Мінездеу, жанама мінездеу адамға тән күйініш сезімдерді суреттеу , адамның өз ойын, сөзін (монолог) немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру – осылардың бәрі жеке-жеке тұрған біріне-бірінің қатысы жоқ, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі туып, бірінен-бірі жымдасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де тұлғасын да жасай алмаған болар еді
З.Қабдолов
01
Мінездеу – әдеби кейіпкерді таным – түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу
02
Жанама мінездеу – кейіпкерге қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы бейнесін ашып көрсету. Кейіпкердің сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, кескін-кейпін қимыл – әрекеті арқылы көрсету.