Тілді осылай «тірілтіп» едік...
– Тіл үшін күрес кеше, не бүгін басталған жоқ, және ертең біте қояды
деп те айта алмаймыз. Алдыңғы ұрпақ өкілдері өз ана тілі үшін, өз елінің
азаттығы үшін жазалы болғаны бәрімізге белгілі десек, әңгімені өзіңіз куә
болған тіл саясатынан бастасақ дейміз.
– Қазақ тілінің мәселесі бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Бұл мәселе
бұдан 50-60 жыл бұрын қозғалған болатын. Ахмет Байтұрсынов, Сәкен
Сейфуллин тіл үшін түн баласы ұйқы көрмей, болашағы үшін күрескен.
Біз бүгін біліп отырмыз, Сәкен Сейфуллин тіл мәселесін қаузап 50 мақала
жазыпты. Сондағы көтеретіні – тілдің шұбарлануы, мемлекетгік дәрежеде
туған тіліміздің колданыс аясының кеңеймеуі сияқты соқталы мәселелер.
Қайтсек, тілімізді таза сақтап, мәртебесін көтереміз деп күресіп өтті ғой ол
бабалар да.
Кезінде Қазақстан көп ұлтты республикалардың қатарында болып
келді. Көпұлттарды бір елде тоғыстырған зертхана жасап, оны дабылдата
мақтаумен бізді түрлі саяси сынақтың астына алып келді. Қазақ елі орыс тілін
жақсы меңгерді. Шынында да грузиндерге қарағанда қазақтар орыс тілін
озық білді. Грузин де орыс тілінде сөйлейді, бірақ өзіндік акцентпен бұзып
сөйлейді. Ал қазақ сөйлегенде аузы аузына жұқпай кетті. Олжас Сүлейменов
бүкіл Ресейге Останкино телекешені арқылы 2 сағат орыс тілінде сөйлеп, өз
өлеңдерін орысша оқығанда орыстар таң-тамаша қалысты. Сонда олар «бұл
қазақ деген халық керемет кабілетті екен, бұлармен дос болу керек» десіп,
«Достық деген ұғымның орталығы – Қазақстан!» деп біздің астымызға
көпшік қойып, өз пайдасы үшін марапат көрсетті. Сол «көпшік» бізді орыс
тіліне қарай икемдеді. Ғалымдарымыз да ғылыми еңбегін орыс тілінде
жазатын болды. Сөйтіп, біз орыс тілінде алдыңғы қатарға шықтық.
– Иә, сөз саптауда кез келгеннің қатесін түзейтіндей шамада тілді
жетік меңгерген қазақтарды көзіміз көрді, әлі де байқап қалып жүрміз.
Алайда қызыл өкіметтің пәрмені жүріп тұрғанда туған тілдің тағдырын
ашық айтқандар болған шығар.
116
– Ұлт болып қалу жолында бұл мәселе сол кездің өзінде әр-әр жерде
қозғала бастады. Әсіресе, 1986 жылғы жастардың көтерілісінен кейін тіл
мәселесі қатты көтерілді. Желтоқсан көтерілісінен кейін, 18 желтоқсан
күні Мәскеуден Соломенцев бастаған бір топ комиссия Алматыға ұшып
келді. Сосын Ұлттық академияның залына барлық академиктерді жиып,
жиналыс өткізді. Сонда Колбин «Мен өзім өзге тілді үйреніп машықтанған
адаммын. Грузияда қызмет еттім, сол елдің тілін бір жылда оңай меңгеріп
алдым. Сондықтан, бір жылдан кейін мен қазақ тілінде де сөйлеп кетемін,
керек болса қазақ тілін өздеріңе түсіндіретін боламын» деген болатын.
Одан әрі ол жастардың қарсылығы туралы «Мен кабинетімде отыр едім,
бір топ қазақтың жастары келіп алаңда айғайлап тұрып алды. Сосын мен
көмекшімді шақырып сұрасам, ол маған жастардың «тіл мәселесімен»
келіп тұрғанын айтты. Сосын мен оларды кабинетіме шақырттым.
Алдыма келген оншақты қыз-жігіттен «басшыларың кім?» деп сұрап
ем, бір жігіт суырылып шығып «менмін» деді. Аты-жөнін сұрасам
Тимур екен, одан «неге топталып жүрсіңдер, не проблемаларың бар?»
деп сұрасам, ол «бізде орыс тілінің басымдығы сонша, біз отбасымызда
отырып ата-анамызбен орыс тілінде сөйлесетін халге жеттік. Сонда қазақ
деген халық ұлт па, ұлт емес пе?!» деді. Сосын мен жастарға «Маған
бір жыл уақыт беріңдер. Бір жылдан кейін ел алдында баяндаманы қазақ
тілінде жасайтын боламын» дедім. Жастар тарқап кетті» деп өзін ақтауға
тырысты. Алайда, ол берген уәдесінде тұрмады.
– Және қазақ халқын ұзағырақ басқарып отыра да алмады ғой.
Сонымен «Қазақ тілі» қоғамын құру жолында алғашқы қадам қалай
жасалды?
– Тіл туралы өзгеріс болмады, баяғыша бәріміз орысша шүлдірлеп
жүре бердік. Ал қазақтың бір топ зиялысы әр жиналыс сайын тіл туралы
мәселені көтере беретін болды. Мен ол кезде институт директоры едім.
Қазаққа қозғау салмаса, тіл мәселесі қатқан орнынан қозғалмасына
көзім әбден жетті. Сосын осы институтта жиналыс ашып, зиялы қауым
алдына мәселе қойдым. Қазаққа тілді қорғап қалатын, тіл мәселесін
қозғап отыратын бір қоғам керек, соны біз басқарып тұра аламыз ба,
жұмысын жүргіземіз бе деп сұрақ қойғанда, аты-жөндерін айтпай-
ақ қояйын, кейбір кісілердің беттерін шымшып, бізді келеке еткенін
қайтерсің. Сол кезде көпшіліктің арасынан Өмірзақ Айтбаев суырылып
шығып, менің ұсынысымды қолдады. Сол кезде Өзбекәлі Жәнібеков
Орталық комитетте хатшы болып істейтін. Соған барып құрайын деп
жатқан қоғам туралы айттық. Ол әрине, біздің сөзімізді қуаттап шықты.
117
Сосын іскер жігіттердің көмегімен халыққа арнап хат жаздық, осындай
қоғам құрып, тілімізге араша түссек, бізді қолдайсыңдар ма деген ауанда.
Сол-ақ екен халық бізді қолдамақ түгіл, төбесіне тік көтеріп әкетті. Елдің
әр түкпірінен хат қарша борады. Өзбекәлі бізге «бұл хаттар тек оқылып
бір жерде қалып қоймасын, сендер оны тіркеп, жинаңдар» деді. Сосын ол
Орталық комитетте өзімен бірге жұмыс істейтін Мырзатай Жолдасбеков,
Сейіт Қасқабасовқа тапсырма беріпті «мына хаттар туралы қорытынды
жазыңдар, біз оны Колбинге табыс етейік» деп. Аз ғана уақыттың ішінде
елден түскен бір қап хат халықтың өз тілінің мүшкіл халіне қатты алаңдап
отырғанын көрсетті. Сол хаттарды тізімдеп Колбинге апардық. Алайда,
Колбиннің ұстанған саясаты қайткенде де Қазақстанда екі тіл болуы керек
деген бағытта ғана болды. Екі тіл қатар жүріп, екеуін тең қолдану керек
деген пікірді күн сайын айтып отырды.
– Қазақтың үштен бірі сыртта десек, аса қателеспейміз. Сіздер сол
шеттегі қандастарымыздан да қолдау таптыңыздар ғой.
– Иә, әрине! Қанша жерден артқа тартулар болса да, біз тіресіп жүріп
«Қазақ тілі» қоғамын құрдық. Жан-жаққа хат жолдадық, бүкіл ел ішінде
қозғалыс пайда болды. Енді халықтың басын құрап бір жиналыс өткізуді
ойладық. Жәнібеков бізге драма театрының залын алып берді. Халық
жиылар ма екен, жиылмас па екен деп біз бекерге күдіктеніппіз, жұрт залға
сыймастай болып толып кетгі. Сол жиналысқа қатысқандардың арасында
шетте жүрген қаракөздеріміз де болды. Олар тысқары қалмасын деп
«халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» деп атадық. Қоғамның жарғысына
сай жыл сайын құрылтай өткізіп тұрдық, жер-жерде өз өкілдіктеріміз
ашылып жатгы. Елдің ішінен есті жігіттер келіп, өз ұсыныстары бойынша
өкілдіктер аша бастады. Ол аз болса, Түркия, Ресей, Польша, Моңғолияда
тұратын қандастарымыз бірге қолдау білдіріп, сол жерлерде қоғамның
өкілдіктерін ашты.
– «Мемлекеттік тіл» мәртебесі де оңайшылықпен келмеген болар?
– Тілдің тағдырын заңды түрде қорғап қалу үшін біз қазақ тілінің
мемлекеттік тіл болуын талап еттік. Егер оған мемлекеттік мәртебе
беріп, қолдау көрсетпесе, өзіміз білетіндей кей ұлттардың тілі секілді
елеусіз қалып, түбі оны ешкім керек қылмайтын болады. Сондықтан
оған мемлекеттік мәртебе берілуі үшін күрестік. Күрес оңай болмады.
Нағыз айтыс осы арада басталды. Кейбір қазақ зиялыларының өздері
қарсы шықты. Сол қарсы шығушыларды қолдаған Колбин болды. Сол
кезде мен «Мемлекеттік тіл» деген мақала жаздым. Оны ешбір газет
Колбиннің рұқсаты керек деп баспай қойды. Құдай қолдап, Мәскеуде
118
жиналыста жүрген Назарбаев елге келе сала қазақ тілін қолдайтынын
ашық айтты. Сол-ақ екен, менің әлі жарыққа шықпай жатқан мақалам
газетке басылды.
Мен талай үлкен жиналыстарда Колбинге қарсы шығып жүрдім.
Арнайы шақырып сөйлескенінде де алған бетімнен қайтпадым. Сондай
жиындардың бірінде, сол кезде Шет тілдер институтының ректоры болған
қазақ Колбинді жақтап, өзге тілдің өрісін кеңейтуді қолдады. Бүкіл қазақ
зиялыларының бетіне топырақ шаша сөйледі. Кейінірек, қазақ билігінің
басына қазақ келген заманда, Ұлттық ғылым академиясына мүше сайлап
жаттық. Міне, қызық, әлгі қазақ тіліне қарсы қазақ қоғамдық ғылымдар
бөлімшесі бойынша мүшелікке құжат тапсырыпты. Мен сол қоғамдық
ғылымның корреспондент-мүшесімін, соған орай дауыс беруім керек. Бір
кезде әлгі қазақ шығып сөйлеген кезде, оған «сіз Колбиннің алдындағы
қазақ тілі мен орыс тілін қатар қолдану керек деген пікіріңізді өзгерттіңіз
бе?» деп сұрақ қойдым. Ол «ол енді саясат қой» деп күмілжи берді.
Ақыры мүшелікке өте алмай қалды.
Біздің Елбасымыз сол заманда да қазақ тіліне қолдау көрсеткен еді.
Қазір де қолдап жүр. Менің кеудеме «Отан» орденін тағып тұрғанда «бұл
сіздің тіл үшін жасаған еңбегіңізге көрсетілген құрмет» деп айтты ол кісі.
Қазақ тілі бүгінде аяғынан тік тұрып кетті деп, әрине, айта алмаймыз.
Дегенмен оң өзгеріс бар. Ең бастысы, Үкіметтің өзі бұл мәселеге тікелей
араласып отыр. Түрлі заңдарды қабылдап, қадағалауды қолға алып отыр.
Жауапты қызметке алынатын мамандардың тіл білуін талап ете бастады.
Үкімет араласса, үкі таққан тіліміздің бағы ашылады ғой деп ойлаймын.
Қазақ тілінің мәртебесін көтермей, мемлекеттің маңызы артпайтыны
кім-кімге де белгілі қағида ғой.
– Қателессең, кері тартып, дұрыс қолдана білсең, алға
сүйрейтін және тілді байытатын құралдың бірі – термин. Бір
кездері терминдерді жаппай қазақыландырамыз деп орынсыз
еңбектенгеніміз соншалықты, тіліміздің дәмін кетіріп ала
жаздадық. Жалпы, терминдерді аударуға калай қарайсыз?
Терминдерді сол қалпында қалдыруға болмайды. Жекелеген
терминдер біздің ұғымымызға сіңісіп кетпеуі де мүмкін. Бірақ
терминдерді қазақыландыру керек деп ойлаймын, бұл менің жеке
пікірім. Сонымен қатар, сырттан келген терминдерді шығарып тастап,
олардан бас тартуға да болмайды. Бұл мәселеде әлі көп ойласамыз.
Терминология – өте нәзік ғылым. Әрбір жаңа терминнің табиғатын
тұра тауып, қазақтың ұғымына сай жасау оңай шаруа емес.
119
– Бүгінде жиырма жыл толып отырған, елімізді жаһанға
мәшһүр еткен Тәуелсіздіктің туған тілімізге әсері болды ма?
– Тәуелсіздігіміздің тілге тигізген әсері орасан. Қазір қазақ баласы
қазақ балабақшасына барады, қазақ баласы қазақ мектептерінде
оқитын болды. Кезінде біздің студент шағымызда трамвайда отырып
бір қазақ бір қазаққа деп өз тілінде сөйлессе, сондай жерде отырған
орыстың кемпірлері «адамның тілінде сөйлесіңдер» деп зекитін. Мен
өз көзіммен көрдім сондай жағдайды. Түркияға сапармен барьш,
сонда осы елдің Премьер-министрі марқұм Демирелдің омырауына
«Қазақ тілі» қоғамының Алтын белгісін таққан кезде, ол бізге
«сендер бұл күнге егемендіктің арқасында жетіп отырсындар» деп
еді. Осы Тәуелсіздіктің шарапаты қазақтың әрбір ісіне тиіп жатқаны
анық. Қазір бізге жиналыстарда ешкім залдан «өзге тілде сөйле!» деп
айғайламайды, қазір көшеде бізге ешкім «өз тіліңде сөйлеме!» деп
жекімейді, осы табыс емес пе?! Тәуелсіздіктің, Қазақ мемлекетінің
азаттығын, өзге ұлттармен терезесі тең екендігін қазақ түсінді,
қазақ сезінді, енді арамыздағы өзге ұлттар да оны сезінуге тиіс және
мойындауы керек.
Біз осы қол жеткізген жетістіктерімізге марқайып қалмауымыз
керек. Тәуелсіздік үшін, азаттық үшін, мәдениет пен руханият үшін,
тіл үшін күрес ешқашан тоқтамайды, соны әсте естен шығармауға
тиіспіз.
– Әңгімеңізге рахмет.
«Егемен Қазақстан», 2011, 16 қараша..
(Сұхбаттасқан Қ. Ескендір)
Сабырлы саясаттың салиқалы шешімі
(Латын жазуына ауысу туралы ой)
Қазақ халқы тарихының жарқын беттері мен жабыраңқы сәттері
аз болған жоқ. Солардың біріне оның тіліне байланысты жағдайлары
жатады. Тіліміздің болмыс-бітіміне кінарат жабысқанына да біраз уақыт
өтті. “Батпандап кіріп, мысқылдап шығатын індеттей” ол созылып
келеді. “Ол неден?” деген сауалға берілетін жауап та көп. Пайымдай
келе айтарымыз: тіл тынысының тарылуы сонау отаршылдық заманнан
басталып, тоталитарлық режимнің егемендікке дейінгі біржақты қитұрқы
саясатымен жалғасқаны да баршаға мәлім. Егемендікке қолымыз
жетіп, тәуелсіз мемлекет те болдық, Конституциямен заңдастырып,
Тіл заңын қабылдап, “мемлекеттік тіл” мәртебесіне ие болдық. Бірақ
120
тіл үшін “күрес” әлі жалғасып келеді; әлі күнге дейін бір ұтысымыз
бір табысымызға ұласпай келеді. “Егемендік алғанымызға 15 жылдан
асып бара жатса да, тілдік санамыздағы осы ескі дерттің кетпеуінің
себебі неде? Одан қалай құтылуға болады?” деген мәселе бүгінде барша
жұртты қатты ойландыруда. Содан да болар, “егемендіктің бізге бергені
экономикада болмаса тілімізде еш байқалмайды!” дейді кейбіреулер. Бұл
да рас. Бірақ аузымызды қу шөппен сүрте беруге де болмайтын сияқты.
Егемендік алғаннан бері күресіміздің нәтижесінде тіл мәселесін қолма-қол
шешіп алмасақ та, бірақ оның стратегиялық, теориялық және практикалық
мәселелеріне тікелей қатынасы бар бір қауым мәселенің басы ашылып, бітер
істің жарқын болашағы айқындалып келеді. Ол ойлардың көбісі елбасының
өз аузымен айтылып, жарияланып, қалың жұртшылықтың көңілінен шығып
отыр. Әрине, олар көп жылдан бері тығырыққа тіреліп, тілдің тұла бойына
дертін дәл қазір, дәл бүгін шешіп тастайтын “панацеясы” емес, елбасының
ойланып-толғанып жүргізіп отырған сабырлы да салауатты саясатының
пайымды да парасатты, өз ретімен бірінен кейін бірін шешуге бағышталған,
елді даурықтырмай, жұртты үркітпей, қызыл қырман қарбаласына
айналдырмай жүзеге асыру үшін ұстанып отырған сара жолы. Ол – саясат,
түптеп келгенде, Қазақстан халықтарының тұтастығын, бейбіт те мамыражай
қалпын бұзбай, бекем бірлігін қалыптастыру.
Егемендік алғаннан бергі тілімізге байланысты сол ой-тұжырымдардың
айтылып та, ретіне қарай жүзеге асып та келе жатқан, өзінің орынды кезегін
күтіп те тұрған, тіліміздің болашақ үрдісінің бағыт-бағдарын әлі анықтай
түсудің қажеттігін пікір-тұжырымдардың бір қатары, түсінген адамға, әр
кезде, әр ыңғайда айтылып та қойылды. Тек олардың стратегиялық мән-
жайын түсіне білуіміз керек…
Біз солардың біразын атап өтіп, өзімізше таратып көрейік:
1. Тіліміздің бүгіні мен болашағы үшін ғасырлар бойы тоқтаусыз
жүріп келе жатқан күрес елбасындағы Е.Колбин мырзаның тіл саясатына
байланысты, қайткен күнде де қазақ, орыс тілдерін тең мемлекет тілі етіп
ұсынуына байланысты зиялылар арасында басталып, сол кезде құрылған
халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының қалың жұртты үгіттеп, Орталық
орынға қап-қап хат ұйымдастырған әрекетін біреу білсе де, біреу білмеді. Бұл
бірінші жеңіс еді.
Тілімізді құқықтық түрде қорғап қалу, оған заңды түрде мемлекеттік
мәртебе бергізу ісі қыл үстінде тұрғанда 26 зиялы азаматтан тұратын
Мемлекеттік комиссияның қажырлы еңбегінің өзі тарихи оқиға болып
қалмақшы. Мемлекеттік мәртебе алған тілімізге одан кейін де “шабуыл”
121
бір сәт те тоқтаған емес. Оны қорғап қалудың құралы одан кейінгі жерде
–Конституция, “Тіл туралы заң” мен Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырған
қазақ жастарының екпінді серпілісі мен алаңнан мың рет қайталанған
“тілім менің!” деген ел құлағынан кетпей қойған заңды талабы болды.
Егер ана тіліміз сол кезде, егемендікпен бірге жеке мемлекеттік
мәртебеге ие болып қалмаған болса, ол егер тіліміз белгілі бір себептермен
мемлекеттік мәртебені ала алмаған болса, не алса да, орыс тілімен
қабаттасып алса, онда жабулы қазан жабулы қалпында қалған болар еді.
Ал бұрынғы жағдайымызда қалу күн сайын нашарлап, шанаға арғымақ пен
жабыны қосарлап жегіп, біреуінің (орыс тілінің) ілгері сүйреп, екіншісінің
(қазақ тілінің) кейін тартып, іркес-тіркес күн кешкенінің куәгері ғана болар
едік.
Құдайға шүкір, біздің бақытымызға, мәселенің ойлағанымыздай оң
шешілуі егемендігімізбен ілесе келген игілікті істердің бастапқысы еді.
Біз осы оқиғаны өз кезегінде дұрыс бағаладық па? Тілдің биік мәртебесі
мемлекет нышандарының бірі ретінде тәуелсіз мемлекетіміздің де,
халқымыздың да беделін биіктетіп, абыройын асқақтата түскен ұлттың
марқаюын білдіретін нышан еді.
Рас, біз сол мемлекеттік тіліміздің мемлекетті басқару құралы
ретіндегі қызметін күні бүгінге дейін толық дамыта алмай келеміз. Бірақ
“мемлекеттік мәртебе” өзінің көп міндеттерінің ең бастысын - “өз құқығын
қорғайтын пәрменді құрал екендігін” танытуы. Соның арқасында бұдан 15
жыл бұрынғы “екі мемлекеттік тілді қалыптастырғысы” келген Е.Колбин
мырзаның әкімшілік қысымына да, одан кейінгі “шабуылдардан” да
аман (құқықтық, заңды) күші. Бұл мәселе алдын-ала шешілмегенде
“мемлекеттік қос тілдіктің” идеясының нәтижесі бұрынғыдан да бетер
жағдайға ұшырайтын еді. Өз еліңде басқа елдің тілін мемлекеттік тіл етіп
жұмсаудан асқан азап болмаса керек. Еуропалықтардың бұрынғы отар
елдері де егемендігімен бірге өз тілдерін қайта дамытуға мүмкіндік алғаны
да белгілі.
Сөйтіп, егемендікке ие болу қарбаласында қол жеткен тіліміздің
мемлекеттік мәртебесі оның ең мықты қорғаушы күшіне айналды. Бұл –
тіл тарихы үшін керек аса маңызды құбылыс. Олай болмаған жағдайда
баяғы баз қалпымызда қалатын едік.
2. Елбасының тіл тағдыры туралы түйіндеп айтқан тағы бір ірі
мәселенің бірі – “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген
сөз. Осы ой-тұжырымның мағына-мәніне ой жүгіртіп қарасақ, тіліміз
бұрын-соңды ешкім айтпаған зор болашағы (преспективасы) көз алдыңа
122
елестейді. Тіл теориясында бұрын да айтылып жүрген: “әр халық өзінің
мәңгі жасауын, тілінің мәңгілігін қалайды” деген пікірін “тіліміз өлетін болды,
болашағы жоқ!” деген желбуаз пікірлердің қазақ тіліне қатысы жоқ, ол –
оның жарқын болашағын айқындайтын фактор екендігін жауапкершілікпен,
өте бір сенімділікпен жария етіп отыр. Қайсы ел өзінің болашағын тілімен
баламалап отыр. Ал қасіретті көп тартқан қазақ тілінің жағдайында дәл сондай
миссияны атқаруын елбасы ғана айта алады. Бұл мәселенің сөз жүзінде ғана
қалмайтынын елбасының келесі пікірлері дәлелдей түседі.
Ол: “Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!” – дегені тілді дамытудың
көпұлтты ел татулығын сақтай отыра, Республиканың негізгі халқы –
қазақтардың өздеріне бағыштаған тілегі еді. Өкіншке орай, бұл тілекті
жұртшылық бірден орындай қоймады. Елбасының осы ойының бір табиғи
жалғасы ретінде енді қалың жұртшылыққа арнап айтылған мына талап-
тілегінен нені, қандай саяси астарды ұғынуға болады?
“Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы
ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді
жұмсауға тиіспіз”.
Шынында да, бұл күн тәртібінен бірден алынып тастауға болатын
мәселе емес. Өйткені орыс тілін жетік меңгеру мәселесіне, біріншіден,
қоғамда қалыптасқан дәстүрді жалғастыру жатса, екіншіден, көпұлтты
қазақстандықтарды біріктіру факторына жататынын ескертіп отыр.
Елбасының жалпы бағдарлауы бойынша бүгінгі жаһандану процесіне,
нарықтық заманға байланысты Қазақстанда үш тілдің – қазақ, орыс, ағылшын
– қатар дамуы көзделінеді. Бұл халықаралық сыртқы саясаттың талабына
сай Қазақстанның болашақта жержүзілік 50 мемлекетпен бәсекелесе өмір
кешуінің бір шарты болса керек. “Орыс тілі болса, біздің көз жетерлік
болашақта осы бәсекелеге қабілеттігіміздің факторы болып қала
бермек” деп тұжырымдайды елбасы.
Міне, осы аталған бір топ стратегиялық мақсаттар мемлекеттік тіл
проблемасына байланысты әр кезде бір айтыла салған сөз емес, бас аяғын
жинақтап, жүйелеп қарағанда олар жалпы тіл дамуының перспективті үрдісін
көрсете алады.
Бұл идеялар мен тұжырымдардың бәрі – шұғыл мәселе. Өкімет “барлық
проблемаларды кешенді түрде зерттеп, шара қабылдауы тиіс” – деп
тапсырма беріп отыр. Олардың орындалуы – яғни бүгінгі өмірдің өзекті бір
мәселесінің шешілуі, сабырлы саясаттың салиқалы қорытындысы ретінде
өкіметтің жауапкершілігіне, қалың жұртшылықтың саналы көзқарасына
байланысты.
123
Бұл пікірінде елбасы Қазақстанның көпұлтты халық өкілдерінен
тұратын жұртын өзі мықтап ұстанып келе жатқан бірлікке, ынтымақтыққа
шақыра отырып, ортақ мемлекеттік тіл арқылы жақындаса түсуге
шақырып отыр. Ассамблеяның мүшелері елбасының бұл пікірін
бірауыздан қолдағаны белгілі.
Елбасы мемлекеттік тіліміздің беделін көтеріп, жалпы
жұртшылықтың құрметіне бөлеу мақсатымен Қазақстан халықтары
Ассамблеясының ХІІ сессиясында:
“…Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба,
әнұран секілді дәл осындай нышан және ол елдің барша азаматтарын
біріктіруі тиіс” екенін көптеген факторлармен дәлелдеп берді.
Осыншама теориялық, стратегиялық мәселелердің логикалық
қорытындысы ретінде елбасы ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір айтылуға
тиісті күрделі де жауапты мәселені де ортаға салып, қазағы да, басқа ұлт
өкілдері де мемлекеттік тілді меңгермесе мемлекет жүйесінде жауапты
қызмет атқара алмайтынын кесіп айтты және бұл құбылыстың тек
Қазақстанда емес, жер жүзіндегі өркениетті елдердің барлығына ортақ
екендігін де түсіндірді.
Жамағаттың есінде болса, біз өткендегі мақаламызда мәселенің дәл
осылай шешілуі мүмкін екендігін жазған да едік. Өйткені мемлекеттік
тілді қорғап қалу үшін кей елдердің тарихында бұл тәрізді шешімнің
болғандығы мәлім. Мәселен, Түркия мемлекетінде. Кезінде бұл елде
әр түрлі Еуропа, Азия халықтары (араб, иран, селжук, француз т.б.)
тілдерінің әсерінен түріктің өз тілі беделінен айрылып, қойыртпақтана
бастауына байланысты оны таза сақтап қалу үшін Қараман, Кония
уалаятының әкімі Мехмет бей 1277 жылы: “Үйде де, аулада да,
Достарыңызбен бөлісу: |