Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


Қазақстан Республикасының Елтаңбасы



Pdf көрінісі
бет221/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
«Таңба-  тайпа,  ру  белгісі,  қазіргі  шекара  бағандарына  мемлекеттік
елтаңба соғылса, ежелгі тайпалар жаңа жерге қоныстанғанда шекарадағы
тасты өз таңбаларымен белгілеген» (О. Сүлейменов). Біздің Елтаңбамыз –
шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді.
Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды
білдіреді. Шаңырақ – қазақ елінің белгісі, рәмізі. Елімізде өмір сүріп отырған
қаншама халық қазақ шаңырағының астында бейбіт өмір кешуде.Шаңырағы
бар Елтаңба тарихта болған емес.Елтаңба композициясында – ай мүйізді,
алтын қанатты пырақ бар. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен өте
байланысты, ал жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.Елтаңбадағы ең
басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі
бояуы – алтын түстес.
Елтаңба  туларда,  мөрлерде,  монеталарда,  сәулет  құрылысында,  үй
аспаптары мен қару-жарақтарда, өнер туындылары мен қолжазбаларда,
кітаптарда, сондай-ақ құжаттарда бейнеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет