Мадениеттану фоны



бет5/6
Дата30.09.2023
өлшемі119,37 Kb.
#111949
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4-дәріс

Зерттеу жұмыстары

  • 2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
  • Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағыШілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).
  • Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 нысан) және жергілікті (11 277 нысан) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.
  • Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.
  • Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.
  • Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер.Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.
  • Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – ДамаскідегіСұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, КаирдегіСұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет