Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет6/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ тіл білімі ХХ ғасырдың бірінші жарытысында негізінен, грамматикалық категорияларды жалпылама қарастырумен шектелді. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап қазақ тілінің лексикалық жүйесі танымдық-қатысымдық, құрылымдық-мағыналық жағынан тереңдей зерттеле бастады. Сөз семантикасы саласындағы зерттеулер де қазақ тіл білімінде осы кезеңде кеңірек қарастырыла бастады.

Сол жылдардан бері бүгінгі күнге дейін көптеген еңбектер, ғылыми мақалалар жарыққа шыққы. Қазақ тіл біліміндегі семантиканың зерттелуі Ә.Қайдаров, М.Копыленко, Р.Сыздықова, Э.Сүлейменова, Б.Әбілқасымов, Е.Қажыбеков, З.Ахметжанова, К.Хұсайынов, Ә.Нұрмағанбетов, Б.Қалиев, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева т.б ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдарын атап өтуге болады. Ал М.Оразовтың осы мәселеге арналған «Қазақ тілінің семантикасы» (А., 1991ж.) деп аталатын еңбегі мәселені кеңінен қамтып, сол кезеңдегі орыс тіл біліміндегі көзқарастармен байланыстыра қараған арнайы еңбек болды. Қазақ тіл білімінде соңғы кездерде мәселе ауқымдырақ деңгейде қолға алынып, синтагматикалық, парадигматикалық деңгейлерде қарастырыла бастады. Бұл бағытта Ғ. Хасановтың «Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы» (А., 2009ж.) атты еңбегі мен бірқатар авторлардың ғылыми мақалаларын атауға болады. Қазақ тіл білімінде сөз табиғатын, тілдің жалпы теориялық мәселелерін тілдік негіздер теориясы тұрғысынан қарастыратын Ш. Бекмағамбетовтің «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» (А., 1999ж) атты монографиясы жарық көрді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет