Магистратура



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата12.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#9155
түріРеферат
1   2   3   4   5   6

     Деңгейлер

Көрсеткіштері

Төменгі деңгей

Жаңа   білім,   іскерлікті   меңгеруге   пассивті   түрде

қатысады,   компьютерді   құрал   ретінде   пайдалануға

немқұрайлы   қарайды,   ақпараттық   үдерістерге   деген

қызығушылығы төмен. Алдына нақты мақсат қоймайды

және

 

оқу-танымдық



 

қызметтің

 

негізгісін



ажыратпағандықтан, жоспарлауды қолданбайды.

Кесте 1- жалғасы

55


Орташа деңгей

Болашақ   мұғалім   өз   мамандығына   жауапкершілікпен

қарап,   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияларды енгізу, қолдану идеяларын қолдайды,

компьютерді   пайдаланушы   деңгейінде   меңгергенмен,

қажеттіліктен   азырақ   қолданады.   Кәсіби   қызметтің

мәнін   түсінеді,  ақпараттық   және   коммуникациялық

технология  көмегімен   кәсіби   қызметті   жүзеге   асыру

тәсілдерін  меңгерген.  Өзін-өзі  тексеруде  кейде   өтілген

материалдың өзгеше ерекшеліктерін ескермейді.

Жоғары деңгей

Ақпараттық   құзыреттілігі   жоғары   деңгейде,   өз   ісімен

қызыға   айналысады,   іс-әрекет   белсенділігі   байқалады.

Кәсіби   қызметті   ұйымдастырудың   тиімді   тәсілдерін

меңгерген,   ғылыми   білім   негізінде   оны   болжай   және

басқара   алады,   сонымен   қатар   деңгейленген

тапсырмалар   құрып,   арнайы   мақсаттағы   компьютерлік

бағдарламалармен   жұмыс   істей   алады.   Оқу-

педагогикалық   тапсырма   мақсатына   қарай   өзін-өзі

бақылауды тиімді түрде жүзеге асырады.

Жоғарыдағы   мәліметтерді   ескере   отырып   студенттердің   ақпараттық   және

коммуникациялық   технологияларды   қолданудағы   белсенділік   деңгейлерінің

анықтау  мақсатында  төмендегідей сауалнама тізімі құрастырылды. Студенттерге

арналған сауалнамалар:

1. Үйіңізде компьютер бар ма?

2. Компьютермен жұмыс істей аласыз ба?

3. Интернетті қолданасыз ба?

4. Инетрнетті аптасына қаншама уақыт пайдаланасыз?

5. Үй тапсырмасына қалай әзірленесіз, әуелі ауызша, сонан соң жазбаша ма,

әлде керісінше ме?

6. Үй тапсырмасын орындауға қаншама уақыт бөлесіз?

7. Оқытушылар тарапынан ұсынылған тапсырмалар барысында мәліметтерді

қандай ақпарат көздерінен ісдейсіз?

8. Интерактивті тақтамен, электронды оқулықтармен жұмыс істей аласыз ба?

9. Сабақтан тыс уақытта сіздер қарым-қатынаста боласыздарма?

10.Сабақта   белсенді   жұмыс   істеуге   не   себеп   болды   немесе   не   кеселдік

жасады?

11.Қандай іскерлікті осы сабақта меңгере алдыңыз?



12.Сабаққа дайындалғанда интернетті қолданасыз ба?

13.Ақпараттық және коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде белсенді

қолдануға деген көзқарасыңыз қандай?

14.Ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану деңгейі өзіңіз

білім алып отырған оқу орнында қандай деңгейде деп ойлайсыз?

56


15.Оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияның қандай

түрлері, құралдары қолданылады?

16. Ақпараттық және коммуникациялық технологияның қандай әдіс-тәсілдерін

қолдануды қалайсыз?

17.Интерактивті   тақтамен   жұмыс,   электронды   оқулықтар   мәселелеріне

көзқарасыңыз қалай?

18. Ақпараттық және коммуникациялық технологияны қандай әдіспен жүргізу

өзіңіз үшін тиімді деп ойлайсыз?

19.Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   бойынша   білім   алу

болашақта қандай артықшылықтарға жол сілтейді?

20.Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   арқылы   болашақ

маманның қандай қабілеттерін дамытуға болады деп ойлайсыз?

21.География   сабақтарында   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияларды қолдану қажет деп ойлайсыз ба?

22.Сіз география сабақтарына дайындалғанда компьютерді және Ақпараттық

және коммуникациялық технологияларды қолданасыз ба?

23.Компьютермен жұмыс істеу мүмкіндігіңіз бар ма?

24.Орындалатын жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай аласыз ба?

25.Игерілген білімді тәжірибеде қолданасыз ба?

Студенттердің 80%-ы өз бетінше білім жетілдіру әдіс-тәсілдерін білмейтіндіктері,

20%-ы кейде деген жауап қайтарды. Орындалатын жұмыстың мақсаты мен мәнін

21%-ы   анықтай   алса,   24%-ы   кейде,   55   %-ы   білмейтіндіктері   белгілі   болды.

Олардың 20%-ы өзіндік бақылау жасауға шамасы келсе, 25 %-ы     кейде, 55%-ы

мүмкіндіктері   жоқ   екендігін   айтты.   Ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияларды   география   сабағында   қолдануды   65%-ы   қажетсінсе,     35%-ы

нақты   жауап   бере   алмады.   «Өз   бетіңізше   интернет   ресурстарын   тиімді

пайдалануға мүмкіндік барма?» деген сұраққа 25%-ы «иә», 45%-ы «жоқ», 30%-ы

«кейде» деп жауап берді. Тоғызыншы сұраққа жауап бергендердің 10% -ы «кейде»

деп   атап   көрсетсе,   қалғандары   сабақтан   тыс   уақытта   қарым-қатынас

жасамайтындықтарын айтқан. Студенттердің 21%-ы игерілген білімді тәжірибеде

қолданса,   24%-ы   кейде,     55   %-ы   қолдануға   әрекет   жасамайтындықтарын

анықтадық.   Бұл   талдаулардың   нәтижесін   төменде   кесте   арқылы   кесте   және

сызбанұсқа арқылы көрсеттік (1-кесте және 1-сурет).

Кесте   2   –  Студенттердің   ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияларды

қолданудағы   белсенділік   деңгейлерінің   анықтау   экспериментінің   көрсеткіштері

(% есебімен)



Деңгейлер

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Төмен


50

55

Орташа



24

23

Жоғары



20

21

57



 

Сурет 1 – студенттердің оқу белсенділігінің даму деңгейлері (% есебімен)

Кесте мен диаграмма нәтижелеріне төмендегідей қорытынды шығаруға болады:

- оқушылардың сабақтағы белсенділігі төмен;

- өздігінен шығармашылық әрекет жасауға дайын емес;

- орындалатын жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай алмайды;

- оқу-танымдық қызметте негізгі нәрсені түсінбейді;

- игерілген білімді тәжірибеде қолдануға әрекет жасамайды;

- өз іс-әрекетіне баға беруі, өзіндік бағалауы нашар. 

Жоғарыдағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп және алынған нәтижелерге талдау

жасай оқу үрдісінде студенттердің зерттеу әрекетін дамыту, әсіресе студенттердің

өздік   жұмысына   жеткілікті   назар   аударылмаған.   Осыдан   ақпараттық   және

коммуникациялық   технологияны   қолдана   отырып   студенттердің   дайындық

деңгейін сипаттауға болады. 



2.2

Оқу белсенділігін арттыру жолдарын жүзеге асыру

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияларды   қолдану   арқылы

студенттердің   ақпараттық   технологияларды   қолдануға   дайындық   деңгейін

эксперименттік тексеру нысанына алынды.  Тәжірибелік-эксперимент үш кезеңде

(анықтау,   қалыптастыру,   бақылау)   жүргізілді.  Педагогикалық  экспериментте

қалыптастырушы эксперимент пен тәжірибелік оқыту көрсетілген. 

Эксперименттік әдісті қалыптастыру нәтижесінде студенттредің пәнге деген

қызығушылығы   мен   белсенділігін   анықтауға   және   географияны   оқудағы

мүмкіндігін анықтайды. Оқу үрдісінде әсіресе студенттердің өздік жұмыстарын

дамыту толық зерттелмеген. 

Қалыптастыру   кезеңінде   тәжірибе   жұмысымыз   география   сабақтарында

ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияларды   қолдану   арқылы

белсенділігін   арттыру   мақсатында   оқушыларға   танымдық   тапсырмаларды

орындату, оны оқу үрдісінде тексеру, тіл дамытуда әдістемелік және дидактикалық

тәсілдерді   қолдану   арқылы   оқушылардың   оқуға   деген   қызығушылығын

58


қалыптастыру, олардың оқу белсенділігін арттырып, білім деңгейлерін жетілдіру

негізінде   өтті.  Өзін-өзі   белсендіретін   студент   қай   уақытта   болмасын   өзінің

мүмкіндіктерін үнемі толық ашып дамытуға ұмтылу қасиеті тән тұлға. Осындай

тұлға   болып   жетілуде   студенттер   болашақта     шығармашылыққа,   толыққанды

қарым – қатынас  жасауға, өз ойындағысын   орындауға қабілетті бола отырып,

ізгілікті, тұлғалық бағдарлы тәрбие  жүйесінде өзін қалыптастыра алады. Студент

өзінің   өмірлік   қуатының   мәнін,   мақсатын   жүзеге   асыратын,   тәндік,   жандық,

рухани күш- қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі обьективтік

үрдіс   ретінде   белсенділігін   арттыруда   өзін-өзі   жетілдіру   қызметі   де   өз   үлесін

байқатады. Бұл процесс оқу үрдісін зерттеуде ерекше мәнге ие екендігін дәлелдей

отырып психологиялық - педагогикалық мәселелердің бірі етіп алға қояды [67].

Қалыптастыру   экспериментінің   барысында   студенттердің   оқу   белсенділігін

арттыру   үшін   жасалған   арнайы   әдістеменің   нәтижелері,   қорытындылары

оқытушылар   арасында,   кафедра   мәжілісінде   талқыланды.  Зерттеу   жұмыстарн

жүргізу   барсында   050609   «География»,   050116   «География»   мамандықтары

бойынша   С.Торайғыров   Павлодар   мемлекеттік   университетінің,   Павлодар

мемлекеттік   педагогикалық   институтының   және   Инновациялық   Еуразия

университетінің, барлығы 120 студент қатысты.  

Педагогикалық     эксперименттің   қалыптастырушы   кезеңінде   зерттеу

материалдарын жалпылау және өз тәжірибемізді жүзеге асыра отырып, география

сабақтарында   студенттердің   оқу   белсенділігін   арттырудың   үлгісі   жасалып   ол

төменде сызбанұсқа ретінде көрсетілді (сурет 2).

Сурет 2-жалғасы

59

Оқу белсенділігін педагогикалық 



қамтамасыз ететін принціптер:

- жүйелік тәсіл принціпі;

- өзін-өзі ұйымдастыру принціпі;

- бірізділік принципі;

- кешенділік принципі.

Белсенділікті арттырудағы ұйымдастырушылық-

педагогикалық жағдай:

- өзін-өзі тану үрдісіне студенттерді қатыстыру;

- өздерінің мүмкіндіктерін студенттердің

 

рефлексиялауы;



- білім әрекетінде

 

тәсілдер мен түрлерді таңдау 



еркіндігі;

- студенттердің бірлесе жұмыс істеу әрекеті.



Сурет 2-ақпараттық және коммуникациялық технология арқылы студенттердің оқу

белсенділігін көтерудің үлгісі

Жүйелік   тәсіл   принціпі  оқу   үрдісіндегі   табиғи   құбылыстар   арасындағы   себеп-

салдар байланысты қарастырады. Өзін-өзі ұйымдастыру принципі педагогикалық

үрдістегі   субьектінің   тең   құқыда   бірлесе   жұмыс  атқаруының   сипаттамасы,   бұл

дәстүрлі түрдегі оқытушының студентке әсері олардың оқу үрдісіндегі бір біріне

әсері.   Бір   ізділік   принципі   оқу   мақсатына   жетудегі   үздіксіз   әрекет   бағыты.

Кешенділік   принципі   барлық   субьектілермен   ұйымдастырушылық,   креативті,

басқа да міндеттерді шешу. Жоғарыда көрсетілген әрбір кезең өзара байланысты,

егерде оқу барысында кезеңдер арасындағы байланыс өзгерсе немесе жоғалса оқу

мақсаты іске асырылмайды:

1.  жоғары   оқу   орнындағы   оқу   үдерісінде   ұсынылған   үлгіні   қолдану

нәтижесінде   студенттердің   ақпараттық   үдерістерді   жүзеге   асыру   деңгейі   арта

түскені байқалды.

2.құрастырылған   үлгіні   қолдану   барысында   студенттердің   ақпараттық

процестерді жүзеге асыруға дайындау үлгісінің динамикасын  қамтамасыз ететін

дидактикалық шарттар анықталды. 

Бұл   принциптерге   сәйкес   студенттердің   оқу   белсенділігін   көтерудің

рефлексиялық,   алдын-ала,   қабылдау   және   түсіну,   бекіту   және   жалпылау

кезеңдерінің   үлгісі   көрсетілген.   Кезең   мазмұны   мен   жұмыс   түрлері   төмендегі

кестеде көрсетілген (кесте 3).

 Кесте 3-Студенттердің оқу белсенділігін арттыру кезеңдері.

Кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Жұмыс түрі

Рефлексия

Бастапқы   білімдері   мен   өз

мүмкніндік

 

деңгейін


анықтаудағы

 

студент



рефлексиясы.

Ақпараттық

 

және


коммуникациялық   технология

және  оқытушы  көмегімен  жеке

жұмыс. 

Кесте 3-жалғасы



60

Оқу белсенділігін педагогикалық қамтамасыз ету 

кезеңдері:

- жаңа материалды түсіндіру кезеңі;

- түсіну және қабылдау кезеңі;

- бекіту және жалпылау кезеңі.



Педагогикалық тиімділігінің критерилері қоса 

берілген:

- жұмысты бастамас бұрын жағдайды алдын-ала 

талдауы;

- нақты мақсат пен міндет қою біліктілігі; 

- қойған жоспарды іске асыру икемділігі; 

- талдау және түзетулер енгізу икемділігі. 



Алдын-ала

Студенттердің   оқу   міндетін

таңдауы.

Оқытушы   көмегімен   жеке

жұмыс

Қабылдау


және түсіну

Репродуктивті

 

оқу


тапсырмаларын шешу.

Продуктивті

 

оқу


тапсырмаларын шешу.

Ақпараттық

 

және


коммуникациялық   технология

көмегімен   жеке   жұмыс.

Оқытушы

 

басқаруымен



фронтальді жұмыс. 

Бектіу және

жалпылау 

Продуктивті

 

оқу


тапсырмаларын шешу.

Ақпараттық

 

және


коммуникациялық   технология

көмегімен   жеке   және   топтық

жұмыс. 

Көріп   отырғанымыздай   студенттердің   оқу   белсенділігін   арттыруда   кезеңнен



кезеңге   өту   кезінде   танымдық   әрекеттегі   студенттердің   өздік   жұмысын

қалыптастыруға   бағытталып   жұмыс   мазмұны   мен   түрі   өзгереді.     Осыған

байланысты   кейбір   педагогтар   мен   психологтар   (Р.Г.   Лемберг,   В.А.   Занков)

«студенттердің өздік жұмыстарының  негізгі ерекшелігі олардың ықыласы және өз

еркімен   әрекет   жасауына   байланысты»,   -   деп   санайды.   Студенттердің   өздік

жұмысын үш деңгейде қарастыруға болады:

1.

жаңа   материалды   меңгерту-қайта   жаңғырту   деңгейі   (лектордың



соңынан қайталау, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау);

2.

жартылай   шығармашылық   деңгей-қабылдаған   білімін,   дағдысын



тәжірибеде қолдана білу деңгейі (картамен жұмыс, гипсометриялық қима салу);

3.

шығармашылық деңгей-қатысымдық міндеттеді шешуде білім, білік,



дағдыны қалыптастыру деңгейі (берәлген тақырып бойынша жоба жасау, реферат,

курстық   жұмыс,   дипломдық   жұмыстарды   орындау,  мәселелі   сұрақтарға   жауап

беру). 

Үлгіні жасау және жүзеге асыру барысында педагогикалық әрекеттің келесідей



компоненттерін   мақсаты,   мазмұнын   таңдау,   оқыту   әдісін   жобалау,   оқу-тәрбие

жұмысын ұйымдастыр құралдары мен түрлері және оқу белсенділігін арттыруды

жүзеге   асырудың   тәжірибелік   тиімділігі   мен   теориялық   дәлелдеу   тәжірибелік

жұмыстың   өтуін   анықтады.   Тәжірибелік   жұмыстан   алатынымыз   студенттердің

оқу-танымдылық белсенділігі нақты жағдайларды сақтағанда ғана жүзеге асады.

Бірінші – география пәндерін оқытуда кәсіби мотивацияның болуы. Екіншіден –

оқу   белсенділігін   қалыптастыруға   бағытталған   педагогикалық   үрдісті

қалыптастыру.  Үшінші   жағдай   -     студенттерді   шығармашылық,   іздену-зерттеу

жұмыстарына жұмылдыратын инновациялық ортаны қалыптастыру.

Студенттердің   өздігінен   орындайтын   жұмыстарының   бірі   –   тапсырмалар

жүйесі.   Бұл   кешенді   жұмыс   түрін   орындауда   оқытушы   кеңес   беруші   қызметін

атқарса, студент оқу материалын қабылдауға, ұғынуға және игеруге, оны өзінің

болашақ қызметінде қолдана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылыс жасауы

керек. Студенттердің өздік жұмысы білік пен дағдыны қалыптастырудың тиімді

61


жолы   болғандықтан,   олардың   қалыптасуына   тапсырмалардың   әсері   зор.   Бұл

туралы   Р.С.   Немов   төмендегідей   ой   қорытады:   «Білік,   дағдылардың   барлық

түрлерін   қалыптастырудатапсырмалардың   маңызы   зор.   Олардың   негізінде

дағдылар   автоматтандырылып,   біліктіліктер   жетіледі.   Ал   күнделікті,   жүйелі

тапсырмаларсыз   білік,   дағдылар   өз   қасиеттерін   жоғалтады»   2.   Ал   Ә.   Исабаев

тапсырмалар арқылы студенттердің мынадай дағдылары жетіледі деп көрсетеді: 1)

алған білімін еске түсіреді; 2) теориялық алған білімін бекітеді; 3) көру қабілеті

нығаяды;   4)   есту   қабілеті   артады;   5)   қабылдау   мүмкіндіктері   молаяды;   6)

сенімділік   қабілеті   күшейеді;   7)   байқау   қабілеті   дамиды   4.   Р.   Сүлейменова

өздігінен істейтін жұмыстарды тапсырмалар, зерттеу, шығармашылық жұмыстар

деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік қабілеті, білім

көлемі,   білім   молдығынан   туатын   толық   дербестігі   айқын   көрінуі   тиіс»   5.

Шығармашылық жұмыстар студенттердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің

дамуынатұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Сонымен қатар, өздігінен  ой

қорытып,   шешім   шығаруға,   дұрыс   сөйлеп,   сауатты   жазуға,   тіл   байлығын

арттыруға жәрдемдеседі [62]. 

Студенттердің   өздік   жұмысын   ұйымдастыру   келесі   талаптардың   шешеімін

табуға бағытталады:

-студенттерді   өз   бетімен   ізденуге   үйрету,   олардың   танымдық   және

шығармашылық икемділіктерін дамыту, ғылыми ізденіске жетелеу;

-ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен ең қажеттісін алуға үйрену;

-әр студенттің  қабілеті  мен мүмкіндігіне  қарай зерттеу іс-әрекетіне  негізделген

түрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін саралау;

-білімнің пайдаға асуын, қажетке жарауын жүзеге асыру;

-студент бойында еркіндік, адамгершілік, мақтаныш сезімін, дербестік қасиеттерді

дамыту;


-студент   пен   оқытушы   арасындағы   ізгілік,   ынтымақтастық,   коммуникацияны

қалыптастыру;

-өздік  жұмыста  танымдық  шығармашылыққа   жетелейтін элементтердің   болуын

қамтамасыз ету (түйін, пікір);

-ғылыми жұмыстар бойынша болжам, модель, жоба жасауға, оны қорғай білуге, өз

ойын дәлелдеуге үйрету [80]. 

Өздік жұмыстың қортындысы әр түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындау

арқылы іске асады. Белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтін тапсырмалар

бұл тапсырмаларды орындай отырып студенттердің пәнге деген қызығушылығын

арттыру және өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру, оған  әрбір курс бойынша

төмендегідей   тапсырмаларды   беру   арқылы   жүзеге   асырамыз   [кесте   4,   кесте   5,

кесте 6].

62


Кесте   4-«Жалпы   жер   тану»   курсы   бойынша   1   курс   студенттеріне   арналған

тапсырмалар жатқызуға болады:



Тапсырма атауы

Жұмысқа қысқаша сипаттама

Жердегі   өзгеріс   (ерте

кезеден   қазіргі   заманға

дейін)


Әр тарихи кезеңдегі адамдар  

Картаны оқимыз

Алғашқы карталар қашан, қалай пайда болды,карта

түрлері   және   жіктелуі,   олардың   адам   өміріндегі

маңызы. 

Жер ортасына саяхат

Жердің ішкі құрлысы бойынша әр түрлі көзқарастар

Жер неге айналады

Жердің   айналу   себебі,   күн   жүйесіндегі   планеталар

арасындағы   орны,   жердің   айналуына   қандай

жағдайлар әсер етеді. 

Жердің


 

ғарыштан


бейнесі

Ежелгі   астрономдардың   жер   туралы   көзқарастары,

жер планета ретіндегі күн жүйесіндегі орны. 

Кесте 5-«Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы» курсы бойынша

тапсырмалар:

Тапсырма атауы

Жұмысқа қысқаша сипаттама

Географиялық ашылулар

Әйгілі географиялық ашылулар

Жаһанық жылыну –

аңызба әлде шындықпа?

Себеп-салдар, көзқарастар, мәселелер. 

Мұз 

континентінің



құпиясы

Неге Антарктида мұзбен жамылған? 

Неге ол ең суық материк? 

Үнемі мұз жауып жатама?

Кесте 6-«Қазақстанның физикалық географиясы» курсы бойынша тапсырмалар:

Тапсырма атауы

Жұмысқа қысқаша сипаттама

Қазақстанның табиғи 

ресурстары

Табиғи ресурстардың сарқылуы мүмкінбе?

Сарқылатын жағдайда ел экономикасына қандай залал

әкеледі?


Қазақстанның 

экологиялық жағдайы

Эколгиялық   жағдайлардың   себебі,   салдары,   оларды

шешу жолдары

Қазақстан 

территориясының 

ашылуы және оның 

игерілуі


Тарихтың ашылмаған беттері ел территориясын игеру.

Адамдардың жаңа жерлерді іздеуіне қандай жағдайлар

себеп болды. Қазақ жерін алғаш рет ашқандар кімдер?

Адамдардың жер 

бедеріне тигізген әсері 

және оның салдары

Антропогенді   ландшафттар,   эрозиялық   үрдістер

адамның табиғатқа тигізген әсерінің салдары ретінде

оның қоршаған ортаға әсері.

63


Кесте 6-жалғасы

Қазақстанның 

климаттық ресурстары

Климаттық ресурстар дегенді қалай түсінеміз? 

Қазақстан бұл ресурс түрлеріне бай ма?

Жаһандық   жылыну   нәтижесінде   елдегі   климат

ресурстары қалай өзгеруде? 

- студенттердің ғылыми көзқарасын (реферат, рецензия, баяндама, өз ойын,

пікірін қосатын тапсырмалар) қалыптастыратындай болуы қажет;

- тапсырманың   мазмұны   мәселелік   жағдаят   туғыза   отырып,   студенттің

ойлауын дамытуы тиіс. 

Сабақта   студент   тілдік   қатынас   үрдісінің   белсенді   мүшесіне   айналады,   әрі

ұжымда   коммуникация   мәселесі   төңірегінде   ойланады.   Сын   тұрғысынан   ойлау

үшін ол басқалардың пікірін тыңдай отырып, сенімділікпен өз шешімін айтуға

талпынады. Проблемалық жағдаят тудыру арқылы студенттердің жоба ұсынуына,

оның шешімін табуға мүмкіндік бергенде нәтижеге жетуге болады. 

Оқытушы проблемалық жағдаят туғыза отырып, қойылған мәселенің шешімін

табуға,   қиындықтарды   жеңіуге   жетелейді.   Студенттер   әкелген   мәліметтері

бойынша   бір-біріне   сұрақ   қойып,   өз   болжамдарын   ұсынады,   ізденіс   жүргізеді.

Проблемалық сұрақ қою арқылы жағдаят туғызу студенттердің шығармашылық

белсенділігін   арттырады,   сабаққа   араласуна   мүмкіндік   жасайды,   білімін

терңдетуіне және оны нақты жағдайда қолдана білуіне ықпал етеді. Студенттердің

жұмысы   тапсырманы   жалпы   ойластыру   мен   қабылдау,   және   оны   біртіндеп

сұрақтар   мен   тапсырмаларды   орындаумен   байланысты.   Олар,   әрине,   оқытушы

беріп   тұрған   бағыт   бойынша   іздестіреді.   Қазақстанның   физикалық   география

курсы   бойынша   «Қазақстан   топырағы,   табиғи   зонасы»   тақырыбын   өткенде,

студенттерге: «Ежелгі мұздану процесі топырақ түзілуіне қалай әсер етті?» - деген

тапсырма береді. Егер де олар  бірден жауап бере алмаса, оқытушы бұл сұрақты

сол мәселе бойынша төмендегідей бірнеше сұрақтарға бөледі:

1. Қазақстанның солтүстік бөлігінде ежелгі мұздану процесінің әрекеті неде?

2.

Қай жерде топырақтар жастау – Қазақ шоқысының солтүстігінде



ме немесе оңтүстігінде ме?

3. Қандай топырақтардың қалыңдығы үлкен – жаңа не ескі?

4. Іле   Алатауының   баурайындағы   топырақтың   тасты   және   бетінің   жұқа

болғаны немен түсіндіруге болады?

Соңында оқытушы тағы да жалпы сұрақты : «Ежелгі мұздану процесі

топырақ   түзілуіне   қалай   әсер   етті?»-   қайтадан   қояды   да,   әңгіменің   мазмұнын

қорытындылау үшін толық жауап алады. Кейде студенттермен әңгіме өткізбей-ақ,

тапсырманы орындау жолдарын немесе жоспарын алдын-ала хабарлайды.

Оқытушы   ең   алдымен   олардың   өзіндік   әрекетінің   негізгі   психологиялық

ерекшеліктерін   білу   керек.   Өз   бетімен   орындалатын   жұмыс   түрлерін

ұйымдастыруда   студенттердің   қызығушылық   қабілетін   тудыратындай

тапсырмалар беру қажет. Көптеген психологтар (З. Клычникова , И. Зимняя, С

64


Рубинштейн, т.б.) қызығушылықты және оған тән жалпы белгілерді жан-жаөты

зерттеп   қарастырды.   Олар   қызығушылықтың   қажеттіліктен   туындайтынын,   ал

қажеттілік   адам   санасының   белсенділігі   мен   іс-әрекетіне   әсер   ететінін   атап

көрсетті. Шығармашылық жұмыс адамның көңіл күйіне байланысты толғанысына

әсер етіп, сыртқы дүниені қабылдауға, танып-білуге ұмтылдырады. 

Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың

тұлғалық   қасиеттерін   қалыптастыру   ерекшеліктеріне   назар   аударуымыз   қажет.

Жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Қазіргі

жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының

дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, өзі

өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман

жеке   тұлға   болып   қалыптасуы   үшін   -   қоғамдық   сананың,   адамның   тұрмыс   -

тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек [27]. 

Белсенділік   белгілі   бір   тақырып   төңірегінде   ойландырып   ішкі   дүниесін

жеткізе   білуге   жетелейді.   Өздік   жұмыс   түрлері   студенттердің   психикалық

үрдістерінің   қызметін   (ойлау,   түсінік,   қабылдау,   зейін,   сөйлеу,   сезім,   ерік)

күшейтеді, олардың ой белсенділігне орай анализ, синтез әрекеттерін артырады.

Оқытушы   өз   бетімен   орындалатын   жұмыстың   көлемін   шамадан   тыс   асырмай,

оның сапасын арттыруды, студенттің қздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде

дамытуды,   нақты   фактілер   мен   құбылыстарды   өздігінен   талдап,   түсінуді   алған

білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру, шығармашылық тұрғыдан жұмыс

істеуге   үйретуді   басты   назарға   алады.   Студенттер   өздік   жұмысқа   төселе   келе,

қазіргі өмір талабына сай өз қабілеттерін ашып, мүмкіншіліктерін кеңейте алады.

Студент оқытушының берген білімімен шектеліп қана қоймай, оны ары қарай өз

бетінше белсенді танымдық іс-әрекет нәтижесінде игеріп, ізденіп дамытуы тиіс.

Өздік жұмысты дұрыс ұйымдастыру болашақ маман тұлғасының қалыптсуына,

өсуіне және дамуына әсер етіп, төмендегі тапсырмаларды орындауда студенттің

өздігінен   ізденуін,   оқу-танымдық,   ғылыми-зерттеу   жүмыстармен   айналысуын

қалыптастырады. Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы курсында

материктердің жеке аймақтарына климат сипаттамасы төмендегі жоспар бойынша

беріледі (студенттерге тақырып бұрын хабарланады):

1) территорияның географиялық орналасуы;

2) қаңтар мен шілде айларының орташа температурасы;

3) жауын-шашын мөлшері және олардың маусым бойынша бөлінуі;

4) қыс және жаз уақыттарының ұзақтылығы;

5) климатқа әсер ететін себептер.

«Берілген   үлгі   бойынша   материктің   климатына   сипаттама   беріңдер»   деген

тапсырманы   орындау  барысында,   студенттердің   карта   және   климатограммамен

жұмыс істеуінде ойлау және практикалық қабілеттерін арттырады.

Сондай-ақ,   бір   нұсқауды   пайдалана   отырып,   карта   бойынша   географиялық

координаттарды, бағыт пен қашықтықты анықтау тапсырмалары жатады. Бірақ,

әрбір   тапсырманы   орындаған   кезде,   зерттелген   географиялық   объектілер   мен

65


құбылыстардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген шығармашылық элементі де

маңызды орын алады. Бірақ, жалпы, студенттердің әрекеті де репродуктивті болып

табылады,   себебі   олардың   ойлау  логикасы   жоспармен,   оқу   әрекетінің   нұсқауы

немесе   алдын-ала   орындалған   бір   үлгі   арқылы   анықталады.   Күнделікте

қолданылатын   карталарды   студент   жеке   жұмысты   орындағанда   қолданады,

сондықтан әр студенттің өз картасы болуы тиіс. Олардың көпшілігі оқулықтың

ішінде және оқу атластарында жинақталған. 

Барлық   карта   түрінің   ортақ   ерекшеліктері   бар.   Олардың   тақырыптары   мен

маңыздары   география   пәнінің   бағдарламасына   сай   келеді.   Басқа   карталарға

қарағанда,   кесте   карталары   көбінесе   практикалық,   бақылау   сабақтарында

пайдаланады. Бұл карталар бойынша оқушылардың білімдерін тексеруге болады.

Географияны   оқыту   әдістемесінде   географиялық   картамен   жұмыс   істеу

барысында үш мақсат қойылады: картаны түсіну, оқу, білу. Картаны түсіну деген

географиялық   картаның   негізгі   қасиеттерін,   маңызын   меңгеру,   түрлерін   білу.

Картаны оқу – картада географиялық объектілерді бейнелері бойынша анықтай

білу. Мысалы, картадағы тұрғын мекендердің пунсоны арқылы халық санын және

әріптің   өлшемі   мен   шрифтердің   ерекшелігіне   байланысты   түрі   мен   саяси-

әкімшілік мағынасын анықтау. Картаны білу деген география курсында зерттеу

объектінің  салыстырмалы  өлшемін, пішінін, оның орналасу орнын есте  сақтау,

елестету.  Әрине,   картаны   жақсы   білу   үшін,   оны   бірінші   жақсы   түсіну,  екінші

жақсы оқи алу керек. Картаның зерттеудің негізгі мақсаты болып картографиялық

қабілетінің   қалыптасуы   саналады.   Бұл   кезеңнің   міндеті   оқу   үрдісі   және   оның

құрылымдық   компоненттерін   күрделендіріп   және   студенттер   белсенділігін

дамыту.   Қалыптастырушы   эксперименттің   бастапқы   кезеңінде   сабақта   және

сабақтан   тыс   уақыттағы   тапсырмаларды   құрастыруға,   мотивті   қалыптастыруға

көп көңіл бөлінді. Іс-әрекеттің әр түрлі формалары мен тәсілдері, ақпарат көздері

қолданылып,   шығармашылық   әрекетке   бейімделді:   Мен   өз   жұмысымда

презентацияларды,   оқу   мәтінін,   карта,   сызбанұсқа,   дайын   тәжірибелік

тапсырмаларды   қолданамын.   Бұлар   жаңа   оқу   материалын   толық   меңгеруге,

сабақта оқу белсенділігінің артуына, сонымен бірге өздігінен жұмыс жасауға және

белсенділікті дамытуға қолайлы фактор қалыптастырады [86]. 

Жалпы   жертану   сабағында   жаңа   материалдарды   түсіндірк   кезінде   көрнекі

құралдарды   қолдану   арқылы   дүниетанымдық   көзқарастары   қалыптасып,   пәнді

оқуға деген қызығушылықтары болады. «Жанартаулар» тақырыбын түсіндіргенде

әр   түрлі   жанартаулардың   түрлерін,   ішкі   құрлысын   олардың   атқылауын   негізгі

ұғымдарды экран арқылы түсіндіру. 

Құрлықтар   мен   мұхиттардың   физикалық   географиясы   бойынша   тәжірибе

жұмысы   барысында   географиялық   обьектіге   кешенді   түрде   физикалық-

географиялық   сипаттама   беруде   біліктілік   пен   дағдыларды   меңгереді,   әр   түрлі

құбылыстар   арасындағы   себеп-салдар   байланысты   анықтап,   өздігінен   жұмыс

істеуде білікті болуы. 

66


         «Мұхиттар» тақырыбын оқуда студенттерге мынадай тапсырмалар беріледі:

Атлан   мұхитында   туристер   Әулие   Лена   аралы,   Ньюфаундленд   жағалаулары

Солтүстік   теңіз   бен   Мексика   шығанағындағы   мұнай   мұнараларын,   Оңтүстік

Африка жағалауларында алмаз өндіру, Амазонка өзендерінің сағасы, Нигер өзені,

Багам   аралдарын   көре   алатындай   круиз     маршрутын   жалғастыру.   Ағыстар

картасына   жетекшілік   етіңіздер   (студенттердің   1   жартысы   тапсырманы

компьютрде орындаса, екіншілері кескін картада орындайды). Құрлықтарды оқу

кезінде   білімдерді   бектіу   үшін   номенклатураларды,   географиялық   орын,   жер

қыртысы   құрлысының   өзара   әсері,   жер   бедері   мен   пайдалы   қазбалардың

орналасуын зерттеу. Мысалы: Оңтүстңк Американы оқу барысында өсімдіктерді

табиғи зоналар бойынша орналастыру. Бұл топтық жұмыс түрі. 

          Қазақстанның физикалық географиясын оқығанда белгілі бір қуаттылықта

жұмыс   жасайтын   СЭС-ның   құрлысы   беріледі.   СЭС   салуда   орын   таңдау   өте

күрделі.   Жұмысты   бастамас   бұрын   студенттер   СЭС   салуда   тиімді   орын

даңдаулары   қажет.   Содан   кейін   станция   қуаттылығын   анықтайтын   бұл

байланыстылықты логикалық сызбанұсқа түрінде көрсетуі керек. 

      Қазақстанның әлеуметтік-кономикалық географиясы бойынша орталықтар мен

оның   маманданған   саласына   сәйкес   сызбанұсқа   мен   кесте   толтырылады.

Металлургия   тақырыбын   оқығанда   кәсіпорындардың   орналасуының   тиімді

жақтарын қарстыру (жұптық жұмыс, картамен жұмыста жалаулар қолданылады).

Экранда   шартты   белгілерімен   карта   беріледі,   картаны   зерттеп   кәсіпорынның

орналасуына қолайлы жағжай қарастырылады. 

Тәжірибе сабақтарында пән бойынша студенттерді жұмылдыру. Әр студент

ақпаратты қабылдау үшін мәселе тудырып, шығармашылық жұмысқа бағытталды.

Білім мазмұнының жаңаруы оқу танымдық құралдарын салыстыру студенттердің

ойлауы мен оқу-танымдық әрекетін белсендірді. 

Қалыптастырушы   эксперименттің   екінші   кезеңінде   студенттердің   оқу-

танымдық   әрекеті   үрдісінде   оқытушы   мен   бірлесе   отырып   жұмыс   жасалынды.

Негізгі   көңіл   аударған   жағдай   оқу   әрекетіне   деген   студенттердің   білімі   мен

шығармашылығын   дамыту   үшін   география   пәні   бойынша   қызығушылығын

арттыру   және   тереңдету   болды.   Атқарылған   жұмыстың   барлығы   студенттердің

жеке   мүмкіндіктері   мен   дайындығын   есепке   ала   отырып,   білімін   теориялық

дайындық деігейін арттыруға бағыттау. Біз студенттерде тез өсіп жетілетін емес,

керісінше   оқу   әрекетіндегі   белсенді   позицияны   дамытуды   қажет   ететін   әрекет

тәсіліне тәрбиелеуге ұмтылдық. Басқаша айтсақ оқыту әрекетінің ерекшелігі ол

студенттердің   ішкі   ресурсын   ашып   әр   қайсысының   жеке   ашылуына   жағдай

жасады [68]. 

Нәтижесінде   студент   әрекет   барысында   өздігінен   жұмыс   жасауға

бейімделді. Оқыту әрекетін ұйымдастырудағы оқытушы әрекеті де өзгерді. Егерде

алғашқы кезеңде студенттердің өздік жұмысын оқытушы басқарған болса, қазіргі

кезеңде ол өзін-өзі реттеуді бағыттайды.   Бұдан көретініміз іздену арқылы оқу-

67


танымдық   әрекеті   жүйесі   жағдайының   қалыптасуына   әсер   етті.   Бұл   кезеңдегі

студенттер әрекеті мотивқа жетіп және оқыту әрекеті мақсатқа жетті. 

Тәжірибелік жұмыс барсында география пәндерін оқытуда ақпараттық және

коммуникациялық   технология   фактор   ретінде   қолданылды:   жаңа   материалды

түсіндіру, оқу үрдісін байытатын құрал, қарым-қатынасты ұйымдастыратын және

ақпаратты   іздеу   ортасы.   Жаңа   материалды   түсіндіру   және   бекіту   барысында

презентациялар,   CD-   DWD-тасымалдау   құралдары   және   интернет   ресурстары

пайдаланылды.  АКТ құралдары  әлемнің түкпірінен кез  келген  мәліметті мәтін,

видеоролик алуға мүмкіндік береді. 

Сабақтан тыс уақытта біз студенттермен электронды пошта арқылы қарым-

қатынаста  болдық. Бұл оқытушы мен студенттер  арасында ақпарат аламсудағы

тиімді құрал болып табылады. 

География пәндерін оқыту барысында мынадай оқыту әдістері қолданылды:

үлгісін   жасау,   рольдік   ойындар,   сын   тұрғысынан   ойлау,   жобалау   және   т.б.

Тәжірибе   жұмысының   барысында   өздік   жұмысын   орындау   барысында

Интернеттен алған ақпараттарды қосымша материалдар ретінде пайдалана алады.

Бұл география пәндері бойынша студенттердің өздік жұмысында мақсатты түрде

ақпараттарды таңдау икемділігін қалыптастырады. 

Тәжірибе жұмысы барысында семестр бойы сабақ барысында компьютерлік

сыныпта тәжірибелік сабақтар өткізілді, студенттер өздері жасап әкелген Microsoft

Power   Point   бағдараламасы   бойынша     бірінші   курс   студенттері   «Халықаралық

туризм географиясы» пәні бойынша «Әлемнің ірі туристік орталықтары», «Әйгілі

қонақ үйлер», «Павлодар қаласының көрнекті жерлерін туристерге көрсету» т.б.

тақырыптар   бойынша,   «Жалпы   жертану»   пәні   бойынша   «Жер   туралы

географиялық   білімдердің   дамуы»,   «Литосфера»,   «Атмосфералық   циркуляция»,

екінші  курс  студентері   «Тұрғындар  географиясы»   пәні  бойынша  «Планетадағы

адамдардың орналасуы», «Әлем халқы», үшінші курс студентері «Қазақстанның

және ТМД елдерінің туристік ресурстары» пәні бойынша «Солтүстік Қазақстан

туристік   ауданы»,   «Орталық   Қазақстан   туристік   ауданы»,   «Оңтүстік   Қазақстан

туристік ауданы», «Батыс Қазақстан туристік ауданы»

 

тақырыптарымен көрнекі



құраладарды   пайдаланып   жеткілікті   түрде   баяндай   алады.   Бұл   тапсырмалар

арқылы   студенттердің   пәнді   оқуға   деген   белсенділігі   артып,   қздігінен   жұмыс

жасауға бейімделеді.

Бірақта   оқытудағы   техникалық   жабдықтауды   жетілдірседе   маңыздысы

студендтердің   оқу   белсенділігін   арттыруда   педагогикалық   жағдайды   анықтау

қажет.   Біз   жетекшілік   ете   отырып   оқу   үрдісінде   тек   қана   ақпараттық   және

коммуникациялық технологияның өзі ғана емес, оны пайдалану арқылы сабақта

қойған білім мақсатына жете алуы; оқу нәтижесі студенттердің оқу белсенділігін

арттыру ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының түрлеріне

байланысты   емес,   ол   тақырыптарды     сапалы   дайындау   мен   түсіндіруіне

байланысты;   мультимедиялық   және   басқада   құралдарды   пайдалануда   тұлғаның

қабылдау мүмкіндігіне қарай тиімді пайдалану. 

68


Тәжірибелік   жұмыста   байқағанымыз   танымдық   үрдістегі   өзін-өзі

ұйымдастыру принципін жүзеге асыру маңызды. Студенттердің өздік жұмысын

ұйымдастырудың   екі   жолы   бар:   бірінші   жолы   –   өздік   жұмысына   тақырыппен

жұмыс   істеу   барысыныда   бірнеше   кезеңді   көрсету   (мысалы,   қабылдау,  түсіну

және   ойлау).   Мұндай   тәсіл   арқылы   нақты   бір   кезең   бойынша   студент

оқытушының   көмегнісіз   жұмыс   жасайды.   Екінші   жол   –   тақырып   бойынша

студенттердің   толығымен   өздік   жұмысы,   бұл   кезеңде   ақпараттық   және

коммуникациялық   технология   көмегімен   қабылдау   және   түсіну,   бекіту   және

жалпылау   жүзеге   асады.   Бұл   қойылған   міндеттерді   шешіп   қана   қоймай

ақпараттық   және   коммуникациялық   технология     құралдарымен   жұмыс   жасауы

барысында студенттер біліктілігі мен икемділіктерін дамытуды. 

Екі   топтағы   студенттердің   өздік   жұмыстарының   тиімділік   деңгейі   үй

тапсырмасын орындау сапасын тексеру арқылы анықталды. Студенттердің өздік

жұмысын   орындауы   барысындағы   икемділіктерін   қалыптастыру   аудиториялық

сабақтан кейін сауалнаманы жүргізу арқылы анықтадық. Студенттер тапсырманы

орындау барысында кездескен қиындықтарды сипаттап отырды. Талдау барысын

негізге  ала  отырып  біз студенттердің  өздік  жұмысының тиімділігі, егерде  олар

өзін-өзі және өздік жұмысын ұйымдастыру икемділіктерін меңгеріп, ақпараттық

және коммуникациялық технология құралдарын тиімді пайдаланғанда ғана оқуға

деген белсенділігінің артатынына көз жеткіздік.   Қалыптастырушы эксперимент

кезінде   бақылау,   әңгімелесу   мен   интервью,   эксперимент   нәтижелерін

статистикалық   өңдеу,   студенттердің   оқу,   кәсіптік   қызметтерін   талдау   әдістері

қолданылды.

Қолданылған әдістердің растығы, дәлдігі статистикалық нәтижелерді өңдеу

арқылы, құрастырылған модельді практикаға енгізу нәтижелерін талдау арқылы

анықталды.Осы   кезеңде   бақылау   жэне   эксперименттік   топ   деректері

салыстырылып, эксперименттік топтың көрсеткіштері жоғарылағаны анықталды. 

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны   география   сабағыда

қолдану студенттердің студенттердің өздік жұмысында нақты икемділіктері мен

дағдыларын   қалыптастыруға   әсер   етеді   де,   өздігінен   білім   алуды   қамтамасыз

етеді.   Дәстүрлі   түрдегі   дәріс-семинар   жүйесіндегі   ақпараттық   және

коммуникациялық   технологияны   қолдану   арқылы   оқытуда   студенттердің   оқу

белсенділігінің қалай жүретінін дәстүрлі сабақ түріне талдау жасай отырып көре

аламыз (кесте 7). 

69


Кесте   7-География   пәндерін   оқытуда   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны пайдалану 

Сабақ

түрлері


Оқыту түрлерінің функциялары

ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны   қолдану   арқылы   жүзеге

асыру түрлері

Тәжірибелік

жұмыс


Өздік   жұмысы   кезінде   алған

теориялық материалдарды бекіту.

Интербелсенді

 

сандық



 

білім


ресурстарымен   жұмыс   (кестелер,   тест

тапсырмалары-дұрыс жауабын таңдау)

Бағдарлама   бойынша   берілген

тақырыптарды   меңгеру   үшін

негізгі   икемділік   пен   дағдының

болуы.


Сандық   ресурстар   түріндегі   қалыптасқан

икемділіктері мен дағдыларды тәжірибеде

қолдану

Өздік   зерттеу   жұмысы   кезінде



икемділіктерін қалыптастыру

Әр   түрлі   тапсырмаларды   өздігінен

орындау

Семинар


Пәннің

 

теориясы



 

мен


тәжірибесіндегі   жеке   сұрақтар

бойынша білімін терңдету.

Студенттердің баяндама даярлауы  оларды

топта   талқылауы,   көтерген   мәселелер

бойынша пікірлерімен алмасуы

Пәнге   және   білімге   деген

қызығушылықтарын дамыту

Әртүрлі   видеоматериалдарды   қарау,

презентациялар жасау.

Тақырып   бойынша   білімдерін

жүйелеу   және   талдау,   конспект

жасау,   география   бойынша

мәліметтермен   таныса   отырып

өзін-өзі оқытуды қалыптастыру

Өздігінен материалдарды таңдау және оған

талдау   жасау,   тақырып   бойынша   жұмыс

нәтижелерін мультимедиялық презентация

ретінде ұсыныу.

Дәріс

Студенттердің ақпараттық-



коммуникациялық және 

әдістемелік білімдер, 

икемділіктер және дағдыларды 

меңгеруі


Басты мәселені құрастырудан бастау және 

оның шешу жолдарын көрсету (мақсатын 

қою және тақырыппен жұмыс жасаудың 

жоспары мультимедиялық презентацияда 

көрсетілген)

Ғылыми   ашылымдар   немесе

пәннің логикалық   жоспары мен

мақсатына   сәйкес,   материал

мазмұнын таңдау икемділігі

Дәріс   тақырыбы   бойынша   әдебиеттермен

танысу,   жоспардың   мәнін   ашу.

Слайдттармен

 

жұмыс


 

істеуде


гиперсілтемені безендіру

Білімін кеңейтудің қажеттілігін 

қалыптастыру және тәжірибелік 

қажеттілік тәсіліне айналдыру

Дәріс мазмұнын нақты құрылымдау (тірек 

ұғымдарды көрсету, материалдарды блокқа

бөлу)

Пәнді   зерттеудегі   мотивацияны



арттыру.   Сандық   ресурстарға

кіретін   қосымша   ақпараттармен

танысу

Барлық дәріс мазмұны бойынша жалпылау



(презентацияда

 

қортынды



презентацияларды   безендіру,   қортынды

жасау)


Дәріс мазмұнына бақылау тапсырмаларын

қосу


Тезистер   жазу,   интербелсенді   дәрістер

тақырыбын құрастыру

Емтихан

Игерген материалдар деңгейін 



анықтау

Өтілген тақырыптар бойынша әңгімелесу

Тақырып   бойынша   білімдерін

жүйелеу


Презентацияға   кірген   сұрақтар   бойынша

жеке сұрау

70


Кесте 7-жалғасы

Тақырыптардың негізгі 

ұғымдарын меңгеру және тірек 

білімдерін көрсету

Теория бойынша жазбаша жұмыс, 

сұрақтарға жауап. Презентациядағы 

слайдтарды толықтыру

Оқу


конференци

ялары


Үлкен тақырып бойынша 

материалдарды жалпылау

Өзінің немесе топтық зерттеу жобалау 

жұмысын баяндау

Студенттердің шығармашылық 

жұмысын қортындылау

Рефераттарын қорғау (жоба 

презентациясы)

Зерттеу жұмыстарына өздігінен 

талдау жасауға дағдыландыру 

Әдебиеттермен басқада дерек көздерімен 

жұмыс жасау нәтижелерін бағалау, 

мультимедия құралдарын пайдалану

-   ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны   пайдаланып   сабақ   өткізу

барысында оқытушы оқу материалын түсіндіреді (дәріс, әңгіме, жаңа материалды

түсіндіру),   ал   төменде   көрсетілген   мәселелі   оқыту   тәсілдерін,   әртүрлі   көрнекі

құралдарды қолдана отырып студенттер белсенділігін арттыруға болады:

  

- мәселелі сұрақтар қою,



- жаңа материалды дискуссиялық талдауды ұйымдастыру.

Оқу   тапсырмаларында   зерттеу   жұмыстарын   қолдану,  ақпараттық   және

коммуникациялық технологияны мақсатты түрде қолдануды қамтамасыз етеді, бұл

оқытушыдан   технологиялық   үрдіс   құрылымын   жасап,   оқу   әрекетіндегі

коммуникациялық   үрдістердің   тиімділігін   дәлелдеу.   Ақпараттық   және

коммуникациялық   технологияны  студенттердің   география   ғылымындағы

құбылыстар   мен   үрдістердің   заңдылығын   түсіну   үшін   қолайлы   жағдай

қалыптастыруға   мүмкіндік   береді.   Ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны  сонымен   бірге     пәнді   оқыту   барысыда   әртүрлі   көрнекі   құрал

түрлерін пайдалана отырып ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін және теориялық

материалдарды     кесте,   сызбанұсқа,   тірек   конспект   ретінде   қолдануға   жағдай

жасайды.   Оқытушы   тек   қана   статистикалық   материалдарды   ғана   емес,   әртүрлі

түстерді,   графиктерді,   дыбыс,   пиктография,     жанды   иллюстрацияны   қолданана

алады. Бұл түсіндірмелі-иллюстративті және репродуктивті әдістерді қолданудың

жаңа   әдістемелік   деңгейі.   Географияны   оқытуда

 ақпараттық   және

коммуникациялық технологияны  қолдану жұмыс түрлерінің көп түрлі болуына,

студенттің   әрекеті   мен   көңіл   аударуын   белсендіріп,   тұлғаның   шығармашылық

потенциалын   арттырады.   Презентацияда   кесте   мен   сызбанұсқаны   құрастыруда

уақытты   үнемдеп,   материалды   эстетикалық   безендіруге   жәрдемдеседі.   Берген

тапсырманы   сол   жерде   тексерсе   студенттің   назарын     белсендіреді.   Сабақта

кроссворд,   иллюстрация,  суреттер,  қызықты  тапсырмалар,  тест  тапсырмаларын

қолдану   пәнге   деген   қызығушылығын   арттырп,   меңгеру   үрдісін   тиімді   етеді.

ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны  қолдана   отырып   өткізген

сабақтар   талдау   барысында   география   курсы   бойынша   оқу   материалдарын

түсіндіргенде   түрлі   иллюстративті-ақпараттық   материалдарды   қолдануға

71


мүмкіндік береді. Материалды студенттер өздері тауып презентациялар жасайды,

осылай ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану студенттердің

өздігінен   жұмыс   жасауын   дамытады.   Олардың   компьютермен   жұмыс   істеуі

барысында компьютерде жұмыс жасау икемділігін дамытып, оқу тапсырмаларын

өздігінен шешуге бейімделеді. Тест тапсырмаларын пайдалану студенттердің өз

білімдері   мен   құзіреттілік   деңгейін   тексеруге   мүмкіндік   береді.     Осыдан

ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны  география   пәні   бойынша

дәстүрлі   дәріс-семинар   сабақтарын   өткізгенде   оқу   материалдарын   меңгеруін

бағалауда көмектеседі, бұл сабақ сапасы жоғары болады деген сөз.     География

сабақтарында  ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны  пайдалану

студенттердің жаңа білімді меңгеруге деген қызығушылығы артып және оларды

тереңнен меңгеріп, белсенді оқу  үрдісін ұйымдастыруға көмектеседі.  Өздігінен

мәселелі   сұрақ   қойып   және   әртүрлі   зерттеу   тәсілдерін   қолдана   отырып   шешу

жолдарын   анықтау   студенттердің   шығармашылық   потенциалының   ашылуына

жағдай   жасайды.  Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны  география

сабақтарында қолдану әр келкі әдістерді қолдануға – зерттеу, мәселелі оқыту және

жобамен   жұмыс,   дидактикалық   көрнекі   құралдарды   пайдалануға   мүмкіндік

береді. Нәтижесінде студенттер өздеріне қажетті білімді анықтап және өздігінен

жұмыс жасауға бейімделеді, оқу материалын белсенді игеруге, әрекет түрлерінің

жаңа қырларын меңгереді. 

Студенттердің   оқу   белсенділігін   арттырудың   үлгісін   жасау   барысында

төмендегідей көрсеткіштер анықталды: білім, икемділік, дағдының сапасы, пәнге

деге   мотивтің   болуы,   өзін-өзі   тануы   мен   дамытуы,   студенттердің   өздік

жұмысының   тиімділігі.   Моноиторинг   өткізу   барысында   біз   дәстүрлі   зерттеу

әдістерін   қолдандық,   олар:   сұрау,  сауалнама,   әңгімелесу,  студенттер   жұмысын

бақылау, география пәні бойынша студенттердің әр түрлі тапсырмаларды орындау

нәтижесіне   талдау.   География   пәні   бойынша   география   сабақтарындағы

студенттердің оқу белсенділігінің критериі жасалып сипаттама берілді, алынған

нәтижелерге талдау беріліп, математикалық әдіс түрін қолдана отырып өңделді

(қосымша А). 

Студенттермен   әңгімелесу   барысында   ақпараттық   және   коммуникациялық

технология   құралдарын   сабақ   үрдісінде   қолдану   барысында   сабаққа   деген

қызығушылықтары дамып, компьтер және интернет ресурстарымен жұмыс істеу

барысында   оқу   белсенділігінің   артқанын   кқрсетті.   Эксперименттік   топтардағы

студенттердің   жұмысын   бақылау   барысында   оқу   материалдарына   деген

қызығушылығы   мен   белсенділігінің   жоғары   болғанын   байқадық.   Сабақ

барысында және соңында олар оқытушыға нақты мәліметтер бойынша білімдерін

тереңдеткісі   келетінін   айтып   отырды.   Студенттер   сабақта   ешқайда   көңіл

аудармастан   жоғары   нәтиже   көрсетуге   тырысты.   Мұндай   жағдайлар   бақылау

тобында   қатты   байқалмады   деп   айтуға   да   болады.   Бұдан   біз   дәстүрлі   оқытуда

үзіліп   қалатын   әдіс   түрлері,   ақпараттық   және   коммуникациялық   технология

құралдарын пайдалану арқылы сабақтағы фронтальді түрі қысқарып, жеке-топтық

72


түрі мен оқыту әдістерін қолданып оқу, бекіту және жалпылау үрдісін бір-бірімен

байланыстырады.

2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстың нәтижесі

Студенттердің география пәндеріне деген белсенділігін арттыру барысында пәнге

деген   қызығушылықтарын   анықтау   мақсатында   С.Торайғыров   Павлодар

мемлекеттік   университетінің,   Павлодар   мемлекеттік   педагогикалық

институтының   және   Инновациялық   Еуразия   университетінің,   барлығы   120

студенттен сұрақ алынды (90 студент) дәстүрлі әдіс бойынша оқыса, (30 студент)

ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану арқылы сабақ жүргізу

барысындағы   нәтиже   көрсетілді.   Бұл   студенттердің   жоғарыда   көрсетілген

тапсырмалар жүйесін орындау барысында анықталды. Студенттер тапсырмаларды

орыдау барысында сонымен қатар ұғымдарды түсіндіру, принціптер, заңдар мен

заңдылықтарды   және   география   заңдылықтарының   ғылымилығын   анықтады.

Студенттер   жобаны   жүзеге   асыруда   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны   пайдалана   отырып   олардың   жан-жақты   ойлануын   қолдап   отыру

керек.   Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны   пайдалана   отырып

сабаққа   дайындалуда   міндетті   түрде   олардың   көру   қабілеті,   қабылдаудың

физиологиялық   жағын   (шрифт   ерекшелігі   мен   терілген   материалдарың   анық

болуы)   ескеру   қажет.  Бұдан   ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны

және   мультиедиа   құралдарын   географияны   оқытуда   және   білім   үрдісін

жобалаудың әртүрлі аспектілерін тәжірибеде қолдану мұхият дайындықты қажет

етеді. География сабақтарында ақпараттық және коммуникациялық технологияны

қолданудың маңызды тәжірибелік және психологиялық-педагогикалық аспектісін

зерттей келе төмендегідей қортындыға келдік:

-

әртүрлі   пәндерді   оқыту   үрдісін   ұйымдастыру,  соның   ішінде   географияны



оқытуда  ақпараттық  және  коммуникациялық технологияны  қолдану  берік орын

алды;


-

география   ғылымы   саласында   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны пайдалану жұмыс жасауда жаңа жағдайларды қалыптастыру және

оқу әрекетінде студенттердің жаңа тәсілдерді меңгеруіне жағдай жасайды.

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   құралдарын   география

сабақтарында   жаңа   материалды   түсіндіру   барысында   максималді   меңгеру,

студенттердің   білімін   бақылауда,   пән   бойынша   стіденттердің   өздік   жұмысын,

сонымен бірге іздеу-зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Ақпараттық және

коммуникациялық   технология   құралдарының   көмегімен   тестік   бақылау   мен

икемділігі   мен   біліктілігін   қалыптастыру   мүмкіндігі   дәстүрлі   тәсілге   қарағанда

жылдам және обьективті. Бұл тәсіл оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді және қазіргі

ақпаратты   өңдеу  жүйесін   бағалау  қарапайым   және   ыңғайлы.   Ақпараттық   және

коммуникациялық   технологияны   пайдаланудың   теориялық   тәсілін   қарастыра

отырып төмендегідей ұсыныстарды ұсынуға болады:

73


-   компьютерлік   бағдарламалар   қызық   үшін   емес,   пәнге  деген   қызығушылығын

арттыру мақсатында қолданлуы керек. Студенттерді оқу белсенділігін арттыуда

мультимедиялық   құралдарын   пайдалану   маңызды,   тек   қана   иллюстративті

материалдар   ретінде   ғана   емес,   алған   білімдерін   шығармашылық   тұрғыдан

қолдану,   ақпаратты   жүйелеу   мен   құрылымдау   негізінде,   яғни   иллюстрация

танымдық әрекетті нығайтады, ал оны ауыстырмайды;

- география сабақтарында ақпараттық және коммуникациялық   технологияларды

қолдана   отырып   оқу   материалдарын   жалпылау   мен   бекітуді   жоспаралау,

мультимедиялық   құралдарды   қолдану,   білімді   бекітуде   тест   тапсырмаларын

пайдалану, оқу бағдарламаларында икемділіктері мен дағдыларын бекіту. 

География   курсында   ақпараттық   және   коммуникациялық     технологияларды

қолданудың маңыздылығы коммуникативтік тапсырмалар көлемін кеңейтіп, оқу

белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Сабақта ақпараттық және коммуникациялық технологияны тәжірибелік пайдалану

мен   теориялық   негізін   таладай   отырып,   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны құралдарын жұмыстың келесі кезеңінде мақсатты енгізу барысында

келесідей қортындыға келуге болады:

1)

жаңа   материалды   түсіндіру   барысында   –   білімді   көру   (Power   Point-та



презентация жасау);

2)

материалды бекіту барысында (тренинг – әркелкі оқыту бағдарламалары);



3)

тексеру және бақылау жүйесінде (бағалау тестарын пайдалану);

4)

студенттердің өздік жұмысында;



5)

студенттердің   шығармашылық   мүмкіндіктері   мен   зерттеу   икемділіктерін

қалыптастыру   және  дамыту. Ақпараттық   және коммуникациялық  технологияны

жүйелі   тәжірибелік   қолдану   үрдісінде   аудиториядан   тыс   және   сабақты   оқыту

өткізу   әдістемесіне   түзету   мен   қосымша   енгізуге   мүмкіндік   береді.

Мультимедиялық   презентациялар   теориялық   материалды   тек   қана   ойлау

әрекетінің белсенділігі арқылы тез меңгерутіді , ғана емес тәжірибеде қолдануға

мүмкіндік   береді.   Мультимедианы   қолдана   отырып   студенттердің   жобаларын

қорғау   мен   оқу   конференцияларына   қатысу     шығармашылық   және   зерттеу

потенциалын   көрсетуге,   білім   мақсатында   интернет   ресурстарын   пайдалану

студенттердің   өздік   жүмысының   тиімділігін   арттырады.   Ақпараттық   және

коммуникациялық   технология   құралдарын   пайдалана   отырып   үнемі   сабаққа

дайындалу оқытушылардың өздерінің кәсіби дамуы мен шығармашылық өсуіне

жаңа мүмкіндіктерді ашады [13, 39,97]. 

Оқу   нәтижесін   бағалау   үшін   эксперимент   соңында   сауалнама   арқылы

студенттердің   оқу   белсенділігінің   қаншалықты   артқанының   көрсеткіші

құрастырылды (кесте 8).

Кесте   8-География   пәні   бойынша   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны қолдана отырып студенттердің оқу белсенділігінің көрсеткіші 

(% есебімен).

74


Көрсеткіштер

Бақылау тобы

Эксперим.

тобы.

1

Ақпараттық   және   коммуникациялық



технологияны қолдану арқылы география

пәнін жаңа қырынан меңгере білдік.

15 (78,9%)

5 (93,9%)

2

Ақпараттық   және   коммуникациялық



технологияны тереңдете қолдансақ.

15 (63,2%)

5 (98,0%)

3

Ақпараттық   және   коммуникациялық



технологияны

 

қолдану



 

арқылы


теориялық білімді меңгеру тиімді.

20 (78,9%)

5 (89,8%)

4

Ақпараттық   және   коммуникациялық



технологияны   тәжірибе   сабақтарында

қолдандық. 

10 (76,3%)

5 (93,9%)

5

Дүниетанымымыз кеңейді.



10 (76,3%)

5 (83,7%)

6

Ақпараттық   және   коммуникациялық



технология   арқылы   алған   білімімізді

тәжірибеде қолдануға стимул бар.

15 (71,0%)

5 (93,9%)

7

Менің   күткен   нәтижелерім   жүзеге



аспады.

5 (23,7%)

0 (0%)

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны   қолдану   арқылы   география



пәнін   жаңа   қырынан   меңгере   білдік   деген   сауалға   бақылау   тобы   78,9%,   ал

эксперименттік топ 93,9% жауап берсе, менің күткен нәтижелерім жүзеге аспады

бақылау  тобы   23,7%,     эксперименттік   топ   0%.   Бұл   жұмысты   қортындылайтын

болсақ студенттердің ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын

қолдана отырып жеке және топпен жобалау жұмыстары олардың мүмкіндіктерін

кеңейтіп,   ақыл   әрекетін   белсендіреді.   Оқу   үрдісінде   ақпараттық   және

коммуникациялық технологияны қолдану оқу тапсырмаларының көп болуын және

олардың орындалу үрдісін басқарудағы мүмкіндікті арттырады. Ақпараттық және

коммуникациялық   технологияны   құраладарын   сабақта   қолдануда   студенттердің

пән   бойынша   зерттеу   жұмысына   деген   мотивациясын   арттырады.   Ақпараттық

және   коммуникациялық   технологияны   қолдана   отырып   студенттердің   оқу

белсенділігін   арттырудың   динамикасын   төмендегі   мәліметтен   бақылай   аламыз

(сурет 3) .

75


Сурет 3-географ студенттердің оқу белсенділігінің динамикасы (% есебімен).

География сабақтарында студенттердің оқу белсенділігін арттыру мақсатында

ақпараттық және коммуникациялық технологияларды  қолданудың жолдары мен

әдіс-тәсілдері   көрсетілді.  Оқу   белсенділігін   арттыруға   арналған   материалдарды

оқытудың   ғылыми   деңгейі   біраз   көтерілді.   Студенттердің   алған   ұғымдарын

нақтылау, абстрактілі ойлауға көшу, заттарды жіктеу, жинақтау, ұқсастықтары мен

айырмашылықтарын   табу   арқылы   дербес   іс-әрекеттер   орындап,   зерттеу   және

бақылау жүргізу, салыстыру дағдылары қалыптасты. Студенттердің маман ретінде

қалыптасуына ең алдымен оның оқып білуі, саналы білім алуы басты негізгі күш

болады.   Сабақ   беру   нысандарын   таңдау   кезінде   студенттердің   танымдық

мүмкіндіктерін   ескердік.   Дәстүрлі   әдістерден   гөрі   іздемпаздық   жұмысты

неғұрлым   кеңірек   пайдалануда   танымдық   қызығушылықты,   студенттердің   оқу

белсенділігін   арттыруға   септігін   тигізеді.   Сондай-ақ   студенттердің   оқу

белсенділігін   арттыруда   мәселелік   оқытуды   ұйымдастырудың,   мәселелік

жағдайларды жасау мен шешудің, пән бойынша танымдық міндеттерді кеңінен

пайдаланудың,   оқу   үрдісінде   студенттердің   ғылыми   ізденістерін

ұйымдастырудың,   өзіндік   жұмысқа   баулудың,   оқып-үйрену   барысында

тақырыптық ойындарды кеңінен қолданудың маңызы ерекше.

Осыдан   келіп,   студенттердің   оқу   белсенділігін   арттыруды   арнайы

ұйымдастыру   –   оқу   үрдісін   жетілдірудің   негізгі   шарты   болып   табылады.   Оны

жүзеге асыру студенттердің оқу белсенділігі мен іздемпаздығын ынталандыруға

септігін   тигізетін   оқу   үрдісін   ұйымдастырудың   тәсілдерін,   әдістері   мен

нысандарын   іздестіруге   өзекті   сипат   береді.   Студенттердің   оқу   белсенділігінің

жағдайын   экспериментке   дейін   және   эксперименттен   кейін   алған   нәтижелерді

салыстырмалы   түрде   қарайтын   болсақ   айырмашылықтарын   төмендегі   суреттен

анық байқаймыз (сурет 4, сурет 5). 

76


Сурет 4-экспериментке дейінгі студенттердің оқу белсенділігі (% есебімен).

Сурет 5-экспериментке дейінгі студенттердің оқу белсенділігі (% есебімен).

Көріп   отырғанымыздай   ақпараттық   және   коммуникациялық   технология

құралдарын   пайдалана   отырып   география   сабақтарында   студенттердің   оқу

белсенділігін   арттырудың   тиімді   нәтижесін   берді:   барлық   көрсеткіштерде

экспериментальді топтардағы оқу сапасы бақылау топтарына қарағанда жоғары,

себебі   бақылау   топтарында   география   сабағы   дәстүрлі   түрде   өтті.   Бұдан

байқағанымыз ақпараттық және коммуникациялық құралдары арқылы ақпаратты

берудегі   интербелсенділікті   қамтамасыз   ету,   ақпаратты   жеткізудегі   кешенді

құралдарды   пайдалану,   жеке-жеке   дизайнның   болуы.   Тәжірибеде   бақылау

тобындағы   оқытудың   дәстүрлі   әдіс-тәсілдері   мен   құралдарын   қолдана   отырып

сабақ өткізу басқарушы әрекетте емес, бағыттаушы әрекет басым болды. 

Өткізілген   теориялық   және   тәжірибелік-экспериментальді   зерттеулер   өткізу

барысында   қазігі   таңдағы   постиндустралды   қоғам   жағдайындағы   өзекті

77


педагогикалық   мәселені   шешіуге   әсер   етіп   ақпараттық   және   коммуникациялық

технология   құралдары   арқылы   студенттердің   оқу   белсенділігін   арттыруды

қамтамасыз   ету   болды.   Өткізілген   зерттеулер   нәтижесін   жалпылай   келе,

байқағанымыздай   оқу   белсенділігі   тұлға   білімі   ретінде   тұлғаның   жиынтық

сапасын   көрсетеді.     Тұлға   белсенділігін   зерттеудегі   теориялық   талдау   оқу

белсенділігінің   келесідей   компоненттерін   бөліп   көрсетеді:   мотивациялық,

эмоциональді-еркін,   интелектуалды,   динамикалық.   Тұлғаның   белседілігінің

негізгі қайнар көзі-адам қажеттілігінің жүйесі, ол адам әрекетін оятатын мотивтен,

арман,  мақсаттан  байқалады.  Эксперименттің  қалыптастырушы  және жалпылау

кезеңіндегі диагностика нәтижелері ақпараттық және коммуникация құралдарын

пайдалана   отырып   педагогикалық   факторларды   жобалау   және   тұлғаға

педагогикалық көмек беру тиімділігін көрсетті. Өткізілген зерттеу нәтижесі оқу

белсенділігінің әлі де болса зерттеуді қажет ететінін жоққа шығармайды. Біздің

көзқарасымыз   бойынша   жоғары   оқу   орындарындағы   білім       ортасында

студенттердің оқу белсенділігін арттырудың мүмкіндіктері болашақтағы зерттеу

бағыты болып табылады.  

78



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет