Махамбет Өтемісұлы шығармалары


ШЕРНИЯЗДЫҢ БАЙМАҒАМБЕТ СҰЛТАНҒА



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата10.01.2017
өлшемі1,82 Mb.
#1603
1   2   3   4   5   6   7   8   9

203
ШЕРНИЯЗДЫҢ БАЙМАҒАМБЕТ СҰЛТАНҒА 
АЙТҚАН ОСЫ ӨЛЕҢІНІҢ МӘШҺҮР ЖҮСІП 
КӨПЕЕВ ЖАРИЯЛАҒАН НҰСҚАСЫ
Исатай  өліп,  қуғынға  ұшыраған  Шернияз  басқа  бі-
реудің  қолына  түссе  сұрау-сауапсыз  өлтіріп  тастар,  не 
болсам  да  Баймағамбет  сұлтанның  өзіне  барып,  соның 
алдында  болайын  деп  қысты  күні  Баймағамбеттің  үйіне 
келіп  кіруге  бата  алмай,  сыртқа  шығуын  күтіп  тұрады. 
Шернияз жалаңашқа жақын, басында жалғыз тұмағы бар 
екен,  оны  аяғының  астына  басып  тұрып,  Баймағамбет 
сыртқа шыққанда: 
– Ассалаумағалейкум, алдияр хан, 
Өлім десе қорқады шыбындай жан. 
Өлімнен қашып келіп қорғалаған, 
Қуып жүр құйқылжыған құрғыр заман. 
Асыл зат, ханзаданың баласы деп, 
Мен бір торғай бұтаңа қорғалаған. 
Жалаң аяқ, жалаң бас зарлап тұрмын, 
Көзіңнің қырын салар бар ма заман?!
Найзаңның күміс шаптың қияғына, 
Сіз сұңқар, келіп қондым қияғыңа. 
Назарың топырақты алтын қылған, 
Көз салсаң мүсіркеумен сияғыма, – дейді.
Баймағамбет:
– Таң атпай сұмырайдай тақылдап тұрған қай неме? 
– дейді.

Шернияз  Жарылғасұлы 
204
Шернияз:
– Арқада ту ұстаған Арынғазы, 
Сайраған мен солардың қоңыр қазы. 
Қысың жаз, қылығың той, күлкі қылған,
Мен байғұс Исатайдың Шерниязы.
Баеке, қаһарың – қыс, рахметің – жаз, 
Алдыңда өліп кетсем арманым аз. 
Күндіз той, түнде базар жүрген жерім, 
Бұлбұлы Байұлының мен Шернияз, – дейді.
Баймағамбет:_–_Құлақ-мұрынын_жұрдай_қылған_Исатайды_әлі_қоймай_былшылдап_тұрғанын,_–_дейді._Шернияз'>Баймағамбет:
– Құлақ-мұрынын жұрдай қылған Исатайды әлі қоймай 
былшылдап тұрғанын, – дейді.
Шернияз:
– Шеріңнің бір сыпыршы томағасын, 
Алаштан алып жеген сыбағасын.
Сау болса жақ пен тілім күнелтермін, 
Құлағым қу басымның садағасын, – дейді.
Баймағамбет:
– Шернияз болсаң жүр, үйге кіріп сөйле, – дейді.
Шернияз:
– Сөйлеген, хан Баеке, жақ пен тілім, 
Не болар бұдан былай көрген күнім. 
Жалаң аяқ, жалаң бас кіре алмаймын, 
Қайтейін ашылып тұр абыйырым.

Шернияз  Жарылғасұлы
205
Кәпір антқа, мұсылман дінге нанар, 
Сөзімді естігеннің мейірі қанар. 
Жалаң аяқ, жалаң бас кіріп барсам, 
Ханым мен қуып шығар ханышалар, – дейді.
Баймағамбет үстіндегі жаннат ішігін тастай беріп:
– Мынаны оранып кір, барған соң тастарсың, –  дейді.
Хан үйге кіріп, намазын оқып болған соң қыздарына:
–  Ана  сорлыға  түгел  киім  кигізіңдер, –    дейді. Киім-
дерін қасына апарған соң:
–  Мыналарды ки де, аналарды таста, –  дейді.
Шернияз:
– Кім сөгер, сіз көтеріп демесеңіз, 
Дозақ жоқ, кісі ақысын жемесеңіз. 
Ақ сұңқар аунағанда түк қалады, 
Тастайын, қалған түгім демесеңіз, – дейді.
Баймағамбет:
– Шерім, алсаң алшы, өнеріңді көрейін, осы үйімді бір 
ауыз өлеңмен мақташы, – дейді.
Шернияз:
– Жеткізгей екі жүзге ханның жасын, 
Құдайым тегіс берген мал мен басын. 
Жұмақтың дәл төріндей ақ ордасы, 
Салдырған сап алтыннан босағасын.
Бауы бар уығының мерует, маржан, 
Мұнан асып бола ма дүние жалған. 
Береннен туырлығын ойып салған, 
Бір кезін манатының бір атқа алған.

Шернияз  Жарылғасұлы 
206
Кілемі масаты емес, құлпы жібек, 
Төріне, есігіне төсеп салған. 
Осынша жұрттан озық бақ бергені, 
Баеке, сіздерде де бар ма арман? – дейді.
Баймағамбет:
–  Шерім,  жарайсың,  шешен  екенсің,  әзір  ұлым  жоқ, 
бақандай алты қызым бар, соларды мақташы, – дейді.
Шернияз:
– Баеке, сіздің қызда жаман бар ма,
Дейтұғын пәлен-түлен заман бар ма? 
Еркек болса әр жұртқа хан болғандай, 
Әйел қылған Аллаға амал бар ма?
Орынбор, Троицк қалалары,
Ақылға сондай толы, дана бәрі.
Өңшең абзал қызды тауып берген,
Жатыны асыл екен аналары.
Жұмақтың хор қызындай тегіс туған, 
Ой, Алла-ай, қаңдай мінсіз балалары, – дейді.  
Баймағамбет:
–  Шерім-ай,  осыншама  мақтадың,  енді  жамандашы, 
қалай жамандар екенсің, – дейді.
Шернияз:
– Баеке, сіздің қызда жаман бар ма, 
Сіздің қызды жамандар заман бар ма? 
Бір нәрсе қиыстырып айтар едім, 
Бармайды ауыз құрған жамандарға. 

Шернияз  Жарылғасұлы
207
Қызыңның бес тиындық біреуі жоқ, 
Құдай ханыша дегізді, амал бар ма? – дейді.
Баймағамбет:
– Мына қатынымды мақташы, – дейді.
Шернияз:
– Шеріңнің сөйлер сөзге желгенін-ай, 
Алланың шүкір қылдым бергеніне-ай. 
Жұмақтың сипатындай қияпаты, 
Ханымның келбетінің келгенін-ай, – дейді
Баймағамбет:
– Енді жамандашы, не дер екенсің, – дейді.
Шернияз:
– Баеке, заманында тасуың-ай, 
Шеріңнің сөйлер сөзге басуын-ай. 
Ханымның бойы аласа, мұрны қайқы, 
Келбеті мегежіннің қаншығыңдай. 
Өлең – жел, айдалаға жаққан оттай 
Япырма-ау, көргенімді жасырдым ба-ай, – дейді.
Баймағамбет:
– Енді өзімді мақташы, не дер екенсің, – дейді.
Шернияз:
– Үш қабат ақ патшаға барып келдің, 
Жақсыны жаманменен танып келдің. 
Қызметің ақ патшаға жаққаннан соң, 
Жанарал-бөлкебай шен алып келдің.

Шернияз  Жарылғасұлы 
208
Бардыңыз Петрборға ол бір күнде, 
Патша көріп таңданған келбетіңе. 
Құдайдан бұдан артық не сұрайсың, 
Сегіз санат тік тұрған қызметіңе, – дейді.
Баймағамбет:_–_Өліп_кеткен_Исатайды_да_мақтадың,_тірі_отырған_мені_мақтадың,_енді_мені_орнымнан_тұрғысыз_етіп_жаманда-_шы,_өнеріңді_көрейін,_–_дейді._Шернияз'>Баймағамбет:
– Жарайды, Шерім, қасымда жүрдің бе, қайдан білдің, 
сол ақ патшаға барғанда қатты науқастандым, өліп кетсем 
жұртым  қандай  қайғылы  болар  еді,  өлмегеніме  жұртым 
қандай шаттанды, өлеңмен соны айтшы, – дейді.
Шернияз:
– Сіздерді патша қойған тәңірім қалап, 
Жүреді көшіңізді қыдыр жанап. 
Ауырып сол сапарда өліп кетсең, 
Қалмай ма жұртың ұлып көкке қарап. 
Жер тітіреп, көк күркіреп, көркіне енбей, 
Төбешік солып қалмақ болып мендей. 
Естіген естен танып, от боп жанып, 
Сенделіп қалды бәрі соққан сеңдей.
Есітіп есендігің жұрт шаттанды, 
Ғаламнан он сегіз мың жан аттанды.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, 
Балапан ұядағы қанаттанды.
Естумен қан жылады жұртың сейіп, 
Жазылдың, көз жастарын тәңірім иіп. 

Шернияз  Жарылғасұлы
209
Ханзада жазылды деп естіген соң, 
Төбе үлкейіп, түрленді жер көркейіп.
Қайың тал, қарағай мен көркейді арша, 
Шұқанақтар көл болып кетті қанша. 
Ханзада жазылды деп естіген соң, 
Қозы-қой, бұзау өсіп болды тайынша, – дейді.
Баймағамбет:
–  Әй,  Шерім-ай,  бұл  жалғанда  сенен  де  шешен  жан 
болды ма екен?! – дейді.
Шернияз:
– Шеріңнің жайы-күйі кеткені ғой, 
Қалжырап босағаңа жеткені ғой. 
Сайратқан Шерниязды бұлбұл құстай, 
Ардақты Исатайдың күткені ғой, – дейді.
Баймағамбет:
– Өліп кеткен Исатайды да мақтадың, тірі отырған мені 
мақтадың,  енді  мені  орнымнан  тұрғысыз  етіп  жаманда-
шы, өнеріңді көрейін, – дейді.
Шернияз:
– Қой, тақсыр, жамандасам жыларсыз да,
Ашумен алтын тақтан құларсыз да. 
Сүйегіңе батырып жамандасам, 
Алдияр, бізді өлтірмей шыдарсыз ба? – дейді.

Шернияз  Жарылғасұлы 
210
Баймағамбет:
–  Ой, ақымақ, өзім жаманда деген соң неге өлтірейін, 
жаманда деген соң жаманда, – дейді.
Шернияз:
– Қой, тақсыр, шыдамассыз, – дейді.
Баймағамбет:
–  Ой, ақымақ, менің жарлығым екі болушы ма еді, ша-
уып тастайын, – деп қылышын суырып алады.
Шернияз:
–  Сөйлесем  де  өлетін  болдым,  сөйлемесем  де  өлетін 
болдым,  ендеше  өлеңім  менің  иманым  ғой,  үндемей 
өлгенше иманымды айтып өлейін, – дейді.
Сұлтан қылышын орнына салып, төрге апарып қояды.
Шернияз:
– Өлсем маған кім жылайды, өзім жылап алайын, – деп 
домбырасын шертіп-шертіп жылап, мауқын басады да:
– Исатай өзіңменен бауырласты, 
Төгемін аузыма алсам көзден жасты. 
Кәуірге мұсылманды айырбастап, 
Хан сені неден мұндай қара басты.
Арқада Арғын, Бөкей дүмбірлеген, 
Баеке, елің бар ма бүлдірмеген. 
Ерімнің Исатайдай қанын ұрттап, 
Сенен де шүршіт жақсы шүлдірлеген.

Шернияз  Жарылғасұлы
211
Құранда отыз пара тұрар нүкте, 
Жақсы деп адам айтпас сені тіпті. 
Жылатып, халықтан қарғыс алып жүрген, 
Сен сарттан кәуір жақсы аузы түкті.
Баеке, асып сенен ешкім тумас
Ойласам, Исатайдан ешкім суымас. 
Жылатып, жұрттан қарғыс алғаннан соң, 
Кім ие сол мүлкіңе, мұндар қу бас, – дейді.
Баймағамбет шыдай алмай, жүгіріп барып 
қылышын қайта алып жатқанда,
Шернияз:
– Жарасқан хан байланса қасқа қылыш,
Өтесің қаһарлансаң тасқа қылыш. 
Тұтқаң бар, хан қолыңда ұстап тұрған, 
Жарлықтан, хан, ойланбай аспа қылыш.
Қалмақта хан өтіпті Қалдан Серін, 
Қанша жұрт билеп өткен қалың елін. 
Саянда сайрап еді ақын Шерің, 
Шынымен таянды ма маған өлім.
Жалғанда жан көрген жоқ тарлығыңды, 
Исі қазақ көп көрген нарлығыңды. 
Өзіңіз айт деген соң айтып едім, 
Өзің қайтып алдың ба жарлығыңды.
Мен өлсем болмай ма айтшы босағаң қан, 
Арман не басымды алса өзіңдей жан. 

Шернияз  Жарылғасұлы 
212
Тақсыр-ау, неге өлейін сен тіріде, 
Кірген соң аттап алтын босағаңнан.
Ит кетер кет дегенде құла қырға, 
Ит емен жөнін таппай лағырға. 
Есімді алып елітіп, масайратып, 
Өзіңіз әуліктірдің тартып жырға. 
Жүйріктің шаң жұқпайды тұяғына,
Сіз сұңқар, келіп қондым қияғыңа. 
Өлетін кісі осылай келе ме екен, 
Тақсыр-ау, көз салсаңшы сияғыма, – дейді.
Баймағамбет  қылышын  сарт  еткізіп  қынабына  қайта 
салады да:
– Шернияз, сен Исатайдың Шерниязы болсаң, менің де 
Марабай деген ақыным бар, соны  алдырып екеуіңді ай-
тыстырамын, жеңсең аузың барғанша сұрап, қалағаныңды 
ал,  жеңілсең  басыңды  алдырамын.  Өз  аяғыңмен  келдің 
ғой, өз аяғымен келгенді кесілген бас дейді, кесілген ба-
сты қылыш кеспейді. Егер Марабайдан жеңілсең, кінәңді 
мойныңа қойып, өлтіргенім болады, қорықсаң міне атың 
мен тоның, ал да жүре бер, – дейді.
Шернияз:
–  Тақсыр,  мен  сізге  келгенде  өлемін  деп  келгенмін, 
өлсем сол өліммен өлейін, өлмесем, жеңіп алып кетейін, 
шақырыңыз, – дейді.

Шернияз  Жарылғасұлы
213
Марабай  домбырасын  алып  кіріп  келеді.  Шернияз 
неше күннен тамақ жемей, жаңа ғана сұлтанмен табақтас 
болып, қазы-қартасын турап беріп отырады.
Есіктен кірер-кірместен Шерниязды көрген 
Марабай:
– Қақ жарған қара суды қайың кеме, 
Жаныңа қысым келмей, өлдім деме. 
Дәл менің қаям құсап қақырайып, 
Отырған хан қасында бұл қай неме? – дейді.
Шернияз:
– Осы ма Марабайы хан мақтаған, 
Қолға алып домбырасын бармақтаған. 
Алдияр ханына айтқан тақсыры ма, 
Қаясын хан алдында салмақтаған.
Жиылып төре, қара кеп отырмыз,
Келді ғой Марабайы деп отырмыз.
Хан екеуімізге тарттыңыз тәтті тамақ,
Қос қолдап хан екеуміз жеп отырмыз, – дейді.
Баймағамбет ашуланып:
– Шығар итті үйден сүйреп, – деп Марабайды шығартып 
жібереді де:
– Ал, Шернияз, сұрай бер, сөз сенікі, – дейді.

Шернияз  Жарылғасұлы 
214
III. БАЙМАҒАМБЕТТІҢ ҚЫЗЫ ҚАЙНЫКЕЙДІҢ 
ТОЙЫН БАСТАҒАНЫ
– Ассалаумағалейкум, алдияр хан, 
Қорқады өлім десе шыбындай жан. 
Сыйынып бір құдайға сөз сөйлейін, 
Тіліме жәрдем болғай бір Алладан.
Әуелі, пәруәрдігер, сені айтамын, 
Жаратқан иемді айтпай кімді айтамын. 
Той қылып қара қазақ әркім де айтар, 
Бұл тойда топтан озған мен айтамын.
Сөйлемес бөтен қазақ мен тұрғанда, 
Аузымда тәңір берген жел тұрғанда. 
Мен кімге сөз сөйле деп жалынамын, 
Өлеңім айтатұғын кеп тұрғанда.
Құдайым қуат бергей таңдайыма, 
Әр түрлі өлең келді жағдайыма.
Тойында Баекемнің сөз сөйлейін, 
Бітпесе есек желі маңдайыма.
Баекеңнің баласында жаман бар ма, 
Баласын жаман деуге заман бар ма? 
Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, 
Болған соң хақ бұйрығы амал бар ма?
Атаңыз қиналады кетеді деп, 
Қайсы қыз шырағыма жетеді деп. 

Шернияз  Жарылғасұлы
215
Көшкенде көштің көркі көгершінім, 
Қадірі қайтсе мұның өтеді деп.
Атаңыз қиналады сіз кеткенге, 
Көзінің қарашығы қыз кеткенге. 
Табылмас Баекеме сіздей бала, 
Алты жүз арғымақпен іздеткенде.
Атаңның қиналғанын көріп келдің
Май салған қорғасындай еріп келдің. 
Ау-ата, Ау-анадан қалған жол ғой, 
Насихат білгенімше беріп келдім.
Той өтіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, 
Адам мен Хауананың тап бұйрығы. 
Біздерге жеңешең де еріп келген, 
Біреудің әспеттеген ақ құйрығы.
Той өтсе әдепсіз қыз көп жылайды, 
Айтсын деп бауырмал қыз деп жылайды. 
Той өтіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, 
Болған соң хақ бұйрығы деп жылайды.
Алғаның хан Жәңгірдей бақытты болсын,
Алтыннан күмістеген тақты болсын.
Ақ үйің ойда тұрған қырға қонсын,
Ақ тісің аузыңды ашсаң нұрға толсын.
Үйіңе үлде менен бүлде толсын, 
Болмаса күндіз пұрсат, түнде толсын. 

Шернияз  Жарылғасұлы 
216
Жасаған айтқан сөзім түс келтіріп, 
Үйіңе Қызыр-Ілияс күнде қонсын.
Басыңды қоса берме төменменен, 
Семірмес қаз ормаса жегенменен. 
Алдыңда аз ғана сөз, әңгіме айттым, 
Асылдың азы жақсы дегенменен.
Атан түйе тарта ма тас артқан соң, 
Тасын неғып көтерсін баса артқан соң. 
Тақсыр-ау, қылған қайырың сел болмай ма, 
Өзің беріп, өзің шашалтқан соң.

Шернияз  Жарылғасұлы
217
ІV. МАХАМБЕТТІҢ ЖҰМБАҒЫ
Бірде  Махамбет  Шернияз  ауылынан  аттанбақшы  бо-
лады, Шернияз батырдың ерттеулі атын әкеледі. Махам-
бет  үзеңгіге  аяғын  сала  бергенде,  Шернияз  қолтығынан 
көтеріп жатып:
– Көк үйрек көлге қонған көзге ілікті, 
Моллалар шариғаттан сөз біліпті. 
Жолдасы Исатайдың ер Махамбет,
Сөз бар ма тыңдағандай ескілікті, – деп сұрайды.
Махамбет атына мініп:
– Арғымақ алты айшылық жер сойқаған, 
Ұшқанда бидайық құс көл шайқаған. 
Опасыз мына, шіркін, сұм дүния, 
Өтерін сұм жалғанның кім байқаған.
Ертеңмен күннің көзін мұнар шалған, 
Екі аққу бір тұйғынды олжа қылған.
Он бүркіт, отыз аққу көлде жатқан, 
Лашын қанат қақпай дамылдатқан. 
Телегей теңіз тасып шайқалғанда, 
Жемсау құс тұғырдағы дәмін татқан. 
Баласы Жарылғастың ер Шернияз, 
Ақылмен осы сөзді болжап тапсаң? – 
деп жұмбақ өлең айтады.
Шернияз  жұмбақтың  шешімін  таба  алмай  ойланып 
қалады. Махамбет аттанып кетеді. Біраз уақыт өткен соң 
Шернияз әкесі Жарылғасқа келіп мән-жәйді, Махамбеттің 

Шернияз  Жарылғасұлы 
218
сөздерін айтады. Сонда Жарылғас ол жұмбақтарды былай 
шешеді. 
–  «Арғымақ  алты  айшылық  жер  сойқаған»  дегені  – 
Жәңгір  ханмен  жауласқанда  атағымыз  алты  айшылық 
жерге жеткен батыр едік дегені.
–  «Ұшқанда бидайық құс көл шайқаған» дегені – Иса-
тай тірі жүргенде Жәңгір ханның дүниесін шайқап өттік 
дегені.
– «Ертеңнен күннің көзін мұнар шалған» дегені – Иса-
тайдан айырылып жалғыз қалып, көкірегімді қайғы басты 
дегені.
– «Екі аққу бір тұйғынды олжа қылған» дегені – арғы 
жақта Жәңгір хан, бергі жақта Баймағамбет сұлтан екеу-
леп, қаңғып жүргенім сол дегені.
–  «Он  бүркіт,  отыз  аққу  көлде  жатқан»  дегені  – 
Жәңгірдің он биі, отыз старшинасы дегені.
– «Лашын қанат қақпай дамылдатқан» дегені – ханның 
сыртынан бағып тұрған патша өкіметінің ұлығы дегені.
– «Телегей теңіз тасып шайқалғанда» дегені – Орын-
бордан әскер келіп соғысқанда, бүтін ел шайқалды дегені.
– «Жемсау құс тұғырдағы дәмін татқан» дегені – елді, 
халықты қанауға құныққан патша дегені.
–  «Баласы  Жарылғастың  ер  Шернияз,  ақылмен  осы 
сөзді болжап тапсаң» дегені – мұны әкең Жарылғас бол-
маса, сен таппайсың дегені, – деп шешеді.

Шернияз  Жарылғасұлы
219
V. ҚАЗЫ БИГЕ АЙТҚАНЫ
1850–52-жылдар  шамасында  Шернияз  Әлімнің  Шек-
ті  руына  барып,  біраз  паналап,  еліне  көшіп  келгенде, 
Сырымның баласы Қази би:
– Барған жеріңнен су шықты ма, неге қайтып келдің, 
– дейді.
Шернияз:
–  Ай, Қазы би, Қазы би, 
Үш таңбалы Майлыбай, 
Жайылса жонға сиғысыз 
Әлім деген ел едік. 
Он екі ата Байұлы 
Біз екеуіне тел едік. 
Қонысым жақын болған соң, 
Біздіңмен он үш деп едік. 
Тауда жүріп тас кешкен, 
Құландай тауды жайлаған, 
Тумыш атын бұйырғанға байлаған,
Сонау жүрген Адайдың 
Түбінде атам бір-ді деп, 
Айқайлап арын арлаған, 
Біз теңдіксіз несін жеп едік?!
Ай, Қазы би, Қазы би, 
Әлі де болса ойлаңыз, 
Біз зиянсыз қарғамыз. 
Былтырғы өткен жаз күні 
Біз Әлімге барғанбыз. 
Қимағаннан қонысты 

Шернияз  Жарылғасұлы 
220
Қайтып саған келгенбіз, 
Келген кісім сен болсаң, 
Көзге түрте бермеңіз. 
Енді қорлық көрсек те, 
Қайта көшіп бармасқа 
Анау жатқан Әлімге 
Біз уәде бергенбіз.
Ай, Қазы би, Қазы би, 
Көзіңді сал пайда, зиянға-ай, 
Шыға қалмас мүйізің 
Кетені қуып қиянға-ай. 
Сұңқарым қашты қолымнан, 
Қарамайсың сөзге ұялмай.
Аса қорлық көрмесе 
Қонысын кісі қияр ма-ай.
Сұлтансыйық деп келгенде, 
Ел ішінде ел дегенім 
Қарсы өзіме жау шықты, 
Жылқыдан Кете сау шықты. 
Мәлікенің айтқаны 
Өтірік, жала дау шықты. 
Назар алған жылқысын 
Шернияздан алам деп, 
Мәліке деген жау шықты.
Ай, Қазы би, Қазы би, 
Жылда бір келсем жеріңе 
Зәуде келген қонақтай. 
Тәңір алдына барғанда 

Шернияз  Жарылғасұлы
221
Қонақты күткен жалақтай. 
Байұлының ішінде 
Иланар кім сені ақтай. 
Сен, би дегенге мақтанба, 
Теңдесіп сөйлер жер болса 
Айбынар кім, кім ақсай?
Ай, Қазы би, Қазы би, 
Жұрттан озды аруағың,
Атаңыз батыр бұрында-ай.
Ниетпен келдім аға деп,
Тимес пе пайда жерімде-ай.
Атаңның сөзі аз болар,
Сабыр етсең азырақ
Өлмеген құлға жаз болар.
Мен айтып болдым сырымды-ай,
Мен де атадан туғанмын,
Адаммын деп жүргенмін,
Мен-дағы қарап тұра алман
Сен сүйкенсең, ұрынбай.
Алдыңа арым жібермен,
Үш таңбалы Майлыбай,
Тұқымым бітпей қырылмай, – дейді.
Қазы:
– Сөзіңді сағынып қалып едім, Шерім, қатты кеттің ғой, 
кешір, қонағым бол, – деп, қысырдың тайын сойғызады.

Шернияз  Жарылғасұлы 
222
VI. БІР ҚАҚПАЙЛАР
Абыл мен Шернияз 
Шернияз он бес-он алты жасында Адай Абыл ақынмен 
кездесіп қалады. Жас та болса Шернияздың тапқырлығына 
сенген  жұрт  кеу-кеулеп,  оны  Абылмен  айтыстырмақшы 
болады.  Шернияз  әрі  Абылдың  үлкендігін  сыйлап,  әрі 
алдына баруға жүрексініп, айтысудан бас тартады. Бірақ 
жайшылықта  әзілдесіп,  сөз  жарыстырып  жүретін  бір 
жеңгесіне бір ауыз өлең үйретіп:
– Осыны айта салшы, жеңеше, ар жағын өзім жалғас-
тырамын,–  дейді.
Жеңгесі Абылға:
– Тұлпар туар айғыр салса асыл тектен, 
Асауды үйретеді күші жеткен. 
Шаршы топ мырза-шора жиналғанда
Айтайын бір шындықты бұрын өткен. 
Нәсілін ағамыздың білеміз ғой,
Шығыпты Абыл мырза қыз етектен, – дегенде, 
Абыл:
– Сонда бұл сендей жеңгелердің қызға істеген достығы 
ма, қастығы ма, – дейді.
Шернияз:
– Тұлпар туар дегендей асыл тектен, 
Асауды үйретеді күші жеткен. 
Айғыр салмай үйірге Адай ағам, 
Қыздан туа қалыпты жеңгесі еріткен.

Шернияз  Жарылғасұлы
223
Жеңеше, Әбекеңді қинамашы, 
Қайдан білсін баласы қайсы тектен. 
Тұқым шашып ананың өңіріне, 
Құмартып өніміне егін еккен, – дегендеу, сөзіне риза 
болған  Абыл  Шерниязды  қасына  ертіп,  ақындыққа 
баулыған екен.

Шернияз  Жарылғасұлы 
224
ЖӘҢГІР ХАН МЕН ШЕРНИЯЗ
Бірде  Жәңгір  ханның  шақыруымен  Шернияз  есіктен 
кіре  бергенде,  басындағы  жапатай  бөркі  түсіп  кетеді. 
Еңкейіп алайын деп жатқанда хан:
– Бөркіңе ойланбастан өлең айтшы, – дейді.
Шернияз:
– Басымнан түсіп кетіп шап бергенім, 
Құдай-ай, осы ма еді көп көргенің?
Өсірген сылап-сипап он саусағым, 
Кәнікей тап бергенде ап бергенің? 
Қызыл тіл барың болса енді сөйле, 
Таппасаң қапияда текке өлгенің. 
Ұлына екі атаның бермей тілек, 
Кім еді  сонша көпте жек көргенің? – дегенде хан:
– Жарайсың, Шерім, жоғары шық, – депті.

Шернияз  Жарылғасұлы
225
ШЕРНИЯЗДЫҢ ҚОНАҚ БОЛУЫ
Шернияз жолаушылап жүріп бір үйге түссе, үйдің иесі 
жоқ екен, әйел келген кісіні менсінбей, керегенің басында 
қойдың жамбасы мен құйрығы тұрса да, көже істеп беріп-
ті. Үйдің ерке жалғыз баласы бар екен:
– Қонақкәде айт, – деп ақынның мазасын алады.
Шернияз:
– Ерке болсаң шешеңе айт құйрықты ас деп, 
Ежелден қонақтарға бұйрықты ас деп. 
Кесір шешең келгенді жақтырмайды, 
Шалқасынан мұрынын шүйіріп тастап. 
Оттағанша түйемді ыққа шөгер, 
Онан-дағы алдына пішен тастап, – дегенде, әйел қазан 
асып, қонағын қайта күтіпті.

Шернияз  Жарылғасұлы 
226
«МЕН САҒАН НЕ ҚЫЛАЙЫН АДАЙ БОЛСАҢ»
Қыстың  боранды  күні  қасында  баласы  бар  Шернияз 
жолаушылап жүріп, бір үйге келеді. Үйден көлік оттатып, 
жылынып шығуға лұқсат сұрайды.
Үй иесі:
– Лұқсат жоқ, өзім де жылқым жұтап, жүдеп отырмын, 
қонақ күтетін жайым жоқ, – дейді.
Шернияз:
– Қай ру боласыз? – деп сұрайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет