Мағжан Жұмабаев педагогика


Суреттеу мен әсерлену арасындағы айырма



бет22/50
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#138275
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Суреттеу мен әсерлену арасындағы айырма. Суреттеу мен әсерлену арасындағы айырмалар: 1) әсерленудің болуына жан да, дене де қатысады. Ал енді суреттеу – жалғыз жанның ғана ісі; 2) әсерлену әсер беріп тұрған зат болса болады. Зат жоғалса, тоқтайды. Ал енді суреттеу қайта зат жоғалса – болады; 3) суреттеудің күші әсерленудің күшінен кем болады. Мысалы, күн күркіреуді есту бар. Күн күркіреуді еске түсіріп, оймен суреттеу бар. Күн күркірін ойлап, суреттеп отырғанда біз естіп отырғандағыдай қорықпаймыз. Ал енді егер суреттеудің күші әсерленудің күшіне жетсе, ол уақытта суреттеу ауруға айналады. Аурулы суреттеу галлюцинация деп аталады.
Галлюцинация – бізге ешбір әсер бермеген бір затты яки көріністі суреттеу деген сөз. Бұл адамның миы, жалпы сау болмағандықтан болады. Мысалы, өлген адамды көру, жын, пері көру, әлдеқайдағы бір затты көру, жоқ дауысты есту сықылды. Қазақтың бақсы‑балгері осы галлюцинация ауруына ұшырағандар ғой.
Суреттеулердің бөлінуі. Суреттеулер ауданына қарап екіге бөлінеді: жалқы суреттеу һәм жалпы суреттеу. Егер біз жалқы бір затты суреттесек, жалқы суреттеу деп аталады. Мысалы, Сәрсенбай деген бір жалқы адамды суреттеу бо лады. Ал енді біз бір‑біріне ұқсас, тұқымдас көп затты суреттесек, жалпы болады. Мысалы, жалпы сиырды суреттеу жалпы суреттеу болып шығады.
Суреттеулер ішіне қарап тағы екіге бөлінеді: жабайы һәм күрделі суреттеулер. Заттың өзін емес, сынын ғана суреттеу жабайы суреттеу деп аталады. Мысалы, қаралықты яки қызылдықты суреттеу сықылды. Ал енді затты барлық сындарымен суреттеу күрделі суреттеу деп аталады. Мысалы, қара сиыр, жирен атты суреттеулер сықылды.
Баланың суреттеулері. Бір затты дұрыс суреттей алу үшін сол заттан адам жанында көп әсерлену болу шарт. Егер бір заттан бірлі‑жарым ғана әсерлену болса, ол уақытта заттың барлық сыны жанда қалмайды. Баланың әсерленулері әлсіз. Бұл – бір. Сыртқы заттармен бала жаңа танысып келеді, яғни балада әсерлену әлі көп болған жоқ. Бұл – екі. Міне, осы себептерден бастапқы кезде баланың суреттеулері дұрыс болмайды. Жас балада бір заттан әсерлену болғанда, заттан түгел әсерлену емес, сол заттың бір балаға жат көрінген сынынан ғана болады. Мысалы, бала қанттан әсерлену алғанда қантты қатты ақ зат деп емес, тура тәтті бір зат деп қана біледі. Сондықтан ол екеуі де тәтті болғандықтан, қант пен кәмпитті айыра алмайды.
Балада дұрыс суреттеу болу үшін оның жанында көп һәм ашық әсерленулер болуы шарт. Сондықтан тәрбиеші баланы көп заттан әсерлендіруге, әсерлендірген соң, дұрыс һәм ашық әсерлендіруге ыждиһат қылу керек.


Суреттеу ассоциациясы

Біздің жанымызда сансыз көп суреттеулер бар. Осы суреттеулер қанша көп болғанымен, біз оларды бірбіріне араластырып, жанастырып алмаймыз. Мұның себебі біз суреттеулерді байлам‑байлам қылып байлаймыз да, жанымыздың әр түкпіріне тастаймыз. Бізге бір байламның ішіндегі бір суреттеу керек болса, біз сол суреттеулерді алып келеміз. Бұл суреттеу анау өзімен бірге байлаулы тұрған суреттеулерді бірге ала келеді. Міне, осы суреттеулерді бір‑біріне байлау суреттеулер ассоциациясы деп аталады. Бірақ суреттеулерді беталдына бір‑бірімен байлай беруге болмайды. Байлаудың яғни ассоциацияның белгілі жолдары бар. Олар: 1) жақындық ассоциациясы; 2) тұқымдастық ассоциациясы.




Жақындық ассоциациясы

Бір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсерлену лерді біз бір байлам қылып тастаймыз. Яғни сол бір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсерленулердің біреуін суреттегенде, сонымен бірге байланған әсерленулер өздері келіп суреттеледі. Жақындық ассоциациясы дегеніміз осы. Жақындық ассоциациясы екі түрлі болады: 1) орында бірлік ассоциациясы һәм 2) уақытта бірлік ассоциациясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет