№ 7
Протокол допроса Байтасова Абдуллы.
«14» июля 1929 года.
Имею от роду 28 лет, происхожу из бывш. Ортакшлярской
волости, ныне Петропавловского Округа, беспартийный, в одно
время сочувствовал националистическому движению. Женат,
имею ребенка, происхожу из бедной скотоведческой семьи. В
самое последнее время в Ташкенте был преподавателем
казахского языка и географии в Рабфаке, Лесном техникуме,
Педагогическом техникуме и на курсах по переподготовке
учителей. В 1924 году поступил на факультет общественных
наук, со второго курса перевелся на востфак. В начале имел
стипендию, а затем, когда стал преподавателем, стипендии
меня лишили. В Ташкенте живу с осени 23 года по настоящее
время, за исключением одной зимы 1928г. проведенной мною в
Кзыл-Орде, где работал в редакции газеты «Аул-Тли» в
качестве корректора, одновременно сотрудничал в газете
«Энбекши-казак» в отделе науки и техники.
В 21-23г.г. был в Петропавловске преподавателем и
вольнослушателем педтехникума, потом служил в редакции
газеты «Бостандык-Туы» в качестве секретаря. Сначала
редактором этой газеты был Джумабаев Магжан, а последнее
время Джумабеков.
По приезде в Ташкент в 23 г. Магжана Джумабаева там не
застал, он находился в Москве. Я писал ему письма, просил его
- 85 -
указаний по вопросам литературы, мне хотелось пополнить
свое образование, а он этими вопросами очень много
занимался. Он мне рекомендовал некоторые литуратурные
произведения.
В 1925 году Джумабаев Магжан неоднократно присылал
мне письма о том, что направление казахской литературы
должно ближе стоять к аульному населению. Письма
Джумабаева о направлении литературы видел у Ауэзова
Мухтара, когда он работал в редакции в Ташкенте. В 1925 году
Джумабаевым Магжаном из Москвы на мое имя для группы:
Аймаутова, Каменгерова, Исхакова была прислана для
обсуждения и дачи своего заключения письма о направлении
казакской литературы под названием «Алка». Письмо была
прислана по почте, но расчитана она как для коммунистов, так
и для беспартийных. Все перечисленные выше лица письму эту
прочитали, она переходила из рук в руки, организованных же
собрании по обсуждению её, кажется, не было. Где находится
этот документ мне неизвестно. Размножался ли он не знаю. В
Кзыл-Орде такая же программа нашлась у Амангалия
Сегизбаева, у Сарсембина и у Ауэзова Мухтара, слышал, что о
нем знали многие казахские коммунисты.
Переписывался я также с Аймаутовым Джусупбеком о
методологии, начале в Ташкенте я жил под одной крышей с
Байгаскиным,
Байдильдиным
и
Даулетбековым,
и
Кеменгеровым.
В Петропавловск ездил 2 раза. Беремжанова видел В
Кзыл-Орде в Наркомпросе после возвращения его из Берлина.
О программе «Алка» знал Байдильдин Абрахман,
вероятно, знали Садвакасов, Муканов и другие.
Показание мною прочитано, записано с моих слов
правильно.
Подпись (Байтасов)
Допрасил: Начальник Востотдела /подпись/ ...............
- 86 -
Моя оговорка след.
1)
Я не говорил «программа», а «Письмо» фамилию
Смагулова я не указывал; 2) из уст Жумабаева я слышал, что
письмо имеется у Амангалия Сегизбаева и у Сарсембина, а у
Ауезова Мухтара я видел сам. Кроме этих замечании протокол
стенограммы подписую .....
Фам. Кеменгерова верить /подпись/
Подпись (Байтасов)
АрхивДКНБ РК по городу Алматы.
Ф. 6. Д. 011494. Т. 3. лл. 160 -161.
№ 8
Из протокола допроса обвиняемого Ауезова Мухтара,
произведенного 20 сентября 1931 г.
....Алку и письмо от Джумабаева я получил в
Семипалатинске одновременно и в одном конверте и ни какой
предварительной переписки с ним не вел. Никакой
нелегальщины в этой Алке я не видел и, по получении
платформы, показал ее Зав. АПО Семипалатинского Губкома
ВЛКСМ и редактору газеты «Казакстан» Токжигитову. Алка
осталось у меня, а Джумабаеву я написал, что принципиально
Алку я одобряю и считаю нужным созывать совещание
казахских
литераторов
для
оформления
официальной
организации литераторов. Этим все и кончилось.
Подробностей своего письма я не помню, но
принципиально платформу одобрил и не знаю, почему
Джумабаев говорит, что я не одобрил и считал ее «очень
левой».
Националистическое настрение у меня были и они
отражались в моих прозведениях, я этого не скрываю, но эти
мои настроения ни в какой степени не были программной.
После, когда в университете мне пришлось ознокомиться с
трудом марксистов-теоретиков и искусствоведов, у меня
- 87 -
начали меняться социальное мировоззрение вообще. В газете
«Ак жол» мое участие выразилось только в одном помещении в
ней рассказа «Кім кінəлі?», а главным образом работал в
журнале «Чолпан». .....
/подпись/ Ауезов
Допросил /подпись/ (Попов).
Архив ДКНБ РК по городу
Алматы.
Ф. 6. Д. 06610. Т.4. лл. 829-831.
- 88 -
ТҮСІНІКТЕР
Абай Құнанбайұлы (Ибраһим) (1845 ж. 12шілде - 1904 ж.
23 маусым) – қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы,
ойшылы. Абай шамамен 170 өлең, 56 аударма, «Қара сөздер»,
поэмалар жазған жəне қазіргі күндегі шырқалып жүрген
ондаған əйгілі əндердің авторы.
Аймауытов Жүсіпбек (1895-1931). Алаш қозғалысының
қайраткері. Ағартушы, жазушы. КСРО ХКК-сі жанындағы
БМСБ Коллегиясының шешімімен 1930 жылдың 4 сəуірде ату
жазасына кесіліп, үкім 1931ж. іске асырылған. ҚазКСР
Жоғарғы соты коллегиясының қаулысымен 1988 жылы 4
қарашада ақталған.
Ақан сері (1843-1913 ж.ж.) қазақ ақыны. Ол өз
шығармаларында патшалық Ресейдің зорлық-зомбылықтарына
деген наразылық ойын білдіреді. Ақанның өлеңдері терең
лирикаға, сазды əуенге құрылған. Оның əндері («Сырымбет»,
«Қара торғай», «Ақ көйлек» т.б.) қазақ халқы мəдениетінің
ажырамас бөлігі.
Аксельрод Любовь Исааковна (1868 – 5 ақпан 1946),
əдеби псевдонимі Ортодокс, философ жəне əдебиеттанушы.
Өзінің «Философиялық очерктерінде» (1906) Аксельрод
Бердяев, Струве жəне т.б. сияқты неоканттықтарды сынға
алады.
Алдоңғаров
Ерғали
Баймұхамедұлы (1901-1930).
Қазақстан
Жастар
Одағын,
қазақ
баспасөзін
ұйымдастырушылардың бірі өлкелік «Жас қазақ», «Лениншіл
жас», «Пионер» газет-журналдарының редакторы, «Еңбекші
қазақ» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.
Аталмыш басылымдарда алаш зиялыларының материалдарын
жариялап отырған.
Əуезов Мұхтар (1897-1961) – ұлы жазушы, алаш
қозғалысына қатынасқан. ҚазКСР ҒА академигі, абайтану
- 89 -
ғылымының негізін салушы, қазақ жəне қырғыз əдебиеті мен
фольклоры тарихы бойынша іргелі зерттеулердің авторы.
Байдильдин Əбдрахман (1898- 1930). Əдебиетші. КСРО
ХКК-сі жанындағы БМСБ Коллегиясының шешімімен 1930
жылы 4 сəуірде
ату
жазасына
кесілген.
ҚазКСР
прокуратурасының шешімімен 1990 жылы 30 қарашада
ақталған.
Байғаскин Есім (1893–1937). Алаш қозғалысының
қайраткері. 1919-23 жж. кеңестердің Ақмола обл. атқару к-тінде
қызмет етті. 1925-37 жж. «Ақжол» газетінде редактор болды.
1937 ж. саяси қуғын-сүргінге ұшырап, қазан айында
тұтқындалып, кешікпей атылған.
Байтасов Абдолла (1901-1941). Қоғам қайраткері,
журналист, оқытушы, аудармашы. Омбыдағы мұғалімдер
семинариясын бітірген. 1930 жылдың 4 сəуірде БМСБ
үштігінің ерекше қаулысымен Архангелскіге он жылға жер
аударылды. 1939 жылы рақымшылық бойынша босатылған.
Байтұрсынов Ахмет (1873-1937). Алаш қозғалысы
басшыларының бірі. Ағартушы, ғалым, ақын, публицист. 1929
жылдың маусым айында тұтқындалып, ату жазасына кесілген.
Бұл үкім 1931 жылы 10 жылға Архангелск облысына жер
аударуға ауыстырылған. 1934 жылы Алматыға қайта оралды.
1937 жылы қазан айында қайта тұтқындалып, ІІХК Алматы
облысы Басқармасы үштігінің шешімімен 1937 жылы 25
қарашада ату жазасына кесілген. ҚазКСР Жоғарғы сотының
қылмыстық істер бойынша Сот коллегиясы шешімімен 1988
жылы 4 қарашада ақталған.
Басығарин Жүсіпбек (1852-1921). Этнограф. Алаш
қозғалысын
қолдаушылардың
бірі.
Перовскі
қалалық
училищесін, Ташкенттегі семинарияны бітірген. Ел арасындағы
аңыз-əңгімелерді, тарихи, архитектуралық ескерткіштерді
зерттеп, оларға қатысты аңыздарды жинаған. «Қазақ» газетінің
алғашқы саны шыққанда басылымды құттықтап, оған өлең
- 90 -
арнаған. «Шора Ислами» қоғамының мүшесі. 1917 ж.
Орынборда өткен Қазақ съезіне қатысқан.
Болғанбаев Қайретдин (1894–1937). Алаш қозғалысының
қайраткері. Журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1928 ж.
желтоқсанда Қазақстандағы өкілдігі тұтқындап, БМСБ Алқасы
үштігінің 1930 ж. 4 сəуірдегі қаулысымен 6 жылға бас
бостандығынан айырылған. 1937 ж. екінші рет тұтқындалып,
ІІХК Басқармасы үштігінің шешімімен ату жазасына кесілген.
ҚазКСР Жоғарғы Соты Алқасының 1988 ж. 4 қарашадағы
шешімімен ақталған.
Бөкейханов Əлихан (1866-1937). Алаш қозғалысының
лидері. Ғалым, экономист, тарихшы, журналист, аудармашы.
Мемлекет қайраткері. КСРО Жоғарғы соты Əскери
коллегиясының шешімімен 1937 жылы 27 қазанда ату
жазасына кесілген. КСРО Жоғарғы соты шешімімен 1989
жылы 16 мамырда ақталған.
Бірімжанов Ахмет (1871–1927). Алаш қозғалысының
қайраткері. 1899 ж. Орынбор жəне Троицк окруктік, Ақтөбе,
Торғай, Бұзылық уездік соттарында қызмет атқарған. 1920-1926
жж. Қазақ АКСР-і Ішкі істер, Заң халкоматында, Жоғарғы Сот
төралқасында кеңесші, алқа мүшесі, бөлім меңгерушісі.
Бұқар жырау Ондасұлы (1842 – 1911 жж.). Қазақ
халқының атақты ақыны, жыршысы. Он алты жасынан суырып
салма ақын ретінде кеңінен танылған. Өзінің бостандыққа
арналып жазылған өлеңдері үшін талай рет Үргеніш пен
Қазалының зынданына түскен. Орта Азияны аралап Хиуа,
Бұқар сияқты ірі қалаларға сапар шеккен. Бұқар жырау
жырларының басты тақырыбы – қарапайым халық өмірі,
болмыс-бітіміндегі
қиындықтар.
Толғау – ақын
шығармашылығының ең негізгі жанры. Бұқардың қаламынан
өсиет, нақылға құрылған бірнеше дастан да туған («Мақпал-
Сегіз», «Айнатарақ», «Əминə қыз», «Ахмет-Жүсіп»). Дəуір
сипаты, адамның рухани əлемі, діни ой-толғаулар – Бұқар
шығармаларының («Тілек», «Азамат», «25», «Жырау», «Жыр
- 91 -
күмбезі»)
басты
тақырыбы. 1985 жылы
Бұқар
шығармаларының «Өлеңдер мен дастандар» деген жинағы
жарық көрді. Бұқар жыраудың əдеби мұрасы А.Диваев,
А.Марғұлан, С.Сейфуллин сияқты ғалымдардың арқасында
жиналып, жарық көрген.
Бухарин Николай Иванович (1888 ж. 27 қыркүйек – 1938
ж. 15 наурыз) – ресейлік экономист, кеңестік саяси,
мемлекеттік, партия қайраткері, социолог. 1937 жылы қамауға
алынып, 1938 жылы атылған. КСРО ҒА-ның толық мүшесі
ретінде 1988 ж. ақталған.
Карл Маркс (1818 ж. 5 мамыр – 1883 ж. 14 наурыз) – ұлы
философ, əлеуметтанушы, экономист, қоғам қайраткері. Карл
Маркс философияда- диалектикалық тарихи материализмнің,
экономикада қосымша құн теориясын, саясатта тап күресі
теориясын қалыптастырды.Бұл бағыттар коммунистік жəне
социалистік қозғалыстардың негізі болып, «Марксизм» бағыты
деп аталды. Оның əдебиет туралы ойлары «Əдебиет жəне өнер
туралы » (Ф. Энгельспен бірге жазған) еңбегінде айтылған.
Гете (Goethe) Иоганн Вольфганг (1729 ж. 28 тамыз –
1832 ж. 22 наурыз) – неміс ақыны, ойшыл, жаратылыстанушы.
Германиядағы
Ағартушылықтың
көрнекті
өкілі.
Гете
шығармашылығынан дəуірдің мағызды белестері мен қарама-
қайшылықтары айқын көрінеді. Өз заманының ғылыми
ойларына толы қорытынды философиялық шығармасы -
«Фауст».
Гомер (грекше Homeros) көне гректің эпик ақыны.
Антикалық замандағы «Иллиада», «Одиссея» жəне т.б.
туындылардың авторы. Ол ертедегі Троя соғысы жəне
қаһармандардың
Грецияға
қайтуы
туралы
циклдік
шығармаларды: «Киприи», «Эфиопида», «Кіші Иллиада»
«Илионның қайта алынуы туралы», «Қайта оралу», «Маргит»,
«Тышқандар мен бақалардың соғысы» атты күлкілі поэмаларды
жазған.
- 92 -
Ғаббасов
Халел
(Халиулла) (1888–1931). Алаш
қозғалысының қайраткері. Экономист, ғалым, журналист. 1928
ж. 16 қазанда БМСБ Қазақстандағы өкілдігі тұтқындап, БМСБ
Алқасы үштігінің 1930 ж. 4 сəуірдегі қаулысымен 6 жылға бас
бостандығынан айырылған. 1937 ж. екінші рет тұтқындалып,
ІІХК Басқармасы үштігінің шешімімен ату жазасына кесілген.
ҚазКСР Жоғарғы Соты Алқасының 1988 ж. 4 қарашадағы
шешімімен ақталған.
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) (1886–1932). Алаш
қозғалысының қайраткері. Заңгер. 1912-1917 жж. Томск
окруктік сотында жұмыс істеген. 1922-1925 жылдары «Талап»
мəдениетті дамыту қоғамының мүшесі болған. 1930 жылдары
саяси қуғын-сүргін ұшыраған.
Досмухамедов Халел (1883-1939). Алаш қозғалысының
қайраткері. Дəрігер, ғалым, қоғам қайраткері. 1930-1938 ж.ж.
Воронеж қаласына жер аударылған. ІІХК Əскерінің əскери
трибуналы 1939 жылы 23 сəуірде он жылға бас бостандығынан
айырған. Алматы қаласының №1 түрмесінде қайтыс болған.
КСРО Жоғарғы соты Əскери коллегиясының шешімімен 1958
жылы 11 ақпанда ақталған.
Дулатов Міржақып (1885–1935). Алаш қозғалысы
басшыларының бірі. Ақын, жазушы, драматург, публицист,
педагог, қоғам қайраткері. 1928 ж. желтоқсанда БМСБ
Қазақстандағы өкілдігі тарапынан тұтқындалып, КСРО ХКК
жанындағы БМСБ Коллегиясының 1930 ж. 4 сəуірде
шешімімен ату жазасына кесіліп, ол шешім 1931 ж. қаңтарда 10
жыл концлагерге ауыстарылған. 1935 ж. Соловкидегі
концлагерде жүріп қайтыс болған. ҚазКСР Жоғарғы соты
Алқасының 1988 ж. 4 қарашадағы қаулысы негізінде ақталған.
Дөнентаев Сəбит (1894 – 25.05.1933). Ақын, журналист.
1916 ж. Екібастұз көмір кенінде, Ригаға (Латвия) майданға
барып қара жұмысшы болып қызмет істейді. 1919-33
жылдары оқу-ағарту жұмыстарына араласып, Семей жəне
Павлодар қалаларында газеттерде қызмет істейді.
- 93 -
Есполов Мырзағазы (1896 – 1936). Алаш қозғалысының
қайраткері. журналист, публицист, педагог. 1917 ж.
желтоқсанда Алашорда үкіметінің əскери бөлімінде қызмет
атқарып, Алаш милициясын жасақтауға көп еңбек сіңірді. 1920
жылдан халық ағарту саласында еңбек етіп, Ташкенттегі Қазақ
пед. инст-да оқытушылық қызмет атқарды. 1929 ж.
тұтқындалып, 1930 ж. 4 сəуірде БМСБ үштігінің шешімімен ату
жазасына кесіліп, кейін он жылға Соловецк лагеріне айдалды.
1936 ж. лагерьде жүріп қайтыс болған.
Жандосов Ораз (1894-1938). Мемлекет жəне қайраткері.
Қазақ. 1935-1937 жж. Алматы обл. Атқару комитетінің
төрағасы. 1937 ж. тұтқындалып, КСРО Жоғары Соты Əскери
Коллегиясының шешімімен 1938 жылы 2 наурызда ату
жазасына кесілген. 1957 жылы 8 маусымда КСРО Жоғары Соты
Əскери Коллегиясының шешімімен ақталған.
Жансүгіров Ілияс (1894-1938). Ақын, жазушы. 1936
жылдан бастап КСРО Жоғарғы соты Əскери коллегиясының
шешімімен 1938 жылы 26 ақпанда ату жазасына кесілген.
КСРО Жоғарғы соты Əскери коллегиясының шешімімен 1957
жылы 4 сəуірде ақталған.
Жолдыбаев Молдағали (1887-1938). Қазақ. Қоғам
қайраткері, педагог, журналист. 1937 жылы желтоқсанда бұрын
Алаш қозғалысына қатысқаны үшін “халық жауы” деген
жалған айыппен тұтқынға алынып, 1938 жылы ақпанда ату
жазасына кесілген. 1988 жылы Алаш қайраткерлерімен бірге
ақталған.
Қожанов Сұлтанбек (1894-1938). 1934-1937 жж. КСРО
ХКК Кеңестік бақылау комиссиясының бақылаушысы, КСРО-
ның Орта Азиядағы Жерхалкомы уəкілі, кеңестік бақылау
комиссиясы уəкілінің орынбасары. 1937 жылдың шілде айында
тұтқындалып, 1938 жылы 8 ақпанда КСРО Жоғары Соты
Əскери Коллегиясының шешімімен ату жазасына кесілген.
- 94 -
1957 жылы 5 шілдеде КСРО Жоғары Соты Əскери
Коллегиясының шешімімен ақталған.
Кант Иммануил (1724 ж. 22 сəуір – 1804 ж. 12 ақпан) –
неміс философы, ғалым, немістің классикалық идеялизмінің
негізін қалаушы. Кант қаламынан əлемдік философиялық ой-
пікірдің дамуына елеулі əсер еткен іргелі философиялық
еңбектер туды («Таза ақылдың сыны» (1781), «Практикалық
ақылдың сыны» (1788), «Ойлау қабілетінің сыны» (1790).
Кемеңгеров Қошмұхаммед (15.07.1896 - 21.11.1937).
Алаш қозғалысының қайраткері. Ғалым, драматург, жазушы,
журналист. 1916-1918 ж.ж. «Балапан» қолжазба журналының
редакторы, 1918 жж. «Жас азамат» газетінің редакторы. 1930
ж.
тұтқынға
алынып,
Алматы
қаласында
абақтыға
отырғызылды. 1932 ж. Украинаның Валуиниге жер аударылды.
1937 жылдың 21 қарашасында ату жазасына кесілген. 1957
жылы ақталған.
Қоңыратбаев Əлібек (07.10.1907–02.12.1937). Жазушы,
аудармашы, сыншы. 1931-33 ж. Кеңестік Қазақстан Жазушылар
одағының жауапты хатшысы, төралқа мүшесі. 1934-37 ж.
«Əдебиет майданы», «Қазақ əдебиеті» газет-журналдарында
əдеби қызметкер, Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім
меңгерушісі. 1937 ж. 17 наурыз күні тұтқындалып, сол жылдың
2 желтоқсанында ІІХК-ның тергеу камерасында атылған. 1956
ж. ақталған.
Ленин Владимир Ильич (нақты өз фамилиясы Ульянов;
1870 ж. 10 сауір-1924 ж. 21 қаңтар). Кеңес өкіметінің негізін
қалаушы, мемлекет жəне қоғам қайраткері, революционер,
большевиктер партиясын құрушы. 1917 ж. Қазан төңкерісін
ұйымдастырып, оны басқарушылардың бірі, Кеңес үкіметінің
негізін қалаған жəне Үшінші (Коммунистік) Интернационалды
құрушы, идеолог, марксист, публицист, РКФСР Халықтық
Комиссарлар Кеңесінің төрағасы. Көптеген еңбектердің
авторы («Лев Толстой орыс революциясының айнасы іспеттес»,
«Герценнің жады», «Не істеу керек ?»).Саяси публицистикалық
- 95 -
еңбектерінің негізі - коммунизм жəне социализм философиясы,
саяси экономия, социализм идеясына құрылған.
Луначарский Анатолий Василевич (1875 ж. 11 қараша -
1933 ж. 26 желтоқсан). Кеңес өкіметінің қайраткері,
социалистік мəдениетті құрушылардың бірі, жазушы, өзіндік
сыншы, өнертанушы, КСРО ҒА академигі (1930), əдебиет жəне
өнердің аса көрнекті теоретигі, жазушы, драматург, публицист.
Лунц Лев Натанович (1901 ж. 19 сəуір – 1924 ж. 10
мамыр) – драматург, прозаик. «Ағайынды Серапионовтар»
тобының негізін салушылардың бірі, теоретик. Лунц – бірқатар
əңгімелердің, театр мен драматургияға арналған мақалалардың
авторы. 1923 жылы Гамбургта бас миының эмболиясынан
қайтыс болды. Лунц қайтыс болғаннан кейін оның
шығармаларын КСРО-да жариялаған жоқ. Оның кейбір
шығармалары ғана кейінгі жылдарда ғана басылып шықты.
Марабай ақын (ХІХ ғ.). Қазақ халқының ірі ақыны,
суырып салма, халық ауыз əдебиеті үлгілерін жинақтаушы
жəне сақтаушысы. «Би дəуірінің» атақты ерлік поэмалары,
оның ішінде «Қобыланды Батыр», «Ер-Тарғын» эпостары бізге
Марабай ақын арқылы жеткен.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 ж.ж.). Қазақ ақыны
жəне батыры, отаршылдыққа қарсы идеолог, қазақ батыры
Исатай Таймановтың басшылығыменмен феодалдарға қарсы
қазақ
шаруа
көтерілісін
ұйымдастырушылардың
бірі.
Махамбеттің қырыққа жуық өлеңдері мен поэмалары
сақталған,
шығармаларының
негізгі
тақырыбы–халық
қанаушыларына қарсы күрес. Оның афоризмге, эмоцияға толы
əйгілі өлеңдері озбырлыққа қарсы күресудің құралы болды.
Меринг Франц (1846 ж. 27 ақпан – 1919 ж. 29 қаңтар)
неміс жұмысшылар қозғалысының қайраткері, философ,
тарихшы, əдеби сыншы, марксист жəне тарихты материалистік
тұрғыдан түсіну мəселелеріне маңызды үлес қосты. Маркстік
əдебиеттану жəне өнертану ғылымын дамыту үшін көп
- 96 -
еңбектенген, жалпы маркстік эстетика ұстанымдарының
қалыптасып, дамуына еңбек сіңірген.
Достарыңызбен бөлісу: |