143
ҚАЙРАТ
Б
із кітабымыздың басынан бері жан кѳріністерінен
ақыл һәм ішкі сезім кѳріністерін баяндадық. Енді
жан кѳріністерінің үшінші түрі қайратқа кѳшеміз.
Қайрат ұғымы.
Біз ақыл кѳріністері арқылы сырт-
қы
заттар туралы, яғни олардың ѳзі, ісі һәм күші ту-
ралы білім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда
түрлі күйдің болғанын білеміз, һәм ол күйді жағымды
не жағымсыз деп бағалаймыз. Ал енді жанымызда тағы
бір күш, тағы бір кѳрініс бар. Жан бір нәрсені істеуге,
болдыруға ұмтылады, яки істемеске, болдырмасқа ұм-
тылады. Және бұл ұмтылу соқыр ұмтылу емес, аңды,
саналы ұмтылу. Міне, осы бір мақсатқа жету үшін
жанның аңды ұмтылуы қайрат деп аталады. Әрине,
жан
құр ұмтылып қана қоймайды,
сол ұмтылғанын
болдыру үшін денені іске қосады. Жанның қайрат күші
арқылы істелетін іс ерікті іс деп аталады. Ал енді адам-
ның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері де болады.
Мысалы:
1)
Импульс ісі.
Яғни кейбір
істерді сырттан ешбір
әсер болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді. Мысалы,
ұйқыдан
оянғанда адам керіледі, созылады.
144
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
2)
Рефлекс ісі.
Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы
қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, кѳз-
ге
бір затты жақындатсаң,
кірпік жабылады, тоңсаң,
дірілдейсің.
3)
Достарыңызбен бөлісу: