Мата дегеніміз – жіптің екі өзара перпендикуляр жүйелерінің
өрімдерімен жасалатын текстиль бұйымдары,яғни матаның бойымен
жүретін негізгі жіптердің және матаның көлденеңінен жүретін арқау
жіптері жүйелерімен жасалады.
Тоқымашылықтың мақсаты – белгілі механикалық және басқа да
мата қасиеттерімен және оның сыртқы түрімен қамтамасыз етілетін
белгілі құрылымы бар матаның қалыптасуы.
Тоқымашылық бес операциядан тұратын циклды процесс; яғни
күзудің ашылуы, арқау жіптің күзуге енгізілуі, арқау жібінің мата шетіне
соғып қосылуы, негізгі жіптің және матаның бойлық жылжуы. Тоқымашылықта негіз және арқау иірімжіптерін дайындау жеке
жүзеге асырылады. Негізгі иірімжіптерді дайындаған кезде белгілі
формасы және өлшемдері бар тікиіршік алынып қана қоймайды, сонымен
бірге жіптің физикалық қасиеттері жақсарады. Арқау иірімжібін, әсіресе
төменгі
сызықтық
тығыздықтағы
иірімжіптерді
алдын-ала
ылғалдандырады немесе эмульсиялайды. Мұндай өңдеуден кейін
тоқымашылық процесіндегі арқау иірімжібінің үзілгіштігі төмендейді
және мата жоғары сапалы болып шығады.