Тұжырымдаманың басым бағыттары : 1 ) ұлттық рәміздерді қалыптастыру ; 2 ) мәдени туризмді дамыту ; 3 ) ұлттық тарихи - мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау ; 4 ) өткен бес жылда табылған тарихи - мәдени мұраны кешенді зерделеу ; 5 ) жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу ; 6 ) саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретіндегі кадр саясатын іске асыру . Қазақстанның киелі жерлері географиясы арнайы жобасы аясында елімізде республикалық деңгейдегі Бозок , Ботай және Сарайшық -- үш музей - қорығы ашылды . Бұл үлкен жетістік . Оның ішінде , алғашқысы - Сарайшық , екіншісі - жылқы малы алғаш қолға үйретілген жер екенін бүкіл әлем мойындаған Солтүстік Қазақстандағы Ботай . Үшiншici - Бозок Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 150 қаулысымен мемлекеттік Бозок мемлекеттік тарихи - мәдени музей корык республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылды . Ұйымда танымал ғалымдар , археологтар мен музей қызметкерлері істейді . Ғалымдар Ұлы даланың жеті қыры мақаласында сипатталған ата бабаларымыздың жетістіктерін бейнелейтін Бозоқ музей - қорығының сәулет көрінісін құру тұжырымдамасын қалыптастырды . Бозоқ музей - қорығы жобасының негізгі мақсаты - Бозоқ ортағасырлық қалашығын қалпына келтіру және Ботай , Сақ , Хұн , Түркі және Қазақ хандығының 5 хронологиялык 5 тарихи кезеңдері бейнелейтін қоныстарын археологиялық саябақ кешенінде көрсету . Бұл ежелгі дәуірдің сол кезеңдегі ортасына енуге мүмкіндік беретін жанды музей болады . Әлемдік тәжірибеде соңғы жарты ғасырда осындай музейлердің өркендеуі байқалады . Қазақстанда 240 - тан астам музейдің ішінде тек 12 қорық - музей бар , ол музейлердің жалпы санының 5 % -ын құрайды . Елімізде республикалық мәртебесі бар археологиялық және этнографиялық профильді музейі жоқ . Бозок музей - қорығының жобасын жүзеге асыру үшін ғылыми - зерттеу қызметімен қатар ойын - сауық пен демалыс , спорт пен денсаулық функциялары маңызды болатын сапалы жаңа форматты жанды музейін құру .
Бозок музей - қорығында археологиялық парк , музей - ғимараты , отбасылық демалыс орталықтары , балаларға арналған жасөспірімдер лагері , амфитеатр , биопарк , левадалар , саябақ аймақтары , шығыс базарлары , қолөнер шеберханалары , тақырыптық дәмханалар , шәйхана , алма бақшалары болады . Толық кешен 300 гектар аумақта орналасады . Осылайша , Бозоқ ексерткіші ашылғаннан кейiн 20 жыл өткен соң , еліміздің ежелгі және ортағасырлық тарихының жарқын беттерінің бiрi болатын , ғылыми және шығармашылық жобаларды іске асыру үшін платформа негiзiнде саналатын Археологиялық саябағы салынатын болады . Инновациялық жоба ретінде , Бозок елдің туристік картасында тартымды мәдени инфрақұрылымға айналады . Бұл 1990 - шы жылдардың соңында Кемаль Ақышұлының бастаған шағын археологтар тобының зерттеуі толығымен бағаланып , тарихи - мәдени мұраны насихаттау , ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың қалыптасуына , сондай - ақ ата бабаларымыздың рухани - адамгершілік құндылықтарын Бозоқ музей - қорығында таныстыру үшін , жалғастыру керек .