Мағжан Жұмабаев «Педагогика» оқулығы


«Кiтапта тəрбие деген не?»



бет2/3
Дата11.02.2023
өлшемі46,54 Kb.
#67136
1   2   3
Байланысты:
Педагогика СӨЖ1

«Кiтапта тəрбие деген не?» - деп сұрақ қойып анықтама берiледi. Педагогиканың қандай пəн екенiне түсiнiк берiле отырып, жалпы педагогика оның iшiнде дене тəрбиесiне жан-жақты талдау жасалады. Тəрбие бөлiмдерi туралыда нақты əдiстемелiк материалдар бар. М. Жұмабаев балалар əдебиетiнiң классигi мысалы əртүрлi эпостар, балаларға арналған фольклорлық туындылардың авторы. Ең бастысы баланы бесiктен еңбекке тəрбиелеудiң негiзiн салған ұстаз - жазушы. Мағжан туындылары бала тəрбиесiнiң - таптырмас құралы, əдiстемелiк түп нұсқасы, қолтума дүние деуге əбден болады.

Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…”– деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.
Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді. Оқу, жазуға үйрету, емлеге дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру.Автор осы тәрбиенің төрт түрін тәпіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгіл болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін , дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы … Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…»-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген.
Мағжан Жұмабаев өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын « Құлық сезімдері» деген бөлімде одан әрі дамыта түседі.Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. « Басқа халықты, жалпы адамзатты сүйе біл деген өсиет айтады. « Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халыққа пайдасы жолында құрбан бола білсін»,- дейді. Ол қазақ халқын өнер — білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен шақырған жоқ.Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.
Мағжан Жұмабаев педагогика пәні бес бөлімге бөліп тұжырымдап көрсеткен:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет