Магистратурадағы педагогикалық практиканың мақсаты – жоғары оқу орнындағы кәсіби және педагогикалық іс-әрекетке дайындық, жоғары оқу орны оқытушысының әлеуметтік және кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.
Магистранттардың кәсіби және педагогикалық қызметіне инновациялық, ғылыми-зерттеу ұстанымдарын дамыту.
Магистранттардың педагогикалық практикасы мамандықтың оқу жоспарына сәйкес 4 апта ішінде жоғары мектеп педагогикасының теориясын оқығаннан кейін жүргізіледі (2 семестрде).
Магистранттардың педагогикалық практика барысында оқу жүктемесі келесі жұмыстар түрлерінен тұрады: дәрісті өңдеу және жүргізу – 2 сағат; семинар сабағы – 3 сағат; зертханалық – практикалық – 3 сағат; СӨЖ, факультеттің, кафедраның қоғамдық және тәрбие жұмыстарына қатысу.