Магистрлік диссертация жаңалықтар мәтінінің ҚҰрылымы жәНЕ ЛЕКСИКалық ерекшеліктері


Зерттеу жұмысының теориялық маңызы



бет5/6
Дата31.12.2021
өлшемі81,8 Kb.
#23707
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Теориялық бөлік

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу нәтижесінде жасалған тұжырымдар жалпы тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика саласының әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ когнитивтік лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, мәтін лингвистикасы мен публицистикалық стильге байланысты зерттеулерді толықтырып, тереңдете түсуге өзіндік үлес қосады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында «Қазақ баспасөзі тарихының қазіргі кезеңі», «Қазіргі қазақ публицистикасы», «Мәтін лингвистикасы», «Прагмалингвистика», «Сөз мәдениеті», «Журналистік шеберлік» сияқты ғылыми курстар мен арнаулы семинарларда жүргізуге, сондай-ақ қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін құрастыру барысында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

– медиа-мәтін БАҚ арқылы жүзеге асырылатын бұқаралық коммуникациядағы аса ауқымды негізгі ұғым болып табылады;

– ақиқат болмыстың бір фрагментін репрезентациялайтын күрделі де құрастырмалы модель түріндегі медиа-мәтін аудиторияға әсер етудің прагматикалық стратегияларын жүзеге асыратын қуатты құрал ретінде танылыуы тиіс;

– медиа-мәтін автордың және кейде басылымның прагматикалық ұстанымын жеткізе отырып, әлеуметтік реттеуші қызметін де атқарады;

– медиа-мәтін БАҚ-тағы ғаламның медиа бейнесін қалыптастыратын маңызды фактор болып табылады;

– газет мәтіні ақпараттық қызметімен қатар автордың прагматикалық ұстанымын жеткізуші қызметін де атқарады. Онда сөз болатын проблемалардан бөлек автордың жеке басы, дүниетанымына қатысты әртүрлі мәліметтердің қамтылуы оқырман санасында автор образының сомдалуына себеп болады. Осы образ түптеп келгенде адресант пен адресат арасындағы рөлдік қатынастың да сипатын анықтайды. Ол рөлдік қатынастар «басшы-орындаушы», «оқытушы-оқушы», «ұстаз-рухани шәкірт», «үгіт-насихатшы-күмәнданушы» түрінде көрініс табады;

– газет мәтіні – автор мен оқырман арасын жалғайтын көпір іспеттес, ол байланыс адресанттың мәтін арқылы жеткізгісі келген түпкі ойын адресат адекватты түрде, толық, дұрыс түсінген жағдайда ғана орнайды. Осындағы түсінілім психолингвистикадағы мәтіннің интерпретациялануы мәселесімен сабақтасып жатыр. Сондықтан адресант-адресат арасындағы диалогке оқырманның мәтінді деңгейлеп қабылдауы нәтижесінде қол жеткізіледі;

– медиа-мәтіндегі модальділік категориясы өзара тығыз байланысты бағалау, эмоционалдық, дәйектеуіштік түрлерінен тұрады;

– автор өз мәтінінің прагматикалық әлеуетін күшейте түсу үшін әртүрлі интенсификаторларды кеңінен  пайдаланады. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі осындай прагматикалық қарқындандырғыштарды контраст принципі, тілдік қайталамалар, сөзойнатым тәсілдері түрінде топтастыруға болады. Мұндай интенсификаторлар біріншіден, тәуелсіздік жылдарындағы баспасөзді Кеңес дәуіріндегі таптаурындық сипаттағы басылымдардан ажырататын басты белгі деп танысақ, екіншіден, бүгінгі қазақ баспасөзінде кеңінен үрдіс алып келе жатқан шығармашылық және прагматикалық еркіндіктің бір көрінісі ретінде бағалауға болады;

– газет мәтінінің прагматикалық әлеуетін әрбір жанр түріне тән ақпараттық сыйымдылық коэффициентін және мәтінде қамтылған экспрессивтік көрсеткіштерін анықтай отырып, салыстыру арқылы ғана ашуға болады. Мұндағы басты назар аударатын нәрсе – мәтіннің прагматикалық әлеуеті онда қамтылатын сөздердің санына емес, семантикалық аясының кеңдігіне, фразеологизмдер мен метафоралық қолданыстардың түрленуге, трансформациялануға бейімділігіне және экспрессивтік мәнінің жоғарылығына тікелей тәуелді болады;

– қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурс негізінен PR-мәтіндер арқылы ашылады;

– тілдік манипуляция – PR-ақпаратты таратудағы аса тиімді прагматикалық тәсіл болып саналады;

– газет  – жаңа тілдік қолданыстарды таратушы және қалыптастырушы негізгі және маңызды тетік болып табылады;

– креолды мәтін – оқырман санасына тікелей әсер етуші гетерогенді мәтін типі болып табылатын тиімді құрал ретінде бағалануы тиіс;

– газет бетіндегі айдарлар мен тақырыпаттар ақпараттық, жарнамалық, эмоционалдық және прагматикалық қызметтерді қатар атқаратын мазмұндық –тақырыпаттық кешенді құрайды.

Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен нәтижелері төмендегідей халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалды:

Жұмыстың негізгі тараулары бойынша республикалық басылымдар мен ғылыми жинақтарда 30-дан аса мақала жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет