ІІ. Жаңалықтар мәтінінің құрылымы және лексикалық ерекшеліктері
2.1. Интернет БАҚ мәтінінің жанрлық сипаты
2.2. Ғаламтордағы қазақ көсемсөз мәтінінің тақырыптық ұйымдастырылуы
2.3. Жаңалық мәтіндерінің құрылымы мен ақпараттық-мағыналық кескіндемесі
2.4. Медиа-мәтіннің лексикалық айырмашылықтары
Бірінші бөлім бойынша қорытынды
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына жол ашты. Бұған жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның алынып тасталуы, тәуелсіздікпен қатар қол жеткізілген шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, бұрынғы ұсынылған нәрсені оқып бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен аудиторияның БАҚ-қа қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды.
Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа—мәтін ұғымын құрайды.
Медиа-мәтінді прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда оларды тілдік бірліктердің ғана емес, жалпы білім аясы мен коммуникативтік саланың қосындысы деп санаған жөн. Осымен байланысты соңғы жылдары БАҚ мәтіндерін когнитивті лингвистика шеңберінде қарастыруға айрықша мән берілуде. Онда тіл сырттанкеліп түскен ақпаратты репрезентациялаушы және онда кодталған мәліметтерді ашу үшін қолданылатын когнитивті құрал ретінде танылады. Когнитивті лингвистика мамандары үшін БАҚ қалыптастыратын ақпараттық кеңістіктің тақырыптық жағынан ұйымдастырылуы аса маңызды. Өйткені онда орасан зор ауқымды медиа ағынның өзіндік мәдени спецификалық ерекшеліктері көрініс табады. Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының қандай тілдік тәсілдер арқылы берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған қоса сондай вербалды құралдар арқылы жеткізілетін әлеуметтік маңызға ие ақпаратты экстралингвистика факторларымен, атап айтқанда Адам факторымен, кең мағынасындаалғанда қоғаммен, тілдік социуммен байланыста қарастыру бүгінгі антропоцентрлік бағытта дамып келе жатқан іргелі ғылым саласының талабынан туындап отыр. Біздің зерттеу нысанамызға алынған медиа-мәтіннің жасаушысы да (журналист), қабылдаушысы да (оқырман), объектісі де – Адам болғандықтан, әрі тақырыптық аясын жалпыадамзаттық проблемалар мен құндылықтар құрайтындықтан жұмысымыздың өзектілігі Адам факторын психосоциопрагмалингвистикалық аспектіде қарастырудан келіп шығады.
Аса ауқымды ақпараттық кеңістікті қамтитын медиа-мәтін бүгінде социумның когнитивтік санасын құрайтын діни, саяси, әлеуметтік, мәдени, тарихи т.б. факторлардың барлығын тілдік санада айшықтай отырып; бұқаралық санаға ықпал етуші қуатты құралға айналды. Бұл жерде медиа-мәтінді бұқаралық сананы реттеп, қажетті идеологиялық бағытқа бейімдеп отыратын саяси тетік деуге де болады. Мұны күнделікті баспасөз бетінде көрініс табатын саяси дискурстан байқауға болады. Бұл пікіріміз бүгінгі ресми басылымдардың тақырыптық-құрылымдық өзегін құрайтын саяси мәтіндерге лингвопрагматикалық талдау жасағанда қуаттала түседі. Сондықтан да ақпараттық және аналитикалық жанрларға бөлінетін газет мәтіндерінің ішінен біз негізінен саяси мәселелерге арналған материалдарға көбірек назар аудардық. Сонымен қатар қазіргі қазақ басылымдарында үлкенді-кішілі орын алатын материалдардың бәрін қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігін айшықтайтындықтан қажетінше қамтуға тырыстық.
Достарыңызбен бөлісу: |