Мағжан Жұмабаев педагогика



бет40/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Баланың тілі. Бала а дегенде іңгәлауды ғана біледі, яғни мағынасыз бір дыбыс.
Іңгәлау – баланың жанында болған жағымсыз әсерленулерді дыбыспен жарыққа, сыртқа шығарғаны. Екінші айдың аяғыңда, үшінші айда бала дауысты дыбыстарға бірте‑бірте дауыссыз дыбыстар да қоса бастайды. Ең алғаш ерінмен айтылатын дауыссыз дыбыстарды қосады. Сол кезде баланың жанында суреттеулердің, һәм ұғымдардың ұшқындары да бола бастайды. Яғни, маңайындағы заттарға қарап, олардан әсер алып, әсіресе олардың күшті бір сынынан күшті әсер алады да, сол затқа сол баланың қарауыңда күшті сыны бойынша ат қояды. Яғни сөз жасайды. Мысалы, сиырды «мө» дейді, мысықты «мияу» дейді. Екінші түрлі айтқанда, бала затқа атты сол заттан шыққан дыбысқа еліктеп қояды. Бір жылдың аяғында бала көп сөздерге түсінетін болады. Бірақ өздері айта алмайды. Бір жасар баланың білетін сөздері 10‑15‑тен артпайды.
Ал енді бала жаңа жүре бастаған кезде (2‑нші жаста) оның сөз үйренуі біраз тоқтап қалады. Жүріп үйреніп алған соң, тағы сөзге кіріседі. Бір жарым жас кезінде бала бірталай сөз айта алатын болады. Бірақ түгел айта алмайды. Сөздің не басын, не аяғын ғана айтады. Мысалы, баланың ішем дегені де – «іш», ішеді дегені де – «іш», іш дегені де – «іш». Ал енді бала айта алмайтын дыбыстың орнына екінші дыбыс қолданады. Мысалы, «р» орнына «и» жүргізеді. Кейбір адамдардың баланың өз тілінше сөйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы еркелетіп әдейі тілдерін бұзып, балаша шолжыңдап сақау болып сөйлейтіндері бар. Бұл – зор қате. Бұлай сөйлеу баланы түземейді, бұзады. Баланы адастырып, оның сөзді дұрыс сөйлеп үйренуіне бөгет болады. Бала сөзін дұрыс сөйлеген үлкен кісінің сөзіне қарап дұрыстайды ғой. Бала бастап заттардың атын (зат есімдерді), онан соң заттардың ісін (етістіктерді), онан соң заттардың сынын (сын есімдерді) айтып үйренеді.
Екінші жылдың аяғында бала қысқа сөйлемдерді айта алады. 3–4‑інші жылда бала жап‑жақсы сөйлейтін болады.
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек. Және балаға ұқпайтын жат сөз үйретпеу керек. Екінші – баланы өзі теңді балалармен бірге ойнату керек. Баланы ешбір уақыт сөзден тыймау керек. Былдырласын, шолжыңдасын – сөйлей берсін. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп.


Ішкі сезім көріністері

Біз жан тәрбиесіне кіргенде жан көріністерін үшке бөліп едік: ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері һәм қайрат көріністері деп. Ақыл көріністерінің қандай түрлерге бөлінуін һәм оларды қалай тәрбие қылу керек екендігін біз жазып өттік. Енді ішкі сезімдерге көшеміз.


Ішкі сезімдер. Адам бір нәрседен әсерлену алып, сол нәрсемен таныс болып тұрғанда, адамның жаныңда не жағымды, не жағымсыз бір күй болмай қоймайды. Мысалы, жағымды дыбыстан әсерлену алғанда, жан жағымды күйде болады. Жағымсыздан жағымсыз күйде және болып озған бір әсерленуді суреттеу жасағанда да жанда не жағымды, не жағымсыз күй болады. Мысалы, біз жақсы көрген адамдарымызды суреттесек, жанымыз жағымды күйде болады. Жек көрген адамымызды суреттесек, жанымыз жағымсыз күйде болады. Қысқасы, әсерлену уақытында яки суреттеу уақытында жанымызда не жағымды, не жағымсыз бір толқын болмай қоймайды. Міне, осы әсерлену һәм суреттеу уақытында жанда болатын толқын ішкі сезім деп аталады.
Әсерлену мен ішкі сезім арасыңда көп айырма бар. Әсерлену дене мен жанның қатынасуымен болатын көрініс. Ішкі сезім – таза жан көрінісі. Бұл – бір. Екінші, әсерлену арқылы біз сыртқы заттармен танысамыз. Ал енді ішкі сезім арқылы біз заттарға, көріністерге баға береміз. Егер қадірлі деп тапсақ, жанымыз жағымды күйде болады, қадірсіз деп тапсақ, жанымыз жағымсыз күйде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет