Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


Жүн қалдықтарының түрлері



Pdf көрінісі
бет139/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   150
Жүн қалдықтарының түрлері.  
Беймата жаймаларының бірнеше түрлеріне арналған қоспаларды 
дайындаған    кезде  өз  өндірісінің  қалдықтарын  пайдаланады: 
талшықты жайғақтың үзінділері, аппаратты тарам және сыдырғылар. 
Талшықты  жайғақтардың  үзінділері  өңдеусіз  қоспаға  қайтып 
түседі. 
Аппаратты  тарам  дегеніміз  –  тарау  аппараттрының 
барабандарынан түскен қалдықтар. Оларға сонымен қатар машиналар 
арасындағы  еденнен  және  машинаның  бүйір  жағынан  жиналатын 
қалдықтар жатады. 
Аппаратты 
тарамды 
араластыруға 
дайындау 
келесі 
операциялардан тұрады: 
1.  Қалдық тазалайтын машиналарда түту. 
2.  Білікті тарау машинасында тарау. 
Сыдырғыш  дегеніміз  –  тазалау  кезінде  тарау  машиналарының 
гарнитураларынан бөлінетін қалдықтар. Сыдырғыш тығыз, майланған 
және лас күйінде болуы мүмкін. 
Сыдырғышты  араластыруға  дайындау  келесі  операциялардан 
тұрады: 
1.  Қалдық тазалайтын машинада түту. 


164 
 
2.  Жуу  машинасында жуу. 
3.  Центрифугада артық ылғалды сығу. 
4. 
0
75
С температурасында сығылған сыдырғышты кептіру. 
5.  Қалдық  тазалайтын машинада түту. 
6.  Білікті тарау машинасында тарау. 
Өзінің  қалдықтарынан  басқа  беймата  материалдар  өндірісінде 
басқа  өндірістің  қалдықтары  да  қолданылады:  түту,  қопсыту  және 
тарау  машиналарынан  түскен  қалдықтар,  ширатылған  жіптердің 
ұштары,  яғни  иіру  машиналарынан  және  тоқыма  станоктарынан 
алынатын  ширатылған  жіптердің  ұштары,  яғни  еденнен  жиналып 
алынатын  және  машиналарды  тазалау  кезінде  түсетін  талшықтар; 
тарақшалы  тарау  машиналарынан  алынатын  тарақшалы  тарамдар  - 
өңдеу процесінде маталардан түсетін талшықтар – мауыты, жуу, түкті 
және боялған түктерінің қалдықтары. 
Тарау  машиналарынан  түсіп  қалған  қалдықтарды  ластану 
дәрежесіне және жинап алу орнына байланысты бөледі. Таза және аз 
ластанған  түсіп  қалған  қалдықтарды  дайындау  екі  операциядан 
тұрады  –  қалдық  тазалайтын  және  тарау  машиналарында  өңдеу.  Ал 
өте  қатты  ласталған  қалдықтарды  қалдық  тазалау  машинасында 
өңдегеннен  кейін  жуады,  сығады  және  кептіреді,  ал  одан  кейін 
майлайды  және  тарайды.  Егер  түсіп  қалған  қалдықтар  өсімдік 
қоспаларымен ласталынған болса, онда оны карбонизациялау қажет. 
Ширатылған  жіптердің  ұштарын  аралас  концервальды 
машинада  қайта  өңдейді  немесе  екі  операциядан  өткізеді,  бірінші 
қарапайым 
концервальды 
машинада, 
одан 
кейін 
тарау 
машиналарында. 
Тарақшалы тарамдар тарақты тарау процесінде бөлінетін табиғи 
жүннің қысқа талшықтарынан тұрады. Тарақты тарамда 10-18% дейін 
өсімдік қоспалары болады. 
Араластыруға  тарақшалы  тарамдарды  дайындау  әртүрлі  болып 
келеді, сонымен қатар өсімдік қоспаларымен ластану дәрежесіне және 
тарақшалы тарамның белгіленуіне байланысты бөлінеді. 
Тарақшалы  тарамды  араластыруға  толық  дайындау  жоспаы 
келесі  операциялардан  тұрады:  карбонизациялау,  бояу  және  жуу, 
сығу,  кептіру,  майлау  және  тарау.  Сондықтан  осы  жоспар  бойынша 
талшықта боялатын және өңдеу кезінде карбонизациялауға түспейтін 
беймата  материалдарына  арналған  өте  қатты  ласталған  тарақшалы 
тарамдар қайта өңделеді. 
Таза  тарақшалы  тарамдарды  дайындау  сонымен  қатар 
құрамында  штапельді  химиялық  талшықтары  бар  тарамдар  екі 
операциядан өтеді – қалдық тазалайтын машинада түту және қопсыту. 


165 
 
Шұғаны  түктеу  кезінде  пайда  болған  қалдықтарды  жуады, 
кептіреді, майлайды және тарайды. Түкті түктеу кезінде пайда болған 
қалдықтардың  құрамында  өсімідік  қоспалары  бар  болса,  оларды 
карбонизациялайды,  майлайды  және  тарайды.  Егер  бұл  қалдықтар 
таза күйінде болса, бірнеше бұларды кептіреді содан кейін тарайды. 
Жуылған  және  боялған  түкті  қалдықтарды  кептіреді  және 
тарайды. 
Жүн  қалдықтарын  араластыруға  дайындау  үшін  келесі  құрал-
жабдықтар 
қолданылады: 
қалдық 
тазалайтын 
машиналар, 
концервальды  машиналар,  тарау  машиналары,  карбонизациялау 
құрылғылары, жуу баркалары, центрифугалар және кептіргіштер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет