы»; сыз – «ылғал, ызғар, дымқылды жер»; говорлардағы: зай/зәй/



зәк – «дым, дымқыл, дымқылдык, сыз»; ши >шикі – «піспеген, дымқыл, 

суы бар» (өсімдік, нан, ет, т. б.); жіб > жібіту; жіпсіп терлеу (мұнда да 

беттің, дененің дымқылдануы); сұй > сұйық тәрізді сөздердің төркіндес 

екеніне этимологиялық тұрғыдан күмән тудырмау керек.

Сонда  шық  бермес  тіркесі  о  бастағы  «дым  берместің»  синонимі. 

Ал енді шығай сөзіне келсек, ол ерте замандарда қазіргі кедей, кембағал 

сөздерінің орнына қолданылған түркі тілдеріне ортақ дербес сөз. Мысалы, 

«Күлтегін»  ескерткішінде  «кедей  халықты  бай  қылдым»  дегенді  c’Cpaj 

budunuj baj qilt’im [KT

29

] деп берген. Сол замандағы шығай ~ чығай сөзі, 



біздің пайымдауымызша, қазақ тілінде екі түрлі формада сақталған: біреуі 

– жалқы есім құрамындағы шығай > Шығайбай (дәл аударсақ, Кедейбай. 



Шық бермес Шығайбай – «дым татырмайтын кедей, жұтаған бай») болады 

да,  екіншісі  –  шыған;  ол  қазақ  тіліндегі  шығаннан  шыққан  кедей  деген 

фразеоло гизм құрамында ғана кездеседі. Сонда ол – «кедейден шыққан 


232

ке дей», немесе «кедейдің кедейі» деген мағынаны білдіреді деген сөз. 

Ал  шығай  мен  шыған  төркіндес,  бір  сөздің  екі  түрлі  этимологиялық 

варианты екенін «Көне түркі сөздігінен» (148-б.) анық көруге бола ды. 

Мұндағы айырмашылық – көне түркі тілдеріне тән сөз аяғындағы [й 

~ н ] дыбыстарының фонетикалық сәйкестігіне байланысты (мысалы: 



қой – хон варианттарын салыстыруға болады).

Зығырданы  қайнау.  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде»  (І

265


бұл фразеологизмді «ыза кернеу, ашулану» деп түсіндіреді және оның 

«зығыры қайнау» түрінде айтылатынын ескертеді. Біздің ойымызша, 

кейінгі вариант алдыңғы варианттың қысқарған түрі тәрізді. Өйткені 

бұл  тұрақты  сөз  тіркесінің  этимологиясы  тек  зығырдан  сөзіне  ғана 

байланысты  анықталатынын  көреміз.  Бұл  жердегі  зығырдан  парсы 

тілінен  енген  зäһäрдан  >  зäһäр  +  дан,  яғни  «зәһәр,  у  құйған  ыдыс», 

ауыспа  мағынада  «өт  жолы»  («желчный  пу зырь»).  Зäһäрданның 



зығырданға айналуы – қазақ тілі дыбыс жүйесі тұрғысынан дәлелдеуге 

болатын құбылыс: зәһәр сөзі [һ] дыбысының ерекшелігіне байланысты 

бірде зәр (зәр қышады), бірде зығыр (һ ~ ғ, ә ~ ы) түріне ауыса береді. 

Сонда  зығырданның  қайнауы,  яғни  у  салған  ыдыстың  қайнауы  мен 

қатты  ашуланудың,  бойды  ыза  кернеудің  арасында  логикалық  та, 

образдылық  та  байланыс,  ұқсастық  бар.  Бұл  процестің  биологиялық 

тұрғыдан да дәлелді екені сөзсіз.

О р а л ы ң н ы ң барында ойна да күл. Бұл фразеологизмдегі орал 

сөзі не? Біздің пікірімізше, ол оралым келмеді дегендегі орал сөзімен 

төркіндес.  Ал,  ол  өз  ретінде  қазақ  тілінде  жеке-дара  айтыла  беретін 

орай сөзімен түбірлес. Қазіргі қырғыз тілінде орал – «удобный момент»; 

«подходящее обстоятельство» (Юдахин, 579). Басқаша айтқанда, [й ~ н] 

дыбыс алмасуы негізінде пайда болган бір сөздің бұлар екі варианты. 

Орай  қазақ  тілінде,  орол  қырғыз  тілінде  жеке  сақталған.  Ал  орал 

вариантының қазақ тіліндегі белгілі бір фразеологизмдер құрамында 

ғана сақталып қалуы заңды нәрсе. Сонда: Оралыңның барында ойна да 

күл тіркесіндегі орал сөзі ораймен төркіндес.

Үл  болмасаң,  б  ү  л  бол.  Осындағы  үл  де,  бүл  де  бүгінгі  таңда 

беймәлім  сөздер  және  олар  тек  осы  фразеологизм  құрамында  ғана 

айтылады. Бір замандағы бұл фразеологизмнің мағынасы – «бөлінбек 

түгіл,  бүлін».  Үл  түбірі  о  баста  «бүтіннің  бөлшегі»,  «бөлік»,  «тиісті 

үлес» мағынасында кең түрде қолданылған. Түркі тілдерінің біразында 

бұ  түбірден  үле-  /  үлі-  /  үлү  түрінде  («раздавать,  распреде лять»; 

«разделить  на  части»  мағынасында)  етістік  формасы  жасалады.  Бұл 

қазақ  тілі  говорларынан  да  кездеседі.  Сол  сияқты  бүл  сөзі  де  кейбір 

түркі  тілдерінде  осы  күнге  дейін  жеке-дара  айтыла  береді.  Ол  бірде 


233

есімдік,  бірде  етістік  мағынасында  айтыла  беретін  синкретикалык 

түбір. Мысалы: қазақ тіліндегі бүлік, бүлдір, бүліну, қырғыз тіліндегі 

бүл-  «раздирать,  разбивать,  рвать,  вырвать»,  ұйғыр  тіліндегі  була- 

«отнимать, отбирать, насильно вырвать; ограбить» сөздерінің түбірлес 

екеніне таласуға болмайды.

Н  і  л  д  е  й  бұзылу.  Осындағы  -дай/дей  формалы  лексикалық 

единицаның түбірі ніл «көк», «көгілдір» (индиго), «көк бояу» (синь ка) 

мағынасында Орта Азия халықтары тілінде жиі кездеседі. Мыс., өзбек 

тілінде: бу сенга буёқчининг нилими? (бұл саған бояушының бояуы ма?), 

түрікмен тілінде: нили азан (жалған жолға түсу, азу), т. б. Зерттеушілердің 

пікіріне  қарағанда,  ніл  сөзі  –  түркі  тілдеріне  будда  дінін  уағыздаушы 

жазба  ескерткіштерді  көне  ұйғыр  тіліне  аударуға  байланысты  енген 

санскрит  сөзі.  Мысалы:  nilutpal  <  санскр.  nіlораіа  –  «көкшіл  түсті  су 

лилиясы» (Rach III З

110


); nilapusup < санскр. nilapuspa —«көк түсті шешек 

ататын эвкалипт ағашы» (Uig. II 25

17

). Тәжік, өзбек тілдеріндегі нилифар 



(су лилиясы, лотос) сөзі жоғарыдағы санскр. формасымен байланысты. 

Сонда нілдей бұзылу «көк бояудай бұзылу» деген магынаны аңғартады 

және оның Ніл өзенімен тікелей байланысы болмауы тиіс.

Жер  астынан  ж  і  к  шықты,  екі  қулағы  т  і  к  шықты.  Осы 

фразеологизм  құрамында  тұрып  мағынасы  күңгірттенген  жік  сөзінің 

тіліміздегі:  жігі  ашылу,  жік  болу,  жігін  білдірмеу  тәрізді  тіркестерде 

кездесетін  «аралық»,  «жапсар»,  «шекара»  мағынасындағы  жік  сөзімен 

үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл қазақ, тағы басқа түркі тілдерінде 

қазірде ұмыт болған, тек кейбір фразеологизм, туынды түбір құрамында 

ғана кездесетін (мысалы: жек көру, жексұрын), көне түркі тілінде өте 

жиі  қолданылған  «жын»,  «шайтан»  мағынасындағы  йек  [jek]  //  джек 



[зек]  //  йік  [jik]  //  джік  [зік]  сөзі.  Мысалы,  көне  түркі  ескерткіштері 

тілінде: jekkä tapїn-tїmїz – «по клонились демонам» (Chuast Л

64

); қос сөз: 



jek  onzüm  –  «жын-шайтандар»  (ТТ  ІІІ

91 


>  «Көне  түркі  сөздігінде»  бұл 

сөздің түркі тілдеріне ескі парсы тілінен ауысқандығы көрсетіледі (253-

б.).

Сөйтіп,  жоғарыдағы  жек//жік  сөздері  о  баста  «жын-шайтан» 



мағынасын білдірсе, біздің сөз етіп отырган «жер астынан жік шықты, 

екі  құлағы  тік  шықты»  фразеологизміміз  «жер  астынан  жын-шайтан 

шықты, шыққанда да екі құлағы тікірейе шықты» деген ұғымды білдіреді. 

Дәл  осы  сияқты:  жек  көру  –  «біреуді  жын  бейнесінде,  жынындай 

көру»; жексұрын – «түрі жын-шайтан сияқты қорқынышты» мағынаны 

аңғартады.

Қорыта келгенде, бүгінгі таңда бізге беймәлім, мағынасы күңгірт-

тенген,  қолданылуы  шектелген  сөздердің  бірқатарын  ғасырлар  бойы 


234

қалыптасып, тұрақтанып, біртұтас болып құрылған фразеологизмдер 

құрамынан  іздегеніміз  абзал.  Біле-білсек,  бұл  тәрізді  сөздердің 

мағынасының күңгірттенуіне де және сол сөздердің құпия-сырын ашып 

беруге де себепші болатын фразеологизмдердің өздері болмақшы. Ол 

үшін тұспал, жолбар емес, пайымды да, жүйелі зерттеулер қажет.



Сөз өнері (Тіл мәдениеті туралы). Алматы, 1978. 62 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет