Дәріс мазмұны:
1.
Бірінші сабақта оқытушы тиісті зертханадағы қауіпсіздік техникасы туралы айтып береді.Бірінші курс студенттері зертханаға келген кездерінде,оларқауіпсіздік техникасы туралы ештеңе білмейді.Сондықтан олардың ең басынан осы ережелерді сақтау қажеттігі, мысалдармен оны сақтамаған күнде не болатынын көрсете отырып, көздерін жеткізу керек.
Молекулалық физика және жылу зертханасында шыны ыдыстардың тез сынатыны және тығыз жабылған газдырғыларының жарылып кетуі мүмкін екендігін ескерту қажет.
Электр зертханасында қауіпсіздік техникасы электр көздерімен жұмыс істеу ережелерімен түсіндіріледі.Студенттерге қуат көзінің шығысында кернеу оны желістен ажыратқан күнде де болатыны туралы ескерту қажет.
Оптика зертханасында лазер сәулесінен көзді қорғау және сынапты шамдардан сақтану, жабдықты ұқыпты пайдалану қажеттігін айту керек.Нұсқаулық алғаннан кейін әрбір студент арнайы журналға қауіпсіздік техникасымен танысқаны туралы қол қояды.
Зертханалық жұмысты бір өзі орындау қиындық тудыратын жағдайда, студенттер екеуден жұмыс істеуіне болады және студенттердің екеуіне жұмыс бірдей берілуі тиіс. Олардың біреуі үнемі өлшеулер жүргізіп, екіншісі тек көрсеткіштерді жазып отыруына жол берілмеу керек. Әр студенттің есебі жеке тапсырылуы тиіс.
Физика практикумының бірінші курстағы бірінші сабағы өлшеу нәтижелерін өңдеу мәселесіне арналады.
Оқытушы қателер теориясы және оларды есептеу әдістемесі туралы әңгімелейді.Біздің тәжірибеміз, бірінші курс студенттеріне ықтималдық теориясының теормеларына негізделген кездейсоқ қателіктерді есептеу әдісі қиындық тудырады.
Зертхана жұмысын орындау тәртібі мен оның есебін беру әртүрлі жоғары оқу орындарында әр түрлі жүргізіледі. Осы мақсатта біздің университетімізде де «физика» мамандығында оқитын стиуденттер үшін «Физикалық өлшеу және өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері» атты таңдау пәні енгізілген.
Студентке алдын ала кедлесі сабақта орындауы тиіс зертхана жұмысының нөмірі беріледі.Жұмысты орындайтьын күні оқытушы студенттен теориялық материалды сұрайды, егер ол оған дұрыс дайындалған болса, оны сынақ жүргізуге жібереді.Оны аяқтағаннан кейін оқытушы алынған көрсеткіштерді және есептелген өлшемдерді тексереді және зертханалық жұмыстарды орындау журналына белгілейді. Жасалған тжұмысы туралы есептемені жазып болған соң, студент оны оқытушыға тапсырады. Студентке жасаған бірақ тапсырмаған екі жұмыстан артық жұмыс беруге болмайды. Бұл талап бұрын орындаған тапсыраманың мазмұнын ұмысытп қалуы және оның оны қаншалықты дұрыс орындаған орындамағаны түсініксіз етуі мүмкіндігімен байланысты қойлыады. Одан басқа, жұмыстың көп көлемін өткізу үшін, бір сабақ ішінде көп уақытты қажет етеді, ол студенттің қалған жұмысты орындау ритмін бұзуы және оны басқа студенттердің өткізуіне кедергі келтіреді.
Біз зертханалық жұмыстарды орындау кезінде мынадай қателіктер көп кездеседі:
1.Құралдардың дұрыс орнатылмауы, нөлдік көрсеткіштің нақты еместігі, стрелкалардың бұзылуы. Бұл жағдайда оқытушы студентке нөлдік нүктені қалай орнату керектігін көрсетуі тиіс және оны студенттің дұрыс істеуін қадағалауы тиіс.
2. Схеманың дұрыс жиналмауы. Қондырғыны дұрыс қоспаған жағдайда ол бұзылып қалуы мүмкін. Сондықтан өлшеу жұмыстарын бастамас бұрын, студент жиналған схеамны оқытушыға немесе зертхана қызметкерлеріне тексертуі тиіс, яғни студен алдын-ала рұқсат алуы тиіс.
3.Ізделініп отырған шаманы есептеу кезінде прибордың не құралдың бөлік құны дұрыс есептелмеген. Мұндай жағдайда қай тұста қате кеткендігін табу үшін оқытушы студенттің тікелей жасаған өлшеулерінің нәтижелерін тексере отырып, оның қолында бар көрсеткіштермен салыстыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |