Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


Қазақстан Республикасының Әнұраны



Pdf көрінісі
бет222/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

Қазақстан Республикасының Әнұраны
Мемлекеттік гимн - егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды
баламасы. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар. Әнұран – мемлекеттің бірлік
белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең. Тарихи оқиғаларға,
батырларға, жауынгерлерге, түрлі төңкерістерге арналған әнұрандар бізге
бұрыннан белгілі. Мемлекеттік әнұран халық жүрегінің лүпілін танытып,
адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен
Отанға  деген  сүйіспеншілік,  атамекенге  шексіз  берілгендік  аңғарылса,
сөзінен  рухани  жан-дүниемізді  танытар  ұлттық  қасиетіміз  бен  бейбіт
пейіліміз, досқа ашық құшағымыз. Еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы
көрініс тапқан.
Қазақстан  Республикасының  қазіргі  Әнұранының  сөзін  жазғандар:
Жұмекен  Нәжімеденов,  Нұрсұлтан  Назарбаев.Әнұранның  музыкасын
жазған: Шәмші Қалдаяқов. ( «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
нышандары» кітабынан.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет