Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Инетесімді машинаның технологиялық сызбасы



Pdf көрінісі
бет138/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   150
 
52-сурет. Инетесімді машинаның технологиялық сызбасы 
 
 
53-сурет. Тесімді ине 
 
 
54-сурет. Тесу тығыздығынан беймата жаймасының үзілу 
салмағының тәуелділігі 
 
4.13. Текстиль қалдықтарын қайта пайдалану жолдары 
 
Беймата  материал  өндірісінде  әртүрлі  өндірістің  қалдықтарын 
қолданудың мәні үлкен. 
Мақта қалдықтарының түрлері. 
Талшықтарды қайта өңдеуге байланысты қалдықтарды мақталы, 
жүнді, химиялық, зығырлы және тағы да басқа деп те бөледі. Бұйым 


162 
 
өндірісінде  қолданылатын  жүйелерге  байланысты  қалдықтарды 
тарақшалы,  кардты,  шұға  өндірісінің  қалдықтары  деп  бөледі. 
Сонымен  бірге  қалдықтар  машинаның  түріне  және  олардың  жасалу 
түрлеріне байланысты бөлінеді. 
Мысалы 
тарақшалы 
тарамдар 
– 
тарақшалы 
тарау 
машиналарынан  алынған;  қалпақшалы  тарамдар  –  қалпақшалы 
кардты тарау машиналарынан алынған. 
Шикізат  –  беймата  материалдары  спасының  негізгі  факторы 
болғандықтан,  араластыруға  қалдықтарды  дайындау  талшықты 
материалдардың  пайдалы  технологиялық  қасиеттерін  максимальды 
сақтау жолымен жүргізілуі тиіс. 
Араластыруға қалдықтарды дайындаудың ең негізгі тапсырмасы 
минералды  және  өсімдік  қоқымдарынан  тазарту  мақсатымен 
талшықты массаны қопсыту болып табылады. 
ә
ртүрлі қалдықтарды өңдеуге арналған құрал-жабдық мынандай 
есеппенен таңдап алынуы қажет, яғни кез-келген жіңішке талшықтың 
ұзындығына  зиян  келтірмейтіндей  және  түйіндерді  пайда 
болғызбайтындай  етіп  талшықтарды  сапалы  қопсытуды  қамтамасыз 
ету  керек.  Бұл  операциялардың  дұрыс  орындалуына  технологиялық 
процестің ары қарай жүруі және дайын өнімнің сапасы тәуелді болып 
келеді. 
Текстиль  өндірісінде  өнімнің  өзіндік  құнындағы  шикізат 
шығынының  үлесі,  өзіндік  құнды  төмендетудің  негізі  –  шикізатты 
тиімді пайдалануға қызмет етеді. 
Шикізатты экономикалық тиімді пайдалану, оны бұйымға дұрыс 
таңдаумен қатар өндіріс қалдықтарын пайдалану мүмкіншілігіне және 
беймата  материал  өндірісіндегі  олардың  үлесіне  де  тікелей 
байланысты болып келеді. 
Беймата материалдар өндірісіне арналған қалдықтардың түрлері 
және  олардың  қандай  күйінде  келіп  түсуі  үлкен  роль  атқарады. 
Қалдықтардың  құнын  Камволь  фабрикаларының  алғашқы  шикізат 
құнымен  салыстырғанда  мынандай  болады:  иірілген  таспаның 
ұштары  -  71%,  тарақшалы  тарамдар  -  60%,  таза  ширатылған  жіп 
ұштары - 40%, кір ұштар - 28%; ал шұға фабрикаларында: тарамдар - 
14%, сыдырғыштар - 5%.  
Беймата  материалдар  өндірісінде  қолданылатын  ақлдықтар 
қасиеттері,  күйі  және  белгілеулері  бойынша  әртүрлі  болып  келеді. 
Сондықтан араластыруға қалдықтарды дайындау жоспары да әртүрлі, 
яғни қалдықтың жеке түрлеріне әртүрлі дайындаудың әртүрлі әдістері 
қажет. 


163 
 
Беймата  материалдар  өндірісінде  мақта-маталы  қалдықтарынан 
басқа  мақта  тазалау  зауыттарының  талшықты  қалдықтарын 
қолданады. 
Мақта  өндірісінің  қалдықтарынан  тарау  және  тарақшалы 
машиналардан  алынатын  тарамдар,  қопсытып-түту  және  тарау 
машиналарынан  –  жағақ  және  үлпек  қолданылады.  Тоқыма 
өндірісінің  қалдықтарынан  шлихталмаған  иірімжіп  ұштарын 
қолданады. Сонымен қатар ескі жамылғыш, халат және матрацтардан 
алынатын мақталар қолданылады. 
Беймата  материалдар  өндірісінің  механикалық  әдісімен 
қолданылатын қалдықтардың ұзындығы 12мм-ден кем болмау керек. 
Маталардың  кесінділерін  және  трикотаж-тоқыма  бұйымдарын, 
қиындыларын  өңдеуге  арналған  машиналарда  өңдейді.  Өңдеуден  
кейінгі  алынған  талшықтарды  түспе,  астар  аралық,  техникалық  
сүрткіштер  және тағы да басқа өндірістерде қолданады. 
Ласталған қалдықтарды (тарам, үлпек, сыпырындылар және т.б.) 
қопсыту  және  тазалау  үшін  қалдық  тазалайтын  машиналар 
қолданылады,  ла  иірілген  таспа  және  иірімжіптерді  қопсыту  үшін 
қопсыту  машиналары  қолданылады.  Иіру  машиналарынан  алынған 
сақиналарын  жіп  үзінділерінен  тазартып  жіп  бөлгіш  машиналарда 
қопсытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет