Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
Сабақ мақсаты:
Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеу арқылы талдау жасау.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
кейіпкер бойындағы қасиеттерге талдау жасайды;
гуманистік тұрғыдан талдайды;
ойын дәлелді жеткізеді.
Шығармашылық кезең
1-топ: «Ләйләға хат» жазу ,
2-топ: Ләйлә монологін жатқа оқу,
3-топ: «Невада-Семей» полигоны туралы презентация қорғау
4-топ Ләйлә-қыздың ойын өз сөзімен жалғастырып жазады. (30-40 сөз).
«Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес, адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін»...
«Сен құрсақта жатқанда Дегелең тауының түбінен жер астын дүмпілдетіп, жарылыс болып жатушы еді, сол басылды ма? Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, шыр етіп, қолды-аяққа тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдетің ес білгенше қалмап еді... Сен Шыңғыс тауының етегінен көтерілген ауадағы қып-қызыл, саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға қызығып, жүгіре жөнелетін едің, қазір ше?