Миф – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау.[2] Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20-ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды.
|
Діни рәміздер киелі идеалдармен қабаттасып, діннің тілін құрайды. Теология мен философиядағы рәміздер – ең жоғарғы шектер, олардың шыңдарынан универсум әр кезде жаңаша байқалып, олардың санадағы теориялық білімдердің басқа қырынан қаралуына жағдай жасайды. Рәміз – бүркеулі мағынаны ашатын бейне, ал діни рәміз – бұл абсолютті құпияларды көрсету формасы. Рәміздің мағынасы оны құраушы бейнелімдермен біртұтастықта болып, шексіз көпмағыналықпен ерекшеленді. Діни рәміз ерекше көрініске ие және онда абсолютті шындық жасырылған, яғни рационалды иррационалдылықпен бірге бітіскен. Рәмізделген діни ой-сана парадоксалды, ол «жалпылықтың нақтылығы», «эссенционалдылықтың феноменалдылығы», «ойлаудың сезімділігі», «рационалдылықтың иррационалдылығы» және т.б. Оның табиғаты антиномды; әрбір төлтума діни рәміз өткір диалектикалық қарама-қайшылықтың өзіндік белгісі, қарамақарсылықтардың тоғысып, біріктірілетін көрінісі.
|
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнердегі рәміхдер - бұл әмбебап эстетикалық категория, ол бір жағынан көркем образдың іргелес категорияларымен, екінші жағынан белгі мен аллегориямен салыстыру арқылы ашылады. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі
|
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.
|
Қорытынды
|
Рәміздер әлемді бейнелі түрде дамыту тәсілі ретінде, көркем аллегориялық образ ретінде өнерде кеңінен қолданылады. Символдық бейнелердің мағынасын тікелей шешуге болмайды, оны эмоционалды түрде сезіну керек. Атақты кеңес мәдениеттанушысы Ю. М. Лотман рәмізді кейбір табылатын архаикалық мәтіндер болып табылады деп санайды. Осылайша, рәміз-бұл әлеуметтік-мәдени белгі, оның мазмұны интуитивті түрде түсінілетін және жеткілікті түрде ауызша айтыла алмайтын жасанды тілдің (мысалы, химиялық немесе математикалық таңбалар) белгісі ретінде ғана емес, сонымен бірге терең қасиетті мағынаның көрінісі ретінде де түсініледі. Мұндай рәміздердің үлкен мәдени және семантикалық сыйымдылығы бар (крест, шеңбер, пентаграмма және т.б.), олар жазылуға дейінгі дәуірден басталады және әр мәдениеттің негізгі идеясы болып қалыптасады.
|
|