Мағжан Жұмабаев педагогика



бет24/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Ұқсастық ассоциациясы. Біз бір нәрсені суреттесек, соған ұқсас екінші бір нәрсені де суреттейміз. Мысалы, біз бір адамды суреттесек, сол адамымыз пішіні, сөзі, жүрістұрысымен біздің бір досымызға ұқсайтын болса, сонда біз мынау досымызды да суреттейміз.
Осы ұқсастық ассоциациясы бойынша оқуды тез һәм жақсы меңгеріп алу үшін оқу материалын концентр қылып құрудың керектігі келіп шығады. Концентр – бір пәнді басқыштап, кеңейтіп оқыту деген сөз.
Қарсылық ассоциациясы. Бір нәрсені суреттегенде соған тіпті ұқсамайтын қарама‑қарсы нәрсені суреттеуге болады. Қысты суреттегенде – жазды суреттеу, қараны суреттегенде – ақты суреттеу, байды суреттегенде кедейді суреттеу сықылды. Бұл қарсылық ассоциациясы тұқымдастық ассоциациясына жатады. Себебі біз тұқымы жат екі нәрсені бірбіріне байлай алмаймыз. Суреттегенде, соған қарсы болып, тіпті тұқымы жат екінші нәрсе суреттелмейді. Мысалы, қысты суреттегенде, оған қарсы сиырды суреттемейсің, бәлки жазды суреттейсің. Себебі қыс пен сиырдың тіпті тұқымы басқа.
Балаларды оқытқанда қарсылық ассоциациясының көп пайдасы тиеді. Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсаң, сол нәрсенің қарама‑қарсысын алып кел. Мысалы, балаға жер ортасының ыстығын түсіндірмекші болсаң, солтүстіктің суығымен салыстыр.


Ес (зейін)



Ес һәм еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады. Ал енді сақталып тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп алып келе білуі еске түсіру деп аталады.
Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез алып, яғни тез жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады, бірақ тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды. Адамның білімді болуына, әрине, естің осы төртінші түрі, онан соң үшінші түрі пайдалы.


Адамның есі тағы төмендегі түрлерге бөлінеді:

1) Көру есі. Көру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін есінде ұстап қалады. Мысалы, таныс адамдарының пішіні есінде болады, аты, фамилиясы есінде болмайды. Яки бір шәкірт бір пәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда сол пән кітабының айтып тұрған сөздер жазылған бетін көргендей болады.


2) Есту есі. Есту есі күшті адам заттың дыбысын есінде ұстампаз болады. Мысалы, кейбір адам таныс адамдарының аты, фамилиясы, пішінін де ұмытып қалып, жалғыз даусын ғана есінде ұстайтын болады. Яки кейбір шәкірт сабақты өзі оқығаннан да мұғалімнің сөйлегенін тыңдағанда тез жаттап алатын болады.
3) Қозғалу есі яки мотор есі. Қозғалу есі күшті адам заттың қозғалуын есінде ұстайтын болады. Мысалы, кейбір адам таныстарының жүріс‑тұрысын ұмытпайтын болады. Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы көбінесе тұқым қуалайды. Мысалы, әнші, домбырашы, өлеңшінің баласында есту есі күшті болады. Және бір адам көңіл қойған нәрселеріне есті болып, көңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін. Мысалы, өлеңші өлеңді тез жаттампаз болады. Атақты жаратылыс ғалымы Линей өсімдік аттарын жаттауға шебер болған да, шет тілдерді үйренуге тым‑ақ топас болыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет