Макроэкономика


Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер



бет9/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
1.5 Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер
ЖІӨ-ді есептеуде инфляция және дефляция секілді экономикалық процестерді ескеру қажет. ЖІӨ-ді есептеген кезде, білгілі бір уақыт аралығында, жалпы экономиканың шынайы жағдайын анықтау үшін нақты ЖІӨ және атаулы ЖІӨ деген көрсеткіштерді есептеу керек.

Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен түсіндірілуі мүмкін. Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ – базалық жылдың бағаларымен. Бұл ЖІӨ үшін де орынды.


ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ / Нақты ЖҰӨ
Бағалардың әсерін есептеу үшін баға индекстері есеп­телінеді. Олар экономикадағы бағаның орташа өзгеруін анықтау үшін қажет. Индекстердің барлығы әр тауар көлеміне өлшенген тауарлардың көрнекті жиынының құнының өзгерісін сипаттайды.

Баға индекстерінің түрлері:



  • көтерме сауда бағаларының индексі (үлкен топтамалармен өткізілетін тауарларға есептелетін бағалардың индексі);

  • өндірушілердің бағаларының индексі (жеке салаларда өндірілетін тауарлардың көтерме бағаларының индексі);

  • бөлшек сауда бағаларының индексі (бөлшек саудада сатылатын барлық тауарлардың бағаларының индексі);

  • тұтыну бағаларының индексі (ТБИ – ел тұрғынына шаққандағы тұтыну қоржынының құрамын анықтайтын белгілі топтағы тауарлар мен қызметтерге есептелетін бағалардың индексі);

  • экспорттық және импорттық бағалардың индексі және т.б.;

  • ЖІӨ дефляторының индексі (түпкілікті тұтынушылармен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің бағаларының индексі).

ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) статистикадағы бағалық индекстерге сәйкес келеді: біріншісі – Пааше индексіне, ал екіншісі – Ласпейрес индексіне. Егер (x1, x2, … , xm) – «тұтынушылық қоржын» деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда:
ТБИ = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны /

базалық жылдағы тұтынушылық қоржынының құны.
Кесте 1.3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет