Мадиева Г. indd



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата23.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#52113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Герман филологиясына кіріспе

Пәннің міндеттері: 

жалпы филологиялық білім беру негізінде герман халықтары 
мен герман тілдері тарихының бастапқы деректері жайлы мәлімет 
беру; 

көне германдықтардың тарихын, олардың Еуропа жер лерін-
дегі орналасуын, олардың үш генеалогиялық топ бойынша топ-
тамасымен таныстыру; 

негізгі тайпалық топтасуларын анықтап көрсету; герман 
тілдері мен осы топтағы тілдердің тарихи қалыптасу ерекшелікте-
рін көрсету;

герман тілдерінің фонологиялық жүйесін, грамматикалық 
құрылысы (морфология) мен лексикалық құрамының сипаттама-
лық белгілерін талдап көрсету;

германтанудағы кезең, бағыт және тұжырымдамалардың 
даму заңдылықтарын түсіндіру;

үндіеуропа тілдік жанұя құрамындағы герман тілдері топ-
тарының сипаттамалық белгілерімен, герман тілдері және мә-
дениеттерінің негізгі кезеңдерімен таныстыру. 
Пәнді оқыту барысында германтанудың тарихын және гер-
ман тілдерінің ерекшеліктері мен басқа үндіеуропа тілдер тобына 


4
Герман филологиясына кіріспе
қатыстылығын анықтаған салыстырмалы-тарихи әдістің негізгі 
тұжырымдамаларын қарастыру негізінде студенттердің келесі 
дағдылары қалыптасады:

бір ғылыми парадигмада студенттердің германтану бағыт-
тары жөніндегі теориялық-лингвистикалық білімін жинақтап 
қалыптастыру;

германтанудағы кезең, бағыт және тұжырымдамалар мен 
даму заңдылықтарын түсініп білу; 

германтанудың ғылыми идея, тұжырымдары, теориялық 
ере желеріне сыни көзқараспен талдау жасай білу;

студенттердің германтану мәселелері бойынша білімді прак-
тикалық барысында қолдану. 
Аталмыш пәнді меңгеру барысында студент герман халықтары 
мен герман тілдері тарихының бастапқы деректері жайлы мәлі-
меттерін, герман тілдері мен осы топтағы тілдердің тарихи қалып-
тасуының ерекшеліктерін, алғашқы герман мемлекеттерінің пайда 
болуының тарихын, германтанудың теориялық тұжырым дарын 
білу керек.
Студент ежелгі германдықтармен танысу барысында теория-
лық және практикалық материалды жүйелі түрде қолдану және 
талдап алу, олардың фонетикалық, грамматикалық құрылымының, 
жазуының қалыптасуының, сөздік қорының толығуын, сонымен 
қатар тіл тарихы үшін маңыздылығымен ерекшеленетін тарихи 
өзге рістерге талдау жасай алуы керек. Сонымен қатар герман 
филологиясы бойынша кәсіби терминологияны меңгеру дағ-
дыларын қалыптастыру, герман тілдері мен осы топтағы тіл-
дердің тарихи қалыптасуының ерекшеліктері туралы теориялық 
тұжырымдары мен ережелеріне сыни көзқараспен талдау машық-
тарын қалыптастыру, көне және қазіргі кездегі герман тілдерінің 
топтасуын, олардың таралу ареалын меңгеру машықтарын қалып-
тастыра білуі керек. 


5
Герман филологиясына кіріспе
ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет