Магистрлік диссертация жаңалықтар мәтінінің ҚҰрылымы жәНЕ ЛЕКСИКалық ерекшеліктері


І. Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің зерттелуі



бет6/6
Дата31.12.2021
өлшемі81,8 Kb.
#23707
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Теориялық бөлік

І. Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің зерттелуі

1.1. Медиа-мәтін туралы түсінік
Публицистикалық стиль қоғамдық қарым-қатынастың кең саласына қызмет ететін функционалдық стильдер қатарына жатады. Публицистикалық стиль маңызды қоғамдық-саяси процестерді, оперативті деректерді идеялық-саяси жағынан сараптап, эмоционалды-бағалауыштық мәнде бейнелейтін көпшілікке арналған саяси мәтіндерден тұрады. Публицистикалық стиль саяси ақпаратқа ие газет, қоғамдық-саяси журналдар, памфлеттер, баяндамалар және т.с.с. тіліндегі үндеулер арқылы қалыптасады. Публицистика қазіргі қоғам өмірінің ағымдағы маңызды мәселелеріне арналған шығарма сияқты. Ол саяси және идеологиялық қызмет атқарады, қоғамдық тәртіпке үгітші, насихатшы, ұйымдастырушы ретінде және ақпараттарды жеткізіп отыратын құрал ретінде қызмет етеді. Публицистиканы зиялылар тілімен көсемсөз деуге де болады.

Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақтың алғашқы мерзімді басылымы 1840 жылы Ташкент қаласында жарық көрген «Түркістан уәлаятінің газеті» мен 1888 жылы Омбы қаласында жарық көрген «Дала уәлаятінің газетінен» бастау алған. Ол кезде бұл мерзімді басылымдар Ресей империясының саясатын насихаттау құралы ретінде пайда болса да, баспасөз ұлттың асқақ арман-тілектері мен рухын асқақтатудың құралы екенін түсінуге ықпал етіп, қазақ баспасөзінің қалыптасу мен дамуына жол ашты. Кейінірек «Айқап», «Қазақ», «Садақ», «Серке», «Сарыарқа», «Абай» сияқты мерзімді басылымдар шыға бастады. Қазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше рөл атқарған «Қазақ» газеті 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласындағы «Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан» шықты. Газет саяси орган болумен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері, журналистикасының дамуындағы үлкен биік белес болды. «Қазақ» ұлт азаттығы мен мәдени-ағарту жолында салиқалы қызмет атқарған, тұшымды ой, тартымды пікірлерге жол басшы болған саяси үні бар батыл басылым болды [1,17].

«Қазақ» жетісіне бір рет апталық газет ретінде шығып тұрды. Басылымның «Қазақ» аталуында екі түрлі мағына барлығы аңғарылады. Біріншіден, газет жалпыұлттық газет болғандықтан, мақсаты – жері бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға біріктіру болғандықтан да ұлт атын иемденіп, «Қазақ» аталды. Екіншіден, кітаби, әдеби, ғылыми айналымда қазақ атының өз аты аталмай, «қырғыз» аталып келгендігі белгілі, сондықтан туған халқының төл атын қайта оралту мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін осылай атауды мақұл көрген. Ахаң сөзімен айтсақ, «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық» - деп жазған болатын М. Әуезов 1923 жылы «Қазақ» газеті (Ахаңның елу жылдық тойы) турасындағы мақаласында [2, 34]. Яғни қазақ бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу сонау ұлы классик заманынан бастау алды десек әсте қателеспейміз.

Елдің рухани азығы әдебиеттің кеңге қанат жаюын қалаған «Қазақ» оқушылары тұшынып оқып жақсы шығармаларды жариялап тұрды. Газеттегі әдебиетке қатысты мақалалардың негізгі авторлары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Дөнентаев, Б.Майлин т.б. болды.

Қазақ әдебиетінің сол дәуірдегі шығармашылық проблемаларын мүмкіндігінше сарапқа салып, жұрттың эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруға алғаш қадам жасаған «Айқап» журналы болса, оның артынша «Қазақ» бұл істі жандандыра түсті. Осы тұрғыдан алғанда «Қазақ» әдебиетіміздің озық үлгілерін насихаттауда ерекше қызмет атқарды. Абай шығармаларына назар аударуы осының айғағы.

Қазақ сөз өнерінің ұлы тұлғасы Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадірі туралы ой толғаған алғашқы мақала да А.Байтұрсынұлы қаламынан шықты. «Қазақтың бас ақыны» деп аталатын мақала «Абайдан асқан бұрын-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» [3, 16], - деп басталады. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп қоғамдағы баспасөздің маңызды рөлін айшықтап кеткен де алаш қайраткеріміз болатын.

Ал еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына жол ашты. Бұған жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның алынып тасталуы, тәуелсіздікпен қатар қол жеткізілген шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, бұрынғы ұсынылған нәрсені оқып бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен аудиторияның БАҚ-қа қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды.

Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.

Жалпы БАҚ тілін зерттеуде алғаш Ч.Моррис еңбегінде сөз болған БАҚ прагматикасы мәселелеріне Ю.С.Степанов, Р.Карнап, А.ван Дейк, Д.Ф.Алиференко, Г.Г.Матвеева, О.С.Москальская сынды ғалымдар үлкенді-кішілі зерттеу жұмыстарын арнап, одан әрі дамытуға өзінше үлес қосты. Сонымен қатар А.Г.Баранов, Г.Г.Почепцов, С.А.Сухих, М.М.Молчанова, Т.М.Прохорова т.б. ғалымдар мәтінді осы тұрғыда зерттеді. Олар автордың объективті болмыс пен оның мазмұндық материалына қатысын қарастырып, прагмалингвистикалық бағытты біршама дамытты. Соңғы сипаттағы зерттеулер функционалдық стиль түрлеріне арналып, көптеген ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді.

Соңғы жылдары тіл ғылымының дербес саласына айналған журналистика тілінің алғышарттары қазақ зерттеушілерінің еңбектерінде бастау алғаны белгілі. Атап айтқанда, М Оразов сөз семантикасының бірнеше аспектісін қарастырса, А.Алдашева публицистикалық терминдердің прагматикалық ерекшеліктерін, Б.Момынова газеттік лексиканың қыр-сырын, З.Ерназарова сөйлеу тілі синтаксисінің, Д.Әлкебаева қазақ тілі стилистикасының, С.Аташев бұқаралық ақпарат құралдарының прагматикасын, Б.Хасанов сөздің лексикалық мағынасы мен прагматикасын, Б.Райымбекова қазақ және орыс тілдеріндегі газет мәтінінің прагматикалық аспектісін, Ф.Жақсыбаева газет мәтінінің прагматикалық функциясын қарастырса, Г.К. хсанғалиева тақырыпаттарға талдау жасаған. Т.Ш.Мырзахметова тыныс белгілердің, оның ішінде көп нүктенің қолданысын ғылыми тұрғыдан зерттеген. Ал Р.А.Омарова неміс тіліндегі газеттер материалы бойынша баспасөз дискурсына талдау жүргізсе, С.Қ.Ережепова орыс және қазақ тілдеріндегі ресми-іскерлік стильдің прагмалингвистикалық аспектісін салыстыра зерттеді.

Сондай-ақ, соңғы жылдары газет мәтінінің жекелеген жанрларына арналған зерттеулер де пайда болды. Мысалы, М.С.Абишева ақпараттық жазбаның (информационная заметка) құрылымы, семантикасы және лексикасын диссертациялық деңгейде арнайы қарастырған [4, 15].

Қазіргі тілшілердің мақсаты – қазіргі қазақ интернет тілін лексикалық тұрғыдан кең ауқымда қарастыру. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттерінің даму бағыттарын анықтау, қазіргі қазақ авторларының публицистикалық шығармашылығындағы ізденістік жаңалықтарды айқындап, аксиологиялық тұрғыдан баға беру. Газет арқылы тіліміздің бүгінгі қоғамымыздағы бет-бедерін, қолданыстық ахуалын көрсету. Өйткені адам өмірінің саяси, экономикалық, мәдени, тұрмыстық т.б. салаларын түгелдей қамтитындықтан газетте алуан түрлі тақырыптар қозғалады. Соған сәйкес интернет-газет материалдары да бірнеше жанрда жазылады.

БАҚ мәтіні – семантикалық құрылысы жағынан, функциясы тұрғысынан, мәтінді қабылдап-түсіну жағынан ерекшеленетін публицистикалық стильдің бір түрі. Ол бұқаралық аудиторияға ақпарат таратып, жеткізудің ерекше құралы ретінде танылып, автордың саяси-прагматикалық позициясын көрсетеді. Түптеп келгенде, бүгінгі ақпарат заманында адам қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды қадағалап отыруға мәжбүр. Бір күн БАҚ қызметін пайдаланбау субъектінің білім қорын едәуір жұтаңдатып, оның әлеуметтік дамуын тежегендей әсер етеді. Осы жағынан газет мәтінінің әлеуметтік-реттеуіштік рөлін социолингвистикамен байланыстыра қарастырудың мәні зор.

Қазақ басапасөз тілінің фонетика-орфографиялық жүйесін, грамматикалық ерекшеліктерін, жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін функционалдық тұрғыда, баспасөз тілінде кездесетін жаңа қолданыстардың лексикалық сипатын, тілдік бірліктердің қолдану мүмкіндіктерін және т.б. мәселелерді зерттеген ғалым-зерттеушілер тобына Ә.Қайдар, С.Исаев, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, А.Алдашева, Б.Момынова, Б.Қалиұлы, О.Бүркітов сияқты қазақ баспасөз тілінің ерекшелігін зерттеуге үлес қосқан ғалымдарды айта кеткеніміз орынды болар. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Еңбекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» сияқты мерзімді басылымдар Кеңестік кезеңде жарық көрген басылымдар қатарына жатады. Бұл кезеңде қазақ тілшілерінің ой топтауы қоғамдық-саяси тұрақты лексикалық бірліктермен толығып, грамматикалық және стильдік тұрғыдан тұрақтылыққа жеткен кезі еді. Қазақ баспасөзі Ұлы Отан соғысы жылдары халыққа ұлттық рухты, жеңіске деген сенімді ұялатуға тырысса, ал XX ғасырдың соңына таман ұлттық дәстүрді жаңғырту, тәуелсіздік мәселелерін қозғады. Қазіргі газет тілінің жағдайы мүлдем бөлек. Қазіргі қазақ баспасөзі – жаңаша дамып келе жатқан қоғам жаршысы. Қазіргі қазақ баспасөзіне прагматикалық пен антроөзектілік тән. Адресант – мәтін – адресат факторы үнемі назардан тыс қалмайды.

Ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты пайда болып, ақпарат таратудың біртіндеп күрделенген түріне айналған БАҚ-тың түрлері аудиалды және аудиовизуалды түрлері болып табылады. Қазақ тіл білімінде радио және теледидар тілін арнайы зерттеген еңбектер қатарына Г.А.Машинбаеваның «Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері» атты кандидаттық диссертациясын, М.М.Увайсованың «Жарнама тілі: лингвопрагматикалық аспект» кандидаттық диссертациясын, С.А.Асанбаеваның «Жарнама саласындағы мемлекеттік тілді қолданудың социолингвистикалық өзекті мәселелері» атты кандидаттық диссертацияларын жатқызсақ болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидар хабарларының тілі туралы жазған мақалалар көбейіп келеді. Кейбір жазушылар хабар айдарын жүргізетін тележүргізушілерге сын айтып, тілдік ерекшеліктерінде диалектикалық қолданыстар басым екендігін, тілдік норманы, яғни әдеби норманы сақтау керектігі мәселелері жөнінде жазылып жатқан мақалалар да аз емес.

Қазақ баспасөзіне шолу жасағанда да саяси дискурсты құрайтын негізгі ұғымдар – РR-мәтін мен манипуляцияға негізделген материалдар айрықша көптігімен ерекшеленеді. Қазақ тіл білімінде мәтін және дискурс мәселесіне Н.Уәли, Э.Д.Сүлейменова, Г.Бүркітбаева, З.Ерназарова, Ж.Кеншінбаева, Д.Әлкебаева, Г.Матжанова т.б. зерттеушілер әртүрлі қырынан тоқталған. Саяси коммуникация жүйесі белгілі бір саяси мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамдық санаға әсер ету құралдарынан тұрады. Зерттеуші Б.С.Ахатованың айтуынша, саяси коммуникация мынадай құрамдас бөліктерден: 1) саяси PR; 2) саяси үгіт-насихат; 3) саяси жарнамадан тұрады [5, 42].

Бүгінгі баспасөзді Кеңес үкіметі кезіндегі цензуралық БАҚ-тан ерекшелендіретін айрықша белгілердің бірі – осы PR-мәтіндерінің актив қолданылуы. Мұның өзі сөз бостандығы, ой еркіндігі сияқты ұғымдардың қазіргі оқырман үшін үйреншікті қолданыстарға айналғандығын дәлелдейді. Қазіргі қазақ газеттерінің кез келгенінен PR-мәтінді кездестіруге болады, бірақ «Егемен Қазақстандағы» PR-мәтіндер негізінен жағымдылығымен, оң пікірлерге негізделгендігімен сипатталса, «Жас Алаш», «Ақ Жол Қазақстан», «Апта-kz» басылымдарындағы PR-материалдар сынап-мінеуге, объектіге алынған PR-субъектінің кемшіліктерін баса көрсетіп, аудитория алдында беделін түсіруге, ол жайында теріс, жағымсыз көзқарастар қалыптастыруға бағытталатындығы байқалады. Біз мұндай мәтіндерді «саяси ойында» теріс мақсатта қолданылатын тәсіл деп табуды жөн көрдік. Өйткені PR-ақпараттарды теледидар арқылы тарату үшін PR-субъекті эфирден көрсетіліп, PR-ақпарат аудитория алдында негізделіп, дәлелденуі тиіс. Ал қағаз арқылы, жазбаша формада таралатын PR-ақпаратқа мұндай талаптар қойыла бермейді. Мұндағы ақпараттың шынайылығы, растығы фотосурет арқылы ғана дәлелденуі мүмкін, бірақ бұл – міндетті шарт емес. Осы жағдай да PR-ақпаратты тарату үшін ең қолайлы БАҚ түрі ретінде газет тілі таңдалуына себеп болып келді [6, 89].

Мемлекетіміздің тіл саясатын дұрыс бағытқа бұру БАҚ-тағы ең пәрменді ақпарат құралы теледидар арқылы жүзеге асады. Теледидар тілін зерттеу қызық да күрделі мәселе, өйткені теледидар құрылымы түрлі жанрларды қамтиды. Телехабарларда белгілі бір жанрды қолдану үрдісі адресант пен адресаттың қатысуына қарай жүзеге асады. Теледидарда адресант – мәтін – адресат факторы да өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Тележүргізуші телехабарды жүргізген кезде адресат факторын, ол қалай қабылдайды деген мәселелерді үнемі есепке алып отыруы қажет. Ақпарат жеткізудің негізгі құралы теледидардың маңыздылығы туралы ғалымдардың пікірлері бар. Мысалы, А.Юровский «Басқа ақпарат құралдары, басқа өнер түрлері немесе публицистикамен салыстырғанда теледидар басым жағдайға адамға қоғамның, халықтың рухани тұрмысымен таныса алуына, басқа адамдармен етене араласып, олардың ойы, іс-әрекеті, мақсаты мен арманы туралы білуіне мол мүмкіндік береді. Міне, оның қоғамдық мәні де осында. Кез келген өнер салалары сияқты теледидар саласы да қоғамның қызығушылығынан, оның қоғамдық қызметінен тыс өмір сүре алмайды», - деп жазды [7, 56 б.]. Мерзімді басылымдармен салыстырғанда радио тілі мен теледидар тілінде ұқсастықтар басым. Ал ғаламтордағы журналистика тілінің зерттелуі әлі де талай еңбекті қажет ететіні сөзсіз.

Сайып келгенде, қазақ баспасөзінің сонау жиырмасыншы ғасырдың басынан бергі даму тарихы осы күнге дейін жалғасып келе жатыр. Қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының стильдік ерекшеліктері мен лингвистикалық басқа да айырмашылықтарын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан айқындау қазіргі таңдағы отандық тілтанушылар қауымының негізгі міндеттерінің бірі деп есептейміз. Баспа бетінен ғаламтор дидарына ауысқан журналистика саласының кәсіби тілін публицистикалық стиль жағынан саралау, оған сапалы талдау жүргізу біздің осы бағыттағы басты мақсатымыз болып қала бермек.

1.2. Қазақ БАҚ тілінің зерттелу тарихы


Бұқаралық ақпарат құралының рөлі қандай қоғамдық құрылыс, саяси жүйе болмасын маңызы зор. Саяси түсіндірме сөздіктің анықтамасы бойынша, бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) – арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер [14, 108 б.]. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. 1840 жылы француз ғалымы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Олай деп атауы да жөнді. Қазіргі уақытта БАҚ-тың алар орны мен ықпалы айтарлықтай. БАҚ-тың көмегімен әлеуметтік-қоғамдық ортада үгіт-насихат, шындық болмыс халық назарына ұсынылып отыр.

Дәстүрлі БАҚ-тың қарқынды дамуы – баспа, радио, теледидар, әлемдік жаһантор – Интернеттің пайда болуы мен таралауы – бірыңғай ақпараттық кеңістіктің, ерекше үздік те озық ортаның, көптеген медиаағымдар жиынтығының пайда болуына алып келді. Осының бәрі тілдік қолданыстардың ерекшелігіне, тілдегі өзгерістердің сипатына ықпал етпеуі мүмкін емес. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралы оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды – радио), әрі тыңдауға әрі көруге болатын (аудио - визуалды - теледидар) болып үшке бөлінеді. Әлемдік жаһанторды, яғни Интернетті төртінші түріне де жатқызып жүргендер бар.

БАҚ визуалды, аудиалды, аудиовизуалды болып үлкен үш топқа бөлінеді.

Бұлардың бәріне ортақ негізгі қызмет:



  • белгілі бір факт, уақиға, мәселе жөнінде жұртшылыққа ақпарат беру;

  • факт, уақиға жөнінде түсінік, баға беру;

  • танымдық, тәрбиелік, ағартушылық мазмұнда ақпарат бере отырып, жұртшылықтың (оқырмандардың, тыңдармандардың, көрермендердің) білім қорын молайтуға ықпал жасау;

  • жұртшылықтың қоғамдық, әлеуметтік, саяси көзқарасына әсер ету. БАҚ- тың бұл функциясы әсіресе саяси-әлеуметтік акциялар кезінде күшейе түседі;

  • геоденистік ақпарат беру, яғни жұртшылықтың көңіл-күйін көтеретіндей ақпарат беру [2, 207 б.].

«Бұқаралық қатынастың екі түрлі аспектісін бажайлауға болады. Біріншісі

  • заттық-логикалық, фактуалды, атап айтқанда, интеллектуалдық, дескриптивті, объективті, концептуалды фактуалды ақпарат. Бұлар қарым-қатынас жасаушылармен, ситуациямен байланысты емес. Екіншісі – прагматикалық, атап айтқанда, бағалауыштық, субъективті ақпарат. Бұл ақпараттың кызметі (функциясы) реципиентке әсер ету, ықпал жасау және коммуникатор сөз арқауы болып отырған зат, құбылыс, уақиғаға өзінің қатысын (көзқарасын) білдіру болып табылады» [2, 241 б.].

БАҚ-тың визуалды, аудиалды және аудиовизуалды түрлерінің өзіндік тілдік қолданысы мен ерекшеліктері бар. БАҚ-тың визуалды, яғни мерзімді басылымдар ең бірінші пайда болған, ақпарат таратудың, мемлекеттік, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет еткен ақпарат көзі болып табылады. Қазақтың алғашқы мерзімді басылымы 1840 жылы Ташкент қаласында жарық көрген «Түркістан уалаятінің газеті» мен 1888 жылы Омбы қаласында жарық көрген «Дала уалаятінің газетінен» бастау алған. Ол кезде бұл мерзімді басылымдар Ресей империясының саясатын насихаттау құралы ретінде пайда болса да, баспасөз ұлттың асқақ арман-тілектері мен рухын асқақтатудың құралы екенін түсінуге ықпал етіп, қазақ баспасөзінің қалыптасу мен дамуына жол ашты. Кейінірек

«Айқап», «Қазақ», «Садақ», «Серке», «Сарыарқа», «Абай» сияқты мерзімді басылымдар шыға бастады. Қазақ басапасөз тілінің фонетика-орфографиялық жүйесін, грамматикалық ерекшеліктерін, жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін функционалдық тұрғыда, баспасөз тілінде кездесетін жаңа қолданыстардың лексикалық сипатын, тілдік бірліктердің қолдану мүмкіндіктерін және т.б. мәселелерді зерттеген ғалым-зерттеушілер тобына Ә. Қайдар, С. Исаев, Р. Сыздықова, Б. Әбілқасымов, А. Алдашева, Б. Момынова, Б. Қалиұлы, О.Бүркітовсияқты қазақ баспасөз тілінің ерекшелігін зерттеуге үлес қосқан ғалымдарды айта кеткеніміз орынды болар. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Еңбекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» сияқты мерзімді басылымдар Кеңестік кезеңде жарық көрген басылымдар қатарына жатады. Бұл кезеңде қазақ тілшілерінің ой топтауы қоғамдық-саяси тұрақты лексикалық бірліктермен толығып, грамматикалық және стильдік тұрғыдан тұрақтылыққа жеткен кезі еді. Қазақ баспасөзі Ұлы Отан соғысы жылдары халыққа ұлттық рухты, жеңіске деген сенімді ұялатуға тырысса, ал XX ғасырдың соңына таман ұлттық дәстүрді жаңғырту, тәуелсіздік мәселелерін қозғады. Қазіргі газет тілінің жағдайы мүлдем бөлек. Қазіргі қазақ баспасөзі – жаңаша дамып келе жатқан қоғам жаршысы. Қазіргі қазақ баспасөзіне прагматикалық пен антроөзектілік тән. Адресант – мәтін – адресат факторы үнемі назардан тыс қалмайды.



Ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты пайда болып, ақпарат таратудың біртіндеп күрделенген түріне айналған БАҚ-тың түрлері аудиалды және аудиовизуалды түрлері болып табылады. Қазақ тіл білімінде радио және теледидар тілін арнайы зерттеген еңбектер қатарына Г.А. Машинбаеваның «Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері» атты кандидаттық диссертациясын, М.М. Увайсованың «Жарнама тілі: лингвопрагматикалық аспект» кандидаттық диссертациясын, С.А.Асанбаеваның «Жарнама саласындағы мемлекеттік тілді қолданудың социолингвистикалық өзекті мәселелері» атты кандидаттық диссертацияларын жатқызсақ болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидар хабарларының тілі туралы жазған мақалалар көбейіп келеді. Кейбір жазушылар хабар айдарын жүргізетін тележүргізушілерге сын айтып, тілдік ерекшеліктерінде диалектикалық қолданыстар басым екендігін, тілдік норманы, яғни әдеби норманы сақтау керектігі мәселелері жөнінде жазылып жатқан мақалалар да аз емес. Мемлекетіміздің тіл саясатын дұрыс бағытқа бұру БАҚ- тағы ең пәрменді ақпарат құралы теледидар арқылы жүзеге асады. Теледидар тілін зерттеу қызық да күрделі мәселе, өйткені теледидар құрылымы түрлі жанрларды қамтиды. Телехабарларда белгілі бір жанрды қолдану үрдісі адресант пен адресаттың қатысуына қарай жүзеге асады. Теледидарда адресант

  • мәтін – адресат факторы да өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Тележүргізуші телехабарды жүргізген кезде адресат факторын, ол қалай қабылдайды деген мәселелерді үнемі есепке алып отыруы қажет. Ақпарат жеткізудің негізгі құралы теледидардың маңыздылығы туралы ғалымдардың пікірлері бар. Мысалы, А.Юровский «Басқа ақпарат құралдары, басқа өнер түрлері немесе публицистикамен салыстырғанда теледидар басым жағдайға адамға қоғамның, халықтың рухани тұрмысымен таныса алуына, басқа адамдармен етене араласып, олардың ойы, іс-әрекеті, мақсаты мен арманы туралы білуіне мол мүмкіндік береді. Міне, оның қоғамдық мәні де осында. Кез келген өнер салалары сияқты теледидар саласы да қоғамның қызығушылығынан, оның қоғамдық қызметінен тыс өмір сүре алмайды», - деп жазды [15, 56 б.]. Мерзімді басылымдармен салыстырғанда радио тілі мен теледидар тілінде ұқсастықтар басым.

Мерзімді басылымдар тілі – жазба тіл. Аудио және аудиовизуалды БАҚ түрлері – ауызекі немесе ауызша сөйлеу тілі. Ғалым Ә. Болғанбаевтың тұжырымдауы бойынша: «Газет – әдеби тілдің бірінші баспалдағы. Барлық өнегелік пен шеберліктің шыңдалып, таралатын жері де осы» [16, 169б.]. Ал ғалым Б.Момынова «Газет – жалпыхалықтың ақпарат құралы, сондықтан ондағы кез келген материал кез келген оқырманның жасына, кәсібіне, мәртебесіне қарамастан тез түсіне алатындай болып жазылуы тиіс. Сондықтан да газет беттерінде халыққа таныс емес терминдер, кәсіби сөздер, жаргондар мейлінше сақтықпен қолдануы жөн. Сөз қолданысқа қатаң қарау газеттік- публицистикалық стильдің тағы бір ерекшелігін, атап айтқанда, жалпыға түсініктілігін қамтамасыз етеді», - деп баспасөз тілінің ерекшелігін атап өтті [17, 31 б.]. «Қазіргі қазақ мерзімді баспасөз тілі – коммуникативтік қызметі жағынан үлкен аудиторияны қамтитын беделді жазба нұсқаларының бірі, сондықтан да ол сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеудің бірден-бір доминант үлгісіне айналып отыр» [18, 175 б.].

«Газет – біріншіден, қоршаған ортаны түсініп білуге көмектесетін құрал, екіншіден, адамдардың саяси білімділігінің, іс-әрекетінің белгілі бір оқиғаға баға бере алуының деңгейі мен ерекшелігін көрсететін, сонымен қатар әлеуметтік құндылықтарды, дәстүрлерді, саяси қарым-қатынастарды реттейтін өлшемдердің мазмұны мен сапасын, саяси мәдениеттілікті ашып көрсететін саяси мәтін, үшіншіден, өзінің лингвистикалық ерекшеліктерімен айқындалатын тілдік көрініс» [6, 55 б.]

Радио мен теледидар тілінде нормадан ауытқудың түрлері мен типтері басымырақ. Атап өтетін болсақ, нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың какоземия, фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану, сөзді тіркеспейтін сөзбен тіркестіру, сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру, амплификация, анадиплозис, антиэллипсис, сонымен қатар, нормалардың логикалық, онтологиялық, этологиялықтүрлерін қолдану жиі кездеседі.

«Алайда белгілі бір нормадан ауытқудың бәрі теріс әрекет деп есептеуіміз қате болар. Керісінше, бұл адресант пен адресат арасындағы коммуникативтік сапаны жүзеге асыру үшін коммуникативтік әсер-ықпалы ерекше бояу алып, прагматикалық мақсатқа тән уәжді ауытқу болып табылады» [19, 66 б.]. Радио және теледидар тілінің аудиалды және визуалды болуына байланысты ықпалы басым болып келеді. Оларға «жанды тіл» қажет. Айтылайын деп отырған ақпарат бір сарыңда айтылса, ол тыңдарманды жалықтырып жібереді. Олардың тілі мен стилі түрлі стильдерді қамтиды және сонымен ерекшеленді.

Қорыта айтқанда, «БАҚ тілі ақпаратты жіберуші мен оны қабылдаушы арасындағы дәнекер рөлін артқаратын феномен болып табылумен» [20, 29 б.] қатар, жаңалық жаршысы болған БАҚ тілі тарихи даму және терминология тұрғысынан, тілдік тұрғыдан, прагматикалық аспектіде, баспасөз тілінің мақсатты қолданулары тұрғысынан, лингвопрагматикалық аспектіде зерттеліп келеді. Бұл зерттеулер жылдан жылға көбейіп отыр. Бұқаралық ақпаратпен қамтамасыз ететін бүгінгі БАҚ-тың қоғам өмірінде алар орны елеулі.

1.3. Бұқаралық ақпарат құралдары мәтін стилінің қалыптасуы және оның берілу тәсілдері


Қазіргі зерттеулердің басым көпшілігінде адам факторы негізге алынып зерттеліп жатыр, яғни адам санасындағы танымдық қорды және оның санасындағы рухани құндылықтарды көрсететін, ұлттық болмысы мен мінезін, тұрмыс-тіршілігін көрсетіп зерттеуге бет бұрған адамтанымдық (антропоөзектілік) бағыт аясында зерттеулер жүргізіліп жатыр және ондай зерттеулер тіл білімінде аса қызығушылық туғызып отыр. Қазақ тіл білімінің жаңа бағытта, ерекше қарқында, жаңа сипатта зерттелуі бұл ең алдымен саяси, құқықтық, әлеуметтік, лингвистикалық, демографиялық, тарихи және қазақ тілді қоғам үшін тың факторлармен байланысты болды. Қазіргі тіл білімінде қоғамдық санадағы, қоғамдық болмыстағы осы өзгерістердің тілдегі рефлексиясына талдау жасау, тілдің даму болашағын айқындау, тілдегі кейбір үдерістердің бағытын тілдік жүйенің іргелі, қоғам сұранысына тиімді жауап беретіндей болуы үшін дұрыс арнаға бұру мақсатында антропоөзектік бағыттағы әлемдік тіл ғылымы салалары бойынша да күрделі зерттеулер жүзеге асырылып отыр. Тілдің прагматикалық, когнитивтік табиғатын ашуға негізделген осы зерттеулердің барлығы да антропоөзектілік парадигма қағидаларына негізделеді.

Ғалым Б. Момынова осы жаңа парадигма туралы өзінің пікірін былайша анықтайды: «антропоөзектілік парадигма бұрыннан белгілі, танымал классикалық әдістемелік зерттеулер сияқты таным объектісін зерттегеннен гөрі, таным субъектісіне, яғни адамға бет бұрды. Өйткені, адам – тұлға, жай ғана ізгілік пен қайшылықтардың жиынтық образы емес, ұлттық және әлеуметтік белгілерді бойына жинақтаушы тұлға. Сондықтан да этнолингвистика, этнопсихология, этнопедагогика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика – бәрі адам санасы мен танымын, оның терең қатпарларын, таным мен сананың, адам ұғым-түсінігінің, ойы мен ойлауының

тіл арқылы жарыққа шыққан нәтижелерін зерттейді» [21, 12 б.]. Яғни тілді түсіну үшін оны адам болмысы негізінде алып, адамдық факторды үнемі назардан тыс қалдырмау керек. Бұл жаңа парадигма бойынша тілді адамның санасы мен танымы, оның рухани құндылықтары мен әлемі негізінде тұтастай қарастырған дұрыс болып табылады.

Сонымен, антропоөзектік бағыт бойынша: 1. Адам факторы – тілдегі негізгі фактор; 2. Тіл адамға, оның ойына және мінез құлқына қалай әсер етеді; осы әсер адамның санасында қалыптасқан әлемнің тілдік суретіне нені қосады;

3. Адам өзі сөйлейтін (тұтынып жүрген) тілге қалай ықпал етеді; 4. Адамның лингвокреативті іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіл жүйесінің қай бөлігі ыңғайлы болып табылады немесе адам үшін қай бөлік ашық та қолайлы;


  1. Жүйенің қай бөлігі адам ықпалына көп ұшырауы мүмкін; 6. Қай бөлік өзгеріс қабылдауға бейім, т.б. – қарастырады [21, 11-12 бб.].

Тіл, жазылған мәтін – бұрынғы түсіндіріліп жүргеніндей өз алдына бөлек формалды дүние емес, сол тілді пайдаланатын адамның ақпаратты, алынған хабарды қабылдауы мен жеткізуінің белгілі бір жемісі; ұлт болмысын толығымен сипаттайтын және оның асқақ рухын көрсететін мәдениеті.

«Адамзат сәби шағынан тілді, сол тіл арқылы мәдениетті меңгергенде ғана адам болып қалыптасады. Адамзат қоғамы әлем, дүние, қоршаған орта туралы барлық мағлұматтар лингвистикалық білімдер арқылы беріліп, сонда сақталатынына көз жеткізді. Адам сөз дүниесінде өмір сүреді, орасан зор мағлұматтарды сөз арқылы меңгеріп, сөз арқылы түсіне алады. Сондықтан адамның тұлға ретінде жетіліп, өсуі оның сөзді қаншалықты дәрежеде меңгергеніне, сөз мәдениеті мен шеберлігін қаншалықты білетіндігіне тікелей байланысты» - деп тілші Р. Авакова айтып өткендей, сөздің адамның танымдық ерекшеліктерін назардан тыс қалмауы керек [22, 118 б.].

Соңғы жылдарға дейін қазақ әдеби тіліндегі стильдер, жанрлардың түрлері, белгілі бір мәтін, тілдік құрылым, сөйлеудің белгілі бір типке түсірілген формалары ретінде қарастырылса, қазіргі кезде бұлардың барлығы хабарды айтушы (адресант) және хабарды қабылдаушы (адресат) арасындағы өзара қарым-қатынас пен адресатқа әсер ету прагматикасына негізделеді. Нәтижесінде қазіргі ғылымда дискурс, прагматика мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Адресанттың мәтін арқылы көздеген мақсат-ниеті оқырманға, яғни адресатқа әсер етуі мәтіннің прагматикасын көрсетеді. Жалпы алғанда, прагматика негізгі үш тұжырымға негізделеді: 1) сөз коммуникациясын түсінудің тірегі болып әрекеттік аспект саналады [23, 34 б.]; 2) тіл адамға ықпал ету амалы ретінде қарастырылады [24, 98 б.]; 3) тілдік амалдардың функционалдандырылуы қарым-қатынастың жағдаяты мен мәнмәтіні арқылы негізделеді [10, 21 б.]. Ал сөйлеу актілерінің теориясының негізі тілдің қызмет ету, яғни функционалдылық тұрғысынан қарастыруды негізге алады. Ал сөйлеу актілерін зерттейтін бірден бір сала ол – прагматика, яғни қарым-қатынасқа қатысушылардың өзара әрекеті мен адресант тарапынан діттелген мақсат адресатқа сәтті жеткізіліп, көздеген мақсатқа жетуге бағытталуымен түсіндіріледі. Осы орайда зерттеуші Г.Ю. Аманбаеваның пікірін келтіре кетуге болады: «Прагматикада тілді әрекет барысында зерттеу қазіргі лингвистикалық парадигманың принциптік тұжырымдары арқылы актуалданатын лингвистикалық сипаттаманың автономдық пәні мәртебесіне ие болады. Аталмыш бағыттың пәндік аясының идентификациясы «прагматика» термині арқылы іске асады, яғни тілдік таңбаларды мақсатты түрде қолдану механизмі мен оның сипаттамасының сәйкесінше аспектісін біріктіреді» [25, 29 б.].

Прагматика сөйлеу актісі бағыты тұрғысынан қарастырылып, үш бірдей аспектісі есепке алынады: 1) сөйлеушінің қолданылып отырған таңбаларға қатынасы; 2) тыңдаушы тарапқа сөз ықпалы; 3) сөйлеушілердің аялық білімі мен олардың сөз құзыреттілігі [26, 16 б.]. Р.С. Столнейкердің еңбегінде прагматиканың спецификасы айқындалады: «Синтаксис сөйлемді зерттейді, семантика пропозицияны зерттейді. Прагматика сөйлеу актілерін және онда жүзеге асатын мәнмәтінді зерттеумен айналысады... Сәйкесінше, прагматика алдында екі түрлі мәселе пайда болады: біріншіден, сөйлеу актісінің қызықты типтері мен сөздің «өнімдерін» анықтау; екіншіден, белгілі бір пропозицияның белгілі бір сөйлем арқылы бейнеленетінін анықтауға әсер ететін сөйлеу мәнмәтінінің сипаты мен ерекшеліктерін сипаттау» [27, 423 б.].

Алдымен, прагматика ұғымының мәнін айқындап алайық. Жалпы прагматика сөзі грек тілінен аударғанда «іс-әрекет» деген мағына береді [3, 389 б.]. Қазіргі тіл біліміндегі прагматикалық зерттеулер 1930 жылдардағы Ч.У. Моррис еңбектерімен байланысты. Прагматика – семантикамен тіл біліміндегі тілдік таңбалардын кызметін зерттейтін тіл білімің саласы. Тілдің прагматикалық функциясын тілдің когнитивтік функциясымен байланыстыра зерттеу – тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Тілдің прагматикалық функциясының берілу жолдарын анықтау және оны интерпретациялау тілдің когнитивті және прагматикалық функциясына сүйенеді. Прагмалингвистика қарым-қатынас іс-әрекеті туралы ғылым саласы болғандықтан, тілдің барлық аспектілерінің қызметіне тікелей қатыса алады.

Семантика мен прагматика – өзара тығыз байланысты тіл білімінің саласы. Бұл мәселе бойынша семиотикалық зерттеулердің негізін салушы Ч.У. Морристің еңбектерінің рөлі айрықша. Ч. Морристің зерттеулері бойынша семиотикада үш түрлі сала ерекшеленеді: біріншіден, ол семиотиканы таңбалардың объектіге қатынасын зерттейтінсемантика, екіншіден, таңбалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін синтактика және үшіншіден, сөйлеушілердің таңбаларға қатынасын зерттейтін прагматика саласы [28, 50 б.]. Осы орайда Ю.С. Степановтың ойы да жоғарыда аталған ойды нақтылай түседі: «Синтактика таңба мен оның нені таңбалайтыны арасындағы – адамның сыртқы әлемі мен ішкі әлемі арасындағы қатынасты зерттеумен айналысса, ал прагматика таңба мен сол таңбаны қолданушы сөйлеуші, тыңдаушы, жазушы, оқырман арасындағы қатынасты зерттеумен айналысады» [29, 325 бб.]. Кейінірек Ч. Моррис прагматика аясына таңбалардың шығу тегінің биологиялық, психологиялық және қоғамдық аспектілердің қолданысы мен олардың әсері туралы сөз қозғайды. Таңбалардың бір-біріне қатынасы синтактика (немесе синтаксис) көлемінде зерттеледі. Яғни Ч.У. Морристің пайымдауынша, семантика – «таңба – референт» арасындағы, прагматика –

«таңба – пайдаланушы» арасындағы байланысты зерттейді дейді [28, 51 б.].

Ч. Морристің көзқарасын ары қарай зерттеп, ғылыми тұрғыда дамытқан Н.Д. Арутюнова, Ю.С. Степанов есімдерімен байланыстырса болады, ал отандық лингвистикада Д.А. Әлкебаеваның «Қазақ тілі стиликасының прагматикасы», Г.Ю. Аманбаеваның «Макроязык: структура, семантика, прагматика», Н.Ж. Даулеткерееваның «Қазақ баспасөзіндегі қайталамалардың прагматикалық мәні», А.К. Кущегалинова «Прагматические функции глаголов речи», Е.Б. Тяжинаның «Одағай сөздердің прагматикалық қолданысы», З.Ш. Ерназарованың «Сөйлеу тілінің синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі», Қ.Ө. Есенованың «Қазіргі қазақ медиа-мәтінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде)» атты еңбектері прагматика ғылымының дамуына қосқан үлесі деп білеміз.

Ғалым Нұргелді Уәли «прагматика – тілдің өмірдегі қолданысын, оның ұжымдық тәжірибеде жүзеге асыруын көрсетеді. Ал мұның өзі ұжымның өмір заңдылықтарымен, тілді қолданушының психологиясымен, дүниетанымымен, оның когнитивтік базасымен, мәдени стреотиптермен, ұлттық дәстүрмен байланысты» деп есептейді [2, 35 б.].

Кең анықтамалардың ішіндегі анықтамалардың бірі ретінде Т.А. ван Дейктің «Прагматизм – мәнмәтіндегі тілді зерттеу» деген тұжырымында көрсеткен прагматикалық компоненттің қасиетін келесідей түрде көрсетеді:

а) прагматика – лингвистикалық теорияның ажырағысыз компоненті, оның мәртебесі синтаксис пен семантика мәртебесімен тең;

ә) прагматика міндеттеріне сөйлесімнің жүйелік қасиеттерін тілдік және иллокутивтік актілер ретінде айқындау жатады;

б) прагматикалық интерпретация тек синтаксистік тұрғыдан дұрыс, семантикалық қолданысқа ие белгілі бір шарттылыққа негізделген сөйлесімдерде ғана қолданылады;

в) прагматикалық интерпретациялар прагматикалық мәнмәтіндерде айқындалады, яғни белгілі бір ой когнитивтік және әлеуметтік факторлар жиынтығы ретінде анықталады [20, 13 б.].

Қазіргі таңда прагматика пәнаралық ғылым саласы болып табылады, өйткені прагматика лингвистика, логика, философия, әлеуметтік зерттеулер, психология, этнография және кейбір кибернетика салалармен де тығыз байланыста. Прагматиканың жалпы теориясының эмпирикалық міндеттері: когнитивті модельді құрастыру, сөйлеу актілерін, сонымен қатар коммуникативтік өзара қарым-қатынастың моделін түсіну, есте сақтау және тілді белгілі бір әлеуметтік ортада қолдана білу.



Жалпы прагматикаға берілген анықтамаларды біріктіре отырып, ортақ бір анықтама берсе болады:

    1. адами фактор басым талқылау (толкование);

    2. лингво-прагматикалық зерттеулердегі функционалдық аспект пен олардың мәнмәтіндік негіздемесі назар аударылатын анықтамалар: «тілдің қолданысы» туралы ғылым, «мәнмәтіндегі тіл» туралы ғылым;

    3. тілдік коммуникацияның қарым-қатынас кезіндегі коммуниканттардың өзара әсерін зерттеуге бағытталған анықтамалар;

    4. белгілі бір коммуникативтік мәнмәтінде пайда болатын сөйлеу актілерінің прагматикалық зерттеулеріндегі интерпретациялық аспектісі сипатталатын дефинициялар тізбегі [30, 19 б.].

Ал А.Ж. Машимбаева өзінің филология ғылымдарың кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Тілек-бата сөздерінің суггестиясы мен прагматикасы» атты диссертациясында прагматикаға берілген анықтамаларға шолу жасай келе, қазіргі тіл біліміндегі ғылымдардың тілдік бірліктерге прагматикалық тұрғыдан қараған көзқарастарын былайша жіктейді:

  • прагматика сөйлеу актілері мен олардың жүзеге асу мәнмәтінін;

  • прагматикалық лингвистикада коммуниканттардың сөйлеу әрекетін;

  • прагматика тілдік қатысымның заңдылықтарын, сөйлесімнің мақсаттық бағамын, сөйлеушінің коммуникативтік интенциясын, сөйлеу актілерінің функционалды типтерін;

  • прагматика сөйлесімнің мазмұнын, сөйлесім авторының коммуникативтік мақсатқа сай тілдік құралдары тыңдау мәнін, сондай-ақ тыңдаушының айтылған ой мен тіл арқылы берген бағаны дұрыс түсінуін анықтайтын нақты қатысым жағдаятын зерттейді;

  • лингистикалық прагматика – коммуниканттардың қатысым актісінде тілді қолдану шарттарын зерттейтін ғылым;

  • прагматиканың нақты белгіленген шекарасы жоқ, оған сөйлеуші субъект пен адресаттың (тыңдаушының) арақатынасынан туындайтын мәселелер кіреді;

  • адресаттан алынған ақпараттан кейінгі адресаттың белгілі пікірге келіп, қайтадан қандай әрекет жасайтынын прагматика зерттейді. Прагматика адамның белгілі жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қоса қарастырады [31, 77-78 бб.].

Прагмалингвистикалық зерттеулердің түрлі бағыттары бар, алайда прагматикаға бағытталған концепциялардың басын біріктіретін нәрсе тілді әрекет барысында зерттеуде жатыр. Сондықтан Н.Д. Арутюнованың пікірін айта кету артық болмас: «прагматика – тіл білімі мен семиотикадағы тілдік таңбалардың сөзде әрекет етуін зерттейтін лингвистикалық зерттеулердің саласы» [3, 389 бб.].

Прагматиканы адам факторы және адресанттың стилі тұрғысан қарастырған зерттеуші З.Ш. Ерназарова «прагматиканы диманикадағы мәтін – дискурсты оны дүниеге келтіруші адаммен байланысты қарастыратын ғылым деп айтуға болады. Мәселен, объектінің ортақтығы стилистика мен прагматика ұғымдарын шатастыруға әкелуі мүмкін. Сөйлеуші өз мақсатына жету үшін белгілі стиль түрін таңдайды. Ол коммуникацияда прагматикалық салмаққа ие болады. Өйткені ұтымды талданған стиль түрі өзара ықпалды арттырады. Сондай стиль мен сөйлеу қағидалары арасындағы байланыс соңғысының алғашқының түрін айқындайтындығын көрсетеді» [32, 200 б.]. Яғни сөйлеуші

өзінің прагматикалық мақсатына жету үшін әртүрлі амалдарды ұтымды пайдалана алуы керек.

Аталған көзқарастар прагматиканы адамның қатысымы тұрғысынан қарастырғандықтан, прагматика ғылымы күрделі көпқабатты ұғым болып табылады. Прагматиканың негізгі ұғымдары ол – адресат пен адресант ұғымдары. Бұл екі ұғым үнемі тығыз байланыста және өзара арақатынаста болады. Бірінсіз-бірі коммуникация кезінде коммуниканттар көздеген коммуникативтік мақсат өз мәресіне, діттеген прагматикалық міндетіне жете алмайды. Адресанттың адресатқа әсер ету ықпалын қазақ медиа-мәтіннің прагматикасы аясында зерттеу жүргізген Қ. Есенова коммуникативтік- прагматикалық зерттеудің маңызды үш аспектісін бөліп көрсетеді:

«Коммуникативтік-прагматикалық зерттеудің бірінші аспектісі жоғарыда көрсетілгендей, субъектінің тіліне қатысты болады. Яғни оған қатысты мынадай мәселелер қозғалады: сөйлесімнің айқын және жасырын мақсаты (Остин тұжырымы бойынша – «иллокутивті күш»). Мысалы кейбір ақпараттарды өз ой-пікірін хабарлау, бұйрық, өтініш, кеңес, уәде, кешірім сұрау, сәлемдесу, шағым айту; сөйлеу тактикасы мен сөйлеу тәртібінің, әңгімелесудің ережесі (көлем максимі, сапа максимі, қатынас максимі, сөйлеу әдебінің максимі); сөйлесімнің прагматикалық мағынасы немесе сөйлеушінің шарттары: сөйлесімнің жанама мазмұны, тұспалдар, алдын ала болжау т.б.; сөйлеушінің тану бағытынан туындайтын ақиқаттағы дүниелердің тілдік көрінісіне қатыстылығы; прагматикалық пресуппозициялар, сөйлеушінің хабарлап отырған ақпаратына деген қатынасы т.б.

Адресат тіліне байланысты қаралатын екінші аспект төмендегідей мәселелерді қамтиды: сөйлеу (речь) интерпретациясы сөйлесімнің адресатқа әсері (перлокутивті әсер), яғни адресаттың өзіндік көзқарасының, бағасының, эмоционалды күйінің өзгеруі т.б.; көзделген мақсатқа жету барысындағы тілдік реакциялар типі.

Ал үшінші аспект коммуникацияға қатысушылармен қарым-қатынас барысындағы жағдаяттарды қарастырады: сөйлесім қатынасының формасы (ақпараттық диалог, достық сұхбаттасу, пікірталас т.б.); тілдің әлеуметтік- этикалық қыры (қарым-қатынас стилі); белгілі бір сөйлеу актісі барысындағы қарым-қатынас жасаушылардың өзара тіл табысуы (өкініш, бұйрық); дейктикалық таңбалардың интерпретациясы, сөз мағынасындағы индексальды компоненттері; сөйлесім жағдаятының коммуникация формасы мен тақырыбына ықпалы» [20, 14 б.].

Прагматика – коммуниканттардың бір-біріне және мәтіннің мазмұнына (жазбаша және ауызша түрде) олардың коммуникативтік пиғылымен және сұхбаттасу мән-жайымен санасқан жеке қарым-қатынасы. Коммуникация вербалды және бейвербалды (паралингвистикалық) тәсілдер қолдану арқылы екі немесе одан көп тұлғалардың ақпарат алмасуы немесе баяндау түріндегі байланысы прагматиканың тікелей қатысы арқылы өтеді. Ақпарат қарапайым тіл арқылы коммуникация жағдайына жеткізілетін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігінің жиынтығында прагматиканың рөлі ерекше танылады [33, 25 бб.].

Ғылымда прагматиканы түсінудің үш бірдей бағыты бар: конферсациялық (сөйлеу актілік), функционалдық (риторикалық-стилистикалық) және психолингвистикалық (сөзді құру және әсер ету) [34, 167 б.].

Сонымен, адам өз ойын жеткізе отыра белгілі бір жағдайда адресатқа бағытталған белгілі бір әрекет жасайды. Бұл әрекет айтушының мақсат- ниетімен анықталып, прагмалингвистикада тілдік акт немесе тілдік әрекет деп аталады. Ғылымның терминологиялық аппаратының орталық ұғымдары болып коммуникативтік жағдаят, адресант (сөйлеуші), адресат (тыңдаушы), интенция (діттем), тілдік актболып табылады.

Н.И. Формановскийдің коммуникативтік жағдаятқа берген анықтамасы бойынша, «коммуникативтік жағдаят – тілдік әрекеттің сөйлесім, дискурс түріндегі қарым-қатынастың сыртқы жағдайы мен қатысушылардың ішкі әлемінің күрделі кешені» [35, 42 б.].

Ю.С. Степановтың айтуы бойынша, «прагматика дәстүрлі стилистиканың, тіпті ежелгі риториканың пара-пар мәселелерімен айналысады; тілдік амалдарды ойды немесе сезімді дұрыс беру, анық, көркем не жағдаятқа сәйкес келетіндей етіп бейнелеу үшін бар репертуардан таңдау болып табылады» [36, 15 б.]. Осы орайда В.Н. Комиссаров былай ойын қорытады: «рецептор мәтіндегі ақпаратты қабылдау арқылы мәтінмен белгілі бір қатынасқа түседі. Ол оны прагматикалық қатынас деп атайды. Ғалымның көрсетуі бойынша мұндай қатынастар рецептор өзіне қатысы жоқ және өзіне аса қызығушылық тудырмайтын белгілі бір дерек не оқиғалар туралы мәлімет алу барысында интеллектуалды сипатта болуы мүмкін деп пайымдайды. Екінші жағынан, ақпарат рецептордың сезіміне әсер етіп, белгілі бір эмоциялық реакция тудыруы мүмкін. Ол мұндай әсерді прагматикалық аспект (немесе мәтіннің прагматикалық әлеуеті) деп атайды» [37, 209 б.]. Осы тұжырымдарға сүйенетін болсақ, прагматиканың нақты шегі жоқ, ол ең алдымен коммуникативтік жағдаятпен байланысты мәселелерді қарастырады деп айта аламыз.

Айтайын деген ақпараттың сапасы түрлі факторларға, жағдайларға тәуелді болады. Осындай жағдайлардың жиынтығын коммуникативтік-прагматикалық мәнмәтін деп атау дұрыс. Сөйлеу қарым-қатынасының жалпы мәнмәтінді тура және жанама айтылған ақпараттан құрылады. Тура (экцплицитті) мәнмәтінде бақылау мүмкін. Ол вербалды және бейвербалды болып бөлінеді. Жанама (имплицитті) мәнмәтінді бақылау (уәж, мақсаты, коммуниканттардың тұжырымы, олардың жеке ерекшеліктері – білім деңгейі, әлеуметтік ерекшелігі, мінез-құлқы) мүмкін емес. Мәнмәтінде байланысты сөйлесім түрлі нәтиже беруі мүмкін.

Коммуникация үдерісінің мәнін түсіну үшін тек қана сөйлесім үдерісін ғана емес, сонымен қатар коммуникацияға қатысушы коммуниканттардың өзара арақатынасын да зерттеген дұрыс болады. «Тілдік арақатынас келесідей коммуниканттардың арақатынасынан тұрады: адресант, адресат, арақатынас пәні, сөйлеу актісі, арақатынас амалы. Тілдік арақатынастың өзі



коммуникацияға қатысушы екі субъектінің қатынасы ретінде анықталады: а) айтушы не жазушы – адресант – ақпаратты жіберуші мен ә) осы ақпаратты қабылдаушы – адресант – тыңдаушы не оқырман арасындағы қатынасты білдіреді» [38, 60 б.].

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет