Мағжан Жұмабаев педагогика


Тілеу, суреттеу һәм ішкі сезім арасындағы байлам



бет48/50
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#138275
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Тілеу, суреттеу һәм ішкі сезім арасындағы байлам. Бұл үшеуінің арасында берік байлам бар. Суреттеу болма ған нәрсені адам тілей алмайды. Мысалы, естімеген, білмеген тамақты тілеуге мүмкін емес. Және адамның жағымсыз ішкі сезімі беретін нәрсені де тілеуі мүмкін емес. Бір нәрсенің суреті біздің жанымызда неғұрлым ашық болса һәм оның жанымызда жағымды сезім туғызуы бізге белгілі болса, біз сол нәрсені қатты тілейміз.
Қайрат қалай жасалады? Қайрат төмендегі басқыштар ды өтіп барып іске асады. Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті іске асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының тиістілігін бекітетін себептер дәлел яки мотив деп аталады. Бұл – қайраттың бірінші басқышы. Ал енді бір тілектің іске асуының тиістілігін көрсететін қарсы себеп те болады. Қарсы себеп – қарсы дәлел яки контр мотив деп аталады. Дәлелге қарсы дәлел шыққанда, біз бұл екеуін салмақтаймыз, салыстырамыз. Осы дәлел мен қарсы дәлел салмақтау дәлелдердің күресі деп аталады. Бұл – екінші басқыш. Егер дәлел мен қарсы дәлелдің қүші бірдей көрінсе, адамда толқу пайда болады. Дәлелдер күресінен кейін ақырда адам екі жақтың бір жағына жеңгізіп, бетін бір жаққа түзейді. Бұл үшінші басқыш. Бетті бір жаққа түзеу бекіту деп аталады. Бекітуді іске асыру орындау деп аталады. Бұл төртінші басқыш. Орындау жолында адам түрлі бөгетке ұшырап, бөгетті жеңе алмай қажып, жасып, бекітуін қайтып алуға мүмкін. Бұлай істемес үшін адам табанды болу керек. Табанды адам – қайраты күшті адам.
Қайраттың керектігі. Қайрат адам өмірінде аса қымбат орын алады. Адамның дене һәм жан ісін тізгіндеп, белгілі жолға салып өркендететін – сол қайрат. Мысалы, нәресте шақта адамның денесі қайрат қатыспай өз бетімен қозғалады. Ес кірген соң қайрат жұмсалып қозғалады. Жүргенде аяқ қозғалуы сықылды. Жан ісінде қайрат іскерлікке көп қатынасады. Шынында, қайрат жұмсамай адам іскер бола алмайды. Қайраттың ішкі сезімдерге әсері мол. Қайнап келіп қалған ашуды біз сол қайраттың қаруымен басамыз ғой.
Қысқасы, қайрат адамның барлық ісін тізгіндеп жолға салмақшы, жүзеге шығармақшы. Қайрат арқылы ғана адам жанындағы қалың күштер жарық көрмекші. Өмірде адам басына қиын‑қыстау істер келгенде, қажытпай алып шығатын – сол қайрат. Сермеген қолды аспандағы айға жеткізбесе де, ойлаған ойға жеткізетін – сол қайрат. Сондықтан тәрбиеші баланың қайратын өркеңдету үшін қызмет қылуға міндетті.


Қайратты өркендету жолдары

1) Тәрбиеші баланы денесін дұрыс билеп, дұрыс қозғалуға үйретсін. Дене мүшелері қайраттың тез қозғал атың, тез орындайтын қаруы болуға тиісті. Бала мүшелерін теріс қозғап үйреніп бара жатса, тәрбиеші тез түзесін. Сол уақытта бала қандай іске қай мүшені қозғау керек һәм қалай қозғау керек, соған әдеттенбекші. Жазғаңда, тіккенде саусақтарды қалай ұстау сықылды.


Тәрбиеші баланы әсіресе жан істерін қайратқа дұрыс бағындыруға үйретсін. Бала әсіресе тілегіне қожа бола алмайды. Не тілесе, соны жүзеге шығарғысы келеді. Бала болмай тын нәрсе болмайды деп ұғады. Тура мағынасымен аспан дағы айға ұмтылады. Тәрбиеші баланы осындай қияңқ ылықтан сақтауға міндетті. Балаға әрбір тілектің алдын, артын, болдыратын һәм болдырмайтын себептерін салмақтат ып, текс еріп үйретуге міндетті. Терең тексеріп келіп, тілекті жүзеге шығару қайраттылық болатыны сықылды, тексеріп келіп, тілекті тоқтатып қалу да зор қай раттылық. Есте болу керек: арыстан айға шапса, мерт бол мақшы, өтпес жарлық бойға қорлық болмақшы. Тілектің алдын, артын тексеріп үйренген адам балалықта ебетейсіз еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы.
2) Баланың қайраты күшті болуы үшін тәрбиеші баланың барлық ісін тізгіндей бермей, әрбір істе балаға ерік берсін. Бала өз еркімен денесін қозғап, жүгіріп үйренсін. Әсіресе жанды жұмсап үйренсін. Яғни бала өз бетімен бір нәрсені тілеп, сол тілектің алдын, артын тексеріп, сонан соң иә болдыруға, иә болдырмауға өзі әдеттенсін. Сол уақытта баланың қайраты өркендемек. Әрине, баланың ісі, тілегі пайдасызға, зиянға айналып бара жатса, тәрбиеші кіріседі ғой. Бірақ баланы ылғи тізгіндеуден сақтану керек.
Әдет. Әрбір іс дене ісі болсын, жан ісі болсын, алғаш істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істелгенде қиыңдық біраз жеңілденеді. Егерде көп істесек, ол істі тіпті жеңіл істейміз. Және сол істі ылғи істегіміз келіп тұрады. Істемесек, бір нәрсені жоғалтқандай боламыз да тұрамыз. Белгілі шарттар болғанда, белгілі бір түрде іс істеу әдет деп аталады. Мысалы, жазған уақытта саусақтарды былай ұстау, әрине, қиын. Оған қанша қайрат жұмсалады. Бірақ біраздан тіпті жеңілге айналады. Ойламай‑ақ, ешбір қайрат жұмсамай‑ақ, саусақтарымыздың өзі солай икемделе береді. Адам өмірінде әдет көп орын алады. Лейбниц деген ғалым адамның барлық ісінің төрттен үшеуі әдет болады дейді.
Әдеттің адамға көп пайдасы тиеді: 1) Әдет арқасыңда адам белгілі ғана істерді істеп, тақақтап ұшына шығады, анық орындайды. Әрбір істің басын шала бермейді. 2) Істің тиянақты, көрікті болуына себепкер, әдеттенген істі адам тиянақты істейді. 3) Уақытты һәм күшті далаға жібермейді, бәлки үнемдейді. Әдеттенген істі көп күш жұмсамай адам тез һәм жеңіл істейді. Әдеттену болмаса, адам бір істің соңында мыжып отырып қалып, басқа жаңа істерге уақыты болмас еді. Әдет – әсіресе, тәрбиешінің қолында күшті құрал. Әдеттендіру арқасында ғана баланы дұрыс жолға салуға мүмкін. Шекспир: «Жақсы әдет – жақсылыққа бастайтын періште»,– дейді. Орыстың тәрбие ғалымы Ушинский: «Жақсы әдет – өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның өсімін пайдаланады. Жаман әдет – борыш, адам өмір бойы сол борыштың бір өсімімен азап шегеді»,– дейді.
Адам өмірінде әдет осындай зор орын алатындықтан, тәрбиеші барлық күшін жұмсап, баланы неғұрлым жақсылыққа әдеттендіруге міндетті. Бала нашарлыққа бір әдеттеніп қалса, оны қайта түзету оңай нәрсе емес, есте болу керек. Ауру қалса да, әдет қалмақ емес. Әдет тым бойға сіңсе, құмарлыққа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет