17
11. Мәтінді диалогқа айналдырыңыз.
Бүгін Әсем үйіне құрбысын ертіп келді. Амандықты сұрасып болғаннан
кейін, Әсем құрбысын отбасы мүшелерімен таныстыра бастады. Үй іші де
Әсемнің құрбысын жылы қарсы алды. Алдымен анасы, содан соң ағасы да
амандасты. Дастарханға шақырды. Барлығы дастарханда отырғанда үйге
көрші Жамал әже кірді. Барлығы әжемен амандасты. Төрге шақырды.
12. Төмендегі сөз тіркестерін бір-бірімен сәйкестендіріңіз.
1. -Қалыңыз қалай?
1. -Мен де қуаныштымын.
2. -Сау болыңыз!
2. -Жақсы.
3. -Атыңыз кім?
3. -Қош болыңыз!
4. -Танысқаныма қуаныштымын.
4.-Атым-Берік.
13. Мына сөздерге синонимдер табыңыз:
1. Сәлем,............................................................
2. Сау бол,..........................................................
3. Таныс болайық,.............................................
Достарыңызбен бөлісу: