Мадениеттану фоны



бет6/6
Дата30.09.2023
өлшемі119,37 Kb.
#111949
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4-дәріс

Ұмытылмас мұрағат

  • “Қазақтың байырғы мәдениетіне қатысты сирек кездесетін деректерге талдау”, “Ғ. Мүсірепов және архив” атты еңбектер дайындалып, баспадан шығарылды. Профессор Ж.М. Төлеубаева Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Шығыстану институтының қолжазба қоры бөлімінде болып, Қазақстан мен Орталық Азияның саяси тарихы мен мәдениетінен мол мәлімет беретін түркі, араб, парсы және қытай тілдеріндегі қолжазбаларды анықтап, аудармасына жан-жақты талдау жасады. Нәтижесінде «Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии» зерттеу монографиясының бірінші шығарылымы дайындалды. «Академик Б.А. Ахмедов. Избранные труды» жинағына өңдеу жұмысы жүргізілу үстінде. «Хрестоматия по истории межгосударственных отношений и дипломатии в Центральной Азии в XIII-XV века» атты жинағы баспадан шығарылды. Ұлттық орталықта «Қазақстанның тарихи мұрағаты» - «Исторический архив Казахстана» альманахы сериясын шығару қолға алынды. Алманах «Дайк-Пресс» баспасына берілді. Оның ІІ және ІІІ шығарылымын жоспарлап, онда Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан, Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан, Омбы, Орынбор облыстарының мемлекеттік мұрағаттарынан, сондай-ақ Ресей мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты алынған құжаттар енгізілді. Осыған сәйкес альманахқа біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Альманахқа жаңа ұсыныс бойынша Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының қызметкерлерінің қатысуымен Н.Г. Малицкийдің «Казахи» атты бұрын жарияланбаған этнографиялық очеркі енгізілді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жауапты редактормен бірінші шығарылымды төңкеріске дейінгі Жетісу облысындағы археология туралы материалдармен толықтыру шешілді.

Қорытынды:

  • Бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі оны жүзеге асыру барысында алынған, мәліметтерді жүйелендіру және оқу бағдарламасына және орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу болып табылады. 
  • Бүгінгі күннің ең маңызды тапсырмаларының – туып өскен мәдениетінің әдеп-ғұрпын жақсы білетін, өз елін тарихын жақсы көретін, елдің болашағын сеніп тапсыратын ұрпақ тәрбиелеу. 
  • Сөйтіп, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асырудың мақсаты, тапсырмасы қазақстандықтардың қазіргі ұрпағына, Ұлы қазақ даласында өмір сүрген және өмір сүріп жатқан халықтың мәдени игілігін сақтау болып табылады. 

Қолданылған сайттар мен әдебиеттер

  • 1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – Астана 2006-2011 жылдар
  • 2. Н.А. Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауы – Астана, 2003-2011 жылдар. 
  • 3.https://e-history.kz/kz/first-president/show/12320/
  • 4.https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Қазақстанның_Мәдени_мұра_жобасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет