Саяси үйірмелер мен қозғалыстардың, партиялардың пайда болуы;
Халық қарсылықтарын ұйымдастыру;
Ұлттық интеллигенцияның саяси санасының артуы мен азаттық үшін күреске араласуы.
Ұлттық-революциялық сананың артуы.
1905 ж. Ресейдегі “Қанды жексенбі”.
- Г.Гапон патшаға Петиция
беруге халықты алып шықты;
- Халыққа патша әскері оқ атып
қырып салды;
Барлық Ресейде, оның ішінде
Мәскеуде көтеріліс басталды
Қазақстандағы саяси наразылықтар:
Өлкеде:
Халықшылдар үйірмелері;
“Марксистік” үйірмелер (Атбасар, Ақмола, Петропавл, Орал, Қостанай, Семей,Верный және т.б.) – кейін олар Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы үйірмелеріне айналды;
Кәсіподақ ұйымдары (Орал, Орынбор-Ташкент т.ж.;
“Капиталға қарсы орыс-қазақ одағы” (Успен кеніші.
Үкіметке қарсы ереуілдер басталды
Түркістан, Орал, ОрынборҚостанайПеровск, Жаркент гарнизонында, Семей пошта-телеграф жұмысшылары арасында Шалқар, Верныйда ереуіл комитеттері құрылып, наразылықтар, шерулер, стачкалар, демонстрациялар өткізілді.
1905 жылы қазақ халқының наразылығы жазылған “Қарқаралы петициясы” қабылданып, оған 14,5 мың адам қол қойған. Онда:
Қоныс аудару саясатын тоқтату;
Дербес мүфтиат ашу;
Сайлау құқығын беру т.б.талаптар қойылды.
1905 ж. 17 қазан. Патша манифесі
ІІ Николай патша «азаматтық бостандықтардың мызғымас негіздерін» енгізу Манифесі мен Мемлекеттік думаға сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.
Манифест бойынша Мемлекеттік Дума құрылатын болды және онда «Мемлекеттік Дума мақұлдамайынша ешбір заң күшіне ене алмайды» делінді.
Оны Ә.Бөкейханов қазақшаға аударып халыққа түсіндіру жұмыстарына басшылық етті.
Манифестің алдамшы екендігін түсіндірді.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ТАПСЫРМА
1 мемлекеттік дума, алаш партиясы, қазақ баспасөзі, қазақ зиялы қауымы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыптар бойынша тестке дайындалу.