II Келесі пікірлер дұрыс па?
Макроэкономика жеке шаруашылықтық субъектердің мінез-құлқын зерттейді.
Экзогенді айнымалылар модельге кіру барысындағы ақпаратты (бастапқы ақпарат) білдіреді, ал эндогенді айнымалылар – модель қызметінің нәтижесі.
Бағалар ұзақ мерзімді кезеңде икемді, ал қысқа мерзімді кезеңде икемсіз деп саналады.
ЖҰӨ - ол елдің территориясында ғана өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің сомалы нарықтық құны.
Жалдамалы жұмысшының жалақысы шығыстар бойынша есептелетін ЖҰӨ компоненті болып табылады.
Мемлекеттік қызметкердің жалақысы табыстар бойынша есептелетін ЖҰӨ компоненті болып табылады.
Тұтыну мен жинақтардың жиынтығы жеке қолдағы табысты құрайды.
ЖҰӨ дефляторы Ласпейрес индексі болып саналады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейін фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың жиынтығы білдіреді.
Үй шаруашылықтарының жаңа үй құрылысына кеткен шығындары тұтынушылық шығыстарға енеді.
Егер берілген уақыт кезеңі аралығында бағалар мен ақшалай табыс бірдей шамада өссе, нақты табыс өзгеріссіз қалады.
Шығыстар бойынша есептелген ЖҰӨ табыстар бойынша есептелген ЖҰӨ-ге тең.
Таза ұлттық өнім ұлттық табыстан амортизация шамасына артық.
Жеке және қолдағы табыстың көлемдері тең.
ТҰӨ-ді есептегенде таза инвестициялар ескеріледі.
Таза экспорт экспорт пен импорттың қосындысын білдіреді.
Салықтар өскенде тұтыну артады да, қолдағы табыс азаяды.
Егер бағалар деңгейі мен атаулы ЖҰӨ өссе, онда нақты ЖҰӨ де өседі.
Өзгедей тең шарттарда салық салу деңгейі өссе қолдағы табыс азаяды, тұтыну қысқарады, ал шығарылым артады.
Мемлекеттік шығыстардың артуы шығарылымға оң әсер етеді.
III Тест сұрақтары
1. Макроэкономика зерттемейді:
А) Елдің тұтас экономикалық жағдайын;
В) Жалпы ұлттық өнімді;
С)Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың, жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың, инфляцияның және т.с.с. өзара байланысын;
D) Жеке фирманың өнім шығарылымын;
Е) Экономикалық өсуді.
2. Шығыстар бойынша ЖҰӨ есептеу әдісі:
А) Жалақы+инвестициялар+мемлекет шығыны+импорттік сатып алу;
В) Тұтыну+инвестициялар+мемлекеттік шығыстар+таза экспорт;
С) Тұтыну+инвестициялар+таза экспорт;
D) Тұтыну+инвестициялар+мемелекеттік шығыстар;
Е) Инвестициялар+мемелекеттік шығыстар+таза экспорт.
3. Ұлттық табыс келесілердің қосындысын білдіреді:
А) Жалақы, рента, пайыз, пайда;
В) Жалақы, рента, жанама салықтар;
С) Рента, пайыз, жанама салықтар;
D) Жалақы, рента, пайда;
Е) Жалақы, рента, пайыз, ірі корпорациялардың пайдасы және ұсақ меншік иелерінің табыстары.
4. ЖҰӨ келесінің қосындысын білдіреді:
А) Кәсіпкерлер 1 жылда өндірген түпкілікті тауарлар мен қызметтер көлемі;
В) Түпкілікті тауарлар, қызметтер және аралық тауарлар;
С) Елдің резиденттері 1 жылда өндірген түпкілікті тауарлар мен қызметтер көлемі;
D) Қызметтер мен аралық тауарлар;
Е) Түпкілікті тауарлар, қызметтер, жалақы, пайда және рента.
5. Табыс бойынша ЖҰӨ құрамында есептелмейді:
А) Жалақы және рента;
В) Мемлекеттік шығыстар және экспорт;
С) Пайыз және пайда;
D) Салықтардың өсуі;
Е) Амортизациялық аударым.
6. Өнімсіз мәмілелерге жатпайды:
А) Мемлекеттік трансферттік төлемдер;
В) Жеке трансферттік төлемдер;
С) Құнды қағаздармен мәмілелер;
D) Пайдалануда болған заттарды сату;
Е) Есепті жыл аралығында өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызметтер.
7. Жеке табыстар келесі жағдайларда алынады:
А) Отбасылармен жеке индивитердің салықты төлеуге дейін;
В) Отбасылармен жеке индивитердің салықты төлеген соң;
С) Отбасылармен жеке индивитер сақтандырумен қарттыққа төлеген соң;
D) Отбасылармен индивидтер жазатайым оқиғалардан төлемдерінен соң;
Е) Отбасылар барлық салықтармен салықтан тыс төлемдерін төлеген соң.
8. Жалпы ішкі өнімге ескеріледі:
А) Елден сырттай өндірілген өнім мен қызметтер;
В) Ірі трансферттік компания өндірген өнім мен қызметтер;
С) Ағымдағы жылдың 6 ай аралығында өндірілген өнім мен қызметтер;
D) Тек қана елдің резиденттері өндірген өнім;
Е) Ел ішінде есепті жылда және ұлттық өндіріс факторларымен өндірілген өнім мен қызметтер.
9. ЖҰӨ дефляторы келесі тұжырым бойынша есептеледі:
А) Нақты ЖҰӨ*атаулы ЖҰӨ;
В) (Нақты ЖҰӨ*атаулы ЖҰӨ)*100%;
С) (Нақты ЖҰӨ*әлеуетті ЖҰӨ)*10%;
D) (Әлуетті ЖҰӨ*нақты ЖҰӨ)*10%;
Е) (Атаулы ЖҰӨ/нақты ЖҰӨ)*100%.
10. Қосылған құн дегеніміз:
А) Өнімнің құны мен кәсіпорындардың тауарларды сатып алу шығыстарының қосындысы;
В) Өндірістік процесс;
С) Жанама және жеке табыстардың айырмасы;
D) Жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың қосындысы;
Е) Тауар өндірушінің өнімінің құны мен басқа фирмалардан тауарларды сатып алу шығыстарының арасындағы айырма.
11. Егер атаулы ЖІӨ өссе, онда:
А) Нақты ЖІӨ өсуі немесе төмендеуі мүмкін;
В) Бағалар деңгейінің өсуіне сенуге болады;
С) Нақты ЖІӨ төмендеуі тиіс;
D) 50% шамасында дефляция көзделген;
Е) Экономикада ешқандай өзгерістер көзделмеген.
12. Нақты ЖІӨ нені өлшейді:
А) Ағымдағы бағалардағы ағымдағы шығарылымын;
В) Базистік жылдың бағаларындағы ағымдағы шығарылымды;
С) Ағымдағы бағалардағы базистік жылдың шығарылымы;
D) Инфляция;
Е) Инфляция қарқынысыз ескерілген өндіріс көлемі.
13. ЖҰӨ компоненттері ретінде не ескеріледі:
А) Пайыз мөлшерлемесі, жалақы, халық табыстары;
В) Инвестициялар, сыртқы қарыз, тұтыну;
С) Жинақтар, мемлекеттік сатып алу, инвестициялар;
D) Бюджет тапшылығы, салықтар, мемлекеттік сатып алу;
Е) Мемлекеттік сатып алу, инвестициялар, таза экспорт.
14. Нақты және атаулы % мөлшерлемесі арасындағы айырмашылық келесімен айқындалады:
А) Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен коммерциялық банктердің мөлшерлемелерінің арасындағы айырма;
В) Инфляция қарқындарын есептеу;
С) Банктік несие беру мөлшерлемесі депозиттеу мөлшерлемесінен жоғары;
D) Инвестициялық сұраныстың ауытқулары;
Е) Барлық активтер өтімді емес
15. ЖҰӨ дефляторының мәні:
А) Қалыпты тұтынушы сатып алатын белгілі тауарлар мен қызметтер жинағының бағаларының деңгейі;
В) Атаулы ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-не қатынасы;
С) Нақты ЖҰӨ-ң атаулы ЖҰӨ-не қатынасы;
D) Инфляцияның жұмыссыздыққа қатынасы;
Е) Тұтыну бағысының индексінің инфляцияға қатынасы.
16. Егер атаулы ЖІӨ өссе, онда:
А) Нақты ЖІӨ өсуі немесе төмендеуі мүмкін;
В) Бағалар деңгейінің өсуіне сенуге болады;
С) Нақты ЖІӨ төмендеуі тиіс;
D) 50% шамасында дефляция көзделген;
Е) Экономикада ешқандай өзгерістер көзделмеген.
17. Нақты ЖІӨ нені өлшейді:
А) Ағымдағы бағалардағы ағымдағы шығарылым;
В) Базистік жылдың бағаларындағы ағымдағы шығарылым;
С) Ағымдағы бағалардағы базистік жылдың шығарылымы;
D) Инфляция;
Е) Инфляция қарқынысыз ескерілген өндіріс көлемі.
18. ЖҰӨ компоненттері ретінде не ескеріледі:
А) Пайыз мөлшерлемесі, жалықы, халық табыстары;
В) Инвестициялар, сыртқы карыз, тұтыну;
С) Жинақтар, мемлекеттік сатып алу, инвестициялар;
D) Мемлекеттік бюджет тапшылығы, салықтар, мемлекеттік сатып алу;
Е) Мемлекеттік сатып алу, инвестициялар, таза экспорт.
19. Нақты және атаулы % мөлшерлемесі арасындағы айырмашылық келесімен айқындалады:
А) Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен коммерциялық банктердің мөлшерлемелерінің арасындағы айырма;
В) Инфляция қарқындарын есептеу;
С) Банктік несие беру мөлшерлемесі депозиттеу мөлшерлемесінен жоғары;
D) Инвестициялық сұраныстың ауытқулары;
Е) Барлық активтер өтімді емес
20. ЖҰӨ дефляторының мәні:
А) Қалыпты тұтынушы салып алатын белгілі тауарлар мен қызметтер жинағының бағаларының деңгейі;
В) Атаулы ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-не қатынасы;
С) Нақты ЖҰӨ-ң атаулы ЖҰӨ-не қатынасы;
D) Инфляцияның жұмыссыздыққа қатынасы;
Е) Тұтыну бағысының индексінің инфляцияға қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |