Мадиева Г. indd


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата23.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#52113
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Герман филологиясына кіріспе

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар 
тізімі:

субстрат 

суперстрат 

адстрат 

дивергенция 

конвергенция 

вариант

аналитикалық тілдер


13
Герман филологиясына кіріспе

синтетикалық тілдер 

типологиялық әдіс 
2-семинар
Тақырыптары: Типологиялық және ареалдық лин гвис-
тиканың түсініктемелері (әртүрлі сөздіктердің негізінде). 
Герман тілдерінің типологиялық топтамасын талдау. 
Қазақ және шетел тіл біліміндегі типологиялық 
және ареалдық лингвистиканың өкілдері. Атақты 
германистердің теориялары (Я. Гримм, Ф. Бопп).
Қарастырылатын мәселелер:
1. Типологиялық және ареалдық лингвистика әртүрлі сөздік-
терден алынған түсініктемелері. 
2. Герман тілдерінің типологиялық топтамасын талдау. 
3. Қазақ және шетел тіл біліміндегі типологиялық және ареал-
дық лингвистиканың өкілдері.
4. Атақты германистердің теориясына талдау жасау: Я. Гримм, 
Ф. Бопп.
5. Дүниежүзі картасынан қазіргі герман тілдері кең таралған 
мемлекеттер.
6. Ежелгі германдықтардың мәдениеті, салт-дәстүрі, наным-
сенімі.
7. Дәрісте берілген терминдерге лингвистикалық сөздіктер 
бойын ша салғастырмалы талдау жасау.
5-6 ДӘрІС
Тақырыптары: Герман тайпаларының тарихы: тара ған
 
 
аймағы, жазуы. Герман тайпаларының
 
 
тарихы: дамуы мен қоғамдық құрылысы
5-6 мың жыл бұрын қазіргі кездегі гипотеза бойынша Орта 
Еуропа мен Солтүстік Балқаннан Қара теңіздің солтүстігіне 
дейін өмір сүрген этнотілдік қоғамдастықты, бір-біріне жақын 
диа лек тілерде сөйлеген үндіеуропалық тайпаларды атаған. Осы 


14
Герман филологиясына кіріспе
тайпалар кейіннен барлық үндіеуропалық тілдерге негіз болған. 
Басқа болжам бойынша үндіеуропалық негіз тіл жақын Шығыс тан 
туындап бүкіл Еуропаға туыс тайпалардың миграциясы негі зінде 
таралған.
Сонымен лингвистер мен археологтардың тұжырымдама-
лары бойынша Эльбаның төменгі бөліктерін, Ютландияны және 
Скан ди навияның солтүстік бөлігін мекендеген үндіеуропалық 
тайпалардың негізінде тараған герман этностарының қалыптасу 
кезеңін VI-I ғ. жатқызады. Ертедегі герман тайпалары 5 топқа 
бөлінген:
1. гиллевиондар – Скандинавияның оңтүстігінен Дат (Дания) 
аралдарын мекендеген;
2. ингвеондар (немесе ингевондар) – Ютландияның оңтүстігінен 
бастап Эльба бойын, Солтүстік теңіз жағалауын жайлаған;
3. иствеондар (немесе искевондар) – Везер мен Рейн аралығын 
қоныстаған;
4. эрминондар (немесе герминондар)
– Эльба бассейні мен 
жоғары Дунай аралығында болған;
5. шығыс Герман тайпалары тобы – төменгі Одер мен Висла 
өзені сағаларында өмір сүрген. 
Ал Плиний Үлкені (Старший) топтамасы бойынша герман 
тайпаларын географиялық белгілеріне қарай мынадай түрлерге 
жіктейді: 
1. виндилдер, оларға бургундиондар, вариндер, хариндер, 
гутон дар;
2. ингевондар (немесе ингвеондар), өз ішінде кимврлер, 
тевтондар, хавкалар;
3. иствеондар, сикамба тайпаларынан тұратын Рейнге жақын 
жерлерді мекендейтін тайпалар;
4. герминондар, өз ішінде свевтер, гермундурлар, хаттар және 
херустар;
5. дактармен көршілес тұрған певкиндер және бастардтар;
6. Скандинавияны мекендеген гиллевиондарды аталмыш 
жіктеме кіргізбей жеке атап кеткен.
Плиний вандилияны шығыс германдықтарға жатқызады, олар 
қазір гот есімімен мәлім. Осы топқа сонымен бірге вандал тайпа-
ларын да жатқызған.


15
Герман филологиясына кіріспе

ингвеондар Алманияның солтүстік батыс жағын мекенде-
ген: Солтүстік теңіздің жағалауы мен Ютландия аймағын. Қазіргі 
кез дегі тарихшылар оларға ағылшындарды, сакстарды, юттарды, 
фриздықтарды жатқызады.

ІІІ ғасырда иствеондар франктар атымен белгілі болды.

бастарн тайпаларының герман тайпалыран жататындығы 
әлі күнге дейін толық дәлелденбеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет