ІІІ. Қорытынды
Жалпы экономикалық қиын жағдайларды ескере отырып, республика көлемінде табиғи ортаны сауықтыру шаралары іске асырылып жатыр.
Табиғи суларды қорғау, ауыз суларды тұщыту, минералды сулардың көзін көбейту, шипалы сулардың басына шипажай салу мәселелері қолға алынуда.
Қолданылып жатқан экологиялық шаралардың нәтижесінде республика көлемінде судың ластануы байқалып, нәтижесінде экологиялық талаптар орындалуда.
Эколог мамандардың пайымдауынша: лас заттардың таралуынан сулар ластанып, ортаға тарайды.
Лас сулар топыраққа, топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарлар мен адамдарға тарайды. Бұл деген қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
Сондықтан айналаны, қоршаған ортаны, табиғатты сақтау, ластанудан қорғау әрбір адамның міндеті.
Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін суды және табиғи суларды, минералды, шипалы суларды қорғап, жақсартуға зор мән береді және де осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады.
Суды, су қорларын сақтау үшін қоғамдық қатынастарды реттеу, суды ластанудан сақтау саласындағы заңдылықты нығайту жатады.
Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау Заңына суды, су қорларын қорғау туралы Ережелер қарастырылған.
Ауыл, қала, өнеркәсіп салаларында су қорларын молайту, оларды ластанудан сақтауда әркім өз үлесін қосса, нұр үстіне нұр.
Суды және су қорларын сақтау күрделі мәселе. Онымен күресу жан – жақты және үлкен материалдық шығын мен көп күшті қажет етеді.
Дегенмен ғылыми – техникалық прогрестің заманауи даму деңгейі адам ағзасы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін заттардың түзілуін, бөлінуін азайтып, ластанудың алдын – алудың шараларын жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен жобаның қорытындысына келетін болсам, судың адам өмірі үшін аса қажеттілігін түсіне отырып, оның қасиеттерін, маңызын, түрлерін зерттей келе төмендегідей тұжырым жасадым.
Таза су адам өмірінің кепілі екендігіне көз жеткіздім.
Су. Судың маңыздылығын, қасиеттерін, қолданылуын оқып меңгердім.
Лас суларды болдырмау жолдарын, таза суды пайдаланудың жолдарын үйрендім.
Табиғи сулармен, олардың емдік қасиеттерін білумен бірге, оларды қорғауды басты назарда ұстау керектігін білдім.
Келешекте «сусыз өмір жоқ», сондықтан суды үнемдеп жұмсау, пайдалану және табиғи суларды оның ішінде «Қыз әулие» шипалы суының басына жағажай салынса. Көптеген адамдар су басында емделу мен бірге демалып қалар еді.
Ал, қадірлі достарым!
Осы менің жоспарым.
Суды сақтап жүрейік,
Қастерлеп оны күтейік!
деп жобамды аяқтаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Сен білесің бе ?» энциклопедия 1998ж.
«Физика және астрономия – 7» 2012ж.
«Дүниетану – 4» оқулығы 2011ж.
Экология журналы 2013ж.
«Экология және валеология» журналы 2009ж.
Достарыңызбен бөлісу: |