Мақалалар, баяндамалар жинағы



жүктеу 4.98 Mb.

бет1/45
Дата22.12.2016
өлшемі4.98 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

1

Алматы 

«Сардар» баспа үйі 

2014 жыл

Мақалалар, баяндамалар жинағы



2

Қ 23


ӘОЖ 81 373

КБЖ 81. 2 Қаз - 3

Қ 23

Қайдар  Әбдуәли.  Ғылымдағы  ғұмыр.  Мақалалар,  баяндамалар 

жинағы – Алматы: «Сардар» баспа үйі 512– бет, 2014 жыл.

ISBN  978-601 – 7174- 42- 2 - Т.2 

ISBN  978-601 – 7174- 44- 6

Жинаққа  белгілі  тіл  маманы,  филология  ғылымдарының  докторы,  ҚР  ҰҒА 

академигі Әбдуәли Қайдардың әр жылдары газет, журнал беттерінде жарық көрген 

мемлекеттік тіл, көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы қазақ және орыс тілдерінің  

қызметі,  тіл  білімі  тарихы,  тіл  құрылысына  арналған  ғылыми  мақалалары  мен 

баяндамалары алғаш рет топтастырылып беріліп отыр.

Бұл еңбек қазақ тілінің бай қазынасын тереңірек білгісі келетін миллиондаған 

оқушы, студент жастар мен зиялы қауым және қалың жұртшылыққа арналған.

ӘӨЖ  81. 373 

КБЖ 81.2 Қаз – 3

© Қайдар Ә., 2014 

© «Сардар» баспа үйі, 2014

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 

Тіл комитетінің тапсырысы бойынша 

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен 

қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы» аясында шығарылды

ISBN  978-601 – 7174- 44- 6 - Т.2

ISBN  978-601 – 7174- 42- 2


3

АЛҒЫ СӨЗ


Қазақ  тілін  түбегейлі,  терең  зерттеу  арқылы  ұлттың  болмысын 

танытқан, ана тілінің қоғамдағы орнын анықтап, мемелекеттік тілдің 

мәртебесін жоғары деңгейге көтерген, аса көрнекті ғалым – ҚР Ұлттық 

Ғылым  академиясының  академигі,  филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор,  ҚР  еңбек  сіңірген  Ғылым  қайраткері  Әбдуәли  Туғанбайұлы 

Қайдар.


Қазақ ғылымының қара шаңырағы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 

Тіл білімі институтында өтіп жатқан алпыс жылдан астам уақыт ішінде 

Ә.Т.Қайдар аспиранттан академикке дейінгі қызығы мен қиындығы мол 

жолды  бастан  өткеріп,  іскер  басшы,  білікті  ғылыми  жетекші,  ғылым 

болашағын болжай алатын талантты ұйымдастырушы ретінде танылды.

Ғалымның  жалпы  түркітану  ғылымына,  соның  ішінде,  әсіресе 

қазақ  тіл  білімі  мен  түркітану  саласына  қосқан  нақтылы  үлесі  мен 

сіңірген еңбегі оның жариялаған 700-ден аса (жалпы көмегі 1000 б.т. 

астам)  зерттеулерінен,  оларда  көтерілген  сан  алуан  (50-ден  астам) 

лингвистикалық  проблемалардың  қажеттілігінен  де,  тақырыбынан  да 

айқын көруге болады.

Ғалымның Қаңлы: тарихи шежіре»(Алматы, 2003) атты көлемді 

монографиясы  мен  Қазақ  қандай  халық?»(Алматы,  2008)  атты 

монографиясы  және  3  томдық  Қазақтар:  ана  тілі  әлемінде»  атты 

этнолингвистикалық  сөздігі  (2009;  2013)  келешек  ұрпаққа  ұлттық 

қасиеттерімізді басқа бұлақтардан емес, тек тіл бұлағынан ғана сусындай 

білудің  нақты  дәйегін  көрсетеді.  Соның  бір  нақты  айғағы  академик 

Ә.Қайдардың  лексикография  саласындағы  еңбектері:  Ұйғырша-орысша 

лингвистикалық  сөздік,  «Қазақша-орысша  бір  буынды  түбірлер  сөздігі 

(1986),  Уйгурско-русский  словарь»(1961),  Қазақ  тілінің  қысқаша 

этимологиялық сөздігі»(авт. бірі) (1966), Тысяча метких и образных 

выражений: казахско-русский фразеологический словарь с этнолингвистическими 

пояснениями»(Астана,  2003),  Халық  даналығы  (қазақ  мақал-

мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу)»(Алматы, 2004), Қазақ 

тіліндегі қос сөздер: зерттеу және сөздік»(Алматы, 2013) т.б. 

Академик Ә.Қайдар өзінің үздік өнегесімен ғана емес ғылымда еліміздің 

рухани-мәдени,  саяси-әлеуметтік,  білім  мен  ғылым  жүйесіндегі  ғылыми 

зерттеу мен кадр дайындауды ұйымдастыру, тіл саясаты мен мемлекеттік 

тілдің  қызметінің  жүзеге  асырылуы  ісіне  қоғам  қайраткері  ретінде  де 


4

белсене  араласып,  азаматтылықтың  жоғары  деңгейінен  көрініп  келеді. 

Мұны  ғалымның  60  жыл  бойы  атқарып  келген,  әлі  де  жалғастырып 

отырған еңбек жолы айқын көрсетеді.

Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруге бағытталған тіл саясатының 

қалыптасуына  академик  Ә.Қайдардың  тіл  маманы,  қоғам  қайраткері 

ретінде  ат  салысқаны  қалың  жұртшылыққа  белгілі.  Ә.Қайдар  тіл 

тағдыры,  тіл  экологиясы,  тіл  заңы,  жазу  мен  тіл  мәдениеті,  тіл 

бағдарламасы сияқты көптеген күрделі мәселелерді көтерді. Халықаралық 

«Қазақ тілі қоғамын құрып, оның президенті ретінде Республикада тіл 

саясатының қалыптасуына ықпал жасады. Ғалымның назарынан ұлттық 

тіліміздің бүгіні мен болашағы да тыс қалған жоқ. Ол ҚР Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың атына жазылған ашық хатында (Кемел елге – кемел 

әліпби керек Ана тілі, 1993, 30 желтоқсан) латын әліпбиінің жобасын 

жариялап, соған көшуді ұсынған. Сонымен қатар, жинаққа қазақ тілі 

алфавитіне қатысты ғалымның жариялаған еңбектері мен іс-әрекеттері, 

пікірлері  мен  ұсыныстары  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алуына 

байланысты мақалалары енгізілді. 

Жинақта академик Ә.Қайдардың көтерген нақтылы мәселелерін, атап 

айтқанда: мемлекеттік тіл және тілдің әртүрлі мәртебесі мен қоғамдағы 

қызметі: бір тілділік, қос тілділік, көп тілділік, мемлекеттік қос тілділік, 

ресми  тіл,  ұлтаралық  тіл,  халықаралық  тіл,  ортақ  тіл,  т.б.,  тіл 

тағдыры, тіл экологиясына байланысты: ана тілі үшін күрес, мемлекеттік 

тілдің  болашағы,  орыс  тілінің  қоғамдағы  орны,  ана  тілін  меңгерудің 

деңгейі  (соның  ішінде  40  процент  мәселесі),  жазу  мен  тіл  мәдениеті, 

ғылым тілі; сондай-ақ тіл заңы, тіл бағдарламасы, тіл тұжырымдамасы 

және  олардың  орындауы  туралы;  Қазақ  тілі»қоғамының  атқарған 

қызметі, жұртшылықтың жалпы тілге, соның ішінде мемлекеттік тілге 

деген  көзқарасы,  іс-әрекеті  т.б.  сонымен  қатар,  тіл  білімі  тарихына 

қатысты көптеген тілдің өзекті мәселелері қамтылған. 

Бүгінде 90 жас жасап отырған ғалым Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың 

жарты  ғасыр  барысында  жарияланған  мақалаларын  тақырыптық 

топтарға бөліп, бүгінгі оқырман назарына ұсынып отырмыз. 

Сөз  соңында  осы  еңбектің  өз  деңгейіне  сай  сапалы  болып  шығуына 

белсене атсалысқан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 

басшылығы мен шәкірттері – филология ғылымдарының докторы, профессор 

Ж.Манкееваға,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Э.Өтебаеваға, 

магистр Г.Тлегеноваға зор алғысымызды білдіремі

з.


5

ТІЛ САЯСАТЫ

«Тіл  саясаты»  деп,  айтқалы  отырғанымыз  әдеттегі  ұлт  тіліне, 

не  жалпы  тілдерге  қатысты  мемлекет  ұстанып,  жүргізіп  отырған 

саясатының  (принциптері  мен  бағыт-бағдары,  үрдісі  мен  жүргізіп 

отырған іс шаралардың, т.б.) өзі емес, сол саясатқа қатысты тіл ғылымың, 

тілші  ғалымдардың  атқаратын  рөлі,  ұстанған  өзіндік  принциптері 

мен нақтылы іс-әрекеттері, яғни академик Ә.Қайдардың осы саясатқа 

тікелей араласуы. 

Кешегі  советтік  дәуірде,  ғылымның  партиялық  принциппен, 

идеология  үрдісімен  дамыған  кезінде  де  барша  ғалымдар  мемлекет 

ұстанған  саясат  бойынша  зерттеу  жүргізіп  келгені  белгілі.  Тіл 

саласындағы  ол  саясат  ұлттық  тілдердің  еркін  дамуын  ұрандатып 

жарияласа  да,  іс  жүзінде  «өзара  жақындасып  барып,  бір  ортақ  тіл 

төңірегінде бірігу» деген идеяны іске асыра бастады. Соның салдарына 

көп тілдер қоғамдық өмірден тәркіленіп, толыққанды тіл болудан қала 

бастаған еді. Солардың бірі – қазақ тілі болатын.

Желтоқсан  оқиғасынан  кейін  өз  тіліне  деген  ұлт  санасының 

сергіп, оның тағдырына қалың жұрт араласа бастады. Қазақ тілін бұл 

нәубеттен сақтап қалудың бірден-бір жолы оған мемлекеттік мәртебе 

беру керек деп түсінген қауым тіл саясатын өзгертуге әрекеттенді. Осы 

жалпыхалықтық әрекеттің басы-қасында кезінде акад. Ә.Қайдар және 

онымен  пікірлес  қауым  болып,  ол  құрған  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 

қоғамы республикада тіл саясатының қалыптасуына ықпал жасағаны 

мәлім.

Бұлардың  бәрі  өз  алдына  тарих,  әрине.  Алайда  осы  жаңа  тіл 



саясатының қалыптасуына академик Ә.Қайдардың тіл маманы ретінде, 

қоғам  қайраткері,  тұғыры  биік  азамат  ретінде  белсене  атсалысқаны 

қалың жұртшылыққа белгілі. Басқа іс-әрекеттерін айтпағанның өзінде, 

«тіл  тағдыры  –  ел  тағдыры»  деп  басталған  осынау  бір  игілікті  іске 

қосқан  оның  ғылыми  үлесі  де  ұлан-ғайыр.  Осы  кейінгі  (1989-2014) 

25  жыл  ішінде  баспа  бетінде  жарық  көрген  70-тен  астам  үлкенді-

кішілі  еңбек  ғалымның  тіл  тағдыры  жөніндегі  әртүрлі  идеялары  мен 

ой-пікірлерінен,  ұсыныс,  тұжырымдарынан  дерек  береді.  Бүгінде 

бұлардың біразы тарихтың аударылып кеткен парақтары іспеттес, дәл 

сол  кездегідей  актуальды  болмаса  да,  өмір  талабына,  замана  үрдісіне 



6

сай өзгеріп, айқындалып, уақыт сынынан өтіп, жалпы тіл саясатының 

өзекті  мәселелерін  қозғаған  ғылыми-практикалық  негіздерінің  бірі 

болып қалды деп айта аламыз. Бұл зерттеулер өзінің мәні мен маңызына, 

көлемі мен ауқымына қарай, әсіресе кейінгі 10 жылда атқарған ерлікке 

бергісіз ерен еңбегінің жемісі еді.

Тіл  саясатына  қатысты  бұл  еңбектерде  қозғалған  сан  алуан 

мәселелер  мен  қамтылған  тақырыптарды  атап  өтіп,  олар  сөз  болған 

кейбір мақалаларды көрсетуді артық емес деп ойлаймыз. Республикадағы 

тіл  саясатына  қатысты  Ә.Қайдар  көтерген  нақтылы  мәселелерден, 

мысалы,  мыналарды  атауға  болады.  Олар  –  мемлекеттік  тіл  және 

тілдің  әртүрлі  мәртебесі  мен  қоғамдағы  қызметі:  бір  тілділік,  қос 

тілділік, көп тілділік, мемлекеттік қос тілділік, ресми тіл, ұлтаралық 

тіл,  халықаралық  тіл,  ортақ  тіл,  т.б.,  тіл  тағдыры,  тіл  экологиясына 

байланысты: ана тілі үшін күрес, мемлекеттік тілдің болашағы, орыс 

тілінің қоғамдағы орны, ана тілін меңгерудің деңгейі (соның ішінде «40 

процент» мәселесі), жазу мен тіл мәдениеті, ғылым тілі; сондай-ақ тіл 

заңы, тіл бағдарламасы, тіл тұжырымдамасы және олардың орындауы 

туралы; «Қазақ тілі» қоғамының атқарған қызметі, жұртшылықтың 

(соның  ішінде  қарапайым  халық,  зиялы  қауым,  шенеуніктер  мен 

үкіметтің,  т.б.)  жалпы  тілге,  соның  ішінде  мемлекеттік  тілге  деген 

көзқарасы,  іс-әрекеті  т.б.  осы  сияқты  толып  жатқан  тілдің  өзекті 

мәселелерін қамтиды.

Енді  осыларға  бағышталған  ғалымның  кейбір  еңбектерін  атап 

көрейік.  Мемлекеттік  тіл  проблемасына  қатысты  мақалалары:  1) 

«Мемлекеттік  тіл  және  оған  байланысты  мәселелер  туралы  ой-

толғау» // Соц. Қазақстан, 1989, 3 авг; 2) «Қазақ тілі мемлекеттік тіл 

ретінде дамытудың жолдары мен шаралары». Алматы, 1990, 44 б. 3) 

«Қазақстанда мемлекеттік тілдің жағдайы» (қытай тілінде) // «ҚХР 

Орталық ұлттар университетінің ұлттарды зерттеу хабарлары». Пекин, 

1993,  №3,  17-19  б.;  4)  «Мемлекеттік  тіл  қандай  мүмкіндік  береді?»  // 

Мәдениет  және  тұрмыс,  1989,  №5,  6-7  б.;  5)  «Мемлекеттік  тілдің 



жайын ойласақ» // Егемен Қазақстан, 1994, 6 шілде (Р.Сыздықовамен 

бірге)  6)  «Ғылым  тілі  және  әдеби  тіл  статусы»//  Терминдер  мен 

олардың аудармалары. Алматы, 1990, 9-21 б. т.б. Ана тілі тағдырына 

қатысты еңбектерінен: 1) «Ана тілі – арың бұл» // Лениншіл жас, 1989, 

18 окт.; 2) «Ұлт тұтасса ғана тіл көгереді» // Ана тілі, 1991, 21 наурыз; 

3)  «Ана  тілін  ардақтай  білейік»  //  Қазақстан  әйелдері,  1982,  №2,  12-

13.; 4) «Ана тілің азбасын, атамекен тозбасын» // Егемен Қазақстан, 



7

1992,  26  қыркүйек;  5)  «Ғылым  сарайының  босағасындағы  тіл»  //  Ана 

тілі, 1992, 20 ақпан; 6) «Тіл тағдыры – ел тағдыры» // Қазақ әдебиеті, 

1989,  3  март;  7)  «Тіл  тағдыры  –  жастардың  қолында»  //  Өркен,  1991, 

29 маусым; 8) «Тіл тағдырына ғалымдар да жауапты» // Қаз. Рес. ҰҒА 

Хабарлары, 1992, №3, 38-40 б., т.б. көптеген мақалаларды атауға болады. 

Бұлардың бәрі Ә.Қайдардың республикадағы жаңа тіл саясатының өзекті 

мәселесі және ең басты міндеті – қазақ тілінің мүшкіл тағдырын дұрыс 

шешуге бағышталған ой-толғаныстары еді. Мұнда жанайғай да, ұранды, 

жалынды сөздер де, сабырлы ақыл-кеңес те баршылық.

Тіл заңына қатысты: 1) «Государственный язык в основном законе 

государства» // Алма-Ата, 1992, c. 39; 2) «Бұрынғы тіл заңының заманы 

өтті» // Ана тілі, 1993, 18 ақпан; 3) «Қазақ ССР-нің тіл туралы Заңын 

жүзеге асырудағы Қазақ ССР ҒА ролі және қазақ тілін ғылым саласында 

кеңінен  қолданудың  өзекті  мәселелері»  //  ҚазССР  ҒА  Хабаршысы, 

1990,  тағы  басқа  осы  қатардағы  мақалаларында  ғалым  тіл  туралы  2 

рет  қабылданған  заң  және  одан  туындаған  құжаттардың  бәрі,  сайып 

келгенде, қазақ тілін заң арқылы қорғап, халық үшін сақтап қалудың сан 

алуан жолдары мен нақтылы шараларын сөз етеді.

Қос  тілділік  пен  көп  тілділікке  байланысты  мақалалар:  1)  «Қос 



тілділік – қос қанат» // Жұлдыз, 1988, 153-159 б.; 2) «Екі тілде сөйлей 

білу – бүгінгі күннің талабы» // Қазақстан әйелдері, 1987, №7, 26-27 б.; 

3)  «Русский  язык  как  средство  межнационального  общения  народов 



Казахстана» // Навеки вместе... Сб. статей. Алма-Ата, 1982, 369-373 c., т.б.

«40 процент» мәселесіне байланысты пікірлер: 1) «Сорок процентов 



– это беда, а не вина народа» // Веч. Алма-Ата, 1992, 13, 14 окт.; 2) «Если 

исчезнет язык» // Каз. правда, 1992, 14-15 окт.

Айта  кету  керек,  ғалым  бұл  еңбектерінде  «екі  тілділік»,  «қос 

тілділік» және «мемлекеттік қос тілділік» деген ұғымдарды қоғамдағы 

дұрыс  түсінбеушіліктерге,  сондай-ақ  бүгінгі  таңда  Республикадағы 

қазақтардың  қазақ  тілін  ана  тілі  ретінде  мүлдем  білмейтіндері  –  15 

процент,  шала  білетіндері  25  процент  (барлығы-40  %)  екендігін 

өзінше  дәлелдеп,  бұл  құбылыстың  әлеуметтік  себеп-салдарына,  ішкі 

табиғатына және оны шешудің жолдарына ерекше назар аударады.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мақсат-мүддесіне қатысты 

пікірлерін ғалым: 1) «Ана тілі қоғамы: құрылу мақсаты, міндеттері, 

пікірлері»  //  Қазақ  әдебиеті,  1989,  29  сент.  (Н.Уәлиевпен  бірге);  2) 

«Бірлесіп  шешер  ортақ  міндеттер»  //  Лениншіл  жас,  1989,  1  нояб.; 

3)  «Қоғам  құрылды,  ендігі  мақсат  не?»  //  Соц.Қазақстан,  т.б.  осы  тәрізді 



8

көптеген  мақалаларына  ғалым  өзінің  ең  басты  міндетін  –  елдің  елдігін, 

мемлекетіміздің  тәуелсіздігін  сақтап  қалудың  бірден-бір  кепілі  –  ана 

тіліміздің толыққанды қызмет атқаруына, ұлт санасын оятып, атсалысу деп 

біледі. Сондықтан да оның осы мақсатын жар құлағы жастыққа тимей істеп 

жүрген ерен еңбегін жұртшылық жақсы біледі, сол игілікті істері үшін де ол 



саясаткер ғалым ретінде зор құрметке ие болып отыр.

Мемлекеттік тіл

«Қазақ ССР-індегі Тілдер туралы Заңының» қабылдануы – көпұлтты 

республикамыздағы  тілдер  проблемасын  шешудің,  сол  арқылы  бүгінгі 

таңның  ең  өткір  проблемаларының  бірі  –  ұлтаралық  қатынас  мәселесін 

реттеудің байыпты да салмақты қадамы деуге болады. Осы бір қуанышты 

оқиғаға орай журнал тілшісі Жарылқап Қалыбаев аталмыш Заң жобасын 

әзірлеуге белсене атсалысқан көрнекті ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясы 

Тіл  білімі  институтының  директоры,  академик  Әбдуәли  Туғанбайұлы 

Қайдаровқа  жолығып,  жаңа  заңның  сыр-сипаты  жайында  және  заңда 

бекітілген қағидаларды тезірек іс жүзіне асырудың жолдары жөнінде әңгіме 

қозғады. 

–  Әбдуәли  Туғанбайұлы,  сіз  әу  бастан  қазақ  тіліне  мемлекеттік 

статус беруді жақтап, «Қазақ әдебиеті» газетінде сындарлы пікір айтқан 

ғалымсыз. Сол ойыңыз көпшіліктің қолдауына ие болып, бүгінде іс жүзіне 

асып отыр. Бұл үшін сіз қуанышты да бақытты боларсыз, әрине?..

–  «Қазақ  әдебиетіндегі»  алғашқы  интервьюге  сенің  де  қатысың  бар 

ғой.  Сондықтан  бұл  менің  де,  сенің  де,  барша  халқымыздың  да  ортақ 

қуанышы.  Алайда  мен  о  баста-ақ  қазақ  тілінің  мемлекеттік  статусқа  ие 

болатынына кәміл сенгем. Өйткені, кез келген мемлекеттің мемлекет болуы 

үшін мынадай алты атри буты (белгісі) болуы шарт: мемлекеттік шекара, 

мемлекеттік  жалау,  мемлекеттік  герб,  мемлекеттік  гимн,  мемлекеттік 

басқару  аппараты  және  мемлекеттік  тіл.  Бізде  белгілі  себептерге  байла-

нысты  осылардың  соңғысы  сақталмай  келді.  Праволық  мемлекетке  қол 

жеткізудің жолдары қарастырылып жатқан казіргі қайта құру заманында 

әрбір республиканың мемлекеттік тіл атрибутын қалыпқа келтіруі – заңды 

да табиғи нәрсе еді.



– Алайда, қазақ тіліне мемлекеттік статус беру мәселесі оңайлықпен 

шешіле салған жоқ қой?

–  Ия,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  статусы  туралы  мәселе,  ғылыми 

түрғыдан  дұрыс  түсінбегендіктен,  кейбіреулерді  шошытқаны  рас. 

Олардың ойынша, қазақ тілі мемлекеттік тіл болса республикамыздағы 



9

басқа  халықтардың  тіліне  нұқсан  келеді-мыс,  қарым-қатынас  тәсілі 

қиындайды,  ұлтаралық  наразылық  күшейеді.  Бұл  пікірдің  түбірімен 

қате  екендігіне  Заң  жобасын  талқылау  және  қабылдау  кезіндегі 

айтыстар толығымен көз жеткізген сияқты.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусына ие болуы бірде-бір тілді 

төмендетуге, шеттеуге емес, тек өзін-өзі көтеруге бағытталған.

Қазақстанда    тұратын  өзге  ұлттың  өкілдері  де  қазақ  тіліне 

құрметпен қараудың қажеттігін түсінді. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 

кезектен  тыс  он  бірінші  сессиясында  қазақ  тіліне  мемлекеттік  тіл 

статусын беруге қарсы болғандар аз болды.

–  Бір  қызығы,  қарсы  болғандар  көбіне:  «тілді  күштеп  үйретуге 

болмайды», «тілге әмір жүрмейді» – деп қарсы дay айта келіп, қазақ және 

орыс тілдерінің қатар мемлекеттік тіл болуын жақтады. Меніңше, 

мұндай  пікір  мемлекеттік  құрылыстың  теориясы  мен  практикасын 

жете білмеушіліктен немесе тіл үйренгісі келмеушіліктен туған.

– Дұрыс айтасың. Бұл мәселе туралы менің әріптесім, біздің Тіл 

білімі  институтының  бөлім  меңгерушісі  А.  Н.  Гаркавецтің  сөзінде 

жеріне жеткізіліп айтылды. «Заң, – деді ол – орыс тілі сияқты, қазақ 

тілін  оқып-үйренудің  міндетті  тәртібін  белгілеген  кезде  кейбір 

жолдастар  орыс  тілінде  сөйлейтін  халықтың  праволарына  нұқсан 

келтіріліп отырғаны туралы неліктен сөз қозғай бастайды? Олар тең 

праволылықты  емес,  қайта  бір  тілділіктің  артықшылықтарын,  яғни 

іс  жүзінде  қалыптасқан  теңсіздікті  қорғайтынын  олардың  өздері  де 

түсінеді деп ойлаймын».

Байқап қараған адамға біздің Заңда қазақ тілін күштеп үйретудің 

титімдей  де  нышаны  жоқ.  Екінші  жағынан,  өз  өмірін  Қазақстанмен 

байланыстырып  отырған  әрбір  адам  жергілікті  халықтың  тілін, 

тарихын  білгені  жөн.  Өйткені,  қазақтардың  этникалық  отаны  – 

Қазақстан. Егер, қазақ тілінің аясы өз топырағымызда тарыла бастаса, 

басқа бір жерде шарықтап кетуі, дамуы мүмкін емес. Сондықтан қазақ 

тілінің мемлекеттік статус алуы – әділетті де заңды нәрсе. 

–  Сіз  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  Идеология 

бөлімінің  жанынан  құрылған  Тіл  статусы  туралы  комиссияның 

мүшесі болып, Tiл туралы Заңның жобасын әзірлеуге, оны талқылауга 

белсене  қатыстыңыз.  Сондықтан  да  «атының  сыры  иесіне  мәлім» 

деген нақыл сөзді ескеріп қабылданған заңның сыр-сипатын сұрағым 

келеді.  Біздің  заңның  басқа  одақтас  республикалардың  заңдарынан 

өзіндік ерекшелігі қандай?


10

–  Бізге  дейін  12  одақтас  республикада  Тіл  туралы  Заң  қабылданды. 

Солармен  салыстырып  қарағанда,  біздің  заңның  интернационалистік 

сипаты  басым.  «Қазақ  ССР-інің  Тіл  туралы  Заңы»  негізінен  үш  топтағы 

тілдердің статусын белгіледі: қазақ тілі – мемлекеттік, орыс тілі – ұлтаралық 

қатынас құралы ретіндегі статусқа ие болды, ал белгілі бір ұлт өкілдерінің 

топтары  жинақы  тұратын  жерлерде  олардың  тіліне  Халық  депутаттары 

Советтерінің шешімімен белгіленген тәртіп бойынша жергілікті ресми тіл 

статусын беру мүмкіндігі атап көрсетілді.

–  Жергілікті  ресми  тіл  статусын  беру  Қазақстаннан  басқа 

республикалардың заңдарында кездесе ме?

–  Кейбір  одақтас  республикалардың  заңдарында  сол  республика 

территориясында  тұратын  халықтардың  тілдерін  дамытуға  мүмкіндік 

жасалатыны  айтылған.  Алайда  мұндай  жалпылама  сөздер  еліміздің 

Конституциялары  мен  партия  Программаларында  айтылып  келді  ғой. 

Бірақ, іске аспағаны белгілі. Біздің заңымызда бұл мәселе нақтылана түсті. 

Мәселен, Ұйғыр ауданындағы халықтың 70–80 проценті – ұйғырлар. Енді 

олар сол аудан көлеміндегі іс кағаздар мен жиын, мәжілістерді өз тілінде 

жүргізуге хақылы деген сөз. Міне, нақ осындай нақтылық басқа одақтас 

республикалардың  заңдарында  жоқ.  Тіпті,  Молдавия  мен  Прибалтика 

республикаларының Тіл туралы заңдарында орыс тіліне ұлтаралық қарым-

қатынас құралы ретінде жеке-дара статус берілмеген.



– Заң жобасын талқылау кезінде «біздің республикада да қазақ және 

орыс тілдері ұлтаралық, қарым-қатынас құралы болып танылсын» деген 

пікірлер айтылды. Егер олай етпеген жағдайда онсыз да орыс тілі барлық 

жерде қазақ тілімен бірдей қолданылатыны баса көрсетілген бұл заңның 

мазмұны айна лып келгенде баяғы екі тілдің мемлекеттік тіл статусына 

ие болуы болып шығады. Бұл пікірге қалай қарайсыз?

–  Ие,  «аузы  күйген  үріп  ішеді»  дегендей-ақ  біздің  қазақ  жұрты  екі 

тілдің мемлекеттік тіл болуына үрке қарайтыны рас. Өйткені мұндай декрет 

біздің  республикада  1923  жылы  қабылданған.  Одан  кейінгі  жылдары  да 

мемлекеттік қостілділікті дамыту жөнінде қаулылар болған. Бірақ өкінішке 

орай, соның бәрі де іс жүзіне аспай қалды. Керісінше, қазақ тілі қоғамдық 

өмірден ысырылып, шын мәнінде ғылым, техника және өндіріс тілі болудан 

қала бастады. Ұрпақ арасындағы рухани байланыстың жалғастығы үзілуге 

айналды. 

Ана тіліміздің қолдану аясының тарылуына, ең алдымен, Сталиннің 

болашақта  барлық  тілдердің  бір  тілге  айналып  кетуі  туралы  солақай 

тұжырымы  кінәлі.  Содан  барып,  халықта  ұлттардың  жақындасуы, 



11

тілдердің  жақындасуы  деген  сыңаржақ  түсінік  орнықты.  Бұл  қоғамдық 

пікірді  Хрущев  өзінің  Белоруссия  мемлекеттік  университетінде  сөйлеген 

сөзінде:  «Біз  неғұрлым  орысша  сөйлеуге  тезірек  көшсек,  коммунизмге 

соғұрлым  ертерек  жетеміз»  деп  «жетілдіріп»  толықтыра  түсті.  Оны 

әкімшіл-әміршілдік система қанын жерге тигізбей қағып алып, дереу сол 

бағытта жұмыс істеуге кірісіп кетті. Лениндік ұлт саясатының осылайша 

бұрмалануының  нәтижесінде  1926  жылғы  халық  санағында  көрсетілген 

елімізде өмір сүрген 194 үлкенді-кішілі ұлт пен ұлыс, этностық топтардың 

жарты  ғасырдың  ішінде  93-і  «із-түзсіз»  жоғалып  кетті.  Бұғанасы  өсіп, 

буыны қатпаған қазақ тілін сол 20-жылдардың өзінде орыс тілімен қатар 

қою  дұрыс  емес  еді.  Өйткені,  барлық  жерде  іс  қағаздарын  орыс  тілінде 

жүргізу  міндетті  болды.  Сөйтіп,  орыс  тілінің  басымдығы  қазақ  тілінің 

дамуына кері әсер етті. 

Қазақ  тілінің  қазіргі  жағдайына  қарасақ,  тұлға  жағынан  бәрі  бар 

сияқты.  12  томдық  энциклопедия,  10  томдық  түсіндірме  сөздік  жаздық, 

В.И.Лениннің 55 томдығы аударылды. Қаншама көркем кітаптар шықты. 

Бірақ, тіліміздің қолданылу аясы тар. Партия, совет, кәсіподақ, комсомол 

және ғылым қызметкерлері қазақ тілін біле бермейді. Өйткені, бұған дейін 

қазақ тілін білудің қажеттілігі шамалы деген теріс тұжырым бас бермей 

келді.

Революциядан  кейінгі  70  жыл  ішінде  84  түрлі  терминологиялық 



сөздіктер шығарыппыз. Бірақ олар қажетімізге асып отыр ма? Оларды іске 

қосуға тиіс ғалымдарымыз қазақ тіліне шорқақ. Неге дейсіз ғой, өйткені, 

қажеттілік  жоқ.  Осы  орайда  кезінде  орыс  тілін  барлық  жерде  міндетті 

түрде қолдануға мәжбүр ететіндей қажеттілік бар ма еді деген сұрақ туады. 

Меніңше, ол қолдан жасалған жасанды қажеттілік еді. 

Мәселен, Қазақ ССР Ғылым  академиясынан  1989 жылы шығарылған 

150-дей кітаптың 10 шақтысы ғана қазақ тілінде жарық көрді. Оның өзін 

Тіл білімі институты мен Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері 

жазған.  Осындай  өкінішті  фактілердің  бәрі  республикада  тіл  білімінің 

құнын түсіруге әкеп соғуда. 

Республикада орын алған осындай көпе-көрнеу бұрмалаудан және қазақ 

тілінің  мүмкіндігі  туралы  ескі  көзқарастың  салқыны  болса  керек,  Қазақ 

ССР-інің халық депутаттары қазақ тілін де орыс тілімен қатар ұлтаралық 

қарым-қатынас құралы деп жариялауға дайын болмай шықты.

Әйтпесе, кең байтақ республикамызды мекендейтін бір миллионнан 

астам түркі тілдес халықтардың өкілдеріне қазақ тілі әзір де жат емес еді 

ғой. Ал, енді бұл заңның мәні айналып кел генде екі тілдің мемлекеттік 


12

тіл болуына келіп саяды деген пікірмен келісу қиын. Себебі, қазақ тілі 

мемлекеттік тіл деп тайға таңба басқандай көрсетілді. Енді оны іс жүзіне 

асыру  халықтың  өзіне  байланысты.  Заң  қабылданды  деп  іс  біттіге 

санасақ,  немесе  өз  тілін  ұмытқан,  шала-шарпы  білетін  қазақтарымыз 

ана  тілді  үйренуге  енжарлық  танытса,  онда  өз  тілін  қадірлемеген 

халықтың тілін өзге жұрт та үйреніп жарытпас.

–  Сіз  қазақ  тілінің  қазіргі  халі  туралы  жақсы  айттыңыз. 

Алайда  бұл  тізімді  мен  мынадай  фактілермен  толықтырғым  келеді. 

Біз  қазір  қазақтардың  40  проценттейі  ғана  ана  тілін  білмейді  деп 

жүрміз.  Меніңше,  білетіндердің  де  жағдайы  мәз  емес.  Қазақша 

сөйлеп  жүргендердің  өзі  де  көбіне  орысша  сөз  араластырып  немесе 

орысша  ойлап  қазақша  аударма  жасайтын  сияқты.  Яғни  қазақша 

ойлау жүйесі, сөйлеу тәртібі бұзыла бастаған. Мысалға, көшеде жөн 

сұраған қазақтардың: «Айтып жіберіңізші: Ауэзова-Джамбулага қалай 

барады?  –  деген  өтінішін  орыс  тіліндегі:  «Скажите  пожалуйста!..» 

деген қаратпа сөзден бастайтын орамның дәлме-дәл баламасы екендігі 

анық.

Айта  берсек,  мұндай  мысалды  жүздеп,  мыңдап,  келтіруге 

болады.  Алайда  бұл  үшін  жастарды  кінәлауға,  немесе  бүкіл  халыққа 

кінә  тағуға  болмас.  Өйткені,  Қазақстан  территориясындағы  бүкіл 

хабарлардың (теле-радио, газет-журнал, кино, кітап және т. б.) 5–6 

проценті ғана таза қазақ тілінде келеді екен. Қалғаны – Бүкілодақтық 

және  республикадағы  орыс  тіліндегі  хабарлар.  Белгілі  журналист 

Камал Смайловтың «Қазақ әдебиеті» газетіндегі (6 октябрь 1989 ж.) 

мақаласына  қарағанда,  Алматы  қаласының  киоскілеріне  күніне  100 

мыңнан астам га зет түседі, соның 20,5 мыңы қазақ газеттері; қазақ 

радиосы  тәулігіне  19  сағат  30  минут  хабар  жүргізеді,  соның  ішінде 

қазақ тіліндегі хабарлардың мөлшері 4 сағат 30 минут қана; Астана 

тұрғындары  тәулігіне  5  каналдан  36  сағат  телевизор  көреді,  соның 

6–8  сағаты  ғана  қазақша;  бір  жылда  республика  баспаларынан  1336 

кітап шықса, соның ішінде қазақ тіліндегісі 612 екен. Бұған қазақ бала 

бақшалары мен мектептерінің, ана тілінде оқытатын училищелер мен 

институттардың,  әсіресе  оқулық  кітаптардың  саны  тым  аз  екенін 

қосайық.  Міне,  дәл  бұндай  жағдайда  ана  тіліміздің  қолдану  аясын 

кеңітіп,  толыққанды  етуге  көбірек  күш  жұмсамасақ  болмайтын 

сияқты.

– Иә, «асфальттың ақылды балалары қазақша түс көре алмайды» 

деген  сөздің  жаны  бар.  Сондықтан  бұл  айтқандарың  Қазақ  ССР 


13

Министрлер  Советінің  «Қазақ  ССР-інде  қазақ  тілін  және  басқа  ұлт 

тілдерін  дамытудың  2000  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған  мемлекеттік 

программасын» әзірлеу барысында ескерілсе нұр үстіне нұр. Ал қазақша 

ойлау,  сөйлеу  тәртібінің  сақталмауы  жөнінде  біздің  институтта  ғылыми 

зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. 



–  Әбдуәли  Туғанбайұлы,  көптен  күткен  заң  қабылданды.  Енді  соны 

тезірек іске асырудың қандай жолдары бар деп ойлайсыз?

–  Тілдерді  дамытудың  шаралары  Қазақ  ССР  Министрлер  Советінің 

жаңағы  айтқан  программасында  егжей-тегжейлі  сөз  болуға  тиіс.  Осы 

программаға  байланысты  Тіл  туралы  заңды  іске  асыруға  көмекші  бір 

қоғамдық  ұйым  болғаны  жөн.  Біздіңше,  ол  республикалық  «Қазақ  тілі» 

қоғамы болмақ. Қоғамның «Қазақ тілі» деген газеті болу керек. Онда тілдерді 

насихаттау  жұмысы  жүргізіліп,  ғылыми  ой-пікірлер  айтылмақ.  Қазірдің 

өзінде  облыс,  аудан,  ауыл-селоларда  қоғамның  бастауыш  ұйымдары 

ашылуда. Олар жергілікті жердегі ұлт бала бақшалары мен мектептердің, 

іс  қағаздарының  заң  қағидаларына  сәйкес  жұмыс  істеуін  қадағалауда. 

Соларға қоғамдық жәрдемші, бақылаушы болуда. Және біз солар арқылы 

жер-жердегі  тілдердің  жағдайынан  хабардар  болып  тұрамыз,  әлеуметтік 

зерттеулер жүргіземіз. Қоғамның өзіндік құрылысында әртүрлі секторлар 

бар.  Тіл  мәдениетіне  байланысты,  жер-су,  қала  атауларына  байланысты 

сек торлар  құрылған  және  этнолингвистикалық,  терминологиялық, 

информация секторлары бар.

Сондай-ақ,  қоғам  тіл  үйрету,  оқыту  методикаларын  жасауға 

көмектеседі.  Мәселен,  Прибалтикада  тіл  үйренудің  алты  айлық  жедел 

тәсілмен оқытатын курстары мен жедел төте аударма жасаудың курстары 

бар. Осы жағдайдың Қазақстанда да тезірек ашылуына қоғамдағы ғылыми 

қызметкерлер  көмектесуге  тиіс.  Сауда  қызметкерлеріне  арнап,  немесе 

медицина, транспорт саласы сияқты әртүрлі әлеуметтік топтарға арналған, 

әрі  қалтаға  салып  жүретін  шағын  салалық  сөздіктер  шығару  да  алдағы 

күннің еншісінде. Мұндай кітапшаларды Эстониядағыдай кооперативтер 

арқылы  тездетіп  шығару  үшін  қоғамның  қаржысы  болу  керек.  Әзірше 

қоғамға  Тіл  білімі  институты  мен  Ұйғыртану  институты,  Әдебиет  және 

өнер  институты,  Жазушылар  одағы  мен  Журна листер  одағы,  Халыққа 

білім беру жөніндегі комитет пен Мәдени қордың Қазақ бөлімшесі және т. т. 

қамқорлық жасауда. Алдағы уақытта қамқоршы-спонсорлардың саны арта 

түседі деген үміттеміз.



– Әңгімеңізге рақмет. Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

«Арай», 1990. 4-5 б. (Сұхбаттасқан Ж.Қалыбаев)

14


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал