Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Су тіршілік көзі» Бағыты



бет6/7
Дата10.11.2022
өлшемі59,95 Kb.
#49241
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Cy tirshilik

4. Минералды және шипалы сулар

Тірі өлі табиғатта жүретін түрлі процестермен құбылыстардың адам тіршілігінде жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор.


Мұздарды, бетпақтарды қоса есептегенде жербетінің 77,5 % – ын су алып жатыр.

Мұхиттар


Теңіз
Су қорларына Өзен
Көл
Жерасты сулары
жатады.
Табиғи сулардың ішуге жарамды және жарамсыз түрлері бар.
«Сарыағаш» газдалған суы ішуге арналға, жарамды.
Есет елді мекенінде «Қыз әулие» суы ащы ішуге болмайды.
Жазда, шілде айында «Қыз әулие» суына бардым. Суы өте ыстық, суы ащы, ішуге жарамайды. Емдік қасиеті жоғары.
Сонымен қатар Ақтау қаласындағы Теңізде болдым. Суы ащы. Тұрғындарға тұщыттырылып беріледі. Оралда Жайықта болдым, су денеге пайдалы екен. [қосымша 6,7]
Республикамызда су тұщытқыш стансасы өзіміздің Ақтау қаласында ғана бар.
Шипалы сулар Қазақстан елінде көп. Су қоры – халық байлығы. Өкінішке орай жер бетінде тұщы су қоры өте аз. «Сулы жер – нулы жер» дегендей суды ішіп жаратып қан қоймай, оның емдік қасиеттерін білген жөн.
Су туралы мақал – мәтелдер:
Таулы жер – бұлақсыз болмас,
Сулы жер – құрақсыз болмас.
Сусыз өмір – тұзсыз ас,
Су – ырыстың көзі.
т.б.
Судың шипалы қасиеттерін біліп, оны адамзат керегіне пайдалану керек.
Судың емдік қасиеттері жайлы жиі айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емдеудің әдіс – тәсілдері көп. Ағзаға енген су, қанға сіңеді және тазалық ақпаратын жеткізеді.
Адам денесінің 70% - ы судан тұрады.
Су иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.
Судың шипалы қасиеттерін жиі естиміз.
Мысалы: шипалы емдік қасиетке ие су жақсы нәтиже береді.
Қазақстанда судың қасиетін зерттейтін зертханалар бар. Кәсіби мамандар судың ерекше қасиеттеріне көз жеткізіп, шипалы суларды анықтады.


5. Суды қорғау шаралары

Жалпы табиғатты қорғау дегеніміз ауаны, суды ластамау, өзен – көл суларын бүлдірмеу, қорғап, қамқорлау.


Судың адам өміріндегі маңызын біле отырып, оны үнемдеуге, қорғауға, қажетіне орай пайдалануға болатындығы баршаға мәлім.
Экологиялық апаттан, адамдардың өз қолымен жасалып жатқан зиянкестіктен ластанып бара жатқан суды қорғау адамзат парызы.
Еліміздің Заңында «Әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті» делінген.
Су көздерінің тазалығын сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған мынадай техникалық, санитарлық шараларды іске асыру қажет деп ойлайды.



  • Су пайдалану жүйелерінің маңызын арттыру.

  • Су тартқыш стансаларда су өңдеу технологиясын жаңарту.

  • Суды жер астынан көтеру.

  • Тасып жеткізу.

  • Пайдаланудан соң ағызуды дамыту.

  • Ауыз суды үнемдеуге ықпал ету.

22 наурыз – Дүниежүзілік су қорлары күні.
Суды қорғау – барша елдің, азаматтардың міндеттері, барша парызы.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тәмам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін. – дегендей әркез суды ұқыпты пайдаланып, оны қорғауда қолға алайық.
Суды қорғау шаралары жүргізілмеген аймақтарда судың көтерілуі, табиғи апаттардың болуы, үлкен алапат дауылдардың тұруынан соңғы 30 – 35 жылда 4 миллион адам өлді, қаншама адам зардап шекті.
Бұндай табиғаттың «ашуын» ғалымдар ортадағы суды ластаған, қадірін білмегендерге, адамнан көрген зорлық – зомбылақтарына судың «мінез» көрсетуі болар деп болжам жасайды.
Бүгінгі таңда су мәселесі әлемдегі ең өзекті, шешімін табуды қажет ететін түйткіл болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет