10. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Астана қандай қала?
———————————————————————————————?
2. Астананың негізі қашан қаланды?
———————————————————————————————?
3. Целиноград болып қашан өзгертілді?
———————————————————————————————?
4. Қала жаңа атын қашан алды?
———————————————————————————————?
5. Астананың қандай құрлыстарын білесіз?
———————————————————————————————?
11. Мәтінді оқып, аударыңыз. Алматы – көне қала Алматы – көне қала. Археологтардың айтуынша бұдан екі мың жыл
бұрын Алматының орнында бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде-
ақ Алматы деп аталған. 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында
Алматының іргетасы қаланған. Әскери бекініске Верный деген ат берілді.
1921 жылы қалаға Алматы деп өз аты берілді. Алматы Қазақстанның оңтүстік
астанасы. Алматының өте ірі, аса дәмді, шырынды апорты Еуропаға кеңінен
мәлім. Алматыда оқу орындары, көп қабатты үйлер, театрлар, кинотеатрлар,
мұражайлар, мәдениет сарайлары, ірі сауда орталықтары өте көп. Қалада
Медеу мұз айдыны, Көктөбе аспалы жолы бар.