4. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Аударыңыз. Елтаңба Қатар ұшқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Қара шаңырақ – ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі. (Т. Молдағалиев.)
5. Мәтінді аударыңыз. Қазақта «Ат - адамның қанаты» деген мақал бар. Тұлпар - дала пырағы,
оның ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке,
бостандыққа жетелейді. Тұлпар - күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың
сиволы. Айрықша күш - қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің
иесі. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясында да кең тараған образ. Ол- биік
арманның, шығармашылық шабыттың, қажырлылық пен кеңістікті
жалғастырады. Діни түсінік бойынша, киелі пырақ адамды Тәңірлер мекен
еткен Аспанмен байланыстырады. Ол - мәңгіліктің белгісі. ( «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік нышандары» кітабынан.)