Байланысты: Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)
6. Мәтіндерді мәнерлеп, түсініп оқыңыз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 1996 жылдың 24
қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан
Республикасының нышандары туралы» Жарлығымен белгіленген. Туымызда
көгілдір аспан мен күн бейнесі, күннің астында шарықтай ұшқан дала қыраны
бүркіт және қазақтың ұлттық ою-өрнегі нақышталған. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік туының авторы, суретші Шәкен Ниязбеков.
Мемлекеттік Туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Көк түс –
аспанның, ауа мен құрылықтың белгісі, көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.
Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын
білдіреді. Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің
белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқының
мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.