Мадиева Г. indd


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата23.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#52113
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар 
тізімі:

диахрония

синхрония

палеография

германтану

жасграмматизм

генеалогия

қайта құру (реконструкция)

ретроспекция
1-семинар
Тақырыптары: Қазақ және шетел тіл біліміндегі
салыс тырмалы-тарихи лингвистиканың өкілдері.
Герман тілдерінің генеалогиялық топтамасын талдау
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қазақ және шетел тіл біліміндегі салыстырмалы-тарихи 
лингвистиканың өкілдері.
2. Үндіеуропа тілдерінің генеалогиялық топтамасын жатқа 
тапсыру.
3. Герман тілдерінің генеалогиялық топтамасын талдау.


11
Герман филологиясына кіріспе
4. Салыстырмалы-тарихи және салғастырмалы әдістердің өз-
ара айырмашылықтары.
5. Тацид пен Цезарь дәуіріндегі германдықтар.
6. Көне герман тайпаларының топтасуы.
7. Дәрісте берілген терминдерге лингвистикалық сөздіктер 
бойынша салғастырмалы талдау жасау.
3-4 ДӘрІС
Тақырып: Герман тілдерінің типологиялық және
 
 
 ареалдық зерттеулері
Деректер көрсеткендей, тілдердің салғастырмалы зерттеуі 
көне заманнан бері жүргізіліп келе жатыр. Яғни, адам тілді қарым-
қатынас құралы ретінде саналы түрде мойындағаннан кейін ба рып, 
жекелеген тілдердің де айырмашылықтары мен ұқсастықтары да 
алға тартылып, зерттеліне бастады. XVIII ғ. өзінде-ақ Еуропада 
еуропа тілдерінің салғастырмалы зерттеулеріне арналған еңбек-
тер жинақталған, оның ішінде тілдердің салғастырмалы сөздіктері 
мен жеке тілдердің грамматикасына арналған еңбектерді атап 
кетсек орынды. Осы кезеңде еуропалық ғалымдар көне үнді 
жазбаларын зерттеп, санскрит тілі, көне үнді тілі мен еуропа 
тілдерінің ұқсастықтарын анықтаған. Мысалы, Сенің ұлың кім
санскрит: Kas tava sūnus?, литва тілінде Kas tava sūnus? 
Бұл ұқсастықтың себебі неде? 
Біріншіден, кездейсоқ болуы мүмкін мысалы, жапон тілі мен 
неміс тіліндегідей: soku мен die Socke. Екіншіден, тарихи қарым-
қатынас, бір тілден екінші тілге енетін кірме тілдік элементтері 
(грамматикалық формалар, фонемалар). Белгілі бір келімсек 
тілдің жергілікті тілге әсер етуінің негізінде бейсаналы деңгейде 
жергілікті тілдік элементтері жеңген немесе келімсек тілдің 
құрамында қалып қалады да, сол күйінде сақталып кетеді. Бұл 
құбылысты субстрат деп атайды. Үндіеуропа тілдер жанұясын: 
орыс, литва, латын, француз, испан, грек, көне үнді, ағылшын, 
неміс, өлі хетт тілі құрайды. Сонымен осы жанұяға анатолий, 
тохар, италийлық, үнді, иран, грек, кельт, роман, герман, балтық, 
славян тілдері жатады. Генетикалық принцип бойынша топтама 


12
Герман филологиясына кіріспе
генеалогиялық топтама деп аталынады. Үндіеуропалық тілдік 
жүйе б.з.д V-IV ғ. 
Үндіеуропа тілдерінің мекендеген жерлерін лексемалар 
арқылы білуге болады. Мысалы, облако, туча, небо, ветер
горный, северный ветер, дождь, снег, зима, холод сөздер таулы 
ландшафт болғанын көрсетеді. 
Ағаштар мен өсімдіктер атаулары: дерево, дуб, жёлудь
березабукясеньосинаиваветлатисореховое деревовереск
розамох олардың локализациясы Жерорта теңізі, Балқан, Шығыс 
Азия жерлерін мекен еткендігін дәлелдейді. Волкмедведьбарс
леопард, лев, рысь, лиса, шакал, кабан, олень, лось, антилопа
быкзаяцобезьянаптицарыбаорёлслонкраб Орта Еуропа 
жерлерінде де болғандығын көрсетеді. Коньлошадьосёлбык
корова, овца, баран, козёл, собака, свинья, поросёнок деген 
атаулар еуропалықтар мал шаруашылығымен айналысқандығын 
айқындаса, яблоко, вишня, виноград жер шаруашылығымен 
айналысқанын көрсетеді. Сонымен үнідеуропа тілдерінің отаны 
Шығыс, Солтүстік, Орталық Азия, қазіргі кездегі Түркия мен 
Армения жерлерінде болғандығын нақты дәйектейді.
Тілдердің типологиялық топтастырылуы (ТТТ) маңызды құ-
ры лымдық қасиеттеріне өлшем, топтастыру негіздері сүйеніп жа-
са лынған тілдердің топтастырылуы. Елеулі типологиялық белгі-
леріне, мысалы, сөздерге морфемалардың жалғануы, субъекті-объек -
тілі қатынастар жатады. ТТТ морфологиялық, синтаксистік және 
фонетикалық болып бөлінеді. Өкілдері: Ф. Шлегель, А. Шлегель,
В. Джоунз, В. Гумбольдт, А. Шлейхер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет