Дәріс №23. Кеңес беру сабақтары Жоспар: 1.Кеңес беру сабағының ерекшелігі 2.Кеңес беру сабағынөткізудің ерекшелігі Кеңес беру сабақтары- сабақтың міндетті формасы, әдетте олар кестеде болмайды.Көптеген оқытушылар кеңес беруді емтихан алдында өткізу керек деп санайды, өйткені семестрдің ортасында студенттердің оқытушыдан кеңес алуға жүгінуі сиребепті бұл мәселеге ерекше жолмен келуді қажет етеді.
Кеңес беру сабақтары студенттердің өзіндік жұмыстарымен тікелей байланысты. Студент консультацияға біріншіден, берілген тапсырмаларды орындау кезінде шеше алмаған мәелелері бойынша кеңес алу үшін, екіншіден өзінің оқу әрекетін ұйымдастыру бойынша кеңес алу үшін келеді.Егер студент материалды өз бетінше игеруге талпыныс жасайтын болса,бірақ нәтиже шығара алмаса, ол нақты құрастырылған сұрақтар бере алады? «Неге бұндай формула шықты?», «Осы тұста бұл заң орындалады ма?», «Бірақ шарты басқа ғой» т.б. Егер сіз дәріс барысында нақты түсініктемеген болсаңыз не болмаса, талап етілген шартты олармен келіспегеніңіз есіңіңізге түседі. Егер студентте сұрақ сіздің әдістемелік қателігіңіз бойынша кеткен болса, онда студентке оның маңызды еместігін көрсетуге тырыспаңыз. Керісінше, біріншіден, студентті мақтаңыз, екіншіден,оның түсініктемесіндегі қателікті, түсінбегендердің өзідеріне түсіндіріп беріңіз. Егер жаттығу сабағында осы оқырмандардың бір бөлігі келмеген болса, онда бұл сұрақты келесі сабаққа немесе дәріске қалдырыңыз. Кейде студенттер оларға өз бетінше орындауға берілген материал туралы айтып беруді сұрайды.Сіз оған жауап бермеуіңізге болады. Бірақ шамалы болса да түсініктеме берген жөн, мысалы, осындай ерекшелікті, немесе осындай идеяны пайдалану туралы кеңес беруге болады. Студент осы көмекті пайдаланатын болса жақсы. Немесе студенттің осы тақырыппен жұмыс істеп, алдыңғы материалды меңгеріп, сұрақтың мәнін түсінгеніне көзіңіз жеткен кезде бүкңл материалды айтып беруге болады.
Студенттің жауапты табуға ерінгенін көретін болсаңыз, сұраққа бірден жауап бермеңіз.Одан: Сен көрсетілген заңды пайдаланып көрдің бе?Оны талап етілген тапсыраманы орындауға мәжбүрлеңіз түсінбеген жерін түсіндіріп өзіндік жұмысты орындауына қол жеткізіңіз.Ерінгені үшін студентке ұрыспай, керісінше оны енді бәрін өз бетінше орындағаны үшін мақтаңыз.
Тіпті ересек адамдардың өзі студенттің ролінде оқытушының мадақ сөзін марқаяды және онымен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысады.
Физиканың көптеген фундаменталды сұрақтары күнделікті кездесетін түсініктермен түсіндірілмейді. Мысалы, микробөлшектердің қозғалысы траектория ұғымымен түсіндірілмейді, статикалық заңдылықтар динамикалықпен т.б. Осындай ұғымдарды түсіну көп ойлануды талап етеді. Тіпті қарапайым ұғымдар мысалы, фазалық кеңістікті студенттердің түсінуі қиын. Сұрақтарды түсінуге талпына отырып, олар шын мәнінде қате болуы мүмкін түсінікті қабылдаулары мүмкін. Оны болдырмас үшін, студенттерге консультацияға мынадай сұрақтармен келу ұсыну керек: «Осы құбылыстың осылай түсіндірілетіні туралы ойым дұрыс па?», «Осындай жағдайда осы заң дұрыс деп ойлаймын ба?» және т.б.
Егер студент дұрыс пайымдайтын болса, және сіз оған ол туралы айтқан болсаңыз, қарастырылып отырған мәселе бойынша бір нәрсені қоса аласыз және одан да тереңірек түсінік беруіңізге болады, ол оны қызықтыра түсуі мүмкін.
Аталған кеңес беру сабағы(консультацияларға) жеке сипат тән: сіз бір ғана студентке жауап бересіз. Бірақ кейбір студенттер әңгімеге жағаласуы мүмкін бірақ көбісі бұл жағдайда өз ісімен айналысып отырады. Жеке кеңесу сабақтары оқытушымен сенімді қарым-қатынас орнатуымен құнды.Бірақ оған берген жауабыңыз басқалар үшін де қызықты болуы мүмкін және сондықтан жалпы кеңесу сабақтарының да пайдасы зор.
Жалпы кеңес сабақтарын өткізе отырып, оқытушы аудиторияға қарап: «мен сендерді тыңдап тұрмын» деуі тиіс, одан кейін студенттердің біреуі орынында тұрып сұрақ қояды және оқытушы оған жауап береді, қалғаны тыңдайды.Егер біреуі жауапты білетін болса, тіпті жақсы ол өзінің жауабының дұрыстығына тағы бір көз жеткізеді. Жауабына сенімсіз немесе білмейтін болса және сұрақты ойланбастан бере салатын студенттер де кездеседі.Кеңесу сабақтарында бір студентке емес, барлығына қарап: «Достар сендер қалай ойлайсыңдар?» деген сауалмен бастаған дұрыс. Жауапты бірден ешкім бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда сұрақты оңай етіп қойыңыз.Студенттерді әңгімеге шақыра отырып, оның берген қате жауабы үшін ұрыспай, ынталандыра отырып,оның қателігі неде екенін түсіндіріңіз.
Кеңес сабақтары тек дәріс материалдары бойынша беріледі және сондықтан оларды дәріс беруші жүргізгені жөн. Одан басқа кеңес сабақтарында дәріс берушіге студенттердің практикалық сабақтарда және ассистенттің берген тапсырмалары мен өздерін қызықтыратын мәселелерді шешу бойынша көмек сұрауына болады.Сондықтан дәріс беруші қандай да тақырып бойынша ассистенттердің қандай сұрақтар беретінін білуі тиіс.Бұл мәліметтер кеңес сабақтарына ғана емес, дәріс оқи отырып, практикалық сабақтарда өтетін оқу материалын ескеру үшін де қажет. Практикалық сабақтарда оларды шеше отырып, студенттің жинақтайтын белгілі дағдысы ғана емес, оларды шешу барысында оның дәрістерде берілмеген жаңа ақпарат алу міндеттері қарастырылады.
Студенттер білетін оқтышының өзінен ойлануды талап ететін сұрақтар беруіне болады.Егер сіз оған жауап бере алмайтын болсаңыз,оны мойындап, оған ойлануға көп уақыт кетірмеуіңізге болады. Бірақ сұрақты жауапсыз қалдырмаңыз. Келесі кеңес сабақтарында қажетті түсініктеме беретініңізді айтыңыз және уәдеңізде тұрыңыз.
Кейде студенттің беретін сұрағы оқылатын матреиалдан тыс болуы мүмкін және оған беретін сіздің жауабыңыз олардың физиканың кейбір тарауларын дұрыс білмеуі, математикалық даярлығының төмен болуы себебінен түсініксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда, ол туралы айту керек және олардың түсінетіндей түсінікті формада жауабын беруіңіз керек.
Ғылыми-көпшілік әдебиетті оқитын студенттер курстың тақырыбына қатысы жоқ әртүрлі сұрақтар беруі мүмкін.Егер оған жауабыңызщ болса тіпті жақсы, бірақ жауап беруден бас тартуға болмайды, бірақ бұл әңгімені сабақтың аяғына қалдыруды ұсынуға болады, ол кезде оқылатын пәннің сұрақтары дұрыс шешімін табады. Қалған уақытта әр түрлі тақарыптарға әңгімелесуге болады. Бұндай сұқбаттар студенттердің жеке тұлғасының қалыптасуына аз ықпал етпейді.
Егер дәріс беруші жақсы түсіндіре алатын болса, онда кеңес беру сабақтары пайдалы өтетіні сөзсіз. Бірақ студенттердің көбісі оларға бармайды.Ол олардың бұндай сабақтарға мұқтаждықтары жоқ дегенді біліреді, өйткені олар дәріс материалын жіті меңгермеген. Физика сабақтарын сүйіп оқитын студенттер де аз емес және олармен кездесудің өзі бір ғанибет оқытушылар да кездеседі. Бірақ олар көп емес, сондықтан студенттердің сабаққа келуі мәселесі шешімін таппаған мәселе.
Студенттерді кеңес беру сабақтарына барғызудың әр түрлі тәсілдері бар. Оқытушы өткен материал бойынша жақында сынақ тапсырасыңдар деп хабарлауы.Бірақ бұл жағдайда, студенттер өз күштеріне немесе сәттілікке сене алады. Сынақ тапсыру кезінде анықталған студенттің төмен даярлығы, оны кеңес сабақтарына келуге міндеттеуге негіз бола алады. Студентті міндетті кеңес беру сабағына шақыра отырып, оны оған пайда тигізетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Студентті кеңес алуға тек оған түсініксіз сұрақтарға жауап алу үшін ғана емес, кезінде тапсыра алмаған материал бойынша есеп алу үшін шақыру керек.Жақсы жасалған есеп маңызды оқыту элементі болып табылады.
Егер физика курсын студенттер дұрыс түсінбейтін болса, дәріс курсы бойынша семинарлар жоқ болса, практикалық сабақтарға сағат аз бөлінетін болса, семестр бойы студенттер оқытушының бақылауымен физика пәнімен өз бетінше айналыса алатын кеңес сабақтарын өткізу керек.Оны былай жасауға болады.
Кең аудитория ішіне кітаптары, дәптер, конспектілері бар студенттердің 2-3 тобы отырғызылады. Олар өзара және оқытушымен сөйлесе алады. Оқытушыға бәрінің бір материалды оқып үйренгені ыңғайлы.Бірақ ол міндетті емес. Егер бағдарламаланған материалдар болатын болса, студенттер оны пайдалануына болады. Бұл жағдайда оларға өз жұмысын қалай ұйымдастыратыны белгілі болады және ол нәтижелі өтеді. Бұндай сабақтар барысында СӨЖ тексеруге болады, егер олар оны жүргізетін болса, оны қалай жасауды көрсетуге және айтуға болады, кеңес беруіге боладды. т.б. оқытушымен қарым-қатынас барысында студент өздерін ерекін ұстайтын болады, ол емтихан нәтижесіне де оң ықпал етеді: емтихан тапсырушының қобалжулыжағдайы нашар нәтиже беретіні белгілі емес пе.
Әрине мұндай кеңес сабақтары жақсы ұйымдастырылуы тиіс:студенттерге ыңғайлы уақытта, белгілі уақыт ішінде өткізілуі тиіс және осы мақсатта белгіленген аудиторияда өтуі тиіс. Оқытушы оған дәріске қарағандай қарауы тиіс. Студенттердің қайсысы осы сабақтарда қатыспайтынын және олардың емтхан тапсыра алмай қалған кездерінде кеңес сабақтарына қатыспау себебі екенін естеріне салу керек.Әдетте студенттер бұл сабақтарды мақтайды.
Сессия кезінде студенттерді консультацияға шақыру қажет емес:студенттер емтиханнан бірнеше күн бұрын курсты қайталауына, бұрын өткен материалды оқып шығуы керек. Кейбір студенттер тек сессия кезінде ғана тыңғылықты оқи бастайды. Ол үшін сөзді шығын қылудың қажеті жоқ, тек өтіп кеткен материалдарды қуып жетуіне қол ұшын беру керек.