Магистратура


Дәріс №22.Зертханалық жұмыстарды орындау тәртібі



бет30/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Дәріс №22.Зертханалық жұмыстарды орындау тәртібі
Жоспар:

  1. Зертханалық жұмыстарды орындау тәртібі

  2. Зертхана жұмысын ұйымдастыру

Сынақты орындауға кіріспес бұрын, студент зертханалық жұмыстың мазмұнымен жақсылап танысады. Әдістемелік мазмұны:


1)жұмыстың атауы, оның мақсаты;
2)құралдар мен жабдықтардың тізімі;
3)жалпы бөлігі(зерттелетін құбылыс немесе әсердің мәні туралы анықтамалықмәліметтер, заңның математикалық формуласы);
4) жұмысты орындау әдістемесі(әдістің нақты сипаттамасы, қондырғы сххемасы, параметрлермен қондырғның көрсеткіштер схемасы, жұмыс формуласы);
5)өлшемдердің сипаттамасы(өлшеу реті, өлшенетін шамаларлы жазуға қажетті кестелердің үлгісі);
6)өлщеу нәтижелерін өңдеу;
7)әдебиеттерді көрсете отырып, бақылау сұрақтары.
Студент әдістемелік сипаттаманың тек жұмыстың негізі болып табылатынын және сынақ жүргізу дағдысы сипаттаманың сапасына байланысты болмайтынын және ойланбай жасаған өлшеулердің еш нәтиже бермейтінін түсінуі тиіс. Егер студент жасалатын жұмысқа қатысты қойылатынсұрақни теорияны меңгермеген болас, онда ол физикалық құбылысты еш түсінбейтін болады, зерттеліп отырған құбылысты кездейсоқ кедергілерден ажарыта алмайтын болады және қондырғының ақауы бар деген қорытындыға келуі мүмкін.
Зертханалық жұмысты дұрыс орындау үшін қондырғының немесе макеттің құрылысын жақсы білу керек. Әдістемелік нұсқаулықтарда қондырғының құрылысының принципі нақты беріледі, бірақ оған кіретін құралдардың сипаттамасы берілмейді. Сондықтан студенттерге құралдың жүйесі қандай екені, оның дәлдік класы қандай екені көрсетілген құралдардың нұсқаулықтарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Құралдарды тексеріп, қондырғыны қондырып болған соң, студент тиісті жұмыстың тақырыбымен қарастырылып отырған құбылыстарды бақылауға кіріседі.
Егер қондырғы орнатылмаса, студент өзі оның ақауын оқытушыдан көмек сұрамай жөндеуі тиіс.Сынақ жұмысының тәжірибесі басқа ешқандай жолмен меңгеру мүмкін емес. Егер студент өз бетінше оны түзете алмайтын болса, оған оқытушы көмек көрсетуі тиіс.
Өлшенген шамаларды есептеуді жоғары дәлдікпен жүргізу керек. Сондықтан студенттерге өлшеу нәтжелерін алмас бұрын құралдардың нөльдік көрсеткішін тексеріп, шкалалардағы бөлу бағдларын орнатуы тиіс.
Ұйымдастыру бойынша бір кеңес. Студентке оның жарық түсіретін бөліктері терезеге қарамайтын етіп орналастыруды ұсыныңдар.Екі өлшемді бірдей өлшеу кезінде өлшеу құралдары бірқатарға орналасуы керек.Студент құралмен жұмыс істей отырып, оған басқа тұсынан келіп өзіне ыңғайлы қалыпқа қою ойына келмей жатады.Студентке мұндай кезде жұмыс істеу ыңғайлы жағдайды айтып кеңес беруге болады.
Өлшеу нәтижелерін өңдеу кезеңі сынақты өткізу кезеңіне қарағанда маңызы кем емес. Сынақ зерттеулерінің нәтижелерінен алынған көптеген физикалық заңдар физикалық сипаттамалардың сандық мәнін байланыстыратын математикалық формулалар түрінде көрсетіледі. Сондықтан қандай да бір өлшеуді жүргізе отырып, студент әртүрлі шамаларды анықтаудың нақтылығын бір бірімен сауатты сәйкестендіре алуын қадағалау керек.
Егер зертханалық жұмыс бір-біріне байланысты шамалардың арасындағы тәуелділікті зерттелетін болса, осы байланысты студент график түрінде көрсетуі тиіс. Қисықтың әр жеріндегі нүктелердің саны мен масштабы иілген, экстремум, секіру жерлері жақсы көрінетіндей етіп таңдалуы тиіс.
Әрбір студентте зертханалық сабақтар бойынша екі дәптетрі болуы тиіс: жасалған жұмысы туралы есеп журналы және зертханалық журнал. Кейде оқытушы есепті дәптерден емес, жұмыстың соңында жиналып алынатын жеке парақ түрінде талап етеді. Бұл студенттердің өлшеу есептеулерін бір біірнен көшіріп алуына жол бермейді. Бірақ алдыңғы жұмыстардың нәтижелері студенттің өзіне де қажет болуы мұмкін, және оқытушыға жеке парақтарды зертханада сақтау ыңғайсыз болады.Сондықтан көшіріп алумен күресудің басқа тәсілдерін ойлап тапқан жөн.
Зертхана журналында студент барлық өлшенетін шамлардың нақты жазбаларын және өлшеу нәтижелерінің қателерін жазып отырады.

Дәріс сабағы. Зертханада жұмыс жасаудың жалпы ережелері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет