Macromedia Flash бағдарлама



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата05.06.2023
өлшемі0,84 Mb.
#98759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1.1 Графика 
Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика 
қолданылады. Оларға GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат 
алмасуға арналған графикалық формат), JPEG (Join Photographic 
Experts Group – Біріккен бейне эксперттерінің тобы) және PNG 
(Portable Network Graphics – Жылжымалы графикалық формат) 
жатады. 
Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel) 
арқылы сипатталады. Бұл нүктелер бір бірімен байланыста 
болмағандықтан, олардың әрқайсысының түсі мен координатын 
анықтау керек. Жай ғана мысал, екі-ақ түсті (ақ қара) бейнені 
сипаттаған кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін екілік санау жүйесін 
пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ.. Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған кезде 
енді әр пиксельге 8-дік санау жүйесін қолданады (256=28). Суреттің 
сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін 
қолданылады.
Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі - бейне сапасы, 
пайдаланып отырған монитор пиксельдерінің өлшеміне де 
байланысты. Яғни кей мониторларда суреттің сапасы әдемі болып 
тұрса, екінші жерде ол ондай қасиеттен айырылады. Сапасы нашар 
суреттердің пикселін көбейтуге арналған бағдарламалар болғанымен 
олар да бұл жағдайды толық шеше алмайды.
Векторлық графика – орналасуын математикалық формулалар 
арқылы сипаттайтын қисықтар жиынтығынан туратын бейне. 
Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3-4 сан ғана керек, 
радиус, 
центр 
координаттары, 
сызық 
қалыңдығы. 
Осыған 
байланысты, векторлық графика растрлық графикаға қарағанда 



бірнеше артықшылықтарға ие: 
- Математикалық 
формулалармен 
сипатталған 
суреттер, 
растрлық графикаға қарағанда жадыда аз орын алады. 
- Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын 
жоғалтпай, өзгертуге болады. 
- Кез келген платформаға еш «қатесіз» көшіруге болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет