Су көлемін сақтайды да, пішінін сақтамайды.
Судың аққыштық та қасиеті бар.
Суды қолдану. Бұл процесті ойлағанда алдымен су құбыры еске түседі. Себебі, оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді.
Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Ең алғашқы қарапайым қондырғы бірнеше мың жыл бұрын салынған.
1933 жылы алғаш Адматыда ағаштан салынған су құбыры салынды.
Біздің ауылда «Теміржол су Маңғыстау» су қоймасы бар. [қосымша 1]
Су қоймасында су қондырғылары орналасқан. Тұрбалар арқылы тұрғындарға тартылған. [қосымша 2]
Ауылға су «Волгадан» келіп тарайды. Су құбырының құрылысы төмендегідей:
1 – су жинағыш;
2 – сорғылар;
3 – тұндырғыш;
4 – сүзгі;
5 – су құбыры;
6 – резервуар (таза су жиналатын ыдыс) [қосымша 3,4,5]
Суды осындай құрылысты су құбыры, су қондырғылары арқылы таратып, пайдаланады. Су береке – су ырыс.
Су – адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттіліктен басқа да сұраныстарға ие екендігі мәлім.
Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиеттерін зерттеген. Суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстінгі қабатын төгу керек, себебі ауыр металдар судың бетіне көтеріледі.
Судың адамзат біле бермейтін сан алуан қасиеттері бар.
Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. Су – дене температурасын реттейді, ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.
Судың қасиеттерін біле отырып, дұрыс қолдану керек.
3. Судың ластануы
Судың ластануы қазіргі кезде көбейіп барады. Адамдар суды өнеркәсіп
қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда.
Еліміздегі су ресурстарына шектеудің болмағандығы экономикалық және экологиялық апаттарға әкеліп соқтырады.
Жер жүзінде тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған судың өмірге қажетті қымбат екендігі мәлім.
Ішуге жарамды сулар жер бетінде азайып бара жатыр.
Кейбір адамдар қоршаған табиғатты танып білуі, оны қорғауы төмен деңгейде, пайдалануды біле тұра қорғауды білмейді.
Лас саудын жұқпалы аурулар тарайтындығын түсіне алмайды.
Елімізде таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз.
Ортаның, судың ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың айтуына жүгінсек, қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді.
Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері мен іс – әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да ластай алады.
Табиғи апаттар, су тасқындарынан мыңдаған зардап шегіліп жатыр. Себебі дейді ғалымдар: ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы.
Иә, тіршілктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса әлемқұндылығы суды ластамау,ысырып етпеу бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.
Табиғатта мінсіз таза су жоқ. Тіптен зертханалық жағдайдың өзінде де оны бөліп алудың сәті түспеген.ресей ғалымдары тек диаметрі d= 2,5 см болатын жоғары таза су бағанын алды. Нәтижесі таңдай қақтырады. Мұндағы молекулаларды ажырату үшін, осы бағанға 900 кг күш қажет екен.
Толғауы тоқсан тіршілікте судың алатын ролі зор. Осы судың ластануына жол бермеу, таза суды көздің қарасындай сақтау әрбір адамның міндеті.
Ластанған суды болдырмау немесе суды сақтап, қастерлеу адамзаттың табиғатты аялаудағы қосқан үлесі.
Күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың ластануына жол бермейік.