Мағжан Жұмабаев табалдырық. Манифест



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,7 Mb.
#8106
1   2   3   4   5   6   7
 
 
«Хан  Кенені»  талқылаудан  өткізуді  талап  еткен  Ғ. 
Мүсірепов  Өлкелік  партия  комитетінің  мəдениет  жəне 
ленинизмді  насихаттау  бөлімінің  меңгерушісі  І.  Қабыловтың 
төрағалығымен  өткен  бұл  талқылауға  қатыса  алмаған  сияқты. 
Өйткені  стенограммада  оның  аты-жөні  аталмайды.  Пьесаны 
театрдағы  қойылымнан  алып  тастау  жөнінде  шешім 
қабылдаған  бұл  талқылауға  Ғ.  Мүсірепов  қатынаса  алмаса  да, 
шығармаға  байланысты  өз    ұстанымын    «Хан  Кенені»  қалай 
қайта жазған жөн?» – деген пікірінде толық білдірген. Мұрағат 
қорында  Ғ.  Мүсірепов  пікірінің  орыс  тіліне  аударылған  мəтіні 
сақталған.  Аудармашы  «Исмагилов»  деп  қол  қойылған  бұл 
құжатқа оның авторы «Как нужно переделать «Хан Кене» деген 
тақырып қойыпты [34].  Пікір талқылаудан кейін жазылғандай  
əсер  қалдырады.  Өйткені  Ғ.  Мүсірепов  қолжазба  мəтінінде 
талқылауға  қатынасқан  кісілердің  сөздеріне  сілтеме  жасайды. 
Біз бұл арада оның пікіріндегі кейбір тұжырымдарға тоқталуды 
жөн  көрдік,  өйткені  олар  «Табалдырыққа» – қарсы    екінші 
ұстанымды білдіреді.  
 
Ғ.  Мүсіреповтың  пікірінше,  пьесаның  тақырыбы  дұрыс 
алынбаған,  ал  онда  «автор  ұлттың    атақты  батырларының 
қосынына  ат  басын  бұрып»  көрерменнің  сезіміне  тиіп, 
көңілінде  жанашырлық  отын  жаққысы  келген.  Кеңестік  билік 
күш  ала  бастаған  бұл    тарихи  мезгілде  жаңа  социалистік  
қоғамдық шындық пен өткен феодалдық шындықты қарсы қою 
кең  етек  ала  бастаған  əдіс  еді.  Осы  партиялық  ұстанымды 
басшылыққа  алған  Ғ.  Мүсірепов  «Хан  Кене»  сияқты 
қойылыммен  театр  өз  желкесін  үзіп  алуы»  əбден  мүмкін  
екендігін  ескертеді.  Ғ.  Мүсіреповтың    пікірінше  Кенесары 
Қасымұлы  «Пугачев  емес,  ондай  бола  да  алмайды».  Хан  Кене 
бастаған  ұлттық  қарсылықты    шығарма  тақырыбы  ретінде 
алған  автор  қандай  идеяны  өткізбек?  Ал  идея  советтік 
қоғамның  (партия    мен  Орталық  биліктің  деп  оқыңыз – авт.) 
мүддесіне сай келе қояр ма екен? Ғ. Мүсіреповтың пікірінше ең 
алдымен  анықтап  алатын  нəрсе  осы.  Əрине,  сыншы  бұл  арада 

 
 
- 32 -
М.  Əуезов  пьесасының  өзекті  жібі  ұлттық  мемлекттілік  жəне 
тəуелсіздік  идеясы  екендігін  тура  түсініп,  соған  нұсқап  отыр. 
Шығармадағы  советтік  қоғамның  мүддесіне  сəйкес  келмейтін 
идея  да  осы  еді.  Яғни  «Хан  Кене»  кеше  ғана (1932 ж.)  кеңес 
абақтысынан бостандыққа шыққан М. Əуезовтың «əлі де болса 
буржуазиялық-ұлтшылдық 
ұстанымынан 
арыла 
алмай 
отырғандығының»  айғағы.  Ғ.  Мүсірепов  сынының  түйіні  де 
осы тұжырымға саяды [35].  
Сонымен, 1934 жылы 8 мамыр  күні  болып  өткен 
талқылауға  оның  авторынан  басқа  С.  Сейфуллин,  С. 
Асфендияров, Ғ. Тоғжанов, Ирубаев жəне О. Беков қатысады. 
Халком  Т.  Жүргеновтен  соң  сөз  алған  М.  Əуезов  бұл 
шығармасын  жазуға  қандай  даярлықпен  келгендігінен  мəлімет 
беруден бастайды. Сонымен бірге бұл тақырыпқа қалам тартуға 
түрткі  салған  негізгі  идеяны  баяндауға  бармайды.  Оның  бұл 
мəселеге  бармау  себебін  бүгін  түсінуге  болады  жəне  солай 
жасағаны дұрыс та еді. 
М.  Əуезов  үшін  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  көтеріліс – 
бұл  ұлттық  тəуелсіздік  үшін  күрес  тақырыбы.  Құжаттық 
материалдар  бұл  ұлт  өмірінің  аса  маңызды  кезеңіне  қатысты 
тақырыптың  ұлы  жазушы  көңілінде  зор  толғаныс  тудырып, 
өмірінің  соңына  дейін  онымен  бірге  жүргендігін  байқатады. 
Бұл  ретте,  мəселен, 1943 жылы  жарық  көріп,  Мəскеудегі 
партиялық  басшылық  арасында  үлкен  мазасыздық  тудырған 
«История  Казахской  ССР»  кітабындағы  «Кенесары  Қасымов 
бастаған  қазақ  халқының  азаттық  күресі (1837-1847 жылдар)» 
аталатын  тараудың (XIV т., 217-241-бб.)  тікелей  М.  Əуезовтің 
белсенді  ұстанымы  арқасында  кітапқа  жеке  тақырып  ретінде 
енгізілгендігін, 
сондай-ақ, 
бұл 
ғылыми 
мəселені 
Е. 
Бекмахановтың  арнайы  зерттеу  тақырыбы  ретінде  алуына  М. 
Əуезовтің  шешуші  ықпал  жасағандығын  айтудың  өзі  де  аздық 
етпес  деп  ойлаймыз.  Егер  қоғамда  еркін  шығармашлыққа 
қолайлы жағдай қалыптасқанда М. Əуезовтің Кене хан бастаған 
көтерілісті  кең  көлемдегі  шығарма    тақырыбы  ретінде  арнауы 
əбден мүмкін еді. 
Басқаша айтқанда, М. Əуезов сияқты зор талант иесінің бұл 
тақырыпқа  келуі,  əрине,  кездейсоқ  құбылыс  емес-тін. 1917-
1919 жж. оның көз алдында жеңіліс тапқан ұлт-азаттық (Алаш) 

 
 
- 33 -
қозғалысы  мен  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық 
қозғалыстар  арасындағы  өзара  сабақтастық  жөнінде,  бұл 
қозғалыстардың  қайғылы  жеңіліске  ұшырауының  себеп-
салдарлары  жөнінде  М.  Əуезовтің  ойланбауы,  əрине,  мүмкін 
емес-тін. «Хан Кене» сияқты тақырыпқа мақсатты түрде қалам 
тарта  отырып,  ол  оқырмандарын XX ғасыр  басындағы  Алаш 
қозғалысының  жеңіліске  ұшырау  себептері  жөнінде  ойлануға 
итермелеп, сондай-ақ, ұлт болашағы үшін күрестің мұнымен де 
аяқталмайтындығын  көркем  шығарма  тілімен  жеткізеді. 
Жазушы  трагедияның  соңғы  көріністерінің  бірінде  өзі  жақсы 
көретін  ұлы  Сыдықпен  қоштасқан  Кене  ханның  аузына 
мынадай  сөздер  салады.  Кене  хан  Жоламанға: «Əй,  өзгелерді 
қой
,
 Сыдықты алып келші, маңдайынан бір сүйіп қалайын...», - 
деп,  ал  баланы  алып  келгенде: «... ұлғайып  азамат  бол. 
Ешнəрседен қорықпа, қорғанба! Артыңа үлгі қалдыратын адам 
бол....  Еліңнің  ері  бол.  Ата  жолын  қуарсың...,  жалғыз  үміт 
қылған  балапаным  ең...  Ақтарсың...  Бірақ,  заманың  əлдеқалай 
болар. Кім білер» [36], - дейді. 
Өзінің  бұл  тақырыпқа  қандай  даярлықпен  келгендігін 
баяндаудан  бастаған  М.  Əуезов: «...Пьесаны  жазуға  кірісуден 
бұрын  мен  мол  материал  жинадым,  сондықтан  да  Кене  хан 
қозғалысының  тарихын  білемін  деп  сенімді  айта  аламын.  Мен 
Орынбор  жəне  Омбыдағы  құжаттық  материалдармен,  сондай-
ақ,  қазақ    жəне  қырғыз  халықтарының  арасындағы 
материалдармен 
таныспын. 
Мəселен, 
Кене 
ханның 
қырғыздармен  қатынас  кезеңі  құжаттық  материалдарға 
түспеген,  сондықтан  ол  кезең  жөніндегі  мəліметтерді  қырғыз 
арасынан жинауға тура келді. 
...Кез келген тарихи фактіге байланысты əрбір зерттеушінің 
өз  көзқарасының  болуы  ықтимал,  дегенмен,  автор  тарихи 
тақырыпқа  байланысты  жеке  концептуалдық  ұстанымын 
қалыптастырмаса,  онда  материалды  игеріп  кете  алмайды.  Сол 
сияқты əркім өз тарих философиясын басшылыққа алады. Мен 
бұл  жазған  тарихты  осы  тұрғыдан  қорытып,  өзімше 
түсіндірдім. 
Менің  пьесамның  белгілі  бір  идеясы  мен  мақсаты  бар 
екендігін айтқаным жөн. Ал оны қабылдау немесе қабылдамау 
бұл басқа мəселе...» 

 
 
- 34 -
М. Əуезов осы кіріспе сөзі арқылы-ақ негізгі ойын астарлап 
жеткізген еді. Бірақ большевиктік идеология ұстанымына табан 
тіреп алған дискуссияға қатысушы шешендерге тағы бір басқа 
екінші  ұстанымның, «бұлыңғыр»  тарих  философиясының 
пайдасына  айтылған  дəлелдер  мен  аргументтердің  мүлдем 
қажеті  де  жоқ-тын.  Оларға  жүктелген  міндет  «алашшыл» 
Əуезовті жаңа таптық көзқарас ұстанымы алдында тізе бүктіру 
еді.  Сондықтан  да  келесі  сөз  алған  С.  Сейфуллин  пьесаның 
пролетарлық  емес  арнада  сəл  ертерек  жазылып,  ал  оған 
кейінірек енгізілген өзгертулер «жасыл түсті фонға қып-қызыл 
жалау»  жапсырғандай  болып  шыққандығын,  сондай-ақ, 
Əуезовтің ықыласы революцияшыл кейіпкерлер жағында емес, 
ұлтшыл Наурызбай жағында екендігіне көңіл аударады. 
С.  Сейфуллиннің  пікірінше,  Кенесарының  мақсаты 
қазақтардың  патшалық  билікке  қарсы  қозғалысын  жеке  бас 
мүддесіне  пайдаланып,  атасы  Абылай  хан  тұсында  құлаған 
хандық  билікті  қайта  жаңғырту  еді.  Ал  бұл  хандық  билікте 
халыққа  тиімді  ештеме  де  болған  емес-тін. «Маған  бұл 
қозғалыстағы батыр да, хан да жəне би де феодалдар табының 
өкілі, ортақ мақсаттағы кейіпкерлер ретінде көрінеді. 
...Менің  ойымша, «Айман-Шолпан»  да  шындықтан  алыс 
тұр. «Айман-Шолпанда»  қазақтың  ірі  байларының  үрім-
бұтағын  көреміз.  Бұлар  қазақ  феодалдары,  ал  қарапайым  қара 
қазақ  жоқ.  Біз  пьесадан  жарқыраған,  көз  қарықтыратын 
феодалдың  қыздары  мен  ұлдарын  көреміз,  ал  қазақ  бұқарасы 
оған қатыспайды». 
Дискуссияда сөз алған С. Асфендияров пен Ғ. Тоғжанов та 
пьесада  қарапайым  халықтың  революциялық  қозғалысынан 
гөрі,  Кене  хан  мен  Наурызбай  сұлтанды  əсірелеп  көрсету 
əрекеті барына назар аударып, «Кенесары хан болғандықтан да 
халық қаһарманы ретінде көрсетілуі қателік» деген тұжырымға 
қолдау  жасайды.  Олардың  да  осы  ұстанымда  сөйлемеске 
шарасы жоқ еді. 
Талқылауға  төрағалық  жасаған  І.  Қабылов  та  «жаңа  пьеса 
даярлау  бұл  біздің  театр  қызметкерлерінің  ғана  жұмысы  емес, 
бүкіл  қауымның,  үкіметтің,  сондай-ақ,  партия  ұйымының  да 
ісі»,  ал  кеңестік  театрда  хан  тұқымы  сахнаға  неге  қаһарман 

 
 
- 35 -
болып  шығып,  тіптен  өмірден  қаһарман  болып  өтуі  тиіс,  бұл, 
əрине, пьесаның кемшілігі деген тұжырым жасайды. 
Міне,  осындай  талқылаудан  соң  «Хан  Кененің»  жаңа  ғана 
аяғына  тұрып  келе  жатқан  қазақ  драма  театр  сахнасынан 
біржола түсіп қалғаны, əрине, таңданыс тудырмасы анық. 
Бұл  арада,  мəселе  С.  Сейфуллиннің  немесе  Ғ. 
Мүсіреповтің  жеке  басында  емес,  сондай-ақ,  баяндалған 
мазмұнда  жүрген  процесс  тек  қазақ  əдебиетіне  ғана  тəн 
құбылыс еді деген ой тумауға тиіс. Мəселе Ғ. Мүсірепов жəне 
С.  Сейфуллиннің  қолдауымен  жаңа  кеңестік  идеология 
ұстанымына  лайық  құндылықтардың  орын  тебуінің  тарихи 
фактіге айналғандығында. 
Сонымен  бірге,  əдебиет  пен  өнердегі  социалистік 
реализмді  тек  бір  қара  бояумен  ғана  түстеу  орынсыз  болып 
шығар  еді.  Өйткені,  қарапайым  еңбек  адамы,  оның  тұрмыс-
тіршілігі,  игілігі,  Мағжан  ақын  «Табалдырығында»  дəл  басып 
айтқанындай,  əдебиеттен  өзіне  лайық  орын  алуға  тиіс 
құндылық. 
Мағжан 
ақын 
атап 
көрсеткендей, «Табалдырық» 
ұстанымында  І.  Жансүгіровтың  «Күйші» (1935 ж.)  жəне 
«Құлагер» (1936 ж.) атты шығармалары бар.  «Күйші» дастаны 
1929 жылы жарық көрген «Күй» дастанынан соң өмірге келген 
[37].  «Күй»  дастанындағы  ойдың  желісі  «Бозінген»  күйіне 
құрылған.  Ақын  онда  бұл  зарлы  күйді  тартқан  Молықбай  шал 
мен 
«жаны 
жылаулы 
жапан 
даланың» 
арасындағы 
үйлесімділікті  көріп, «əлемнің  əуеніне  бермес  ем-ау,  қазақтың 
мұңын  тартқан  күйші  шалын»  деген  тұжырымға  келгенімен, 
бұл  көңіл-күйін  октябрьдің  «қып-қызыл  боп  тасыған  суымен» 
шайып,  оның  орнын  даланы  дүркіреткен  жаңа  социализм 
күйіне береді. Соған қарамастан, 1934 жылы Ілияс ақын зарлы 
күй  тақырыбына  қайта  оралып,  енді  «Күйшіні»  жазады.  Олай 
болса, бұл күйші кім, ол тартқан күй не туралы баяндайды? 
«Күйшіде»  жауаптан  сұрау  көп. «Күйшінің»  астары 
қатпар-қатпар.  Күйді  сүйген,  оны  терең  түсіне  де  білген 
қатыгез  Қарашаш  сұлу  төре  тұқымы.  Ал  тоқсан  күй  мен 
сұңғыла өнердің иесі, «бір өзіне барлық Үйсін татымас» Күйші 
қара тобырдан. Яғни екеуінің арасында заман тұрғызған зəулім 
қабырға тұр. 

 
 
- 36 -
«Күйшіде»  жауаптан  сұрау  көп  дедік.  Неге  күй  зарлы  да, 
бірақ ол жеткен көңілге тəтті? Неге толғауы тоқсан күйдің бірі 
бəрінен  артық?  Неге  өнердің  хас  жорғасы – күйші  жігіт  күйді 
сүйген  сұлуға  тең  емес?  Жалғыз  ұлын  аңға  балап  атып  салған 
Арша  мергеннің  тағдыры  неге  қайғылы?  Неге  тоқсан  күйді 
түсініп, қабыл алған Қарашаштай сұлу күйші жанынан қайнап 
шыққан жалғыз күйді түсіне алмайды?... 
Бұл  қойылған  сұраулардың  бəріне  бірдей  жауап  беру 
мүмкін емес, ол біздің қолымыздан да келмес, тек біреуіне ғана 
жауап  беріп  көрейік.  Қасиетті  домбыра,  одан  шыққан  тоқсан 
күйдің  бəрі  бірдей  інжу-маржан,  адам  жанының  шетсіз  де 
шексіз  қырлары  мен  сəттері.  Бірақ  сол  тоқсан  күйден  ерекше 
бір  ғана  күй  бар,  ол  Азаттықтың  күйі. «Күйшідегі»  Кене 
ханның  сүйікті  қарындасы  Қарашаш  сұлуда  бəрі  бар:  төрелік 
тек  те,  ерекше  көрік  те,  билік  те,  дүние-мүлік  те.  Бірақ  Ілияс 
ақын  айтқандай  басқа  тоқсан  күйден  өзгеше  азаттықтың  күйін 
түсінбеген  сұлу  Қарашаш  Күйші  көзінде  «қыз  емес,  албасты», 
«жыландай  жиырылған  кесірткі», «қара  тастай  суық».  Ілияс 
ақын үшін Қарашаш билік, мүмкін ол патшалық болар, мүмкін 
ол  кеңестік  болар,  қайсысы  болса  да  ол  билік.  Ол  жеке  басты 
пенденің  азаттығын  сыйласа  ғана,  жеке  тұлғаның  еркіндігіне 
басты  құндылық  ретінде  қараса  ғана  құрметті. «Адамның  азат 
басы дəулет екен, өзінде ердің еркі – сəулет екен», олай болса 
«домбыра бостандықтың ырғағын тарт!» – дейді ақын. 
«Құлагер»  бұл  да  күй.  Ілияс  ақын  айтқандай  «қазақтың 
қиялының  жақсы  аты»,  арғымағы. «Құлагер»  зарының  авторы 
Ақан  сері,  Ілияс  ақын  пікірінше  «əулие  болмаса  да,  безеген 
жан».  Неліктен?  Бұл  сұрауға  жауап  беруді,  жалпы  Ақан 
тұлғасы  мен  шығармашылығының  түпкі  себебін  түсіндіруді 
«Құлагер» авторы кейінгі тарихшыларға қалдырады [38]. 
Бұл  мəселе  тарихи  зерттеу  тақырыбы  ретінде  іргелі 
монографиялық  еңбектерде  қарастырылған,  сондықтан  да  бұл 
арада  тек  жасалған  негізгі  тұжырымдармен  ғана  шектелейік. 
XVIII  ғасырдың 50-ші  жылдары  Жоңғар  қалмақтары  біржола 
ығысқаннан  кейінгі  уақытта,  басым  түрде  Орта  жүз  қазақтары 
жайлаған Арқа жерінде аз мезгілге болса да тыныштық орнап, 
мал  шаруасына  аса  қолайлы  бұл  өлкеде  қазақ  ауылдары 
салыстырмалы  түрде  болса  да,  емін-еркін  өсіп-өркендеу  сəтін 

 
 
- 37 -
басынан  кешірді.  Емін-еркін  Арқадағы  ғажап  өмір  туралы 
ертегідей түсінік қазақ санасында міне осы уақытта орын тепті.   
Бірақ  бұл  мезгіл  де  ұзаққа  созылған  жоқ. XIX ғасырдың 
20-40-жылдарынан  бастап,  казак  посёлкалары  енді  қазақтың 
қалың  ішіне  еніп,  Көкшетау,  Ақмола,  Атбасар  өңірлерінде 
орныға бастады. «Енді еркіндік заман жоқ, дұшпанның құрған 
торы бар. Ендігі жүрген жігіттің, маңдайында соры бар», – деп 
Шортанбай  ақынның  ой  түйген  заманы  шамамен  осы  мезгілге 
тұс келеді. Ақан сері мен Біржан салдың əндерін кернеген мұң 
аяқтың астынан сусып басқаға өтіп бара жатқан атамекен жер, 
сол жермен бірге кетпек еркіндікті жоқтаған елдің көңіл-күйін 
білдірсе керек. 
Ілияс  ақынның  Ақан  серісінің  сүйгені  Ақмарқа  сұлу  да, 
мінгені  Құлагер,  жаттағаны  жыр,  жоқтағаны  жер.  Ақмарқаны 
ала  алмағаны,  Құлагерді  төгілтіп  өмірінің  соңына  дейін  серік 
етіп  жүре  алмағаны,  Көкшетау – Бурабайдай  жерді  ұстап  тұра 
алмағаны  үшін  «алдымен  өзін  жазалаған»,  шерлі  де  мұңлы 
Ақан  сері.  Сөйтіп  жалғыз  қалған,  қоғамнан  шеттеп  шыққан 
«артық  адам» (лишний  человек).  Дегенмен,  Ілияс  ақынның 
айтпағы  ол  емес-тін.  Оның  айтпағы  Ақанның  Құлагері. 
Анығырақ  айтсақ  Құлагерге  жоқтау.  Қазақы  көңіл  оны  түсіне 
алады. Арғымақ ат ер жігіттің қанаты, яғни ол қазақ ұғымында 
азаттықтың  жалқы  баламасы.  Ілияс  ақынның  «Құлагері» 
азаттыққа  айтылған  жоқтаудай  оқылатындығы  да  сондықтан. 
Мағжан  ақынның 1937 жылы  Алматыға  келіп,  Жансүгіровтың 
«Күйшісі» мен «Құлагерін» оқығанда, оның   «Алқа» 
«платформасы 
арнасында 
үлкен 
жігермен 
ізденіс 
жасағандығына  көзім  жетті»  дегенде  айтқалы  отырған  негізгі 
ойы да осы болса керек. 
 Ілияс  ақынның  көздегені  «Құлагерін»  жоқтап  күңіренген 
Ақан  серінің  бейнесі  арқылы  азаттығына  қолы  жетпеген 
қазақтың шерменде көңілін білдіру еді.  
Ал, осы «Табалдырық» манифесін жазып, «Алқа» ұйымын 
құруды  ойластырған  Мағжан  ақын  осы  мезгілде  өзі  ұсынған 
ұстанымда  шығармалар  жазды  ма?  Ақынның 1925 жылдан 
кейінгі 
шығармашылық 
тағдыры 
жеңіл-желпі 
қалыптаспағандығын  аңғару  қиынға  түспейді.  Осы  жылғы 
мамырда  партияның  Қазақ  өлкелік  комитетінің  атына  И. 

 
 
- 38 -
Сталиннің  «Ақжол»  газетінің  саяси  ұстанымына  байланысты 
жолдаған  хатынан  соң  алаштық  зиялылардың  жағдайы 
бұрынғыдан  күрделене  түсті.  Олар  Мəскеу,  Ташкент, 
Қызылорда  жəне  басқа  орталықтардағы  баспа  жəне  редакция 
ісіндегі  қызметтерінен  босатылды.  Мəскеудегі  Орталық 
баспадағы  қызметінен  Ə.  Бөкейханов  та  кетірілді. «Ақжол» 
жəне  «Еңбекші  қазақ»  газеттерінің  редакциясында  қызметте 
жүрген  Алаш  қозғалысына  қатынасы  бар  деп  танылған 
шығармашылық  иелері  жұмыссыз  қалды.  Басқаша  айтқанда, 
«ұлтшыл»  ұстанымдағы  жазушыларды  ашық  түрде  қудалау 
басталып кетті. Міне, осы елде қалыптаса бастаған жаңа саяси 
жағдайды  есепке  алғанда  Мағжан  ақынның  астарлы  оймен 
біршама  еркін  жазған  соңғы  көлемді  шығармаларының  бірі – 
«Жүсіп хан». Ақынның 1988 жылы жарық көрген шығармалар 
жинағында бұл поэма 1924 жылғы қазан айында жазылған деп 
көрсетілген [39]. 
Бұл мезгілде Мағжан ақын Мəскеудегі Орталық баспаның 
қазақ  секциясында  қызметте  жүрді.  Осы  жылдары  ақынмен 
қызметтес  болған  ұлт  зиялыларының  бірі  мынадай  пікір 
білдіреді: «Орталық  баспаның  қазақ  секциясының  қызметінде 
алашордалық  ұстаным  басымдылық  алды.  Н.  Төреқұлов 
(секция 
басшысы 
–авт.) 
əрқашанда 
Бөкейхановтың 
ұсыныстарына  қолдау  көрсетті.  Төреқұловтың  өзі  де  халық 
əдебиетінің  үлгілерін  жақсы  көретін.  Олардың  қайсыбірлеріне 
өз  атынан  мақтау  сөздер  мен  кіріспе  жазатын  (мəселен, 
«Кенесары – Наурызбай» атты тарихи жырға, «Мың бір мақал» 
жинағына, Шығыс баспасы, 1923 ж.). Ол неше түрлі ертегілерді 
ұнататын.  Мəселен,  Иран  өмірінен  алынған  өте  екіұшты, 
астарлы жəне контрреволюциялық мазмұндағы ертегі негізінде 
М.  Жұмабаев  «Жүсіп  хан»  деген  поэмасын  соның 
тапсырысымен жазды. Бұл ертегі баспадан 1926-1927 жылдары 
жарық  көрді.  Мен  ол  шығарманың  жариялануына  қарсы 
болдым» [40]. 
Шынымен,  бұл  көрсетуде  айтылғандай, «Жүсіп  хан» 
дастаны  астарлы,  эзоптық  тілмен  жазылған,  сол  мезгілдегі 
ойлы  оқырманға  айтары  көп  шығарма  еді.  Поэмада  өткінші 
«бір сəтке» хан тағына отырған Жүсіп хан жедел түрде кедей-

 
 
- 39 -
кепшіктің  пайдасына  тəркілеу  (конфискация)  шараларын 
жүргізеді. 
...Жарлықты Жүкең жаудырды, 
Уəзірді жер аударды, 
Қазының басын алдырды. 
Машайығын, молдасын, 
Қойқаңдаған қолбасын, 
Абақтыға салдырды. 
Мұналық талай мұңдардың, 
Елді сорған сұмдардың, 
Қырықтырды басын түймедей. 
Байларды айдап жиғызды, 
Тұмылдырық кигізді 
«Уһ!»–деді көп кедей [41]. 
Сөйтіп,  Жүсіп  хан  «өңшең  залым,  кезептен  еңбекші  елді 
аршыды».  Бірақ,  парадокс  сонда,  кедей-кепшікке  «мереке» 
əкелген  бұл  шара  қоғамдық  өмірдің  заңдылықтарына  қайшы 
келетін еді. Сондықтан да «донкихот» Жүсіп ханның билігі он-
ақ күнге созылды. 
Тəркілеуден  «тірі  қалған  төбеттер»  есін  жиып  оныншы 
күні  Жүсіпті  тағында  өлтірді.  Ал  байтақ  ел  ше,  енді  ол  жетім. 
Болған  істі  көріп,  аз  «түнеріп  тұрды  да, «Қап!» - деп  санын 
ұрды  да,  үн-түн  жоқ»  тарап  кете  барды.  Белсенділігі  осымен 
аяқталды. 
Ресейдегі революциялық өзгерістерді көз алдынан өткізген 
Мағжан ақын 1924 жылы-ақ бұл аласапыранның соңы осы иран 
ертегісіндегідей  шындыққа  ұласпайды  ма?  деген  сауалды 
көлденең  тартады.  Бұл  ретте  біз  профессор  Ш.  Елеукеновтың 
Жүсіп  хан  мен  И.  Сталин  арасынан  ұқсастық  іздеуіне  толық 
қосыламыз [42]. Егер  поэма  кейіпкері  Жүсіптің  есімі  ислам 
дініндегі  Юсуф  жəне  библиядағы  Иосиф  пайғамбарлардың 
есімінен  бастау  алатындығын,  сондай-ақ  Кеңестер  Одағының 
басшысы  Сталиннің  де  есімінің  Иосиф  екендігін,  елдегі 
тəркілеу  саясатының  соның  басшылығымен  жүргендігін  еске 
алсақ, онда Мағжан ақынның «Жүсіп хан» аталатын жоғарыда 
баяндалған мазмұндағы поэма жазып, оны Мəскеуде жариялап, 
қандай тəуекелге барғандығын аңғару мүлдем қиынға түспейді.    

 
 
- 40 -
Қорытынды. 
Кезінде 
тергеу 
материалдарында 
«Табалдырық» «платформа»  аталған. «Платформа» – француз 
сөзі,  егер  оның  саяси  мағынасын  алсақ – белгілі  бір  саяси 
партияның,  қоғамдық  ұйымның,  топтың  əрекет  бағдарламасы 
дегенді білдіреді [43].  
Өткен  ғасырдың 20-30-шы  жылдары  елімізде  жаппай 
репрессия  саясаты  жүргізілген  мезгілде  Алаш  зиялылары, 
үстінен  жүргізілген  сот  процесі  барысында  тергеушілер  бұл 
құжатқа мүмкін болғанша саяси реңк, астар беріп, оны Кеңестік 
билік 
пен 
Коммунистік 
иделогияға 
қарсы 
қазақ 
ұлтшылдарының  ортақ  бағдарламалық  құжаты  ретінде 
қарастыруға  тырысып  «платформа»  деп  атады.  Яғни 
«Табалдырық»  большевиктер  платформасына  қарсы  қойылған 
қазақ  ұлтшылдарының  платформасы.  Ал    Мағжан  ақын  болса 
өз  шығармасына  бағдарлама  немесе  платформа  деп  ат 
қоймаған.  Қалыптасқан  жағдайға  қарағанда  ақында  ондай 
мүмкіндік болмаған да сияқты.  
«Табалдырық»  жай,  ағымдағы  шығарма  емес.  Ол 
қоғамдағы күрделі де түбегейлі саяси, əлеуметтік жəне рухани 
өзгерістер  жағдайында  өмірге  келген  туынды.  Оны  өмірге 
əкелген сол тарихи мезгілде илеуге түскен қазақ шындығы. 
Ресей  империясында  қазан  революциясы  жеңіп,  кеңестік 
билік  орнағаннан  кейінгі  уақытта  В.И.  Ленин  бастаған 
большевиктер  партиясы  социализм  атанған  қоғамдық  жүйені 
енгізе  бастады. Қазақ қоғамы империяның орыс халқы сияқты 
жаңа  саяси  жəне  экономикалық  жүйені  қабылдауға  тіптен  де 
даяр  емес-тін.  Сондықтан  да  большевиктер  үкіметі  көздеген 
мақсатына тек күшке сүйене отырып қана жете алатын еді. 
Жаңа саяси тəртіпке күштеп көндіру əрекеті рухани өмір, 
мəдениет  саласында  да  жүрді.  Шығармашылықтағы  қазақ 
зиялыларының  белсенді  бөлігі  мұндай  зорлыққа  қарсылықпен 
жауап  берді. 1924 жылдың  соңы  жəне 1925 жылдың  алғашқы 
күндері  жазылған  Мағжан  Жұмабаевтың  «Табалдырық» 
аталатын  шығармасы  міне  осы  елде  тоталитарлық  билік 
жүйесін  орнату  жолына  түскен  большевиктік  идеологияға 
қарсы əдеби ағымның негізін қалады, соның нəтижесінде 1917 
жылдан  кейінгі  оқиғаларға  қатысты  алаштық  саяси  топтың 
көзқарасын  білдірген  шығармалар  шоғыры  өмірге  келді. 

 
 
- 41 -
Эзоптық тіл мен əдіске негізделген бұл əдебиеттегі ағымды біз 
«Қарсылық əдебиеті» атауды жөн деп білеміз. 
 
«Табалдырықтың» 
Коммунистік 
Орталықтың 
империядағы  қазақ  сияқты  халықтардың  қоғамдық  өмірдегі 
ұлттық ерекшеліктерін есепке алмастан рухани өмір саласында 
да өз ұстанымдарын универсалды құндылық ретінде жоғарыдан 
күшпен  телуіне  қарсы  көңіл-күйді  білдіретін    құжат  екендігі 
айқын. Сонымен бірге «Табалдырық» сол бір күрделі өзгерістер 
кезеңінде ұлттық көркем ой, əдебиет қандай ұстанымда болуы 
керек деген сауалға берілген негізді де дəлелді жауап еді.  
«Табалдырық»  жазылған  уақыт  қазақ  зиялылары  үшін 
күрделі  де  ауыр  уақыт  болатын.  Ұлт-азаттық  қозғалыстың 
жеңіліске ұшырауы, мемлекеттік автономия алу əрекетінің іске 
аспай қалуы ұлт зиялыларын тұйыққа тіреді.  
«Табалдырық» арқылы Мағжан ақын қаламдастарына осы 
тығырықтан  шығатын  жолды  ұсынды.  Мағжан  ақын 
ұстанымында  əдебиет  идеология  құралы  болуға  тиіс  емес. 
Оның  міндеті  ұлттың  биік  адамгершілік,  азаматтық  жəне 
эстетикалық  сезімін  оятып  қалыптастыру  арқылы  оны  жаңа 
өмірге даярлау еді.  
Ал  большевиктік  идеология  ұсынған  жол  бұл  қазақ 
қоғамына  ұлттық  мəдениеттің  бағыт-бағдары  мен  мазмұнын 
анықтау  ісінде  Орталықтың  шешуші  ролін  мойындау  жəне 
оның директиваларын бұлжытпай орындап отыру, яғни мəдени 
құндылықтар  жасаушы  халықтан  өзге  мəдениеттер  жасаған 
үлгілерді тұтынушы халық жолына түсу еді.  
Яғни, «Табалдырық» 
мəдени 
өмір 
саласындағы 
идеологиялық зорлыққа берілген  интеллектуалдық жауап қана 
емес,  сонымен  бірге  сол  бір  аумалы-төкпелі  заманда  ұлттық 
өнердің, 
əдебиеттің 
бағыт-бағдарын 
анықтап 
берген 
бағдарламалық құжат та еді. «Табалдырықтың» осы екі қырын 
бірдей  бағалау  аса  маңызды.  Өйткені  ол  жаңадан  отарлауға 
қарсы  ұстанымды  білдірумен  шектелмейді,  сонымен  бірге 
көркем  ойдағы  жаңа  ұстаным  мазмұндық  тұрғыдан  қандай 
болуға тиіс деген сауалға да жауап береді.  
Кез-келген  дəуір,  заман  құжатының  аты,  əрине  оның 
мазмұнына,  көтерген  жүгіне  сəйкес  болмақ.  Осы  тұрғыдан 
алғанда  «Табалдырық»  сырттан  телінген  ресми  идеологиялық 

 
 
- 42 -
ұстанымға  қарсылық  қана  емес,  сонымен  бірге  мəселеге 
қатысты ұлттық көзқарасты ашық та анық білдірген мəлімдеме 
орнында  жүретін  құжат.  Құжаттың  осы  қырларын  негізге  ала 
отырып,  біз  оны  манифест  атауды  ұсынамыз.  Яғни  ақын 
Мағжан  Жұмабаевтың  ұлттық  көркем  ойдың  мазмұны  қандай 
болуы  керек  деген  сауалға  байланысты  білдірген  ашық 
ұстанымы, манифесі.  
Қорыта  айтқанда,  біз  бүгін  өткен  ғасырдың 20-шы 
жылдары, 
қазақ 
əдебиетінде 
«Табалдырық» 
сияқты 
шығарманың  өмірге  келіп,  сол  арқылы  қазақ  елінің  күрделі 
өзгерістерге  қатысты  өз  көзқарасы  мен  ұстанымын  білдіре 
алған  ел  қатарында  болғандығын    мақтан  тұтамыз.  Ұлы 
Мағжан  ақынның  қаламынан  туған  «Табалдырық»  қазақ 
көркемдік  ойы  мен  мəдениетін  əлемдік  өркениетпен 
жалғастырып,  қазақ  елінің  əлемдік  мəдени  кеңістікте  өз  орны, 
өз  қолтаңбасы  бар  ұлт  дəрежесіне  көтеріп  тұр.  Мағжан 
түсінігінде поэзия, əдебиет ұлттық сананың оянуына ғана емес  
жаңа заман, жаңа жағдайда ұлттық сананың кемелдікке өтуіне 
көмектесе  алады.  Егер  соцреализм  əдебиеті  ұлттық  сананы 
кейінге,  екінші,  үшінші  қатарға  ысырса, «Табалдырық» 
жалпыұлттық  құндылықтарды  алға  шығарып,  оларға  жаңа 
серпін, өміршең қуат беру жағында тұр. 
Сондай-ақ, 20-шы жылдардың орта тұсында қазақ көркем 
ойында  жаңа  кеңестік  отаршылдыққа  қарсы  бүтін  бір  ағым 
қалыптасқандығын айтқан жөн. Ол ағым осы мезгілдегі толық 
өмірлік  негізі  бар  қазақ  ұлтшылдығының  əдебиеттегі  көрінісі 
болатын.  Ағым  ретінде  қазақ  ұлтшылдығы  мемлекеттік 
құрылыста 
Т. 
Рысқұловтың, 
С. 
Садуақасовтың, 
Н. 
Нұрмақовтың,  Ж.  Мыңбаевтың,  С.  Қожановтың  т.б. 
қайраткерлердің  қызметінде  қандай  көрініс  тапса,  көркем 
əдебиетте М. Жұмабаевтың, М. Əуезовтың, Ж. Аймауытовтың, 
І.  Жансүгіровтың,  Қ.  Кемеңгеровтың  т.б.  жазушылардың 
шығармаларында да сондай көрініс тапты.  
 
Ескертулер 
1.
 
Д.  Қамзабекұлы. «Алқа» – Ұлт  қаламына  серт». //Қазақ 
əдебиеті, 25 маусым 2010 ж.; «23 жоқтау – қазақ  рухына 
қойылған ескерткіш. //«Аңыз адам», 2010, № 11, 38 б. 

 
 
- 43 -
2.
 
Сергей Есенин 1924 жылы жазған «О советских писателях» 
атты  мақаласында  «Революция  жылдары,  ескі  тұрмыс 
күйреп, астан-кестен өмірден жаңа тұрмыс  əлі туа қоймаған 
жағдайда еліміздегі көркем шығармаашылық та аласапыран 
күйде  еді.  Сансыз  көп  топтар  мен  ағымдар  құрылды»,-деп 
жазды//Есенин  С.  Собрание  сочинений  в  трех  томах.  М., 
1983, Т.3, – Стр.173 
3.
 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Қауіпсіздік  Комитетінің 
Алматы  қаласы  бойынша  департаментінің  мұрағаты  (бұдан 
былай  ҚР  ҰҚК  АДМ), 6-қ., 07875 іс, 2 том,54  об  п. 
Түпнұсқада:  «Организация  литературного  кружка  «Алка» 
(ожерелье)  была  задумана  мною,  кажется,  в 1925 году  в 
Москве.  Программа  «Алка»  также  была  составлена  мною 
ближайшем участии студентов ГИЖ-а Жакена Сарсембина и 
Амангалия  Сегизбаева  и  с  некоторыми  коррективами 
приехавшего  в  ГИЖ,  кажется,  в  следующем  году  Ильяса 
Джансугурова». 
4.
 
Сонда, 3-т., 7-п.   
5.
 
ҚР ҰҚК АДМ ., 6 қ., 011494 – іс2 т., 94-95 п.п. Түпнұсқада: 
«Встреча  моя  с  Джумабаевым  состоялась  после  собрания 
вечером.  Жил  он  в  доме  быв.  Представительства 
Туркреспублики. В беседе на тему о собрании по поводу его 
произведении,  Мағжан  меня,  как  выступавшего  в  его 
защиту,  распрашивал  подробно  о  собрании,  а  затем 
рассказал  что  у  него  имеется  написанное  произведение, 
которое  необходимо  будет  распространить.  Произведение 
это  оказалось  литературной  платформой  под  названием 
«Табалдырык». 
6.
 
ҚР ҰҚК АДМ ., 6 қ., 011494 – іс3 т., 159 п. 
7.
 
Сонда, 97 п. 
8.
 
Өкінішке  орай  Саенконың  қызметіне  қатысты  құжаттық 
материалдардың  құпия  қорларда  сақталуына  байланысты 
бұл тергеуші жөнінде біз толығырақ мəлімет бере алмадық. 
Зерттеу  еңбектерінде  ОГПУ  жүйесінде  қызмет  атқарған  екі 
Саенко жөнінде мəліметтер кездеседі. Біріншісі С.А. Саенко. 
Ол  Украинаның  Харьков  облысында  қызмет  атқарып,  аса 
қатыгездігімен  көзге  түскен  (И.  Баберовски.  Красный 
террор. История сталинизма. М., 2007. С. 40 ). Екіншісі Г.Н. 

 
 
- 44 -
Саенко Ішкі Істер Халкомының Омбы облыстық басқармасы 
Құпия-саяси бөлімінің бастығы қызметін атқарып жүріп 443 
адамды заңсыз тұтқынға алғаны үшін айыпталып, абақтыда 
отырғызылып, 1939 жылы камерада асылып өлген (Тепляков 
А.Г. Машина террора: ОГПУ-НКВД Сибирь в 1929-1941 гг. 
М., 2008. С. 291  
9.  Сонда, 3 т., 7-8 п.п. 
10. Сонда, 2 т., 44 п. 
11. ҚР ҰҚК АДМ, 6 қ., 07875 іс, 2 т., 320 п.; сонда, 3 т., 7 п. 
12. Мұқанов С. Есею жылдары. Өмірбаяннан хикаялар. Алматы, 
1964. – 229-234 б.б. 
13. Сонда, – 230 б. 
14.  Отчет  Казрайкома  РКП  (б) 5-ой  Всеказакской  конференции 
РКП  (б).  Доклад  ответственного  секретаря  Казрайкома  РКП 
(б) тов. Голощекина, на заседании конференции 1-го декабря 
1920  г.  Кзыл-Орда, 1926, с. 14-15: «В  ауле  действительной 
советской  власти  нет,  есть  господство  бая,  господство 
рода....» 
15.  Голощекин  Ф.И.  Поставить  развитие  Казахстана  на 
социалистические     рельсы/ в кн.: «Партийное строительство 
в  Казахстане.  Сб.  Речей  и  статьей (1925-1930 гг.)»  М.-А., 
1930,  с. 151: «...революция  не  затронула  старые 
дореволюционные  отношения,  оставив  в  полный  мере 
экономическое  и  политическое  господство  сильных  родов  и 
бая». 
16. Қамзабекұлы Д. Алаш жəне əдебиет. Астана, 2002. – 418 б. 
17. Жұртбай Т. Алаш ақиықтары. Алматы, 2006. – 11 б. 
18. ҚР ҰҚК АДМ ., 6 қ., 011494 – іс2 т., 96-97 п.п. 
19. ҚР ҰҚК АДМ, 6 қ., 07875 іс, 3 т., 54-54 об п.п. 
20. Сонда, 3 т., 1-2 пп. 
21. ҚР ҰҚКМ, 2370 іс, 4 т., 829-831 п.п. 
22.  Ақын 1921-192 жж.  Петропавлдағы  облыстық  «Бостандық 
туы» газетінде редакторлық қызметте болады/ ҚР ҰҚК АДМ, 6 
қ., 07875, 2 т., 16-20 п.п. 
23. Сонда, 814 п. 
24. Сонда, 3 т., 1430-1431 п.п. 
25.  Сонда, 73-76 п.п.  Осы  көрсетуінде  Ə.  Байділдин 1923-1924 
жылдары Мəскеуде Н.Төреқұлов басқарған. Орталық баспада 

 
 
- 45 -
Ə.Бөкейханов  жəне  М.Жұмабааевпен  бірге  жұмыс  істейтін, 
көзқарас  үйлесіміздігіне  байлаанысты 1924 жылы  бұл 
қызметтен мəжбүр болғандығын баяндайды. 
26.  Отчет  Казрайкома  РКП  (б) 5-ой  Всеказахской  конференции 
РКП  (б).  Доклад  ответственного  секретаря  Казрайкома  РКП 
(б), тов. Голощекина, на заседании конференции 1-го декабря 
1925  г.  Кзыл-Орда  где  он  заметил: «Вещи,  которые  боятся 
писать  открытым  языком  пишут  в  виде  побасенок, - это 
очевидно  общепринятое  явление.  Скрывать  под  какой  либо 
басней  какое-нибудь  имя.  Это  называалось  когда-то,  в 
царской печати, эзоповским языком». 
27. Байтурсынов А. Ақ жол. Алматы, 1991. – 14 б. 
28. Мұқанов С. Есею жылдары. Өмірбаяннан хикаялар. Алматы, 
1964. – 230 б. 
29. ҚР ҰҚК АДМ., 6 қ., 011494 – іс6 т., 177-178 п.п. 
30. Сонда, 6 қ., 09797 іс, 87 п. 
31. Жұртбай Т. Алаш ақиықтары. Алматы, 2006. – 43 б. 
32. Сонда, – 59 б. 
33. ҚР ҰҚК АДМ., 6 қ., 06610 – іс, 4 т., 829-831 п.п.  
34. ҚР Президентінің мұрағаты. 141 қ., 1 т., 7641 іс, 12 п. 
35.  Осы ретте ХІХ ғасырдағы (1837-1846) Кенесары Қасымұлы 
бастаған  қазақ  азаттық  қозғалысы  тақырыбының  ХХ 
ғасырдағы кеңестік билік тұсында  ұлттық қоғамдық ойдағы 
даулы  тақырыпқа  айналғандығын,  оны  тудырған  ресми 
идеология  екендігін  еске  алу  артық  емес.  Бұл  тақырып, 
белгілі  дəрежеде,  қазақ  қоғамдық  ойындағы  (əдебиеті  мен 
тарихы)  температуралық  қысымды  көрсететін  барометр 
есебінде  жүрді.  Алаш  қозғалысының  жеңілісінен  кейінгі 
қоғамдық  ойдағы  бас  көтерудің  көрінісі  болған  «Хан  Кене» 
(1928) драмасына коммунистік идеологияның «күрзісі» тиді.  
        1943  жылы  жарық  көрген  «История  Казахской  ССР» 
кітабына  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  қозғалыс  тарихы 
М.Əуезовтың  тікелей  талап  етуімен  дербес  тарау  болып 
енгізілді.  Артын  ала,  яғни 1947 жылы  осы  тақырыпты  арқау 
еткен  Е.Бекмахановтың  монографиялық  еңбегі  жарық  көрді. 
(Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. Под общей 
редакцией  доктора  исторических  наук,  проф.  М.П.  Вяткина. 
Алма-Ата, 1947.) Коммунистік  партия  мұндай  еркіндікті 

 
 
- 46 -
көтере  алған  жоқ.  Е.Бекмаханов 1952 жылы  абақтыға 
жабылып,  ұзақ  мерзімге  сотталды.  Бұл  жолы  партияның 
«күрзісі»  міндетін  атқарған  Т.  Шойынбаев,  Х.Айдарова  ж.б. 
болды. Өткен заман  мен оның тұлғаларына оң көзбен қарап, 
«атбасын бұру» қазаққа пайдасыз іс деп танылды. 
  1969 
жылы І. Есенберлиннің «Қаһары» жарық көрді. Кене 
хан  тақырыбын    сөз  еткен  қазақ  романы.  Оқырман  кітапты 
іштей  түсініп,  жылы  қабылдады.  Елдің  тойып  ас  ішіп,  ойлы 
кітап  іздей  бастаған  кезі.  Партиялық  биліктің  де  сірескен 
сталиндік  жүйені  сол  күйінде  ұстап  тұру  мүмкін  еместігін 
мойындауға  мəжбүр  болған  мезгілі.  Соған  сəйкес 
империяның  ұлт  саясатында    да  жылымықтың  лебі 
байқалатын. Дегенмен жазушының шығармашылығына деген 
салқын  ұстамдылықтың  болғандығы  хақ.  Бұл  кезде  де  Кене 
хан  тақырыбында  еркінсуге  жол  жоқ  екендігін  ескерткен 
сыншылар табылды. Бірақ жаңа сот процесін бастап кетуге де 
кеш-тін.  
36. Əуезов М. 20 томдық шығ. Жинағы. 14 т., Алматы, 1983. – 
367 б. 
37.  Жансүгіров  І.  Көп  томдық  шығарамалар  жинағы. 3 т. 
Поэмалар. Алматы, 2004. – 405 б. 
38. Сонда, 318 б.: «Арқада Ақанды айтқан əңгіме көп,  
                                 Қылады оны əулие əлде не деп, 
                                 Əулие болмаса да безеген жан, 
                                 Неліктен? Тарихшылар табар себеп» 
39. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, 1989. – 441 б. 
40. ҚР ҰҚК АДМ ., 6 қ., 011494 – іс3 т., 240 п. 
41. Жұмабаев М. Аталған кітап, – 265 б. 
42.  Елеукенов  Ш. «Олар  қандай,  мен  қандай...». // Қазақ 
əдебиеті, 9 шілде   
      2010 ж. 
43. Словарь иностранных слов. – М., 1988, с. 392. 
 
Мəмбет Қойгелдиев 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет