Магистратура


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУЫ МЕН БІЛІМІН БАҚЫЛАУ, ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет33/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУЫ МЕН БІЛІМІН БАҚЫЛАУ, ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дәріс №24. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Жоспар:

  1. Өзіндік жұмыстың маңыздылығы

  2. Есеп шығарудағы өзіндік жұмыс жасау

Жалпы физика курсын оқытуда оқу және жұмыс жоспарына сай есептерді шығару бойынша өзіндік сабақтар ұйымдастырылуы тиіс. Кредиттік жүйе бойынша студенттердің өзіндік жұмысы білім алушының оқытушымен жүргізетін өзіндік жұмысы және білм алушының өзіндік жұмысы болып бөлінеді.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың деңгейі әрдайым жетілдіруді қажет етеді. Өзіндік жұмыстар барысында студенттер аудиториялық сбақтарда және өзіндік жұмыстарға берілген есептерді шығаруы тиіс. Кеңесші-оқытушының мұндағы рөлі өте зор. Оқытушы қателіктерді табуға көмектеседі, қандай оқулық немесе оқу құралын пайдалануды студенттердің өзіндік пікірін бұзбайтындай шағын түсінік береді.
Бұндай сабақтарды өткізу үшін ең алдымен орын және өзіндік жұмысқа қажетті оқу құралдары және оқу әдебиетімен қамтамасыз ету қажет. Студент пен оқытушының арасындағы жариялылықтың арқасында студент кез-келген сұрақ беруге мүмкіндік алады, оқытушының өзінде бар әдебиетпен бөлісуі оң нәтиже береді. Кредиттік жүйе бойынша білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысының (БАӨЖ) сабақ кестесіне қойылады. Студенттердің көп уақытының үйде не болмаса ғаламторда өтетіндігін ескере отырып оқытушы алдын ала ғаламтордағы сенімді дерек көздеріне де сілтемелер жасап отырғаны дұрыс болар еді. Сонымен қатар кітапханадағы арнайы әдебиеттердің тізімін нақты келтіргені пайдалы. Дегенмен әрбір оқу орнының кітап қорымен жабдықталу деңгейі әр түрлі. Ал мұндай мәселе туындаған жағдайда оқытушының студенттермен өзіндік жұмысының маңызы өте зор.
Өзіндік жұмыс кезінде кездесетін проблемалық мәселелерге тоқтала кетейік. Жалпы физика курсын оқытуда өзіндік жұмысқа көбінесе есептер беріледі. Кей жағдайда студенттерде қажетті есептер жинағы да, оқулық та бар, бірақ есеп шықпайды, не болмаса жауап сәйкес емес немесе ол есепті қалай шығаруды білмеуі мүмкін. Есептер жинағында есепті шығару бойынша нұсқаулықтар берілгенімен, студент оны пайдаланғанымен ол еш нәтиже бермейді. Кейбір есептердің шешімі беріледі, бірақ студент оны шешуде теоиялық материалды меңгеру кезіндегідей әрекет жасайды, яғни дайын материалды тек оқып үйренеді. Әрине мұның пайдасы зор. Бұл студенттің білімін тереңдетеді, материалды өз бетінше талдап, түсінуге мүмкіндік жасайды, есепті шешу алгоритмі туралы ақпарат алады. Бірақ есептер жинағымен жұмыс істеудің бұл тәсілі оның тікелей мақсатына сәйкес емес.
Студент есепті өз бетінше шағаруды үйренуі үшін оларға түсінікті әрі тиімді әдістемелік нұсқаулар берілгені дұрыс.
Мұндай ідістемелік нұсқаулар арқылы студент дайын шешімді пайдаланбай, беріліп отырған есептерді шығарудың барлық кезеңдерінен өте отырып, есепті талдаудың негізінде қай жерде ненің белгісіз екенін анықтауға. Яғни мұндай әдістемелік нұсқаулардың ұсынылған есепте ненің түсініксіз екендігін түсінуге және жауабын қайдан іздеу керектігін ойлануына түрткі болады.
Бұл нұсқау бойынша қарастырылып отырған есептің негізделуден соң бірден есепті шығарудағы кездесетін қиындықтарға болжамдар жасайды. Сонан соң студенттерге осы қиындықты шешу үшін қажетті әдістемелік әдебиет көрсетілуі керек. Яғни әрбір студент өзіне қажетті әдістемелік құралды пайдаланады. Бұл әдістемелік нұсқаулықта есептің шығарылуы үшін қандай мәселеге көңіл аудару керектігі көрсетіледі не болмаса қандай материалды қайталау керектігі айтылады.
Әр бір тақырып бойынша тексеру есептері болады. Ол студентке өзін өзі тексеру үшін ұсынылады.
Студенттің тиісті теоиялық материалды оқымауы немесе ол материалды ұмытып қалуы немесе оның бағдарламада болмауы да мүмкін. Сондықтан әдістемелік нұсқауда тиісті тақырып бойынша есептерді шығару үшін қажетті білім мен меңгеруі тиіс дағдылар көрсетіледі. Математикалық қосымшалар және физикалық және математикалық сипаттамалардың кестелері беріледі.
Әдістемелік нұсқауда ескертпелер түсініктемелер келтірілген. Бұндай түсініктемелер мен әдістемелік нұсқаулардың есеп шағаруға кіріскен студент үшін маңызы зор. Ең алдымен шешуге ұсынылатын есептердің ғылыми негізі жоқ, себебі бұл есептердің шешімі табылған, бұл теориялық материалдың бекітілгендігін тексеруге арналған есептер.
Бірақ осындай қарапайым есептерді шығаруды үйренбеген студент күрделі есептерді мүлдем шығараалмайтын болады. Бұл жерде есептің жауабын білу маңызды емес, есептерді шығарудың әр түрлі тәсілдерін үйренудің ойлану дағдысын қалыптатырудың маңызы зор. Мұндай жаттығулар табандылықты, шыдамдылықты, жүйелі түрде жаттығуды талап етеді. Студенттерге есепті шығаруға берілетін уақыттың шектеулі және есепті бірнеше рет қарауына тура келетінін ескерте отырып, тек ұзақ ойланғаннан кейін ғана шешімін табу үшін көбіне өз бетінше жұмыс істеу қажеттігін ескерту керек.
Есепті түсінбей шығару еш нәтиже бермейтінін, ал ойланбай шығару жауабы дұрыс шыққан күнде де еш пайдасыз екенін студентке түсіндіру қажет.
Мысалға «Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Электростатикалық өріс» тарауына екі есепті шығарудың мысалын қарастра кетейік.
Бұл бөлімнің теориялық бөлімі сегіз бөліктен және үш мысалдан тұрады. Бұл бөлімдердің теориялық бөлімінде Кулон заңы, электр статикалық өрістің кернеуінің қасиеттері, Остроград-Гаусс теоремасын есеп шығаруда қолдану тәсілдері, кернеулік үшін графиктер құрудың ережелері беріледі.
Мұнда берілген екі есепті шешуге қажетті нұсқаулар берілген. Бағдарламалау тәсілімен теориялық материалды түсіндіру кезінде әр түрлі есептерді шығаруда басшылыққа алатын нұсқаулар жеке-жеке беттерде келтірілуі керек. Бұл жерде студентті есеп шығаруға үйретуді емес, оқытудың тәсілін көрсету мақсат етіп қойылғандықтан, біз барлық түсініктемелерді бір атаумен «есеп шығаруға арналған нұсқау» деп берейік.
Мысалдар:
1.Есеп. З арядтары болатын екі зарядтың см-де ара қашықта орналасқан. түзуінің бойындағы q2 зарядтан см қашықтықта орналасқан q3=+3qCГСЭ нүктелік зарядтқа әсер ететін күшті табу керек. Жауабы:3,3/10-4Н
Студент үшін шешілмейтін мәселе:
1.Зарядқа әсер ететін күштерді білмейді;
2.Сандық мәні дұрыс шықпайды;
2.Есеп.
Шамасы болатын екі зарядтың маңындағы өріс қарастырылады. Олардың ара қашықтығы а=20 см–ге тең. Олардың біріншісінен см, ал екіншісінен см қашықтықта орналасқан нүктедегі өріс кернеулігін табу керек. Жауабы: 1,67 104В/м;
Студент үшін шешілмейтін мәселе:
1.Өріс керенулігінің қорытқы векторын қалай алу керектігін білмейді;
2.Сандық мәні дұрыс шықпайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет