Магистранттың педагогикалық тәжірибе бойынша есебі н 3



бет3/6
Дата15.03.2023
өлшемі254,74 Kb.
#74422
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мазмуны

Қорытынды кезеңде магистранттар оқу практикасы туралы есепті уақытында жасайды және оны қорытынды конференцияда қорғайды. Барлық есеп беру материалдары магистранттың педагогикалық практика жетекшісіне бақылау және сақтау үшін беріледі.
Магистранттардың педагогикалық практикасы мынадан тұрады:

  • жоғары оқу орнындағы оқу процесінің құрылымы мен оқытушының есеп беру құжаттарын жүргізу ережелерімен танысу;

  • оқылатын курстың бағдарламасы және мазмұнымен танысу;

  • оқытудың барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізумен танысу;

  • жоспарлар мен сабақ конспектілерін дербес дайындау;

  • сабақтың тақырыбы мен міндеттеріне сәйкес негізгі және қосымша әдебиеттерді іріктеу және талдау;

  • заманауи ғылыми-әдістемелік деңгейде оқу материалының мазмұнын дамыту;

  • әр түрлі оқу сабақтарын (семинарлар, кеңестер, студенттердің өзіндік жұмыстары) әдіснамалық түрде дұрыс жүргізу;

  • тәрбие жұмысының көптеген түрлеріне қатысу.

«Информатика педагогтарын даярлау» мамандығының білім беру бағдарламасы


7М01503 – Информатика педагогтарын даярлау

7М01503 – Информатика педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды даярлауда білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: «жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша педагогтарды даярлау» бағыты бойынша информатика педагогтарын даярлау – орта және жоғары білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін зерттеу мен іске асырудың теориялық, практикалық дағдылары бар, цифрлық технологияларды инновациялық деңгейде және еңбек нарығының талаптарына сәйкес пайдалануға қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады. 7М01503 – «Информатика педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша магистранттары кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:



  • білім беру (педагогикалық);

  • оқу-тәрбие;

  • әлеуметтік-педагогикалық;

  • эксперименттік-зерттеу;

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;

  • ақпараттық-коммуникациялық;

  • өңдірістік-технологиялық;

  • мәдени-ағартушылық.

Оқу мерзімі: Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Берілетін дәрежесі: «7М01503 – Информатика педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасының педагогикалық ғылымдар магистрі.
Кәсіптік қызмет саласы: бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу, ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық және практикалық қызметтер, ақпараттық-коммуникациялық жабдықты басқару жөніндегі қызмет, мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың функцияларын автоматтандыру шеңберінде ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері, сондай-ақ тиісті жаратылыстану және техникалық ғылымдардың саласы, кәсіптік-техникалық, арнайы, жоғары оқу орындарында педагогиканың, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістерін қоса алғанда, білім беру саласы.
Кәсіби қызметтің нысандары: орта, кәсіптік-техникалық, арнайы, жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру мекемелері, сондай-ақ үкіметтік емес білім беру ұйымдары.
Кәсіби қызметтің пәні: мемлекеттік мекемелерде, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім беру және тәрбие үрдістері.
Кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ғылыми-методологиялық, ұйымдастыру мен басқару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет